Қырғызстанның бас сейсмологы Қанат Әбдірахматов Facebook әлеуметтік желісінде Тянь-Шань тауларындағы сейсмикалық кезеңдерді сипаттайтын зерттеуді жариялады. Марқұм қырғыз ғалымы, профессор Е.Мамыровтың бұл еңбегінде аймақтағы жер сілкінісінің жиілігі туралы айтылады.

Фото: Қанат Әбдірахматовтың Facebook-парақшасынан

Қанат Әбдірахматовтың айтуынша, 1900 жылдан бері облыс үш сейсмикалық белсенді кезеңді бастан өткерсе, 2008 жылдан бастап төртінші кезең басталды. Әрбір осындай кезеңнен кейін сейсмикалық белсенділік әлсірейді екен.

"Әртүрлі түстермен боялған белгілі бір кезең бар. Қызыл күшті жер сілкінісі болған кезеңдерді, жасыл тыныш кезді көрсетеді. Олар орташа болды,қарқындылығы 5-6 баллдан аспады", – деп жазады Қанат Әбдірахматов.

  • Алматыда жер сілкінісі кезінде отаны жалғастыра берген дәрігер: "Науқасқа жасанды жүрек орнатып жатқан едік" 
  • Жер сілкінісі кезінде тұрғындарға қандай көмек көрсетілді – Алматы әкімі баяндады

Сейсмологтың айтуынша, біз қазір 2008 жылы басталған сейсмикалық белсенді кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Ол 2026 жылы аяқталады деген болжам бар.

"Мамыровтың есептеулері бойынша, осы белсенді кезеңде жер сілкінісінің күші 5-6 баллдан аспауы керек еді. Әзірге бұл болжам дұрыс боп шықты. Болжағаннан асып кеткені – 23 қаңтардағы Қытай жер сілкінісі", – деді сейсмолог.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.