Көкшетаудағы Бірлік шағынауданында еріген қар суы мектептің жертөлесін басып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Су басқан мектептің видеосы Sinegor.kz парақшасында жарияланды. Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, су сорғызу жұмыстарына 16 адам мен 6 бірлік техника жұмылдырылған. 

"Көкше-Тазалық" ЖШС қызметкерлерінің көмегімен №22 мектептің жертөле ғимаратынан еріген қар суы сорылды. Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері де бар", – делінген хабарламада. 

Су басуға электр желісі кіргізілген тесіктердің дұрыс жабылмауы себеп болыпты. Қазіргі таңда еріген қар суының мектепке ағуы тоқтатылған. 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Кокшетау. Акмолинская область. Новости. Реклама (@sinegor.kz)


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.