Премьер-министрдің бірінші орынбасары Тамара Дүйсенова бұрынғы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың не себепті жұмыстан босатылғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: primeminister.kz

Үкіметтің кеңейтілген отырысында журналистер премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға осы сауалды қойды.

"Ажар Ғиниятқызы алдына қойылған міндетті орындады. Жұмысын жақсы істеді. Енді жаңа міндет тұр. Жаңа міндет – бұл МӘМС жүйесінің қаржылық бөлігін айналдыру. Осы МӘМС-тің тиімділігін арттыру мәселесі жөнінде жаңа өзгерістер қажет", – деді Дүйсенова.

  • Тағайындаулар аяқталды: Қазақстан үкіметінің құрамы қалай өзгерді
  • Қазақстанға жаңа денсаулық сақтау министрі тағайындалды

Еске салайық, Ажар Ғиният Денсаулық сақтау министрі лауазымына 2022 жылғы 11 қаңтарда тағайындалған еді. Ол министр қызметін 2 жыл атқарды.  

Айта кетейік, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселенің біріне айналған МӘМС жүйесіне қатысты сөз қозғаған еді. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.