Сабаќтыњ таќырыбы



жүктеу 79.8 Kb.
Дата17.02.2018
өлшемі79.8 Kb.
түріСабақ

С абақтың тақырыбы: «Рәміздерім-мақтанышым!»


Сабақтың мақсаты: Оқушыларды саяси саналыққа тәрбиелеу. Елін, жерін, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін жаны таза адамгершілігі мол өз отанын сүйетін азаматты қалыптастыру

Сабақтың көрнекіліктері: «Кең байтақ Қазақстаным» альбом еліміздің

рәміздері Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың суреттері, қанатты сөздер. «Ер тірегі-білімді ұрпақ», «Егеменді елдің ертеңі-оқу білімнің тереңділігімен өлшенеді.

Сабақтың барысы: Отаным десем, ойыма... Түсер еске ақсақалды қариям, Туған жерім-құт мекенім, дариям, Егеменді Елім,Туым,Әнұран, Қанатымды қағып ұшқан жанұям. Түсер еске Махамбеттей батырлар, Осы жолды аңсап еді ақындар. Отанымның өр намысты киесі –Мен сүйетін қалың қазақ, халқым бар. Менің Отаным -Қазақстаным.

1-оқушы: Сәлем анам-алтын күн

Сәлем қартым халқымның


Уақытыма риза боп,

Бақытыма шалқыдым

Ашық болсын күніміз
Ашылады нұрымыз;
Жүргізуші: Әнұраным-жанұраным

Айтар әнім-сөйлер сөзім

Туған жерім-сағынарым

Мәңгі бақи шырқалады.

Республика әнұраным.

(Әнұран орындалады).

2-оқушы: Қазақстан-асыл анам алтын анам тірегім

Саған деген махаббатқа толы менің жүрегім.

Туған жерім-тәуелсіз Қазақстан бесігім

Өркендету-басты арман-тілегім.


Жүргізуші: Хор-«Қазағым менің»
Жүргізуші: Егеменді еліміз жер әлемдегі басқа мемлкеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде өзінің Елтаңбасы мен Әнұранын, Туы мен Жалауын белгілеп осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсінік, оны қастерлей білуін талап етеді, әдептілік рәсімдерін орындау борышымыз деп санауын көздейді.Елтаңбасы елімнің

Неткен көркем әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.

Жарасқан байрақтың мәні бар

Көк аспан, күн қыран сәні бар

Көк байрақ, ашық күн кеңісім

Алтын күн-белгісі жеңістің.


Қазақстанның елтаңбасында жарқын күн сәулесі, көк аспан, шаңырақ, жарық жұлдыз қанатты тұлпар, бидай сабақтары бейнеленген. Көк аспан-кеңшілік, тыныштық биіктің белгісі. Ашық аспанға тараған күн сәулелері сәулетті өмір санатын көрсетіп тұрғандай биіктегі жарық жұлдыз Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнейлейді. Елтаңбадағы алтын шаңырақ қазақтың «Қара шаңырақ» деген қасиетті сөзінен алынып,
шаңырақ астындағы халықтар бірлігін талап етіп, халқының қасиетті шаңырағы биіктеп отбасына күн ананың жарығын шашып, бақыт жұлдызының нұрын төгіп тұр. Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз-ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қат аспанға ұшып, жері қат жер астына түсіп, халықты қасіреттерден азат еткен. Еліміздің азаттығының жеңімпаздығының белгісі. Бидай сабақтары-молшылықтың нышаны. Аспаны ашық, жұлдызы жарқыраған, шаңырағы биік жеңімпаз, молшылық елінің перзенті болу-қандай бақыт!

(авторы Жандарбек Мәлібекұлы)


Жүргізуші: Би-«Бозжорға»
3-оқушы: Көк байрақ-Туымыз

Жарасқан байрақтың мәні бар

Көк аспан, күн қыран-сәні бар

Көк байрақ-ашық күн кеңісім

Алтын күн-белгісі жеңістің

Алтын күн көтерген ел құсы

Халқымның батырлық белгісі!

Киелі көк байрақ астында

Иелі іс ұқсас тасқынға
4-оқушы: Көк байрақ күт берік әр істі

Ерлерді жеткізген жеңіске

Желбіреп тұр байтақ аймақта

Елжірей қараймыз байраққа!

Киелі байрақта әруақ, бақ

Иеді басын ел ардақтап

Көк Туды қастерлеп, сүйіп те

Көтеріп ұстаймыз биікке


Жүргізуші: Көк байрақ Туымыз-халқымыздың қасиетті киелі белгісі. Туымыздың көк болуы шексіз кеңдікті көрсетеді. Ту ортасындағы алтын күн халқымыздың азаттық күні. Ол бүкіл әлемге нұрын шашып тұр. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп, ұшып бара жатқан ақиық қыран құс-ерлік белгісі, кең пейілді кеңісі таза жері кең еліміздің азат күні жарқырап тұр. Азат күнгі, кең дүниені ерлікпен қорғайтын ақиық қырандай түлегі болу-зор бақыт! Ту шетіндегі ою-өрнек қазақ елінің танымын қасиетін көрсетеді. Тумызды қастерлеу-халқымызды қастерлеу, оның ерлерінің азаттығын, ерлігін құрметтеу. Ұлттық әдептілік қасиеттердің бір үрдісі-ел Туын елжірей сүйіп құрірет тұтып құрметтей білу болып табылады. Әрқашанда әспеттеп төбемізге көтеріп тәлім алып, көк байрақ-Тумызға тәжім етеміз. (Тудың автры Шәкен Ниязбеков).
Жүргізуші: Сөздің болар сайысы

Жеңіп шығар қайсысы

Басталшы қанекей қыз бен жігіт айтысы

(қыздар мен жігіттер айтысы)

Жүргізуші: Қазақстан Республикасының әнұраны бүкіл қазақ халқының бастан кешкен қиындығы тәуелсіздігін сақтап қалғандығы, даласының кеңдігі, халқының дархандығы, келешекке сенетіндігі айтылған. Болашақ ұрпақтың жүрегінен орын алған әнұран, оларды ұлтжандылыққа, өжеттілікке тәрбиелеуге жүрек бойына терең бойлаған. Кең байтақ республикамыздың кең егінді даласы күмісін шашқан көлдері, кеңге байтақ өңірі, малға толы өрісі болашақ ұрпаққа келешек азаматтарға өсиет болып қалары сөзсіз. Біз өзіміздің Әнұранымызбен, Туымызбен, Елтаңбамызбен басқа елдерге мақтаныш етеміз.

5-оқушы:



Қазақстан-Туы мен тұғырлы

Елтаңбасымен еңселі

Әнұранымен айбатты.
Өзіңдікі-еліңде

Өзңдікі-жеріңде

Өзіңді-өзің еткен бақ-

Тәуелсіздік-төрінде!

Өзіңдікі-Туың да

От пен ауа суың да,

Жаса Қазақстаным

Белді бекем буын да



Жүргізуші: Егемен болмай-ел болмас

Етек жеңі кең болмас

Терезесі тең болмас

Енді қазақ кем болмас

(ән Туған жер)

Жүргізуші: Үш кемеңгер дүлдүлім сақтаған ел бірлігін, Қазақта қара қылды қақ бөлген Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің сөз үлгілеріне зер салайық.

Қазыбек би: Біз қазақ мал баққан елміз бірақ ешкімге соқтықпай жатқан елміз. Елімізден құт береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм тұзды ақтай білген елміз.

Әйтеке би: О, Ұлы аға!

Биікке шықсаң көзің ашылады, жақсымен жолдас болсаң көңілің ашылады, деген. Менің балаларға айтпағым:

Ашу деген ағын су, алдын ашсаң арқырар

Ақыл деген дария, алдын тоссаң тоқырар.

Төле би:


Уа, халқым сөз қадірін білесің

Жаңбыр жаумаса жер жетім

Басшысы болмаса ел жетім.

Көсіле шабар жерің бар

Тау көтерген елің бар

Қол бастайтын ерің бар

Атадан қалған сара жолың бар

Сөз қадірін біліңдер!



Жүргізуші: Бүгінде тәуелді жан емес кейпім

Елім бар барыс болып елестейтін

Күмбірлетер өрендер домбырамен

Тыңдаңыздар ендеше «Кеңес» күйін

(Кеңес күйі)

6-оқушы: Республика! Ерікті ел-Қазақстаным!

Келді ақыры көп күткен алыстан

Келді аңсатып алыстан армандатып

Торды бұзған мен де бір мәз арыстан

Өлең жыры фантандай атқан

Жеңістің кілтін достықтан тапқан

Күнде бір көктеп көгеріп жатқан

Қазақстан-Республикамен

Жүргізуші: О, Отаным құлынумен қойныңда

Өзің менен өмірім өзіңде болар ойым да

Болашағың күлімдеген ертеңгі

Отан ана мына менің мойнымда- деп жүректегі Отан деген сезімді жалынды құштарлықпен айта отырып өркенін кеңінен жайған жас тәуелсіз, дербес мемлекет-Қазақстан. Енді Отан туралы мақал-мәтелдерге тоқталайық.

7-оқушы: «Отан отбасынан басталады»

«Туған жер-алтын бесік»

«Туған жердің топырағы да ыстық»

«Опасыз да Отан жоқ

Отан да оған орын жоқ»

«Отан-әркімнің ары, ожданы»

Жүргізуші: Талай тарих куәсі-

Шежірелі Түркістан

Мұсылманның туасы

Ет жүрегі-Түркістан.

(Түркістан әні)

Жүргізуші: Тәуелсіздік! Дүниеде бұдан асқан ұғым, бұдан қымбат игілік жоқ. Арыстарымыздың қанымен, жанымен келген тәуелсіздігімізді алып өлгенім тіріліп өткеніміз жанғандай. «Тәуелсіздік-ғажайып ұғым, мемлекетіміздің өз саясаты бар деген сөз»-деген еді ел басы Н.Назарбаев өз сөзінде. Халқы үшін қызмет етуді бақыт санайтын Елбасымыз тұрғанда Қазақстанның келешекте дамыған, өркениетті ел боларына кәміл сенеміз.

Әлдилеп дала сырын, сан ғасырлық

Толқыған ұлы өзендер арнасымен

Осынау қалың елім, жұртым деген

Тілегі қабыл болсын, Елбасының- деген жыр жолдары періштенің құлағына шалынсын.

8-оқушы: Ту тігілді халқымның бүгін бағына.

Жас өрендер, желбіретіп нық ұста

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата-баба арына

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағаты, өнегесі, еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ-болар елдің ертеңі

Жүргізуші: «Гүл жазира Қазақстан» әні.






Рәміздерім- мақтанышым!


Тәрбие сағаты


Каталог: uploads -> doc -> 0161
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0161 -> Задания по теме "Условный оператор"
0161 -> «Тәуелсіздік төрінде»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет