Депутат Азамат Айтқожин ретсіз көші-қонды тоқтату үшін Астанаға бақылау-өткізу бекеттерін орнатуды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Елорда депутаты Астанаға кез келген адам келгеніне деп алаңдап, тезірек блокбекет орнатуды талап етуде.

“Барлығы астанаға асық! Блокбекеттерді орнату керек. Біз жолды бөгеу мәселесін тезірек көтеруіміз керек. Әйтпесе елордаға көрінген адам келеді!” — деді Астана мәслихатының депутаты Азамат Айтқожин.

Халық өкілінің айтуынша, блокбекет Астананың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігінен бастап елордаға сапасыз еттің келінуіне жол бермеу, заңсыз көші-қон мәселелерін шешетініне сенімді.

Астана полиция департаменті де қалаға кіре берісте бақылау-өткізу бекеттерін орнатуды ойлап жүргені белгілі болды.

“Полиция департаментінің басшысы бұл мәселені ішкі істер министрінің алдына қойды. Министр мақұлдайды деп ойлаймын", –  деді елордалық жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары Дәурен Қазбеков.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.