Сабақтың тақырыбы: «Теңге Тәуелсіз Қазақстанның белгісі»



Дата14.03.2018
өлшемі23.63 Kb.
#21020
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: «Теңге – Тәуелсіз Қазақстанның белгісі»

Сабақтың мақсаты:

• Ұлттық ақшамыз теңге туралы түсінік беру. Ақша түрлері (қағаз, темір, ірі, ұсақ) туралы ұғымдарын тереңдету. "Теңге" ұғымын қалыптастыру.

• Балалардың қызығушылығын арттыру, тиянақтылыққа, бірін - бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.

• Балалардың зейіні мен логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін дамыту.



Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, үлестірмелі материалдар.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап.

Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет, тарих.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
II. Жаңа сабақ
ІІІ. Қорытынды кезең

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,сыныпты түгелдеу.Оқушыларды шаттық шеңберіне шақыру.Топқа бөлу.

Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:

1.Тақырыпты анықтау ребусын шешу.

2. «Теңге» парағын өз түсініктерімен толтыру.

3.Теңге туралы толыққанды ақпарат беру.

Теңге- ҚР ұлттық валютасы.1992 жылы теңгенің негізгі үлгісі қабылданып, 1993 жылы 12 қарашада «ҚР ұлттық валюта енгізу туралы» жарлығы шықты.1993 жылы 15 қарашада теңге толық айналымға енді.1997 жылы ұлттықт валютаны ұрпақ жанында қалдыру мақсатында «Ұлттық Банк» мұражайы ашылды.Ол музейде 5 мыңға жуық материал сақталған.

1994 жылы 200,500 банкноттары,1996 жылы 2000 банкноты,2002 жылы 100 теңге манетасы,2003 жылы 10000 банкноты пайда болды.

4.Топтық жұмыстар:

1.Бірінші топ: теңгеге немесе ақшаға байланысты мақал –мәтел жазады.

Екінші топ: теңгеге байланысты жұмбақ құрастырады.

2.Салыстыру.

Екі топқа ескі және жаңа банкноттар беріледі.Әр топ өзіне берілген банкнотты сыйпаттап айтады.

Сабақты бекіту: Құпия сандықша.

Оқушылар бір-бірден келіп сандықшадан сұрақтар алады.Және сол сұраққа топпен жауап береді.

1.Теңге күні қашан?

2. «Ұлттық банк» мұражайы қашан ашылды?

3.2000 теңгелік банкнот қашан пайда болды?

4.100 теңгелік монета қашан пайда болды?

5.200,500 теңгелік банкнот қашан пайда болды?

6.Алғашқы теңгенің дизайнын жасаған суретшілер?

7.Алғашқы теңгелер қай елде басылып шықты?

8.Теңгенің қанша қорғаныс қабаты бар?

9. «ҚР ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарғы қашан шықты?

10.1000 теңге қашан «Жыл банкноты» атанды?

Сабақты бағалау:Оқушылар қолындағы смайликтер арқылы сабақтың қалай өткендігін бағалайды.

Покатилов жалпы орта білім беретін мектебі



Тақырыбы:

«Теңге – Тәуелсіз Қазақстанның белгісі»



2017-2018 оқу жылы
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет