Сабақтың тақырыбы: Темір және оның қосылыстары



жүктеу 87.46 Kb.
Дата09.05.2019
өлшемі87.46 Kb.
түріСабақ

Бекітемін:_________

Оқу ісі меңгерушісі: Ахметқалиева Г.С.

Сабақтың тақырыбы: Темір және оның қосылыстары.

Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: темірдің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, шығу тарихы, оның қосылыстары, физика-химиялық қасиеттері жөнінде толық мағлұмат беру.

б) тәрбиелік мақсаты: темірдің адам өміріндегі,өсімдіктер мен микроағзалардағы маңызы,сонымен қатар тұрмыстағы,медицинадағы,өнеркәсіптегі маңызы жөнінде ұғым қалыптастыра отырып, ой-өрісін дамыту.

в) дамытушылық мақсаты: оқушыларды белсенділікке, біліктілікке, ұйымдастыру қабілетін арттыруға, жауапкершілікке баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақта қолданылатын әдіс: Түсіндірмелі,жеке-дара, топтық.

Көрнекіліктер: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйе, интербелсенді тақта, слайд, формулалар, темірден жасалған бұйымдар, алма, қарақұмық, ет, дәрумендер, құрал-жабдықтар: темір ұнтағы, күкірт, магнит, Петри табақшасы, қасық.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, физика, география, биология.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІV. Сабақты бекіту және қорытындылау.

V. Үйге тапсырма.

VІ. Бағалау.



І. Ұйымдастыру бөлімі.

  • Салеметсіздерме, оқушулар!

  • Оқушыларды түгелдеу.

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Қапшықтағы фасоль» әдісі

Үй тапсырмасын тексеріп көрейік,

Сұрақ тастап, талқылап білейік.

Жұп болып, топ болып қорытып,

Санаға түйіп біз жүрейік.
1. Алюминийдің қосылыстарындағы валенттілігі нешеге тең? ІІІ валентті

2. Алюминий табиғатта және металдардың ішінде таралуы бойынша нешінші орындарда? табиғатта 3-орын, металдардың ішінде 1-орын

3. АІ2О3*nН2О тау жынысының аты Боксит

4. АІ + О2= АІ2О3 теңдеуіндегі барлық коэффициенттер саны 9

5. 2АІ + Ғе2О3 = 2Ғе + АІ2О3 +3241кДж Осы теңдеу металдарды алудың қай әдісіне жатады? Алюминотермия

6. Ұшақ жасауда қолданылатын алюминий құймасы. Дуралюмин

7. Алюминий атомының сыртқы қабатында неше электрон бар? 3 е

8. АІ2О3 қандай оксид? Екідайлы

9. Қазақстанда алюминий шығаратын зауыт қашан, қай қалада ашылды?

Павлодар қаласы, 2007 жыл

10. Алюминийдің негізгі қосылыстарын ата. Алюминий оксиді АІ2О3, Алюминий гидрооксиді АІ(ОН)3



ІІІ. Жаңа сабақ.

Топқа бөліу

Формулалар жазылған бетті таңдау арқылы топқа бөлу.



І топ «Темір минералдары»

ІІ топ «Темір қосылыстары»

1. «Ән – жұмбақ» әдісі бойынша жаңа сабақ тақырыбын табу.

Қара жер адамзатқа болған мекен,

Қазына іші толған әр түрлі екен.

Ішінде 100 мың түрлі асылы бар

Солардың ең артығы немене екен?

деген Абай атамыздың жұмбағының шешуі не?


2. «Аспалы көпір» әдісі арқылы алюминий мен темірдің қасиетіне тоқталамын.
3. «Ой қозғау» сұрақ-жауап

1. Темір туралы не білеміз???

2. Темірдің қандай пайдасы бар???

3. Өмірде темір болмаса..........

ТЕМІР – Fe

Жер әлемге кең тараған темірмін

Өндірістің тұлғасы боп көріндім

Қара металл патшасы боп танылдым

Иесімін өте үлкен сенімнің.

Карапайым уйдегі тұрмыстарда,

Дамып жаткан ең алып құрылыстарда,

Мені білмес адам баласы жоқ,

Мен қатыспас техника саласы жоқ.

Тарихымның тарихы терең жатыр,

Египет пен Индиядан келе жатыр.

Шойын, болат, прокат құймаларым

Замананың дамуын демеп жатыр

Елімізде қара металлургияны дамытуда Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың еңбегі ерекше болды. Темірдің мол кенінің кең байтақ Қазақстан жерінен табылуы зауыттардың тезірек жұмыс істеуіне шикізат болды. Темір грек-латын тілінен аударғанда fарs «қатты болу» дегенді білдіреді. Славянша «зализо»-қару-жарақ дегенді білдіреді. Біздің жыл санауымызға дейін 1418-1400 жылдары Хетт тайпасының ІІІ Аменхотеп фараонына , оның ұлы Эхнатонға темірден қымбат қару сыйлағаны жазылған. Хеттер темірді алу әдісін 1-ші ашты. Египетте де аспан металын жерге түсіріп түрлі әшекейлер жасаған.

Темірден жасалған бұйымдар, ескерткіштер көресету.

ХҮІ-ХҮІІ ғ темірден жасалған бұйымдар(шкатулка,есік өрнегі)музей,Санкт-Петербург



(Дели) Индияда б.э.д. ІҮ-Ү ғасырда 415 жылы

тұрғызылған темір бағана биіктігі 7 метр, салмағы

6,5 тонна 99,72% таза темірден тұрады,

осынша уақыт таттанбауының себебін

ғалымдар анықтай алмай отыр.



Эйфель мұнарасы

1889 жылы Парижде француз инженері Гюстов Эйфель

алып мұнара құрылысын аяқтады. Париж эмблемасына

айналған мұнара биіктігі 300 метр, таза темір металынан тұрады.

1958ж.Брюссель қаласында темір
атомы кристалы моделіне қойылған ескерткіш "Атомиум"


«Сен білесің бе?»

● Кофені тым көп ішпеу керек.Себебі ол темір иондарының сіңірілуін 40% -ға азайтады. Бұл әсіресе гемоглобині төмен адамдар ескеруі керек.

● Адамдарда темір жетіспегенде анемия ауруы байқалады, оның алдын алу үшін ешкінің шикі сүтін ішу керек.

● Көкбауырда құрамында 24% Ғе бар ферритин деп аталатын зат болады, сондықтан көкбауырды жеу пайдалы. (Оқушыларға темірдің маңызын айтып өтіп, видеоролик көрсетемін.)


«Ойлан-жұптас-бөліс» стратегиясы. (Оқушыларға мәтін бөліп беремін, өздері оқып түсіндіреді. Әр оқушы өз мәтінін түсіндіріп жатқан кезде слайд түрінде көрсетіле береді.)

І топ тапсырмасы:

  1. Темірге жалпы сипаттама

  2. Табиғатта таралуы

  3. Биологиялық маңызы мен физикалық қасиеті

ІІ топ тапсырмасы:

  1. Алынуы және химиялық қасиеттері

  2. Темірдің маңызды қосылыстары

  3. Қолданылуы

Темір (лат.Феррум), химиялық элемент Менделеев жасаған периодтық жүйенің IV период, VIII топтың қосымша топшасында орналасқан. Реттік нөмірі - 26, атомдық массасы – 56. Fe+26 темірдің электрон саны 26, осыған қарап электрондық формуласын жазамыз.

1s22s22p63s23p63d64s2 көріп тұрғаныңыздай темір d элементтеріне жатады. Енді деңгейшелерде орналасуын қарастырайық.


Темір - «аспан тасы» 1749ж Енисейден Сібір ұстасы сол темір кесегін тапқан. Ол дүние жүзіне әйгілі болып, тұңғыш метеорит деп аталған. Метеориттегі темірлер кейде бұйым жасауға жарамайды.

Мұндай жағдай Хорезм ханы қару жасаушыларында кездесті. Көптеген метеориттердің 5,5% тұтас темір мен никельдің қоспасынан тұрады.

Өсімдіктер ағзасында темір орта есеппен 0,02% болады. Темір фотосинтез үрдісіне қажетті заттардың негізгілерінің цитохромдар және ферроксин құрамына кіреді. Егер темір жетіспесе хлорофильдің түзілуі баяулайды. Бұндай кезде өсімдіктің жас жапырақтары түсін жоя бастайды да, хлороз ауруына ұшырайды.

Жусан және тағы басқа көптеген өсімдіктер топырақта темірді көп мөлшерде түзетін индикатор болып табылады. Бұл жерде ащы жусанның жапырақтары - ашық сары түске енсе, ал кейбір өсімдіктердің гүлдері, мыс:гортензия гүлі өзіне тән емес көгілдір түске боялады.

Адам ағзасында темір түзуші ферменттер, нәруызды, комплекс ферритин - одан ағзаға қажетті темір түзуші заттар түзіледі. ІІІ валентті темір иондары ағзаға күрделі нәруыз трансферрин көмегі арқылы жеткізіледі.Трансферрин қан плазмасында, сүтте, жұмыртқаның нәруызынан табылған. Темір-энергияның бөлінуіне , ферменттік реакциялардың жүруін иммундық жүйені қалыптастыруда, холестериннің алмасуында негізгі басты рөл атқарады. 70кг адам салмағында 4,2-5г темір болады. Күнделікті адамның ағзасына 10-20мг темір қажет. Қанда темір саны азайып кетсе - анемия ауруы пайда болады.

Қазақстанда темірдің бай қоры бар, ол Торғай темір кенді бассейнінде және орталық Қазақстанда орналасқан. Қазіргі кезде елімізде темірдің жүздеген кен орындары белгілі болып отыр. Темір кенінің қоры жағынан Қазақстанда қазіргі таңда әлемде 8-ші орын, ал оны өңдеуде 11-ші орында. Ал ТМД елдерінде Ресеймен Украинадан кейінгі 3-ші орында тұр. Қазақстанда есепке алынған 37 кен орнының 27-інде темір кенінің қорлары айқындалған. Темір өндіретін зауыттар: Қарағанды, Балқаш, Өскемен мен Шымкент, Павлодар түсті металлургия зауыттары бар.

Темір - алюминийден кейінгі табиғатта ең көп таралған металл. Оның үлесіне жер қыртысының 4,2%-і тиеді. Темір жер қыртысында көптеген минералдар түзеді. Темірдің ең маңызды өнеркәсіптік кендері:қызыл темір тас Fe2O3; магнитті теміртас Fe3O4; пирит немесе темір колчеданы FeS2 түрінде кездеседі.

Ал физикалық қасиетіне келер болсам - темір жылтыр, күміс түстес ақ металл. Темір иілімді, магниттелетін және оны жоғалтатын қасиеті бар, осыған қарай техникада кеңінен қолданылады. (Темірдің магниттік қасиетін дәлелдеу үшін оқушыларға зертханалық жұмыс жасатамын.)

organization chart 42organization chart 55

Химиялық қасиетіне келер болсақ темір жай және күрделі заттармен әрекеттеседі.


Жай заттармен Күрделі заттармен

Cl2 тұз


Fe S Fe қышқыл

O2

су буы
+3 -

2Fe °+ 3Cl2°=2FeCl3 +2 - +2 -



+2 -2 Fe °+ CuCl2= FeCl2+Cu°

Fe °+ S° =FeS + +2



+3 -2 Fe° + H2SO4=FeSO4+H2°

3Fe° + 2O2°=Fe3O4(FeO*Fe2O3) +2 -2

Fe °+ H2O=FeO+H2°

Енді алынуын қарастырайық,темірді өнеркәсіпте оның оксидтерінен тотықсыздандырып алады.



  1. темірді оның оксидінен сутекпен тотықсыздандыру арқылы

Fe2O3+H2=2Fe+3H2O

2)темірді оның оксидінен алюминиймен яғни(алюминотермиялық әдіс) тотықсыздандыру арқылы

Fe2O3+2Al=2Fe+Al2O3

3)темірді оның оксидінен көміртектің моно оксидімен тотықсыздандыру арқылы

Fe2O3+3CO=2Fe+3CO2
Міне өздеріңіз көріп отырғандай темірдің көптеген жерлерде қажет, маңызы зор екенін білдік.Ал қолданылуына қарастырайық,сызбанұсқада көрсетілгендей темір:

diagram 11

Сонымен темір – орташа белсенді металл,тотығу дәрежесі +2 және +3 болатын қосылыстар түзеді.


ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ

№1. 26 г темір мыс сульфатымен әрекеттескенде түзілген темір сульфатының массасын есептеңдер.

№2. 27 г темір тұз қышқылымен әрекеттескенде түзілген темір хлоридінің массасын есептеңдер.
ІV. Бекіту. Оқу түбі тоқу.

1. Темір жетіспеуінен болатын ауру 2.Темір қандай металл

3.Темірдің периодтық кестедегі орны 4.Темірдің валенттілігі

5.Темірдің негізгі қасиеті 6.Темірдің негізгі минералдары


«Кім жылдам?» Берілген формулаларға индекстерді қойып шығу.

Fe Cl, Fe(OH), FeO, FeSO, FeCO, Fe(HCO)
«Саты» әдісі









V. Үйге тапсырма:

§37, 38 Темір және оның қосылыстары

І топқа «Темір-адам ағзасында»

ІІ топқа «Темір - ежелгі элемент»

тақырыптарында мәлімет жазып келу.



VI. Бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 0ff2
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0ff2 -> Қазақстандағы жарнама нарығының дамуы және қызметі
0ff2 -> Тақырыбы: Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты. Сабақтың мақсаты: Білімділігі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет