Қазақстан 20-дан астам әуежайды еуропалық инвесторлардың басқаруына беруге дайын. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Бұл туралы Еуроодақ-Орталық Азия көлік инвестициялық форумында көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді

Министрдің айтуынша, қазір Астана мен Алматы әуежайлары шетелдік компаниялардың бақылауында.

“Қазақстандағы қалған 22 әуежайды да жеке секторға, еуропалық инвесторлар басқаруына беруге дайынбыз. Бізде Азия мен Еуропа арасындағы транзиттік хабқа айналуға үлкен мүмкіндік бар”, — деді министр.

Сонымен қатар Қарабаев Каспий теңізінің жағасындағы Құрық және Ақтау порттары да кейіннен жекешелендіру мүмкіндігімен еуропалық компаниялардың басқаруына берілетінін айтты.

"Біз Орта дәлізге қатысушылар мен Еуроодақ арасында осы бағытты дамыту туралы келісімге қол қоюды ұсынамыз", – деді Қарабаев.

Сондай-ақ министр осы жылдың қыркүйек айында Астанада Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасында көлік саласындағы әріптестік бойынша ірі инвестициялық форум ұйымдастыруды ұсынды.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда жаңа 4 әуежай салу жоспарланғаны туралы жазған едік. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.