Сабақтың тақырыбы: Тұздар гидролизі Сабақтың мақсаты



жүктеу 30.88 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі30.88 Kb.
түріСабақ

Күні:

Пәні: Химия

Сыныбы: 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тұздар гидролизі
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тұздар гидролизіне жалпы сипаттама беру;

мысал келтіру, есеп шығару арқылы түсіндіру;



Тәрбиелік: Тұздар гидролизі: қышқыл, сілті, бейтарап ортада

жүретін қайтымды реакция екеніне мысал келтіру, есеп

шығару арқылы тұздың қасиетін ажырата білуге үйрету;

Дамытушылық: Тұздар гидролизі –су мен тұз арасында жүретін

процесс екенін, молекулалық, толық иондық,

қысқартылған иондардан тұратынын есеп шығару

арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту;



Сабақтың типі: Аралас сабақ;

Сабақтың әдісі: аралас, есеп шығару, сұрақ – жауап.

Көрнекілігі: Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі, ерігіштік кестесі.
Сабақтың құрылымы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Жаңа сабақты түсіндіру

  3. Бекіту

  4. Үй тапсырмасын сұрау

  5. Үйге тапсырма беру

  6. Қорытынды

Сабақ барысы:

      1. Ұйымдастыру

Саламатсыздар ма, оқушылар?! Сыныпта кім кезекші? Сабақта кімдер жоқ?

  • Жаңа сабақтың тақырыбын жазып, түсіндіруге көшу, оқушылардың назарын аудару;

      1. Жаңа сабақты түсіндіру

Тұздар суда ерігенде қайтымды реакция жүреді.

Мысалы: Na 2 СO3 ; NaCl; NH4 Cl үш тұз да жақсы ериді; лакмус қағазымен сынасақ: NH4 Cl қызарады, Na 2 СO3 көгереді.



1. Т.м.т NH4 Cl + НОН ↔ NH4 ОН + НСL

Т.и.т NH4 + + Cl- + НОН ↔ NH4 ОН + Н + + СL -

Қ.и.т NH4 + + НОН ↔ NH4 ОН + Н +
2. т.м.т Na 2 СO3 + НОН ↔ Na Н СO3 + Na ОН

т.и.т 2Na+ + СO32- + НОН ↔ Na+ + Н СO3- + Na+ + ОН-

қ.и.т СO32- + НОН ↔ Н СO3- + ОН-
Тұз бен су арасында жүретін реакциялар – гидролиз деп аталады. Гидролиз кезінде тепе-теңдік тұз иондары мен су иондары арасында әлсіз электролит түзе жүретін жағына қарай ығысады. Гидролиз кезінде су мен тұздардың kat мен an арасында жүреді. Мысалы: күшті негіздің an мен күшті қышқыл kat тұратын тұздардың сумен әрекеттеседі, бірақ суда ерімейтін тұздарға жатады: алюминий сульфиді

Al 2 S 3 + 6 НОН ↔ Al (ОН)3 + 3Н2 S ↑


Еритін тұздар мен су әрекеттескенде күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұз – сілтілік орта көрсетеді. Негіз де, қышқыл да күшті болса, орта – бейтарап.

Күшті қышқыл мен әлсіз негізден түзілген тұз – қышқылдық орта көрсетеді.



III. Бекіту

  • Қандай тұздар: қышқылдық, сілтілік, бейтарап орта көрсетеді?

  • Қандай тұздар гидролизге ұшырамайды?

  • Мына тұздардың гидролизі кезінде орта қандай болады?

К 3 РO4 ; Na24 ; Cu SО4 ; ZnСl 2 ;

  • Тұздардың диссоцияциясын көрсет:

А) Li + СL 2 ↔ 2Li СL ; ә) 2Al + 3S ↔ Al 2 S 3 ; б)2К + F2 ↔ 2К F

В) 2Cs + О 2 ↔ 2 CsО г) 6Nа + N2 ↔ 2Nа 3 N


IV. Үй тапсырмасын сұрау

  • Заттардың қандай қасиеттері қышқылдық - негіздік деп аталады.?

  • Тұздардың негізгі екі қасиетін мысалдармен сипаттаңдар?

  • Қышқыл , негіз, тұздардың қасиеттерін түсіндір, молекулалық, толық иондық, қысқартылған иондық теңдеулерін жаз?

2NaCl + Са(NO3)2 ↔ 2NaNO 3 + СаCl 2; NaCl + AgNO3 ↔ Na NO3 + AgCl↓

  • Реакцияны аяқтап, молекулалық, толық иондық, қысқартылған иондық теңдеулеріне ыдыратып, түсіндір?

а) Fe(OH)2 + NaNO3; ә) Са(NO3)2 + К2СO3 →; б) Ва(OH)2 + НNO3 →;

СаСL 2 + MgSО4 → Са SО4 +Mg СL 2 ; СаСL 2 + AgNO 3 ↔ Сa(NO3)2 + Ag Cl↓
V. Үйге тапсырма беру

§ 9 3 – кесте ; есепті шығару, тапсырмаларды орындау.


VI. Қорытынды

Сабағымызды мысалдармен, тапсырма, анықтама, есеп, қосымша сұрақтар арқылы білімдерін қорытындылап, сарапқа салдым.



Сабақ аяқталды! Сау болыңыздар!
Каталог: uploads -> konspekt -> himiya
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: «Қымыз» Этнолингвистикалық атаулар (7-сынып)
konspekt -> Ұлғайту. Ата-аналардың өз ұлттық салт дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ата-аналаға қазақтың көне сөздері және ырым, тыйым
konspekt -> «Шоќ ж±лдыздар» атты
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың салт-дәстүрлері
konspekt -> Эволюциялық ілім
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Қ
himiya -> Химия еліне саяхат
himiya -> Автокөлік шинасын қайта өңдеу арқылы алынған резина ұнтағын жол құрылысында асфальтты бетон өндіруде қолданады. Қолдану нәтижесінде асфальт бетонның эксплутациялық қасиеті жақсарып, пайдалану мерзімі артады. Кілт сөздер


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет