Сабақтың тақырыбы: Тізбек бөлігі үшін Ом заңы



бет1/4
Дата20.06.2022
өлшемі188.41 Kb.
#174667
түріСабақ
  1   2   3   4

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.4А
Күні:
Сынып: 8



Мектеп: №1 орта мектеп
Мұғалімнің аты-жөні: Көбеева М.Қ.
Қатысқандар: 12
Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы:



Тізбек бөлігі үшін Ом заңы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.6 – тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолдану

Сабақтың мақсаты:



  • Тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолданады;

  • Формулаларды түрлендіріп, есептер шығаруда дұрыс қолданады;

  • Ом заңының өмірде қолданылуына мысалдар келтіреді;

Ойлау дағдысының деңгейлері:

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийі

  • Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділігін түсіндіреді;

  • Формулаларды түрлендіреді, есептер шығаруда дұрыс қолданады;

  • Берілген есептердің алгоритмін құрады, шығару жолын түсіндіреді;

Тілдік мақсаттар

Ом заңының физикалық мағынасы мен тұжырымдамаларын ауызша айта алады. Ом заңының формуласын жаза алады (оқылым, айтылым, жазылым)

Пән лексикасы және терминология

Ом заңы, кедергі, кернеу, ток күші.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер

Тізбек бөлігіне арналған Ом заңының тұжырымдамасы ...; ток күші кернеуге _______ пропорционал, кедергіге ________пропорционал.

Құндылықтарға баулу

Еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алуға топтық және жұптық жұмыс арқылы дарытамын

Пәнаралық байланыс

Сызба сызуда сызу пәнімен, Ом заңының формуласын қолданып есептер шығаруда математика пәнімен байланыс орнатамын. Зертханалық жұмыс арқылы зерттеушілік жұмыс жасатамын.

Алдыңғы білім

Ток күші, кернеу, электр тізбегі, меншікті кедергі ұғымдарын біледі.



Сабақ барысы



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы
8 минут

Ұйымдастыру кезеңі.
Топтарға бөлу.
Себетпен түрлі түсті жапырақтар әкелу. Оқушыларға себеттен жапырақ алуларын сұраймын. Жапырақтың түстеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.
1-топ «Ампер» тобы – сары жапырақтар
2-топ «Вольт» тобы – жасыл жапырақтар
3-топ «Ом» тобы – қоңыр жапырақтар
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Оқушыларға «Данышпан мен адам» атты аңызды әңгімелеп беру.
«Данышпан мен адам»
Ертеде бір данышпан өмір сүріпті. Ол бәрін біледі екен. Ал бір адам оны көре алмапты. Елдің көзінше оның да бірдеңені білмейтінін дәлелдегісі келіпті. Бірде көп адамдар отырған жерде әлгі адам алақанына бір көбелекті қысып ұстап тұрып, данышпаннан «- Айтшы данышпаным, менің қолымдағы қандай көбелек, тірі ме? өлі ме?» - деп сұрайды. Ол өзі ішінен «Егер тірі десе - мыжып жіберемін, ал егер өлі десе - онда қоя беремін.» деп ойлап тұрады. Данышпан болса, сәл ойланып тұрып «бәрі сенің қолыңда» депті.
Аңызда айтылғандай баланың (оқушының ) өзін табысты, алғыр сезінуінің бәрі біздің қолымызда екен.
Бүгінгі сабақтың да қалай өтуі, нені меңгеретіндерің де өздеріңе байланысты.

Оқушыларды сабақ барысында жасалатын іс-әрекеттер және әдіс-тәсілдермен қысқаша таныстыру /анонс/



Бүгінгі сабақта...


  • «Сәйкесін тап» өткен тақырыптардағы материалдарға шолу;





  • «Джигсо» әдісі. Есептер шығару.



  • «Құпия сөз» ойыны. Сергіту сәті.



  • «Кластер» әдісі . Сабақта өтілген материалдарды тиянақтау.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет