Сабақтың тақырыбы: Санды 7-ге көбейту, бөлу. Сабақтың мақсаты



Дата12.05.2019
өлшемі62.5 Kb.
#145616
түріСабақ


Класс: 3

Мұғалім: Дусимгалиева Гульнара Рақымжановна.

Пәні: математика

Сабақтың тақырыбы: Санды 7-ге көбейту, бөлу.

Сабақтың мақсаты:

  • 7-ге көбейту және бөлу тәсілімен оқушыларды таныстыру.7-ге бөлу,кеміту, есе арттыру, есе кемітуге арналған есептер шығару.

  • 7 санына байланысты өзгермейтін ұғымдарды, қасиетті дәстүрді атай отырып, 7-ге көбейту кестесін құру. Ұлттық дүниетаныммен байланыстыра отырып, ой-өрісін, ауызша есептеу қабілеттерін дамыту.

  • Сабақ үстіндегі әрекеттерді орындай отырып, ұқыптылық пен әдептілікке тәрбиелеу, ұйымшыл болуға, ата дәстүрді қастерлеуге баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденушілік, ойан-сұрақтар.

ән аралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану, қазақ тілі.



Көрнекілігі :дидактикалық материалдар, сабақ эпиграфы жазылған плакат.


Сабақ барысы

1.Алғашқы ұйымдастыру.

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз!

Күлімдеген күндейміз,

Ш уайымды білмейміз!

-Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз, әр ісімізге сәтт»лік!



2.Үй тапсырмасын тексеру.

-Үйге қандай тапсырма берілді?(Кезекші оқушы оқушылардың дәптерлерін жинап алыптапсырады, үй тапсырмасының орындалуы туралы есеп береді.)

Санды 6- ға көбейту және бөлу жағдайына байланысты ауызша есептеулер.

« Кім зерек?» ойыны арқылы өтілген көбейту кестесін пысықтау.


  1. 6*3 = 18

4569 6*9 = 54

8864 6 *8 = 48

2504 5*4 = 20

- Басқа қандай теңдіктер шығарып алуға болады? Енді мынадай сұрақтарға жауап беріп көрейік:



  • Адам 1 күнде 30 000 адым жасайды екен. 6 күнде шамамен қанша адым жасайды? 30 000*6= 180 000

  • Еңбекқор жәндікті білеміз бе? Иә, құмырсқа 1 күнде 20 000 дәнді жердің астына тасиды. 6 құмырсқа 1 күнде қанша дән тасуы мүмкін?

6 * 20 000 = 120 000

- Ал , осы 6 цифры туралы не айтар едіңдер? (өлең, мақал, мәтіннен үзінді)



3. Сабақтың мақсатын хабарлау .

- Балалар, бүгін санды 7 – ге көбейту, бөлу жағдайларын қарастырамыз. Сабағымыздың ұраны Саққұлақ бидің мына нақыл сөздері болмақ:

Адамның басшысы - ақыл,

Жетекшісі – талап,

Жолаушысы – ой,

Жолдасы – кәсіп,

Қорғаны - сабыр,

Қорғаушысы – мінез,

Сынаушысы - халық..

Осы 7 нәрсені жадымызда сақтайық. Істі ақылмен істеп, талаптанып, ой елегінен өткізіп, бір кәсіппен тұрақты айналысып, сабырлы болсақ, мінезіңе ие бола білсең, міне артыңда сынаушың – халқың отыр. Атам қазақ 7 санын – киелі сан деп атайды. 7 санына байланысты ұғымдар аз емес. Қане, ойланайықшы, өздерің не айта алар едіңдер?




Негізгі түсінік

Қосымша түсінік

Оқушылар 7 санына байланысты өз білетіндерін жазады.



- Жеті нота – жеті дауыс (до, ре, ми, фа, соль, ля, си.)



  • Жеті күн (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)

  • Жеті нан пісіру.

  • Жеті қазына (Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл – білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы)

  • Жеті ата (Бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата. Ата, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.)

  • Жеті қарақшы

  • Жеті керемет ( Египет пирамидасы, Вавилон аспалы бағы, Зевс мүсіні, Родос алыбы, Александрия манары, Артемида храмы, Галикарнас мавзолейі), Тәуке ханның 7 жарғысы, Жетіген аспабы, Жетісу, Жеті ғалам, жеті жұт, жеті жоқ, жеті жетім, жеті қат көк, жеті қат жер, т.б.

  • Ал өздерің 7 цифрына байланысты не айтар едіңдер? (балалар жауабы)

«Жеті рет өлшеп, бір рет кес», «Жеті атасын білген ер, ел – жұртының қамын жер», «Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс жеті өнер көп емес».

4.Түсіндіру.

Көбейту дегеніміз - бірдей қосылғыштардың қосындысы.


7*7 = 7*6+7 = 49

7*8 = 8*6+8 =56

7*9 =9*6+9 =63

7*10 =10*6+10 = 70


49 – болмасын соғыс.

56 – оқы есеп шартын.

63 – жинап алдық бойға күш.

70 – біз бітірдік үлкен іс.

Бөлу амалымен өрнек құру.

49:7 =7


56:7 =8

63:7=9


5. Оқулықпен жұмыс.

87 – бет.№2 Салыстыр, ұқсастығы мен айырмашылығын тап.

1тонға – 7тері 1 құлақшынға – 2 тері

7 тонға- ? тері 63 тері 7құлақшынға - ? тері ? тері

Қалғаны-? тері Қалды – 12 тері

Ш: 63 – 7*7 = 14 Ш: 7*2+12 =26

Ж: Шеберханада 14 тері қалды. Ж: Барлығы 26 тері.
Ұқсастығы - теріден тігіледі, 2 амал.

Айырмашылығы - тон – құлақшын, қалғанын – барлығын табу.

№3. Өрнектер құрып, мәнін табу. Тақтада талдана отырып 4 оқушы шығарады.

9*7 =63


63:9 = 7

63: 7=9


7*9 = 63

№4 ауызша орындалады. Қай өрнектер 7 – ге көбейту кестесінде кездеседі?



6.Сергіту сәті «Компьютер ойнайық».

Х


3

5

4

6










8










7









№6. Математикалық диктант түрінде орындалады.

7 – ге 21 мен 7 – нің бөліндісін қос.

7 мен 21 – дің қосындысын 7 есе кеміт.

7 –ге 49 бен 7 –нің бөліндісін қос.

№7. Көрнекілік арқылы орындалады. Қандай сандардың көбейтіндісі 24 –ке тең болады?



4*6

222224


8*3 12*2


24*1


7.Шығармашылық тапсырма:

Талғат атасынан: Сіз неше жастасыз? – деп сұрады. Атасы : - Егер менің жасымды 7 есе кеміткенде шыққан санды 7 –ге кемітсең, 2 шығады. Менің жасым нешеде екенін таба ғой, - депті. Талғаттың атасы неше жаста?

Х : 7 – 7 =2

Х : 7 =2+7

Х : 7 =9

Х = 7*9


Х = 63 Ж: Атасы 63 жаста.

8.Сабақты қорытындылау:

Негізгі түсінік

Қосымша түсінік




Оқушылар сабақта алған жаңа ұғымдарын жазады.

Қадір Мырзалиевтің «Жеті» өлеңін оқу.



9.Оқушылар білімін бағалау.

10. Үйге тапсырма: №5 мысалды орындау, 7 – нің көбейту кестесін жаттау

Жаңатұрмыс негізгі мектебі

3 – класта математика пәнінен ашық сабақ
Тақырыбы: « 7 – ге көбейту, бөлу»

Өткізген: Г.Р.Дусимгалиева



2015 ж
Каталог: uploads -> doc -> 0410
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0410 -> Балуан Шолаќ атындаѓы мектеп-лицей
0410 -> Мақсаты: Жыныс генетикасы, адам генетикасы және жыныс генетикасымен адам генетикасын зерттеу әдістеріне толық түсінік беру. Оқушылардың ойлау, сөйлеу, зерттеулер жүргізу қабылеттерін дамыту. Окушыларды адамгершілікке
0410 -> Сабақтың тақырыбы: Газдың қысымы


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет