Танымал кәсіпкер, блогер Фариза Төреәлі жас аналарға қатысты кеңесін бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/farizatoreali/

Блогер-ана отбасымен Бурабайда демалып жатыр. 

“"Осы мен қандай ана болады екенмін" деп уайымдап анама айтатын кездерім есіме түсіп кетті. Бұрын соңды балаға қарап көрмегем, қолымнан көп нәрсе келмейді, тәрбие жағы ше.. миымда мың сұрақ пен қобалжу. Ұйқы жайлы үндемей-ақ қояйын. Сонда мамам "Алла өзі ана болған адамға екі-үш есе күш беріп қояды. Бәріне қалай үлгеріп, күш қайдан келіп жатқанын байқамай қаласың" деп айтқаны бар еді. Ал қазір қалай автоматты түрде бәрін жасап, қалай үйреніп алғанымды білмеймін”, – дейді жас ана. 

  • "Қыз жасауынан кем түспеді": Фариза Төреәлі тұңғыш сәбиіне төркіні әкелген дүниелерді көрсетті

  • "Әпкесінен бұрын босанған сияқты:" Төреғали Төреәлінің екінші қарындасы ана атанды

Блогердің айтуынша, жолдасы екеуі ата-ана болу үшін көп ізденгенін айтады. Алайда іс жүзінде ғана бала күтуді үйрене бастаған. 
”Дархан екеуміз алдын ала жаңа туған нәрсете жайлы көп оқып ізденген едік, ал қазір бәрін іс жүзінде жасап үйреніп көп нәрсе біліп жатырмыз. Ұйқы қанбайды, жыласа жүрегің езіледі, іші ауырса бар амалын жасайсың, жорғалап жүгіріп кетесің. Бірақ күніге Алла қалауымен болып жатқан өзгерістерін байқап, бір күлкісін көргенде көзіңнен еріксіз бақыттан жас ағады, бәрін ұмытасың да қайта күш жинайсың. Дәл күлімдеген сәттеріне ештеңе де жетпейді екен ғой”, – деп аналық сезімін жасырмады ол. 

Сондай-ақ, жас ана өзі қатарлы қыз-келіншектерге баласының көбірек жанында болуға кеңес береді. 
“Нәресте үшін дәл қазіргі кезеңде ананың жанында болу сондай үлкен рөл ойнайды. Ештеңе түсінбейді, ештеңе есінде қалмайды, ештеңе білмейді деп ойлау үлкен қателік. Жанынан шықпай, максимум жылулық, махаббат, эмоция береміз, сөйлесеміз, көп көңіл бөлеміз, қайда барсақ бірге жүреміз. Күн сайын бір қызық, әсіресе әкесі екеуміздің түрлерімізді бір адамнан көргенде тіпті қызық екен”, – деп күледі блогер-ана. 

Еске салайық, блогерге әкесі қымбат нөмер сыйлағанын жазған едік. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.