Сабаќтыњ таќырыбы: Т±здар гидролизі



жүктеу 79.58 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі79.58 Kb.
түріСабақ

Темиралиева Аяжан Джигеровна

химия пәнінің мұғалімі

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған

С.Сейфуллин атындағы № 11 облыстық қазақ

мектеп-интернат кешені


Тұздар гидролизі
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Оқушыларға гидролиз туралы мағлұмат беру,тұз ерітіндісіндегі реакция ортасын анықтау тәсілдерін үйрету.

ә) дамытушылық: гидролиз реакция теңдеулерін жүйелі жазуларын, химиялық тілде сөйлеуін, тез ойлау қабілеттерін дамыту.

б) тәрбиелік: қауіпсіздік техникасының ережелерін ескеріп, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақ типі: Аралас сабақ

Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақта қолданылатын әдістер

мен көрнекіліктер: Сөздік: сұрақ – жауап, түсіндіру.

Практикалық: Тәжірибелік жұмыс, интерактивті тақта,

GLХ құралы, рН метр т.б.

Сабақта қолданылатын реактивтер мен

құрал – жабдықтар: NaCI, Na2CO3, NH4CI, K2S, CuCI2, NiCI2, FeSO4, CuSO4 т.б. тұз ерітінділері, индикаторлар: фенолфталейн, лакмус, метилоранж, дист. су, пробиркалы штативтер,

лимон, қызанақ шырыны т.б.



Пәнаралық байланыс: биология, география.

Қолданылған әдебиеттер: И.Нұғыманов Р.Жұмаділова «Химия» оқулық 9 сын

  1. И.Нұғыманов Р.Жұмаділова Р.Қаржасбай Химия 9 сын

әдістемелік нұсқаулық

  1. М.Б. Усманова Қ.Н. Сақариянова «Химиядан анықтамалық құрал» «Атамұра»2008ж

  2. Я.Л. Гольдфарб Ю.В. Ходаков Ю.Б.Додонов «Химия

есептері мен жаттығулар жинағы (8 – 11 сын)

  1. К.А. Аханбаев Химия Жоғары оқу орындарының

дайындық бөлімдеріне арналған оқу құралы

Сабақ жоспары: І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ

ІV. Бекіту Тест тапсырмалары

V. Үйге тапсырма

VI. Бағалау.



Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру

Сынып оқушыларын түгелдеу, сынып тазалығын қадағалау.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Бейорганикалық қосылыстардың неше класы бар?

Оксидтер, негіздер, тұздар, қышқылдар анықтама беру

  1. Электролиттік диссоциация теориясы дегеніміз не?

  2. Электролиттік диссоциацияға қандай заттар түседі?

  3. Бейорганикалық қосылыстардың барлығы дерлік электролиттік диссоциацияға түсе ме? Жоқ, оксидтер ЭД – ға түспейді, себебі иондары жоқ.

  4. ЭДТ тұрғысынан қышқылдар дегеніміз не?

Тәжірибе №1 Қышқылдың ортасын индикатормен анықтау.

  1. Индикаторлар дегеніміз не?

  2. ЭДТ тұрғысынан негіздер дегеніміз не?

Тәжірибе №2 Сілтінің ортасын индикатормен анықтап, реакция теңдеуін жазу.

  1. ЭДТ тұрғысынан тұздар дегеніміз не? Реакция теңдеуі тақтаға

жазылады. Тұздарда ортаны көрсететін ион жоқ. Бірақ тұз ерітінділерінің ортасын анықтауға болады. Ол үшін слайдқа назар аударып, 8 сыныпта оқыған тұздардың жіктелуін еске түсірейік.


  1. Орта тұздарды табыңдар:

  2. Негіздік тұздарды:

  3. Қышқылдық тұздарды:

  4. Қос тұздарды:


ІІІ. Жаңа тақырып Тұздар гидролизі
Осы тұздардың ішінде орта тұздар гидролиз реакциясына түседі.

Тұздардың сумен әрекеттесіп, алмасу реакциясына түсуі гидролиз

деп аталады.

Кез келген тұзды қышқыл мен негіздің әрекеттесу өнімі деп қарастырамыз. Тұздардың құрамы мен қасиетіне қарай күшті қышқыл мен күшті негізден тұратын тұздар NaCI, KNO3, Li2SO4

Әлсіз негізбен күшті қышқылдан тұратын тұздар: FeCI2, CuCI2, NiCI2

Күшті негізбен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар: Na2CO3, K2S, K2SO3

Әлсіз қышқыл мен әлсіз негізден түзілген тұздар: AI2S3, CH3COONH4

Енді осы тұздардың ортасын анықтап, гидролиз теңдеулерін жазамыз.


1. Әлсіз негізбен күшті қышқылдан түзілген тұздар гидролизденеді.

NH4CI + HOH ↔ NH4OH + HCI қайтымды процесс.

NH4+ + CI- + HOH ↔ NH4OH + H+ + CI-

NH4+ + HOH ↔ NH4OH + H+ орта қышқылдық


Ортаның өзгеруі тұз ионының сумен әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болады.

2. Күшті негізбен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар гидролизденеді

Na2 CO3 + HOH ↔ NaHCO3 + NaOH


2Na + + CO32- + HOH ↔ Na+ + HCO3- + Na + + OH-
CO32- + HOH ↔ HCO32- + OH-

Орта сілтілік



3. Әлсіз негізбен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар гидролизденеді.

Бұл жағдайда гидролиз реакциясы соңына дейін жүріп, қышқыл мен негіз түзіледі. Яғни гидролиз реакциясы қайтымсыз болады:


AI2S3 + 6H2O → 2AI(OH)3↓ + 3H2S↑ орта бейтарап.
4. Күшті қышқылмен күшті негізден түзілген тұздар гидролизге ұшырамайды. Мұндай тұздардың иондары сумен әлсіз электролиттер түзе алмайды. Тұздардың иондары іс жүзінде реакцияға қатыспайды. Судың диссоциациялану тепе – теңдігі бұзылмайды, демек ерітінді нейтрал реакция көрсетеді. Орта бейтарап
Кез келген ерітіндінің ортасының қышқылдығын, сілтілігін, нейтралдығын анықтайтын құрал қолданылады.

Сутектік көрсеткіш дегеніміз теріс таңбамен алынған сутегі иондарының концентрациясының ондық логарифмін айтады.

pH = - lg [ H+] Сутектік көрсеткіш түсінігін 1909 жылы дат химигі

Серенсен енгізді.

p әріпі дат тіліндегі potenz – математикалық дәреже

Н әріпі – сутегі символы

10-1 10-2 10-3 10-4 10-5 10-6 10-7 10-8 10-9 10-1010-1110 -1210-13

[H+]
Моль/л Қышқылдың өсуі Сілтіліктің өсуі


Ерт 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13

реак/сы Күшті қыш- Әлсіз қыш- Әлсіз сілтілік күшті сілтілік

қылдық қылдық

Нейтралды
рН арқылы ерітінділердің реакциясы былай сипатталады:

нейрал рн = 7, қышқыл рн < 7, сілті рН > 7
Кейбір ерітінділердің рН мәндері:
Асқазан шырыны рН = 1,7 (күшті қышқылдық реакция)

Шымтезек суы рН = 4 (әлсіз қышқылдық реакция)

Жаңбыр суы Рн = 6 (әлсіз қышқылдық реакция)

Құбыр суы рН = 7,5 (әлсіз сілтілік реакция)

Қан рН = 7,4 (әлсіз сілтілік)

Сілекей рН = 6,9 (әлсіз қышқылдық)

Көз жасы Рн = 7 (бейтарап реакция)
GLХ құралы арқылы ерітінділердің ортасын рН - метрмен анықтау.

Тәжірибелер :

№1. Na2CO3 - орта сілтілік рН > 7

№2. FeCI3 - орта қышқылдық рН< 7

№3 NaCI - орта нейтрал рН = 7

Лимон шырыны, қызанақ шырыны , сірке су т.б. орталарын анықтау.
рН – тың маңызы: Әралуан құбылыстар мен процестердіе табиғатта және техникада рН ролі өте ерекше. Химия, тамақ, мата және т.б. өнеркәсіп салаларындағы өндірісте, процестердің көпшілігі ортаның белгілі бір реакциясында ғана жүреді. Ол ауылшаруашылық өнімдерінің жақсы дамуына, жоғары өнім алуға, топырақ ертіндіде белгілі реакция беруге қажет.


Гидролиз қолданылуы:









Гидролиз


Гидролиз өнеркәсібі: тағамдық емес шикізаттар (ағаш, мақта қалдығынан, күнбағар қауызынан, сабаннан, жүгерінің өзекшесінен бағалы өнімдер - этил спиртін, белоктық ашытқылар, глюкоза, фурфурол, метил спирті т.б. заттар өндіріледі.) Тірі организмдерде полисахаридтердің, белоктардың т.б. органикалық заттардың гидролизі жүреді.



IV. Бекіту Тест тапсырмалары
1.Тұздар гидролизі дегеніміз не?

а) қышқылдардың сумен реакциясы;

б) тұздардың сумен реакциясы;

с) негіздердің сумен реакциясы;


2. Мына заттардың қайсысы сілтілік орта көрсетеді?

а) KNO3 б) BaCI2 с) K2CO3



3. Қай ион лакмустың күлгін түсін қызыл түске ауыстырады:

а) Н+ б) Сa 2+ с) OH-


4. Күкірт қышқылы мен натрий сульфиді арасындағы қысқартылған

иондық теңдеу қайсысы:

а) 2H+ + S2- = H2S↑

б) Ba 2+ + SO42- = BaSO4

с) 2H+ + SO32- = H2O + SO2


5. Гидролиз теңдеуінің ортасы қандай?

K2S + HOH =

а) pH = 7 б) pH > 7 с) pH < 7
6. Қай тұздың ерітіндісінде қышқылдық орта болады?

а) Na2SO3 б) AI(NO3)3 с) AgCI


7. Күшті электролиттер қатарын тап:

а) KCI, H2S, FeCI3 б) HCIO4, H2SO4, HI c) HCN, HCI, K2S


8. Әлсіз электролиттер қатарын тап:

а) KCI, NaNO3, H2O б) H2S, NaOH, NaCI с) Fe(OH)2, H2S, HCN


9. Гидролизденетін тұздар жұбы:

a) FeCI2, NaNO3 б) MgSO4, K2SO4 с) FeCI3, CrCI3


10. Қышқылға тән диссоциациялану теңдеуі:

а) Na+ + HSO4- б) H+ + CI- с) Mg2+ + 2CI-


11. Суда ерігенде гидроксид – ион түзетін заттың атауы:

а) темір ІІІ гидроксиді

б) барий гидроксиді

с) магний гидроксиді




  1. Электр тогын өткізетін ерітінді:

а) қант б) натрий сульфаты с) оттек



  1. Құрамында 49 г күкірт қышқылы бар ерітіндіге 6,5 г мырыш салғанда бөлінген сутектің көлемі қандай?

а) 22,4 л б) 2,24 л с) 0,22 л
14. Құрамында 49 г күкірт қышқылы бар ерітіндімен 4 г магний оксидін өңдегенде алынған тұздың массасын табыңдар.

а) 13,6г б) 16 г с) 12,5 г




  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма Тұздар гидролизі

Есептер шығару. Есептер жинағы № 13 – 63 -13 - 68
Каталог: uploads -> doc -> 023b
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
023b -> Мамандығы: Өндірістік оқыту Пән аралық байланыс
023b -> Тақырыбы: Берекелі де,мерекелі Алтын күз! Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет