Сабақтың түрі : Аралас сабақ


Сабақтың тақырыбы Сақтардың мәдениеті



бет2/6
Дата07.03.2018
өлшемі1 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Сабақтың тақырыбы Сақтардың мәдениеті


Сабақтың мақсаты:
Сақтардың мәдени мұралы, «Аң стилі»,Бесшатыр қорымы, «Алтын киімді адам» туралы кеңінен мәлімет бере отырып, белсенділігі жоғары дамыған ұлтжанды азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Лекция
Әдісі: баяндау
Көрнекілік:карта, суреттер
Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Сақтардың парсы жаулаушыларына күресі туралы қандай деректер бар?
Сақ патшасы Томирис жөнінде не білесің?
Сақтардың сыртқы жауларға қарсы күресі туралы өз пікіріңді айт.
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Сақтардың мәдени мұралары
2. «Аң стилі»
«Аң стилі» өнері дәстүрімен сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарынжа танысты. Осы жерлерден сақтарға «өмір ағашы» дейтін арыстан бейнесі тарады. Бұл ұғым жергілікті жануарлар мен аң-құстардың, жылқы, қой, түйе, бұғы, ақбөкен, барыс, жольарыс, бүркіт, қасқыр, қоян бейнелеріне ауысты.
3. Бесшатыр қорымы.
Бесшатыр сағанасы бірнеше бөліктен тұрады: дәліз (дромос), қабір алдына кірек ауыз және жерлеу бөлмесі.
4. «Алтын киімді адам»
Қабірден қыштан, ағаштан, металдан жасалған ыдыстар табылды. Арасынан 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс табақша шықты. Бұл жазудың сырын ғалымдар әзірге аша алмай отыр. К.Ақышевтың пікірінше, бұл сақтардың өзіндік жазуы болғандығын дәлелдейді.

:Шошақ бөрікті сақтарға ерекше тоқталу

-Алтын адам, Томирис, Шырақ.туралы қысқаша әңгіме қозғау

Суреттерді сөйлету

Оқушыларға концептуалдық кесте тарату «мекендерін тап»



Сабақты бекіту: Бетпе-бет әдісімен бекітемін

Бүгін қазақ халқының арғы тегі болған Қазақстанды мекендеген тұңғыш тайпалық одақ сақтар туралы ашық сабақ өтілді. Сіз бұл сабақтан қандай мағлұмат алдыңыз?

Сақтар қандай тайпа екен?

Оларға тән ерекшелік

Олардың Қазақстанда өмір сүрген уақыты.

Сақтар туралы қандай деректерден алынды?

Сақ көсемдері туралы тарихшылар не айтады?

Әйелдері туралы Ктесий ?

Ирандықтар сақтарды қалай атаған?

Алтын адам туралы не білесіз?

Сабақты қорыту:

Ежелгі грек тарихшылары «сақтар батыр, жауынгер, «дұшпанына қатал-досына адал»болған.Олар қастасқан жауын аямаған . Батыр жауынгерлерді құрмет еткен» деген сөзбен қорытамын.

Алдағы сабақтарда-тұрмысы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы, мәдениеті, өнері туралы мағлұмат аламыз.

Кері әсер парағы



Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма:оқып келу

Оқушыны таныстырамын

  • Бүгін қазақ халқының арғы тегі болған Қазақстанды мекендеген тұңғыш тайпалық одақ сақтар туралы ашық сабақ өтілді. Сіз бұл сабақтан қандай мағлұмат алдыңыз?

  • Сақтар қандай тайпа екен?

  • Оларға тән ерекшелік

  • Олардың Қазақстанда өмір сүрген уақыты.

2-оқушыға

  • Сақтар туралы қандай деректерден алынды?

  • Сақ көсемдері туралы тарихшылар не айтады?

  • Әйелдері туралы Ктесий ?

  • Ирандықтар сақтарды қалай атаған?

  • Алтын адам туралы не білесіз?


Сабақты қорыту:

Ежелгі грек тарихшылары «сақтар батыр, жауынгер, «дұшпанына қатал-досына адал»болған.Олар қастасқан жауын аямаған . Батыр жауынгерлерді құрмет еткен» деген сөзбен қорытамын.

Алдағы сабақтарда-тұрмысы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы, мәдениеті, өнері туралы мағлұмат аламыз.

Кері әсер парағы



Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма:оқып келу

Қорымдарды салыстыру.



Ұқсастығы

Айырмашылығы




Блум таксаномиясы



Білу





Түсіну





Қолдану





Талдау





Жинақтау




Сабақты бекіту:


1. Сақтардың ескерткіштері табылған аймақтарды картадан көрсет.
2. Сақтардың дүниетанымы туралы қандай қорытынды жасауға болады?
3. Сақтардың әйгілі археологиялық ескерткіштерін ата.
Бағалау:

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §1.Алғашқы адамдардың пайда болуы

Сабақтың мақсаты:

  • Адам баласының пайда болуы туралы, оларда қандай еңбек құралдары болғаны, олар қалай аталған және тас дәуірінің үшке бөлінгендігі туралы түсінік беру

  • Оқушылардың білімдерін дамыту

  • Отансүйгіштік рухта тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: Баяндау

Көрнекілік: суреттер, карта

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. 6-сыныптың Ежелгі Қазақстан тарихы пәні нені оқытады?

  2. Ерекшелігі?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Адам баласының шығуы.

  2. Алғашқы адамдардың кәсібі

  3. Алғашқы адамдардың Қазақстандағы іздері

  • Ғалымдар алғашқы адамды «епті адам» деп атайды. «Епті адам» Африкада Кения жеріндегі Олдувай шатқалында табылған. Ол осыдан 1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген.

  • Еңбек құралдарын, тас өңдеу техникасын , бұйымдардың жетілдірілуін зерттеген археологтар тас дәуірін үш кезеңге бөледі. Палеолит-ежелгі тас ғасыры, мезолит-орта тас ғасыры және неолит-жаңа тас ғасыры. Бұл үш кезеңнің әрқайсысының өзінен бұрынғыдан неғұрлым жетілдіріле жасалған еңбек құралдарымен ерекшеленеді.

Сабақты бекіту:

  1. Алғашқы адамдар еңбек құралдарын неден жасады?

  2. «Саналы адам» қашан қалыптасты?

  3. Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар кімдердің замандастары еді?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §1. Алғашқы адамның жаратылысы туралы өз ойларын қағаз бетіне түсіру.



6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §2. Алғашқы адамдар өмірі. Еңбек құралдарының жетілуі

Сабақтың мақсаты:

  • Алғашқы адамдардың еңбек құралдарды жетілдіруі, мұз басып, отты пайдалануы туралы айта отырып, белсенді білімді, Отанын сүйетін патриот тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: Баяндау

Көрнекілік: карта, суреттер

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Адамзат балсаының пайда болуы туралы әңгімеле

  2. «Палеолит», «Мезолит», «Неолит» дәуірлеріне түсініктеме бер

  3. Алғашқы адамдар қалай аталған?

ІІІ.Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Еңбек құралдары

  • Орта тас ғасыры мезолитте-шамамен б.з.б. 12-5 мың жыл бұрын олар пайдалануға ыңғайлы қалыпқа түсе бастады.

  1. Отты пайдалану

  • Бұдан 100 мыңнан 13 мың жылға дейін жердің бетін мұз басып жатты.

  1. Жердің сууы

Суреттермен жұмыс:

  • Үшкір тас құралдар

  • Тастан жасалған еңбек құралдары: шапқы, қырғыш, кескіштер

  • Алғашқы адамдар баспанасы

ІҮ.Сабақты бекіту:

  • Адамдар дәнүккішті қай кезеңде ойлап тапты?

  • Мұздық қашан ери бастады?

Ү.Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:

§2. Оқулықта берілген суреттерге қарап адамның алғышқы еңбек құралдары туралы әңгімелеп келу

Күні:13.09

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §3 . Тас дәуірі

Сабақтың мақсаты:


  • Қазақстан аумағындағы тас дәуірі туралы, ол кездегі еңбек құралдары, тас дәуірінде өмір сүрген адамдарды қалай атады, осы туралы баяндау

  • Рулық қауымның шығуы туралы айта отырып, оқушылардың белсенділігін арттыру, еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас

Әдісі: баяндау

Көрнекілік: суреттер

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Адамның еңбек құралдары қалай өзгерді?

  • Адамдар отты неге пайдаланған, оның қандай пайдасы болды деп ойлайсыңдар?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Қазақстан аумағындағы тас дәуірі

Адамзат қоғамындағы ең ұзақ палеолит дәуірі ерте және кейінгі тас ғасыры болып екі кезеңге бөлінді. Ерте тас ғасыры б.з.б. 2 миллион 500 мың жылдан 40-35 мың жылға дейінгі уақытты қамтыды. Кейінгі тас ғасырының хронологиялық ауқымы-б.з.б. 40-12 мың жыл аралығы. Кейде адамдар ерте және кейінгі кейінгі тас ғасырының аралығңында ортаңғы тас ғасыры болғандығын айтады. Оның мерзімі шамамен б.з.б. 100-40 мың жыл аралығы деп есептелінеді.

  1. «Саналы адам».

Жүздеген ұрпақтың қажырлы еңбегінің нәтижесінде бұдан 40-30 мың жыл бұрын «епті адам» «саналы адамға» айналды. Адамның жетілуінде еңбек шешуші рөл атқарды. Адам еңбек арқылы жетіліп, оның қолы, сөзі миы дамыды. /Атеистер ілімі бойынша/

«Саналы адам» сүйегі алғаш рет Францияның Кро-Маньон үңгірінен табылған. Сондықтан саналы адамды кроманьондық деп атайды.



  1. Рулық қауымның шығуы

Адамдар тобы бірте-бірте туысқандардың ұжымына-рулық қауымға айналды. Бұл шамамен «саналы адамның»шығуына сәйкес келеді.

Бірнеше ру бірігіп, шаруашылық мәселелерін бірлесіп шешті. Мұндай рулық бірлесулерді басқаратын көсемдер сайланды.

Сабақты бекіту:


  • Палеолит заманының ескерткіштері Қазақстанның қай жерінен табылған?

  • Палеолит дәуірінің Қазақстандағы тұрақтары туралы не білесің?

  • «Адамды адам еткен еңбек» дегенмен келісесің бе? Неге?

  • Ру дегеніміз не?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §3. Шығармашылық тапсырма: Жердің беті күрт суып,қыс ұзаққа созылды. Жылы ауа райына үйренген бірқатар жануарлар қырылды. Тірі қалғандары жылы жаққа ауып кетті. Алғашқы адамдар суықтан қалай аман қалды? Олар суықтан қалай қорғанды?



Күні:8.10

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §4. Орта тас ғасыры

Сабақтың мақсаты:

  • Орта тас ғасырылын ерекшеліктері, қоғамдағы өзгерістер, егіншілік пен мал шаруашылығының қалыптасуы туралы айта сызба түрінде түсіндіре отытып, оқушылардың білімдерін жетілдіру, белсенділігін арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: сызба, суреттер.

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Тас дәуірінің хронологиясын ата

  • Ру дегеніміз не?

  • Екі жағынан өңделген қарапайым тас құрал қалай аталады?

  • Тасты өңдеу әдісі қай кезеңде жетіле түсті?

Жаңа сабақтың жоспары:


Орта тас дәуірінің ерекшелігі

Қоғамдық өзгерістер

Еңбек құралдары

Шаруашылығы
















  • Орта тас ғасырының ерекшелігі

Палеолиттің аяғы мен мезолиттің басында үлкен табиғи-климаттық өзгерістер орын алды. Жер бетін басып қалған мұз еріді, қазірге ұқсас өсімдіктер мен жануарлар түрі қалыптаса бастады.

  • Орта тас ғасыры (мезолит) б.з.б. 12-5 мыңыншы жылдықтар аралығын қамтиды.

  • Микролит-ұзындығы 1-2 сантиметрдей ұсақ жаңқа тастардан жасалған құрал

Б.з.б. 8 мыңжылдықта Қазақстан жерінде қолайлы климат орнады. Күннің жылынуы ендігі жерде бұрынғыдай үй салуды аса қажет етпеді. Ғалымдар мезолит дәуірінің ерекшеліктері ретінде жануарларды қолға үйрету мен дәнді дақылдарды өсіруді айтады.



Палеолит

Мезолит






Мезолиттің басты жаңалықтары
2. Орта тас ғасырындағы қоғамдық өзгерістер

3. Егіншілік пен мал шаруашылығының қалыптасуы.



  • Бұдан 10 мың жыл бұрын егіншілік пайда болды

Сабақты бекіту:

  • Мезолит дәуірінде қандай өзгерістер орын алды?

  • Рулық қауымның өмірі туралы әңгімеле.

  • Мезолиттің еңбек құралына сипаттама бер.

  • Терімшілік пен егіншіліктің айырмашылығы неде?

  • Мал өсірудің аңшылықтан қандай айырмашылығы бар?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §4. Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру




Күні:15.10

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §5. Жаңа тас ғасыры

Сабақтың мақсаты:

  • Жаңа тас ғасыры, яғни неолит дәуірі туралы , оның ең үлкен жаңалығы туралы айта отырып, белсенді, білімді, бәсекеге барынша қабілетті патриот тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: суреттер, сызба, т.б.

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Садақ пен жебе қай кезеңде жасалынды?

  • Ұзындығы 1-2 сантиметр ұсақ жаңқа тастардан жасалатын құралдар қалай аталады?

  • Малды қолға үйрету мен егіншілік қай кезеңде қалыптаса бастады?

  • Егіншілік қашан пайда болды?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Неолит тұрақтары

  • Жаңа тас ғасыры (неолит) б.з.б. 5-3 мың жылдықтар аралығын қамтыды

  • Қазақ жерінде кездесетін неолит тұрақтарының ең көнесі б.з.б. 5 мыңжылдыққа тән




Жаңа тас ғасыры

Орта тас ғасыры









  1. Неолит ескерткіштері

  • Солтүстік Қаз-дағы Пеньки селосы маңындағы тұрақта тас шапқылар

  • Балқаштың солтүстігінен

  • Орталық қазастанда Қарағанды, Зеленая Балка тұрақтарынан





  • Жезқазған өңірінен Шығыс Қазақстан аумағынан көптеген ескерткіштер табылды.

  1. Өндіргіш шаруашылыққа көшу.

Қазақстан аумағынан неолиттің 500-ден аса тұрақтары табылған

Көзе-саздан жасалған қыш ыдыс

Неолит дәуірінің тағы бір үлкен жаңалығы-адамдардың қыш құмыра (керамика) жасауды үйренуі еді. Бұл дәуірді сондықтан кейде «қыш құмыралар заманы» деп те атайды.


Егіншілік

Мал шаруашылығы


Адамдар табиғат сиына тәуелділіктен құтылды.Адамдар жер өңдеудің қарапайым түрімен айналысты.

Жабайы жануарлардықолға үйретті.


Қолөнер

Қыш құмыры жасауды үйренді.

Неолиттік сазадн жасалған қыш ыдыс атауын көзе деп атаған.

Олар мата тоқып, киім тігуді үйренді.

Керамикалық ыдыстарға өрнек сала білген.
Сабақты бекіту:


  1. Картаны пайдаланып, неолитті тұрақтарды көрсет.

  2. Неолит дәуіріндегі адамдар өміріндегі өзгерістерді ата. Адамдар қандай жаңалықтар ашты?

  3. Оқулықты пайдаланып, Сексеуіл тұрақтарыа сипаттама бер.




Б

Ү

Ү








Бағалау:


Үйге тапсырма: §5. Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің кезеңдері кестесін дәптерлеріне көшіріп, жаттап келу.
Күні:22.10

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §6. Мыс-тас ғасыры (энеолит)

Сабақтың мақсаты:

  • Еңбек құралдарының жетілуі, адамдардың мысты игере бастауы, оның тас дәуірінен ерекшелігі, хронологиясы туралы айта отырып,оқушыларды ізденімпаздыққа, шыдамдылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Көрнекілік: сызба

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Неолит тұрақтарын ата

  • Неолитескерткіштерін ата

  • Неолиттің хронологиясы

  • Көзе дегеніміз не?

Жаңа сабақтың жоспары:

Адамзат баласының металдан жасалған құралдарды игере бастауы мыс-тас ғасырынан (энеолит) басталады. Бұл кезең шамамен алғанда б.з.б. 3000-2800 жылдары өткен. Мыс-тас дәуірінде жасалған құралдар өндіріске енгізілді.



  1. Еңбек құралдарының жетілдірілуі

  2. Мыс-тас ғасырының ерекшелігі

Энеолит сөзі-мыс-тас ғасыры дегенді білдіреді. Бірақ металл тасты қолданыстан мүлдем шығарып тастаған жоқ. Тас сол кезде де ең негізгі құрал ретінде пайдаланылды. Мыс-тас ғасыры қоғамында екі ірі өзеріс орын алды: еңбек бөлінісі пайда болды және аталық ру үстемдігі қалыптасты.

3.Шаруашылығы

Ең алғашқыірі қоғамдық еңбек бөлінісі шаруашылықтың егіншілік пен мал шаруашылығының бөлінуі.

4.Ескерткіштері.





Ескерткіштері

Табылған заттары


Ботай


158 тұрғын үй табылды. Үйдің ортасында ошақ орналасқан, қабырғалары жануарлардың терісімен қапталған. Жылқы сүйектері өте көп табылған.



Шебір



Тас пен қыштан жасалған еңбек құралдары табылған.Ыдыстар саз балшықтан жасалған.Ыдыстарды әшекейлеу үшін тарақ тісті сияқты өрнек қолданылған.

Каталог: uploads -> doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет