Сабақтың тақырыбы: «Өз бақытың өз қолыңда»



Дата02.05.2018
өлшемі91.63 Kb.
#26820
түріСабақ



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ



Пән- Өзін-өзі тану
Сабақтың тақырыбы: «Өз бақытың өз қолыңда»
Топ: 22 «Б»
Курсы: II
Мерзімі: 2017

Орындаған- педагогика-психология

пәндерінің оқытушысы:

Нурдавлетова Зауреш Нурсеятовна

Алматы қаласы

№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі

Педагогика-психология пәні оқытушысы Нурдавлетова Зауреш Нурсеятовна



Сабақтың тақырыбы: «Өз бақытың өз қолыңда»

Құндылық: Ішкі тыныштық. Сабырлық. Ұстамдылық. Адалдық.

Шынайы сезім.


Қасиеттері: Өзін-өзі басқару. Қарым-қатынас іскерлігі. Дұрыс тыңдай білу.
Сабақтың мақсаты:


  • адам бақыт үшін жаралған, бақытты болу әрбір жеке тұлғаның өз қолында деген негізгі ұғымдарының ерекшеліктерін қалыптастыру;

  • адамның бақытты болуы туралы ұлы адамдардың айтқан ой-пікірлеріне, даналық тағлымына, нақыл сөздерінің білімділік жолдарын дамыту;

  • адам бойындағы жақсы қасиеттерді, ізгіліктерді, парасаттылықты тәрбиенің жас ұрпаққа тигізер үлесі мол, жас кезінен жақсылыққа тәрбиелеуді бағыттау.


Сабақтың түрі: шығармашылық
Сабақтың типі : дәстүрден тыс
Көрнекі-құралдар: проектор, тақырыптық папкалар, модульдік сызба, мультимедиа, актив студио, бейнетаспа, бейнеролик, слайд, жаттығулар, релакцасия, тапсырмалар, әдістеме, әдістемелік оқулықтар.
Көрнекі-дидактикалық материалдар: символикалық таблицалар, коллаж, түрлі-түсті қарандаштар, қағаздар, шаңырақ макеті, түрлі- түсті ленталар, шырақ, фотогалерея (фототерапия).
Әдіс-тәсілдер:

сөздік, көрнекілік, практикалық, репродуктивті, интерактивті, «миға шабуыл», креативті –когнитивті, эвристикалық, ақпараттық, рефлексиялық, статистикалық, ізденіс әдістері.



Сабақтың барысы:

1.ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.

2. Үй тапсырмасын пысықтау

«миға шабуыл» (нақыл сөз, даналық тағлымы, «релаксация», тапсырма, жаттығулар интеллектуалды әдістеме)

1 слайд

«Өзін-өзі тану» курсы адамға өзін-өзі анықтауға, жақсы қасиеттерін ашуға, өзіне адалдыққа, өзінің абыройын сақтай отырып үнемі Адам, осы сөздің толық мағынасында, болып қалуға көмектеседі. Негізінде, адамзаттың барлық тарихы өзіндік адамгершілікті үнемі және үздіксіз жетілдіру процесі»

Сара Алпысқызы Назарбаева

2,3,4,5- жұмыстың мазмұны


6 слайд
«Шаттық шеңбері»

Жүректен жүрекке

7 слайд



Энерготерапия Релаксация «Өмірге сыр» Бауыржан Үсенов (әуен)

Білім алушылар үй тапсырмасын түрлі- түсті қарандаштармен қағаз бетіне бейнелейді
Нақыл сөздермен сипаттайды: Мәселен,
«Өмірдің алды – ыстық, арты – суық,

Алды – ойын, артқы жағы – мұңға жуық»

Абай

«Өмір – теңіз, жүзем онда демеңіз; ізгіліктен жасалмаса кемеңіз»

Рудаки

«Дүниеде үш нәрсе ғана: атқан оқ, айтылған сөз, өткен күн – қайтып

оралмайды»

Даумер

Ешкім де өзіне-өзі баға беруді үйренбей тұрып, басқаларды бағалай алмайды.

И.Гете
Көп білген емес, ең керектісін білген адам ақылды. Адамның білгені аз болған сайын, көп білетіндей болып көрінбек.

Ж.Ж.Руссо

Өзіңді танығың келсе,

Адамдарға, олардың ісіне қара.

Өзгені танығың келсе,

Өзіңнің жүрегіңе үңіл.

Фридрих Шиллер
«Өмірді сүйсең, уақытты оздырма,

ол – тіршілік арқауы»

Б.Франклин
Адам өмірінде дер кезінде өзінің бейімділігі, бір нәрсеге икемдігін, өзінің жолын тауып, дұрыс бағытын анықтауы өте маңызды. Өзін неге, қандай іске арнағанын біреу ерте, біреу кеш түсінеді. «Осы өмірде менің немен айналысқым келеді және менің неге икемім, ебім бар?» Біреулер бұл сұраққа 10-12 жасынан бастап жауап іздей бастаса, кейбіреулер қырыққа келгенде ғана бұған көңіл аударады екен. Бірақ сіз қанша жаста болсаңыз да, өз өміріңізді жақсы жаққа бұруға ешқашан кеш болмайды. Тек тура жолды, өмір жолын таңдауды адамның өзі жасайды: оның өзі әрқашан кім болуға талаптанса, сол болады. Өмір жолын таңдауда өзіңіздің ішкі даусыңызды таңдағаныңыз жөн, ол көп жағдайда анағұрлым қателеспейтін жетекші болады.

VIII. Негізгі бөлім. Жаңа материалды түсіндіру

8,9 слайд



Жоспар:

  1. Бақыт шапағаты

  2. Бақыттың он сыры.

Дәйексөз.

10,11,12,13,14- слайд


«Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ, Бес дұшпаның білсеңіз, Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой, Бес асыл іс, көнсеңіз»,

АБАЙ

...Бақыттың мәні-парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, адамның өз мінезі-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында. Әл-Фараби
№15 - слайд

  • "Бақыт" түсінігі. Өмірдің мәні туралы айтқанда, біз оралмай кете алмайтын бір ұғым бар. Ол — бақыт туралы ұғым. "Өмірдің мәні оны бақытты етіп өткізуде"

  • Бақыт дегеніміз — өзі болмысының шарттары мен адамның кең ауқымды ішкі қанағаттанушылығына сәйкес келетін, өмірінің толыққандылығы мен маңыздылығын, өзінің адамдық мұратына жету күйін көрсететін моральдық сана ұғымы.

  • Бақыт мұраттың сезімдік-эмоциялык формасы болып табылады. Бақыт ұғымы белгілі бір нақты объективті жағдайды немесе адамның субъективті күйін сипаттап қана қоймайды, сонымен бірге адам өмірінің қалай болуы керек екендігі, ол үшін ненің игілікті бола алатыны туралы түсініктерді де саралайды. Осыған байланысты бақыт ұғымы нормативті-бағалық сипат алады. Бақыттың мазмұны әр адамның өз өмірінің мұраты мен мағынасын қалай түсінуіне байланысты.

  • Бақыт сондай-ақ тарихи және ұлттық шарттылық сипатта көрініс береді. Моральдық сана тарихында бақыт адамның тумысынан иелік ететін құқығы деп есептелген мезеттер болса да, іс жүзінде қоғамда езілген елдердің бақытты өмір сүруге тырысу әрекеттері аяусыз жанышталып тасталатын жағдайлар, жеке адамның бақытына тосқауыл болатын тарихи оқиғалар да аз болмайды.

16- слайд



Бақыт деген- сенің шаттық күндерің, бірде арман,бірде мұң,сенің нұрлы өмірің, өткен күннің жүлдесі,жастық шақтың мінбесі, Ұлы Отан,Ұлы Анаң,Ұлы жүрек сендегі,сенің асау сезімің,ақыл,білім теңізің, көңіліңнің айнасы, сенің терген жемісің, өміріңнің жалғасы,денсаулықтың арқасы, жүректегі айтар ән,туған жердің әр тасы,адал жаның,сырласың,бір мұңайған мұңдасың, абыройың,намысың,бірге жүрген құрдасың, атар таңның арайы,күлкі тобы шырайлы…

17- слайд



ДАНАЛЫҚ ТАҒЛЫМЫ

Бір бай өлер алдында ұлын шақырып алып:

-Ұлым, мен өлген соң жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же, - деп өсиет айтыпты.

Бай дүниеден өтіп, ұлы атасының өсиетін орындай бастайды: жұма сайын қыз алып, қала сайын үй салады. Ас ішсе, бал ішіп, ақшасын бітіреді. Сөйтіп, жігіт далаға шығып біраз жүріп, бір үйілген тастың тасасына отырып, бөркін қолына алып, басын ұстап отырған уақытта, бір жақтан бір шал келіп жігітке сәлем береді. Жігіт сәлемін алған соң, ол адам жанына отырады да, жігітке:



  • Неғып отырсың? – дейді.

Жігіт:

  • Жәй отырмын,- деп жауап береді.

Шал:

  • Шыныңды айт! – деп қыса бастайды.

Жігіт еш нәрсе айтпайды. Шал:

  • Сырыңды жасырма! Мен саған жақсылық көрсетемін, - дейді

Жігіт:

  • Менің атам бай адам еді, сол атамның өлер алдында айтқан өсиетін орындаймын деп, кедей болдым, - дейді.

Шал:

  • Қандай өсиет айтып еді? – дейді.

Жігіт:

  • Әуелгі өсиеті: «Мен өлген соң жұма сайын қыз ал», - деп еді, мен атамның сол өсиетін тұтып, жұма сайын қыз алдым. Екінші өсиеті: «Қала сайын үй сал», - деп еді. Мен қала сайын үй салдым. Үшінші өсиеті: «Ас ішсең, бал же», - деп еді. Мен бұл өсиетін де орындап, әр күні бал жедім. Солай етіп, үш жылда барлық ақшам таусылды, - дейді.

Шал тұрып жігітке:

  • Сен атаңның өсиетін ұқпаған екенсің, өйткені атаңның: «Жұма сайын қыз ал», - дегені: «Әйеліңмен сыйлас бол, қадіріңді кетірме. Сонда ғұмыр бойы бақытты өмір сүресің» - дегені. «Қала сайын үй сал» - дегені. «Қала сайын достарың болсын, барғанда түсетін» дегені еді. «Ас ішсең, бал же» - дегені: «Еңбек істеп, ас ішсең, балдан тәтті болады» - дегені еді, - деп, қарт өз жөніне кетіпті.

Жігіт әкесінің терең мағыналы өсиетіне сонда ғана түсініпіті.

Ел аузынан

18- слайд



Бақыттың он сыры. І.Есенберлин Релаксация (бейнеролик) Эрнесто Кортазар (әуені )
19-слайд ОЙ ШАҚЫРУ

Бақыт-...өз босағаңда

  • Отаныңа деген махаббат

  • отбасына деген махаббат

  • Ата-анаңа деген махаббат

  • Алдыңдағы парызыңды өтеу

  • Әже –аталарыңы қамқор болу

  • Аға,іні,әпке,бауырларыңды жақсы көру

  • Олармен татулықта, ынтымақта болу, қолдау көрсету

  • Үй ішіңнің тыныштығын, берекесін сақтау

  • Өзіңнің отбасыңды құру

Ұрпақ тәрбиелеу адамның сәтті, көңілді күндері ...
20-21 – слайд

«Бақытты сәттерім” фотогалереясы (фототерапия Don’t Worry, Be Happ. әуені – бақытты болу өнері)

22-слайд



ОЙ ҚОРЫТЫУ

Басқаны былай қойғанда, адамның ауасы таза, суы мөлдір, аспаны ашық, айы мен күні орнында, гүлінің хош иісі бұрқыраған жер бетінде аяқ басып жүруінің өзі бақыт. Әрине, адам тек табиғат берген сыймен шектеліп қала алмайды. Адамға еркіндік, демократия, материалдық және рухани байлық керек. Бірақ оларды жасау әркімнің өз қолында.

23– слайд



Шығармашылық жұмыс
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ
24- слайд

1.Тапсырма беру. Тапсырманы түсіндіру.
«Бақыттың он сыры» бақыттың сырын өз ойыңызбен жеткізіңіз.


  1. Топтың іс-әрекеті шаңыраққа лентаны байлап тұрып бақыттың сырын ашады.

  2. Топтың іс-әрекеті шырақты жағып, жүректен жүрекке берілген сезімнің бақыт кілтін ашады.

25 - слайд

Бақыт деген батырдың пырағында

Әркімнің асқақ мұратында

Нағыз бақыт өз қолыңда

Ал Бақыт кілті алақанда


26- слайд



IX. Бағалау (мадақтау)

X. Үйге тапсырма


  • «Бақыт-...өзіңнің босағаңда» ұғымының мәнің ашып жазыңыздар

  • «Бақыт» эссе

  • Дәйексөз

  • Өлең, жырлар жаттау

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Қызылорда қаласы №140 қазақ орта мектебі Нұрманова Мереке Серікбайқызы Мектеп директорының ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары
2017 -> Жек дуадақтарды аулауды жүргізу туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы»
2017 -> Бағдарламасы өтетін күні: 16 тамыз 2017 жыл Өтетін орны: Шымкент қаласы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2017 -> Мемлекеттік мекеме
2017 -> Қосымша 2 Техникалық ерекшелігі Реанимациялық бригадаларға арналған жылжымалы жедел медициналық көмек комплексі
2017 -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының
2017 -> Бос јкімшілік мемлекеттік лауазымдарєа орналасуєа конкурс туралы хабарландыру 17/07/2012г


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет