Сабақтың тақырыбы: Тізбек бөлігі үшін Ом заңы



бет3/4
Дата20.06.2022
өлшемі188.41 Kb.
#174667
түріСабақ
1   2   3   4
Қалыптастырушы бағалау: топтық бағалау, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша.
Кері байланыс: ауызша «Жарайсыңдар», «Өте жақсы», «Жақсы» т.б. сөздермен.



Оқулық,
мәтіндер, физикалық құралдар


(G) Оқушылардың тізбек бөлігіне арналған Ом заңын түсінген, түсінбегенін анықтап, адан әрі білімдерін жетілдіру мақсатында «Джигсо»әдісін пайдаланып есептер шығартамын. Бұл әдіс оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыруға, сын тұрғысынан ойлау және топпен жұмыс істеу, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен қатар, тілдік мақсат бойынша оқылым, жызылым, айтылым, тыңдалым дағдылары қалыптасады.
Тапсырма 1
1-топ

  1. Өткізгіштен 0,40 А ток өткенде өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымы 8,0 В болды. Өткізгіштің кедергісі неге тең?

  2. Электр су қайнатқышы 4А ток күші мен 120В кернеуге есептелген. Су қайнатқыштың қыздыру элементін дайындау үшін қажет нихром сымының ұзндығын табыңдар. Көлденең қимасының ауданы 0,39 мм2. Нихром сымының меншікті кедергісі 1,05·10-6 Ом·м.

2-топ


  1. Электрбұрғы орамының кедергісі 20 Ом. Егер электрбұрғы 19 А ток күшіне есептелген болса, онда оған қандай кернеу берілуі тиіс?

  2. Теңіздегі мұнай мұнарасын жағамен жалғайтын алюминий электр сымының көлденең қимасының ауданы 0,15 см2. Жағадағы операторлық басқару орнында амперметр 4А-ді, вольтметр 30В-ті көрсетсе, электр сымының мұнай мұнарасынан жағаға дейінгі ұзындығын табыңдар.

3-топ


  1. Электр сорғыту қондырғысының кернеуі 45 кВ. Су мен мұнай араласқан қоспаның кедергісі 15 кОм болса, қоспа арқылы өтетін токтың шамасын есептеңдер.

  2. Ұзындығы 20м болатын ұзартқыш диаметрі 1,2мм мыс сымнан жасалған. Ұзартқыштың кедергісі қандай? Егер онымен 10А ток өтсе, ондағы кернеудің түсуі қандай болады?

Дескриптор:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет