Сабақтың тақырыбы:



жүктеу 49.04 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі49.04 Kb.
түріСабақ

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: «Интернет»
Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардың тақырып бойынша алған білім- дерін тексеру,хабарламалар, суреттер арқылы әңгімелеуге,өз ойларын жеткізе білуге үйрету;

2. Өздігінен ой қорыту, сол ойын жинақы,тұжырымды түрде бере бі -лу дағдыларын дамыту,ізденгішттікке,іскерлікке баулу, ауызша, жаз-баша тілдерін дамыту,сауаттылықтарын арттыру.

3. Жаңа заманға сай білікті,білімді азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: нәтиже сабақ

Әдіс-тәсілі: сын тұрғысынан ойлау, сұхбат, тест, салыстыру,өзін-өзі бағалау.

Пәнаралық байланыс: музыка

Көрнекілігі: интерактивті тақта, сызбалар,баға қиындысы
Сабақ барысы:

1). Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен амандасып, кезекші есебін сұрау.

2. Сұрақтар қою:

-Қазір қай сабақ?

-Нешінші сабақ?

-Қай жыл мезгілі басталды?

-Қыс айлары қандай?

-Айдың басы қай мерекемен басталды?

-Енді қай мерекені тойлаймыз?

3. Сабақтың мақсатымен таныстыру.


2). Қызығушылықты ояту.

Сабақ үш бөлімнен тұрады: «білемін»,»білгім келеді»,»білдім»


3). 1.»Білемін»

1.Сөздік сөздерді тексеру.

2.Сұрақтарға жауап беру: «Тілшімен сұхбат»

Тілші:

-Интернет деген не?

-Сенде интернет бар ма?

-Оны қайда қолданасың?

-Қазақ тілінде сайт бар ма?

-Оны қолданасың ба?

-Интернетте қанша уақыт отырасың?

-Интернет не үшін керек?

Толығырақ интернет туралы кім айтып береді?(3-оқушының хабарламасын тыңдау)

Мұғалім:

-Ал енді грамматикалық сұрақтарға жауап беріңдер:

Етістік қандай сұратарға жауап береді?

Етістіктің түрлері?

Етістіктің шақтары?
4). 2. «Білгім келеді» бөлімі

1.Тест

1.Етістіктің шақтары дегеніміз не?

А)Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың өту кезеңін білдіру

В) Сөйлеп тұрған сәтке байланысты заттың мағынасын білдіру

С) Сөйлеп тұрған сәтке байланысты ұғымды білдіру



2. Шақтың негізгі түрлерін көрсет

А) осы, келер, ауыспалы

В) Өткен , келер, осы

С) ауыспалы, келер, өткен



3.Осы шақтың неше түрі бар?
А)2
В)4
С)3

4.Қалып етістіктерді көрсет
А) отыр, жазып отыр, келе жатыр

В)отыр,тұр,жүр,жатыр


С) барамын, бара жатырмын, бармақпын

5.ІІ жақта жіктелген сөзді көрсет.
А) Оқып отыр

В) оқып отырмыз

С) оқып отырсың

(Бірін-бірі тексеріп, бағалайды)




Сұрақ №

1

2

3

4

5

Дұрыс жауап

А

В

А

В

С




Бағалау реті

«5»

«4»

«3»

5- жауап дұрыс болса

4 жауап дұрыс болса

3 жауап дұрыс болса


Сергіту сәті: музыка және презинтация қолдауымен қимыл жасату
2.Тапсырма: кестені толтыру (дәптерде орындату)



Негізгі

етістік

Жедел өткен шақ

Нақ осы шақ

Мақсатты

келер шақ

Көр










Апар









1-ші нұсқадан біреу,

2-ші нұсқадан біреу, кестеге дұрыс жауабын жазады.
5). 3 «Білдім» бөлімі

1.Интернет қызметтері:

(Оқушылардың айтуымен тақтаға іліп отыру)



  • Бүкіләлемдік тор

  • Интернет-дүкені

  • Электронды пошта

  • Файл-алмасу желісі

  • Интернет-теледидар

  • Электронды кітап

  • Жаңалықтар топтамасы

2.Қорытынды:

Интернеттің пайдасы мен зияны: «Венн диаграммасы»

Зияны :

  • Көздің көру қабілетін төмендетеді;

  • Омыртқалардың қисаюына әкеледі;

  • Жүйкеге салмақ түсіреді;

  • Шаршағыштық, әлсіздік басады.

Пайдасы:

  • Жедел түрде ақпарат табу

  • Адамдармен байланыста бола алу

  • Әлемдік оқиғаларды біле алу

6). Үйге тапсырма:

«5»-Интернетке кіру жолы?

4”- Интернетті пайдаланып ауа райы туралы мағлұмат даярлап келу.


7). Бағалау
Каталог: uploads -> konspekt -> drygie-materiali -> raznoe
raznoe -> «Ә. Марғұланның ауыз әдебиті мұралары» тарих мұғалімі Мекебаева Жанара Болатовна
raznoe -> Сабақтың тақырыбы: «Қараш-қараш оқиғасындағы»
raznoe -> Формальді түрде берілген және оны сақтау, өңдеу және таратуды қамтамасыз ететін ақпарат
raznoe -> «Мақал сөз мәйегі» і-жүргізуші
raznoe -> Vi халықаралық білім беру және біліктілікті көтеру жүйесінде педагогикалық инновациялар жәрмеңкесі
raznoe -> Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Барақ батыр негізгі орта мектебі «Имандылық, мейірімділік дәстүрлері»
raznoe -> Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының салт-дәстүрлері Мақсаты
raznoe -> Без өйдә бөтен эшне дә бергә эшлибез
raznoe -> Сабаќ жоспарыныѕ картасы
raznoe -> Сабақ № Сабақ жоспары Күні Тобы Сабақтың тақырыбы: Қауіпті жүктерді тасымалдау Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет