Сабаќтыњ таќырыбы: Тармаќталушы алгоритмдерді



Дата01.05.2019
өлшемі77.3 Kb.
#127897
түріПрограмма

Сабақтың тақырыбы: Тармақталу алгоритмі. Шартты көшу операторы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - Тармақталушы алгоритм ұғымымен, шартсыз және шартты операторларын ажырата білуді меңгерту, жұмыс жасай білуге үйрету.

Дамытушылық – Оқушылардың белсенділігі мен біліктілігін, ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру, өрнектерді пайдаланып компьютерде жұмыс істеуін дамыту.

Тәрбиелік – Оқушыларды ақпараттық мәдениеттілікке, өзін - өзі басқаруға және бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: Баяндау , сұрақ жауап

Сабақтың көрнекілігі: Таратпа қағаздар, бағалау парағы, компьютер, экран, проектор, электрондық оқулық, сабақтың өту жоспары слайд түрінде дайындалған.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. оқушылармен сәлемдесу




  1. келмеген оқушыларды белгілеу




  1. сабаққа дайындығын, құралдарын тексеру


ІІ. «Мен нені білемін?» Үйге берілген тапсырманы тексеру

    1. Алгоритмдік тілде шамалардың қандай типтері қолданылады?

    2. Алгоритмнің жалпы жазылу пішіні қандай?

    3. Программа қандай бөліктерден құралады?

    4. Программаның жалпы жазылу түрі қандай?

    5. Деректерді пернетақтадан енгізу операторы

    6. Деректерді дисплей экранына шығару операторы

    7. Сызықтық программаларды құру үшін қандай операторлар қолданылады?

    8. Паскальда құрылған бағдарламаны орындау командасы

    9. Меншіктеу операторының белгісі




Жауаптары:

а. нақты, бүтін, литерлік

b.алг алгоритмнің аты (типі көрсетілген аргументтер мен нәтижелер тізімі)

басы типі көрсетілген аралық шамалар тізімі

енгізу

командалар сериясы



шығару

соңы

с. Программа үш бөліктен тұрады: тақырыптан, сипаттау бөлімінен және операторлар бөлімінен.

d. program программаның аты;

var: айнымалылар бөлімі;

begin

readln (берілгендер тізімі);

операторлар бөлімі



writeln (нәтижелер тізімі);

end.

e. read операторы

f. write операторы

g. program программаның аты;



var: типі көрсетілген айнымалылар тізімі;

begin

readln (берілгендер тізімі);

операторлар бөлімі



writeln (нәтижелер тізімі);

end.

  1. Run

  2. :=’

ІІІ. «Білім шыңына өрлейік!» Жаңа сабақты түсіндіру

Программа операторының табиғи орындалу реттілігін өзгерту үшін басқаруды беру операторларын пайдаланады:



Шартты өту операторы IF

Тармақталған алгоритмдер алгоритмде арифметикалық теңсіздік пен теңдік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Логикалық шарт тексеріледі, егер орындалса, онда 1 – жолмен, ал егер орындалмаса, онда 2-ші жолмен жүзеге асады да, соңында екі тармақ бірігеді. Мұндай алгоритмдерді шарт тексеру, яғни тармақталу алгоритмдері деп атаймыз. Блок схемасында шарт тексеру блогы – ромб қолданылады.
Тармақталу операторы көрсетілген шартқа тәуелді құрамына кіретін операторлардың орындалуын немесе орындалмауын қамтамасыз етеді. Тармақталған алгоритмдерді бағдарланған кезде мынадай қызметші сөздер қолданылады: if(иф) - егер, then(зен) – онда, else(элс) - әйтпесе. Турбо Паскальда екі шартты оператор бар IF және CASE.

Толық оператордың жазылу түрі: 







Алгоритмдік тілде

Pascal тілінде

Блок-схемада:




А) Толық пішімі:




егер <шарт>

онда <1-әрекет>

әйтпесе <2- әрекет>

бітті

if шарт then 1-серия else 2-серия;






Ә) Қысқартылған пішімі:




егер <шарт>

онда <әрекет>

бітті

if шарт then серия;































=

Тең

>

Үлкен

<

Кіші

>=

Үлкен немесе тең

<=

Кіші немесе тең

<>

Тең емес
IF шартты операторы: IF (егер) операторы программадағы іс-әрекеттердің орындалу реттілігін  өзгертетін мүмкіндіктің ең кең тараған тәсілі болып табылады. Оның синтаксистік диаграммасы:

IF сөзінен соң  жазылатын өрнек түрінде  берілген шарт алдын-ала есептеледі, оның нәтижесі логикалық (boolean- бульдік)  типте болады. Егер ол шарттың мәні  TRUE  ақиқат болса, онда THEN (онда)   ELSE (әйтпесе)  сөзінен кейінгі  2-оператор атқарылмайды. Екінші жағдайда шарт мәні FALSE(жалған) болса, онда  ELSE сөзінен кейінгі   2- оператор орындалып, 1-оператор орындалмайды.  IF  операторы бірінің ішіне біріктіріп, қабаттасып  та орындала береді.

және, немесе, емес қызметші сөздерімен біріктірілген, бірнеше қарапайым шарттардан тұратын шарттар (логикалық өрнектер) құрама шарттар деп аталады.

Алгоритмдік тілде жазылуы

Pascal тілінде жазылуы

және

немесе

емес


and

or

not

And(және) логикалық операциясы бар күрделі шарт қарапайым шарттардың екеуі де орындалған жағдайда ғана ақиқат деп есептеледі.

Ал егер қарапайым шарттардың кемінде біреуі орындалса, онда or(немесе) логикалық операциясы бар күрделі шарт ақиқат деп есептеледі.



Not а=0 логикалық операциясы а≠0 шартымен бірдей.
Мысал.

А және В екі натурал санның үлкенін табу керек.



алг ЕСҮ (арг нақ А,В, нәт нақ у) program ESU;

басы var a, b, y:real;

енгізу А,В begin

егер А>B readln (a,b);

онда y:=A if a>b then y:=a else y:=b;

әйтпесе y:=B

бітті

шығару у writeln (‘y=’,y);

соңы end.

«Ой сергіту». Логикалық тапсырма

Өзеннің жағасында қасқыр, ешкі, капуста және қайықпен тасушы бар екен. Тасушы қасқыр, ешкі, капуста үшеуін, қасқырды ешкімен, ешкіні капустамен жеке қалдырмай отырып өзеннің келесі жағасына көшіруі керек. Мұны қалай жасауға болады.”



Ребусты шешіңдер.


ІV. «Білгенімді зердеме тоқу». Жаңа сабақты бекіту

А) Бағдарлама үзіндісін if …then операторын қолданып орындау













Ә) Блок-схемада көрсетілген алгоритмнің орындалу нәтижесі бойынша Х айнымалысының мәні қаншаға тең?

жауабы: Х=30
V. «Білгенімді дамыту». Компьютермен жұмыс. Есептерге программа құрып, оны компьютерде орындап, нәтижесін алу


  1. Берілген сан х нақты саны х>0 – ден болса, онда х - ті екіге арттыр, әйтпесе х - ті екі еселе.



  2. IF, THEN, ELSE операторларын қолдпнып, функцияның мәнін тап:




  1. Адам денесінің температурасына қарай мына төмендегі деректер бойынша программа құрыңдар:

температурасы жоғары:

температурасы жоғары емес;



Жауаптары:

  1. Есептің программасы:
    Program esep _1;
    Var x, y: real;
    Begin
    Readln (x);
    If x>0 then y:=x+2 else y:=2*x;
    Writeln(‘y=’, y);
    End.

  2. Program esep _2;
    Var x, y: real;
    Begin
    Readln(x);
    If x>0 then y:=sqr(x)-4*x else y:=5+x;
    Writeln(‘y=’, y);
    End.

  3. Program esep _3;
    Var x: integer;
    Begin
    Readln(x);
    If x>36 then write (‘температурасы жоғары’) else write (‘температурасы жоғары емес’);
    End.


VІ. Үйге тапсырма:  Тармақталу алгоритмі. Шартты көшу операторы.

VІІ. Сабақты қорытындылау. бағалау

VІІІ. Рефлексия. «Бағалау ағашы».
Оқушылар себеттегі алма, гүл және жапырақ түріндегі жапсырма қағаздарды қабырғаға ілінген алма ағашына жапсыру арқылы сабақ бойынша ойларын қорытады, мұндағы:

  • Алма – бүгінгі сабақтан түйгенім өте көп, маңызды болды.

  • Гүл – бүгін көп нәрсені түсіндім, маған пайдалы болды.

  • Жапырақ – бүгін сабақта түсінбеген сұрақтарым бар, оқуым керек.



Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет