Сабақтың тақырыбы: Тізбек бөлігі үшін Ом заңы



бет4/4
Дата20.06.2022
өлшемі188.41 Kb.
#174667
түріСабақ
1   2   3   4
Қалыптастырушы бағалау. Әр топтан сайланған эксперттер есеп шығарған оқушыларға баға береді. Сол бойынша ең жақсы атсалысқан оқушыларды «от шашу» әдісімен өзара мадақтайды.


Кері байланыс: ауызша «Жарайсыңдар», «Өте жақсы», «Жақсы» т.б. сөздермен.



Қосымша 2.

Есептер жазылған үлестірме қағаздар






(W) «Құпия сөз» ойыны арқылы оқушыларды әрі сергітіп, әрі сабақ үстіндегі өтілген материалдарды бір қайталап алуына ықпал етемін (ортаға 1 оқушы шығады. Мұғалім сол оқушының басына сөз жазылған картонды ұстайды. Отырған оқушылар сол сөздің сипаттамасын немесе анықтамасын айтады. Ал ортадағы оқушы жасырылған сөзді табу керек).
Құпия сөздер: электр тізбегі, ток көзі, вольтметр, амперметр, ЭҚК, заряд, токтың жұмысы т.б.



Қосымша 3.

Құпия сөздер жазылған парақшалар



Сабақтың соңы
12 минут

(G)«Кластер» әдісі бойынша оқушылар сабақта өтілген материалдарды тиянақтайды. Бұл әдістің көмегімен оқушылардың ақпаратты жинау және сын тұрғысынан ойлау дағдысын дамытамын.






Ток күші

Кернеу

Кедергі

Белгіленуі










Өлшем бірлігі










Тізбекке жалгануы










Өлшейтін құрал










Шартты белгісі












Дескриптор:



Қалыптастырушы бағалау: «Сэндвич» тәсілі бойынша топтар бір-бірін бағалайды.
Кері байланыс: ауызша «Жарайсыңдар», «Өте жақсы», «Жақсы» т.б. сөздермен.



Қосымша 4.
Плакаттар

«Рефлексия пирамидасы» арқылы оқушылар бүгінгі сабақ бойынша кері байланыс береді.
Үйге тапсырма: Ом заңының қолданылуы жайлы эссе жазу
§38, 18-жаттығу.


Бағалау. Дескрипторлар арқылы



Сабақтың кезеңдері

Дискрипторлар

Ұпай

Ия

Жоқ

«Сәйкесін тап»

[2]

[1]








Тәжірибе жасау.

  • Оқушылар тізбекті дұрыс жинайды;

  • Ток күші мен кернеуді өлшейді;

  • Ток күшінің кернеуге тәуелділігін зерттейді;

[2]

[1]

[1]








«Джигсо» әдісі

  • Есептердің шартын дұрыс құрастырады;

  • Өлшем бірліктерді бір жүйеге келтіреді;

  • Негізгі формуланы қолданып, есептеулер жүргізеді;

[1]

[1]

[2]








«Кластер» әдісі

  • Ток күшінің параметрлерін жазады;

  • Кернеудің параметрлерін жазады;

  • Кедергінің параметрлерін жазады;

[1]

[1]



[1]










14-10 – «Өте жақсы»
9-6 – «Жақсы»
5-3 – «Орташа»
3-тен төмен – «орташадан төмен»




Кері байланыс пирамидасы



Қосымша ақпарат



Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс

Саралаудың "Тапсырма",
«Дереккөздер», «Қарқын», тәсілімен
үлкен қолдауға мұқтаж оқушыларды саралаймын.

Күрделі тапсырмаларды орындай алатын оқушыларды «диалог және қолдау» көрсету арқылы саралаймын.



Дескриптор
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі
«Смайликтер» әдісі
«От шашу» әдісі
«Рефлексия пирамидасы»
Кері байланыс



Денсаулық сақтау технологиялары.
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану.
Осы сабақта қолданылатын
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары



Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес
келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Қосымша 1.





Атауы




Анықтамасы

1

Электр қозғаушы күш

a)

Кернеуді өлшейтін аспап?

2

Ток күші

b)

Ток күшін өлшейтін құрал?

3

Электр кернеуі

c)

Еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген

4

Амперметр

d)

Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасы

5

Вольтметр

e)

Бөгде күштер жұмысының орын ауыстыратын электр зарядына қатынасына тең шама

6

Электр тогы

f)

Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы


Дескриптор:

  • Физикалық шамаларды анықтамаларын дұрыс ажыратады;

  • Шамаларды анықтамаларымен дұрыс сәйкестендіреді;

Қосымша 2.
1-топ

  1. Өткізгіштен 0,40 А ток өткенде өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымы 8,0 В болды. Өткізгіштің кедергісі неге тең?

  2. Электр су қайнатқышы 4А ток күші мен 120В кернеуге есептелген. Су қайнатқыштың қыздыру элементін дайындау үшін қажет нихром сымының ұзндығын табыңдар. Көлденең қимасының ауданы 0,39 мм2. Нихром сымының меншікті кедергісі 1,05·10-6 Ом·м.

2-топ


  1. Электрбұрғы орамының кедергісі 20 Ом. Егер электрбұрғы 19 А ток күшіне есептелген болса, онда оған қандай кернеу берілуі тиіс?

  2. Теңіздегі мұнай мұнарасын жағамен жалғайтын алюминий электр сымының көлденең қимасының ауданы 0,15 см2. Жағадағы операторлық басқару орнында амперметр 4А-ді, вольтметр 30В-ті көрсетсе, электр сымының мұнай мұнарасынан жағаға дейінгі ұзындығын табыңдар.

3-топ

  1. Электр сорғыту қондырғысының кернеуі 45 кВ. Су мен мұнай араласқан қоспаның кедергісі 15 кОм болса, қоспа арқылы өтетін токтың шамасын есептеңдер.

  2. Ұзындығы 20м болатын ұзартқыш диаметрі 1,2мм мыс сымнан жасалған. Ұзартқыштың кедергісі қандай? Егер онымен 10А ток өтсе, ондағы кернеудің түсуі қандай болады?

Дескриптор:

  • Есептердің шартын дұрыс құрастырады;

  • Шамалардың өлшем бірліктерін бір жүйеге келтіреді;

  • Ом заңының формуласын қолданып, есептеулер жүргізеді;

  • Меншікті кедергінің формуласын ескеріп, формуланы түрлендіреді;

Қосымша 3.


электр тізбегі
ток көзі
вольтметр
амперметр
ЭҚК
Заряд
ток жұмысы

Қосымша 4.






Ток күші

Кернеу

Кедергі

Белгіленуі










Өлшем бірлігі










Тізбекке жалгануы










Өлшейтін құрал










Шартты белгісі












Дескриптор:

  • Ток күшінің параметрлерін жазады;

  • Кернеудің параметрлерін жазады;

  • Кедергінің параметрлерін жазады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет