Сабақтың түрі : Аралас сабақ



бет3/6
Дата07.03.2018
өлшемі1 Mb.
#20408
түріСабақ
1   2   3   4   5   6


Сабақты бекіту:


Тас дәуірінің кезеңдері

Кезеңнің хронологиялық ауқымы

Жаңалықтар мен өнертабыстар

Әр кезеңде өмір сүрген адамдар

Қоғамдық құрылымы

Ерте тас ғасыры













Кейінгі тас ғасыры













Мезолит













Неолит













Энеолит












Бағалау:


Үйге тапсырма: §6. Тест тапсырмаларын орындау

Күні:3.11

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §7. Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі

Сабақтың мақсаты:

  • Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі, білім, діни көзқарастар т.б. туралы айту.

  • Өнердің шығуы турады баяндай отырып, мәдениеттілікке, имандылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралса

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: сызба, суреттер

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Еңбек құралдарының жетілдірілуі

  2. Мыс-тас ғасырының ерекшелігі

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Білімнің дамуы

  2. Діни көзқарастың қалыптасуы

  • Тотемизм-адамдардың шығу тегін жануарлар, өсімдіктер немесе табиғат құбылыстарымен байланыстыру.

  • Адамдардың түсінігі бойынша , жер мен судың, орман мен таудың иелері болған. Сондықтан оларға құрбандық әкеліп тұруға тырысқан. Табиғаттан тыс күштер әлемді билеп тұрады, олар үрлесе, дауыл тұрады, қаласа, аңдар басқа жаққа ауып кетеді деп сенген. Адамдар оларды аруақтар (рухтар), ао орасан зор күш иесін құдайлар деп атаған.

  1. Өнердің шығуы.

Сабақты бекіту:

  • Адамдар өздерінің білімдерін қалай жетілдірген?

  • Діни көзқарастың қалыптасуы неге байлынысты болды?

  • Өнер қалай пайда болған, Өнердің қай түрі жақсы дамыған?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §7. Өзін-өзі тексеру сұрақтары

Алғашқы қауымдық адамдар тарихынан не білдік?

Тас дәуірі қандай кезеңдерге бөлінеді?

Тастан жасалған негізгі құралдарды ата. /Қашау, қырғыш, балта, найзының ұшы, пышақ, садақпен жебе./

Алғашқы қауым адамдарының ұжымы дегеніміз не?

Алғашқы адамдар-адамдар тобыры. «Саналы адам»-рулық қауымдар. 13 мың жыл бұрын-рулар мен тайпалар қалыптасты. 6-7 мың жыл бұрын рулық қауымдар ыдырады-ақсүйектер пайда болды.

Дін қалай шықты?

Алғашқы қауымдағы адам табиғатқа тәуелді еді, табиғат құбылыстарының себептерін біле алмады. Бұл аруақтар (рухтар) мен сиқырға сенуді туғызды, әдет-ғұрып шықты.

Неолит кезеңінде адамдар қандай жаңалықтар ойлап тапты?

Саз балшықтан қыш ыдыстар дайындалды, шыбықтан себет тоқылды, жіп иіру, тоқымашылық қалыптасты, қайық жасалды, үйлер салынды.


Уақыт

Еңбек құралдыры

Кәсіптері

Адамдар мен олардың ұжымдары

Дін

Палеолит дәуірі

  1. Ерте

  2. Кейінгі













Орта тас ғасыры (мезолит)













Жаңа тас ғасыры (неолит)












Бағалау:


Үй тапсырмасы: кестені толтыру.

Күні:12.11

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §8. Қола дәуірінің негізгі сипаты

Сабақтың мақсаты:

  • Жалпы адамзат баласының даму тарихында ерекше орын алатын қола дәуірінің ерекшелігі, бұл дәуірде жасалынған еңбек құралдар, андроновтық тайпалар туралы егжей-тегжейлі түсіндіре отырып, білімді, білікті азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:суреттер,сызба.

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

Тас дәуірі қандай кезеңдерге бөлінеді?

Палеолит ?

Тастан жасалған негізгі құралдарды ата.

Алғашқы қауым адамдарының ұжымы дегеніміз не?

Дін қалай шықты?

Неолит кезеңінде адамдар қандай жаңалықтар ойлап тапты?

Жаңа сабақтың жоспары:



  1. Өндіріске металл-құрал саймандардың енуі.

  2. Қоладан жасалған еңбек құралдарына көшу

  3. Андрон мәдениеті туралы мәлімет

  4. Андрондықтардың шаруашылығы мен кәсібі.

  5. Андрон баспаналары

  • Қола дәуірі б.з.б. 2800 жыл –б.з.б. 900 жыл аралығын қамтиды.

  • Андрон тектес қола мәдениеті Орал (Жайық) өзенінен бастап, Енесей өзеніне дейінгі, Батыс Сібір орманды алқабынан бастап, Памир тауларына дейінгі аралыққа тараған.

  • «Андрондықтар мұрынды келген, бет сүйегі шығыңқы емес, көздері үлкен. Кескін-кейпі ірі, дене құрылысы мығым, жігерлі, келбетті адамдар болған».

  • Андрон мәдениетінің ерекшелігі

  1. Металл өңдеу игерілді.

  2. Мал бағудың көшпелі түріне көшу қалыптаса бастады

  3. Жер өңдеудің қарапайым түрі, теселі егіншілік дамыды.

Сабақты бекіту:

  • Мыс өңдеу мен қоланың пайда болуы еңбек өнімділігіне қалай әсер етті?

  • Картадан Андрон мәдениеті таралған жерлерді тап. Олардың бүгінгі күнде қай мемлекеттердің аумағына жататынын анықта.

  • Андрондықтардың баспаналарына сипаттама бер.

  • Қола дәуіріндегі адамдар салған суреттер қай жерлерден табылған?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §8. Өзін-өзі тексеру сұрақтары




Күні:28.09

10-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §. Қола дәуірі тұрғындарының шаруашылығы .

Сабақтың мақсаты:

Қола дәуірі кезіндегі климаттың өзгеруі, шаруашылық, қоғамдық құрылыс туралы баяндау.

Беғазы-Дәндібай мәдениеті, зергерлік өнер, сонымен қоса Ә.Х.Марғұланның зерттеулерін айта отырып, білімділікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Көрнекілік: суреттер, қола дәуірі кезіндегі Қазақстанның картасы.

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралын тексеріп түгелдеу

Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

Мыс өңдеу мен қоланың пайда болуы еңбек өнімділігіне қалай әсер етті?

Андрондықтардың баспаналарына сипаттама бер.

Қола дәуіріндегі адамдар салған суреттер қай жерлерден табылған?

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Шаруашылықтың дамуы

2. Қола дәуіріндегі металл өндіру

3. Қоныстар мен тұрғын үйлер

4. Үй кәсібі мен қолөнердің дамуы.

5. Қола дәуірі кезіндегі қоғамдық қатынастар

6. Діни  нанымдар мен әдет-ғұрыптар



  1. Климаттың өзгеруі

Орталық Қазақстан қола дәуірінің ең соңғы кезеңі Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп аталады. Оның хронологиялық ауқымы б.з.б. 12-8 ғасырларды қамтиды.

  1. Беғазы-Дәндібай мәдениеті

Б-Д мәдениетіне жататын жерлеу орындарының көпшілігі-обалар. Андрондықтардың ерекшелігі: Беғазы-Дәндібай қорғандары биіктеу болып келеді және ұсақ қиыршық тастар мен топырақтан тұрғызылып, етегі үлкен қақпақтармен бекітілген.

Қола дәуірін жоспарлы зерттеу 1946 жылы басталды. Сол жылы қазақтың біртуар энциклопедист ғалымы Әлкей Хақанұлы Марғұлан көне дәуір тарихын зерттейтін археологиялық экспедиция құрды.



  1. Шаруашылығы

  2. Қоғамдық құрылысы

  1. Қола дәуірі кезінде діни наным-сенім қалыптасып, жоғары дінбасылары-абыздар пайда болды. Олар рудың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарының бұлжымай орындалуын қадағалады.

Сабақты бекіту:

  1. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы қалай пайда болды?

  2. Оқулықтың мәтінін пайдаланып, көшпелі мал шаруашылығының шығу себебі туралы әңгімеле

  3. Б-Д мәдениетін Андрон мәдениетімен салыстыр.

Бағалау:

Үйге тапсырма: § 9. Шаруашылық пен қоғамдық өмірдегі өзгерістер.

«Ру мен тайпа кеңесі» қосымша материал

14.11.2011 6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §10 Беғазы-Дәндібай мәдениеті.

Сабақтың мақсаты:


  • Көшпелілер өмірі, шаруашылығы,малының түрлері, отырықшылық пен көшпеліліктің айырмашылығы тақырыптарында түсіндіре отырып, шаруашылыққа бейім, еңбекқұмар, отансүйгіш азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Көрнекілік: сызба, суреттер,т.б.

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы қалай пайда болды?

  2. Көшпелі мал шаруашылығының шығу себебі туралы әңгімеле

  3. Беғазы-Дәндібай мәдениетін Андрон мәдениетімен салыстыр

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Көшпелі мал шаруашылығы

  • Табиғатта құрғақшылық бет алып, жауын-шашын азайды. Егіншілікпен шұғылдану қиындады.

  • Ат әбзелдерін жетілдіру жылқыны көлік ретінде пайдалануға мүмкіндік берді.

  • Мал басының көбеюі жаңа жайылымдарды қажет етті.

  1. Малдың түрлері

  • Табиғаттың дайын өнімін пайдаланған аңшы-терімшілер сияқты еміс, көшпелілердің өздері өнім өндірді. Малшылар жылқы, түйе, қой мен сиыр ұстады.

  1. Көшпеліліктің бөлінуі

  • Көшпелілер ат әбзелдерін үнемі жетілдіріп отырды. Олар үзеңгіні, ауыздықты, ерді ойлап тапты. Қыштан, шыныдан, металдан жасалған көлемді заттар анағұрлым жұмсақ әрі жеңіл металдармен: былғары, киіз, ағашпен алмастырылды.

  • Табын түрлерінің әр қилылығы өсімдікке байланысты. Мысалы, еліміздің шөлді аудандарында шөптің 288 түрі өседі. Сиыр мен жылқы олардың-109, түйе, 148, қой-167 түрін жейді. Ал 180 түрлі сортаң шөптің қой 132, сиыр 24 түрін ғана жейді

Сабақты бекіту:

  1. Көшпелі мал шаруашылығы қашан пайда болды?

  2. Көшпелі мал шаруашылығы қалай дамығанын айтып бер

  3. Көшпелі мал шаруашылығының отырықшылықтан айырмашылығы қандай?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §10.оқып келу.



6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §11. Көшпелі бақташылық шаруашылықтың негізгі түрі

Сабақтың мақсаты:

  • Көшпелілердің тіршілігін отырықшы егіншілердің өмірімен салыстыра отырып, олардың дәстүрлі мерекелері, өмір салты, баспаналары туралы егжей тегжейлі баяндау.

  • Белсенді, білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Көрнекілік: суреттер.

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Көшпелі мал шаруашылығы қашан пайда болды?

  2. Көшпелі мал шаруашылығы қалай дамығанын айтып бер

  3. Көшпелі мал шаруашылығының отырықшылықтан айырмашылығы қандай?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Дәстүрлі мал шаруашылығындағы көші-қон

  • Көктеу, жайлау, күзеу, қыстау

  • Көшпелі мал шаруашылығының бірнеше түрі болды. Батыс және Орталық Қазақстанда таза көшпелі тұрмыс қалыптасты. Шығыс Қазақстанда, Алтай мен Тянь-Шань тауларында, Жетісудың таулы аймақтарында жартылай көшпелі мал шаруашылығы дамыды. Қазақстанның оңтүстігінде Сырдария, Шу, Келес өзендерінің аңғарында отырықшы шаруашылық дамыды.

  1. Көшпелілердің баспанасы

  • Киіз үй өте қарапайым әрі тұруға қолайлы. Оны аз уақытта , шамамен, бір сағат ішінде тігуге және жығуға болады. Жүк арту үшін бір түйе немесе екі ат жеткілікті болған.

Сабақты бекіту:

  1. Көшпелілердің тіршілігін отырықшы егіншілердің өмірімен салыстыр /венн диаграммасы/

  2. «Көшпелі өмір салты» тақырыбына әңгіме құрастыр.

Бағалау:

Үйге тапсырма: §11. Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру.



6-сынып . Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы:Қазақстандағы сақтардың мекендеген жері, сақ қоғамы.

Сабақтың мақсаты:

1.Қазақ халқының ата-тегі болған тайпалар мен ұлыстар туралы айта отырып, Орта Азияны мекендеген сақ тайпаларының шығу тегі, және олардың мекендеген жерлері туралы толық түсінік беру.

2.Оқушылардың белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру

3.Оқушыларды Отансүйгіштік рухта тәрбиелей отырып, мәдениетті, иманды азамат қалыптастыру



Сабақтың түрі: Аралас

Әдісі: интерактивті аралас топтастыру

Көрнекілік: , тірек сызба, суреттер, тақта

  1. Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі:

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. Оқушылар зейінін сабаққа аудару

  4. Сыныпты топқа болу үш топ

  5. II Үй тапсырмасын сұрау

Кім жылдам сұрақ қою

Көшпелілердің баспанасы туралы не білесің?

Көшпелі мал шаруашылығының түрлерін ата.

Ертедегі темір өндірудің қарапайым тәсілі не болды?

Көшпелі мал шаруашылығы үшін ертедегі тұрғындар малдың қандай түрлерін таңдаған?

Көшпелі мал шаруашылығы қашан қалыптасты? ( шамамен б.з.б. 2 мыңжылдықта)

Көшпелілер нені киелі санады? (Ошақты)

Жылы қоралары бар тұрақты орын қалай аталады? (Қыстау)

Қыс жақындағанда қоныстанатын қыстауға жақын жайылым қалай аталады? (Күзеу) 

Жайлау деген не? (малды алысқа ұзатып жаятын жайылым)



Жаңа сабақ:

І топ Сақ тайпалары туралы алғашқы мәліметтері

ІІ топ Сақтардың тайпаларының қоныстауы

ІІІ топ Сақ қоғамы

Тапсырманы топтасып орындаймыз постер жасау

Қазақ халқының ата-тегі болған тайпалар мен ұлыстардың ежелгі заман деректерінде аты әйгілі болғандары; сақ, үйсін, қаңлы, сармат, ғұн тайпалары

Қазақ тарихын зерттеген ғалымдар қазақ халқының арғы тегі ерте заманда Орта Азияны мекен еткен ежелгі сақ тайпаларынан шыққан дейді.


ІІ тапсырма: Әр топ өз мекендеген жерлерін тауып жазады

ІІІ тапсырма Тарихи дерек деп аталады

ІҮ сақ қоғамын таныстыру

Ү тапсырма Деректер қөзі

Сақтардың тайпалық құрамы мен орналасуы: Археологтардың пікірінше сақ тайпалары мен тайпа одақтары мынадай негізгі топтарға бөлінеді




Сақ тайпаларының аты

мекендері

1

Парадарайа

(теңіздің арғы жағындағы сақтар)



Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңында Сырдария мен Амударияның төменгі ағысы

2

Тиграхауда

(шошақ бөрік киіп жүретін сақтар)

Сырдарияның орта ағысы, Тянь-Шаньда, Жетісуда

3

Хаумаварга

(хаома сусынын дайындайтын

сақтар)

Мургаб аңғарында

(Түркіменстан)






Кесте №

  1. Сақтардың мәдени мұралары

  2. «Аң стилі»

  • «Аң стилі» өнері дәстүрімен сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарынжа танысты. Осы жерлерден сақтарға «өмір ағашы» дейтін арыстан бейнесі тарады. Бұл ұғым жергілікті жануарлар мен аң-құстардың, жылқы, қой, түйе, бұғы, ақбөкен, барыс, жольарыс, бүркіт, қасқыр, қоян бейнелеріне ауысты.

  1. Бесшатыр қорымы.

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  1. Қазақстан тарихы 4-ке бөлінеді

  2. Соның ішінді ежелгі Қазақстан да 4-ке бөлінеді

  1. тас дәуірі

  2. мыс діуірі

  3. қола дәуірі

  4. темір дәуірі

  1. Адамзат баласының металлдан жасалған құралды игере бастауы қай дәуірден басталады-энеолит-мыстытас

  2. Темір дәуірі деп аталу себебі-еңбек құралдары темірден жасалды

  3. Темір дәуірінің ерекшеліктері

а) шаруашылық құралдардың темірден жасалынуы

б) ірі тайпалардың тайпалық одақтарға бірігуі

в) көшпелі мал шаруашылығы мен жыртпалы егіншіліктің шығуы

г) алғашқы мемлекеттердің қалыптаса бастауы



Жаңа сабақ: «Өзіңнің ұлтыңды танып алмасаң, сен басқа ұлттың кім екенін еш уақытта біле алмайсың»-деп М.Арын ағамыз айтқандай Қазақ халқының ата-тегі болған сақ тайпасының тарихын, мекендеген орнын, қоғамдық құрылысын, шаруашылығын, тұрмысын, мәдениетін,білу мақсатында өтетін ашық сабақ тақырыбы: Сақтар.

Тақырып бес бөлікке бөлінген.

  1. Сақтардың тарихы, мекендеген орны.

  2. Тұрмысы , шаруашылығы.

  3. Қоғамдық құрылысы.

  4. Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі

  5. Мәдениеті мен өнері.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Сақ тайпаларының шығу тарихы.

  2. Сақтардың тайпалық құрамы мен орналасуы.

Қазақ халқының ата-тегі болған тайпалар мен ұлыстардың ежелгі заман деректерінде аты әйгілі болғандары; сақ, үйсін, қаңлы, сармат, ғұн тайпалары

  • Қазақ тарихын зерттеген ғалымдар қазақ халқының арғы тегі ерте заманда Орта Азияны мекен еткен ежелгі сақ тайпаларынан шыққан дейді.

Кесте №1,2.



Сақтардың тайпалық құрамы мен орналасуы: Археологтардың пікірінше сақ тайпалары мен тайпа одақтары мынадай негізгі топтарға бөлінеді:



Сақ тайпаларының аты

мекендері

1

Парадарайа

(теңіздің арғы жағындағы сақтар)



Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңында Сырдария мен Амударияның төменгі ағысы

2

Тиграхауда

(шошақ бөрік киіп жүретін сақтар)

Сырдарияның орта ағысы, Тянь-Шаньда, Жетісуда

3

Хаумаварга

(хаома сусынын дайындайтын сақтар)

Мургаб аңғарында

(Түркіменстан)

Картамен жұмыс жасау:Шошақ бөрікті сақтарға ерекше тоқталу

-Алтын адам, Томирис, Шырақ.туралы қысқаша әңгіме қозғау

Суреттерді сөйлету

Оқушыларға концептуалдық кесте тарату «мекендерін тап»



Сабақты бекіту: «ККК» және Бетпе-бет әдісімен бекітемін

І-Бетпе-беттің сұрақтары

1-оқушы

  • Оқушыны таныстырамын

  • Бүгін қазақ халқының арғы тегі болған Қазақстанды мекендеген тұңғыш тайпалық одақ сақтар туралы ашық сабақ өтілді. Сіз бұл сабақтан қандай мағлұмат алдыңыз?

  • Сақтар қандай тайпа екен?

  • Оларға тән ерекшелік

  • Олардың Қазақстанда өмір сүрген уақыты.

2-оқушыға

  • Сақтар туралы қандай деректерден алынды?

  • Сақ көсемдері туралы тарихшылар не айтады?

  • Әйелдері туралы Ктесий ?

  • Ирандықтар сақтарды қалай атаған?

  • Алтын адам туралы не білесіз?


Сабақты қорыту:

Ежелгі грек тарихшылары «сақтар батыр, жауынгер, «дұшпанына қатал-досына адал»болған.Олар қастасқан жауын аямаған . Батыр жауынгерлерді құрмет еткен» деген сөзбен қорытамын.

Алдағы сабақтарда-тұрмысы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы, мәдениеті, өнері туралы мағлұмат аламыз.

Кері әсер парағы



Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма:оқып келу

Күні:29.12

10-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы:. Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы.

Сабақтың мақсаты:

  • «Тарихтың атасы» атанғаг Геродоттың сақтар тауралы айтып кеткен деректері бойынша сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы туралы оқушыларға баяндау, олардың темірді өңдеу әдістері туралы айту.

  • Отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, белсенді, білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Көрнекілік: суреттер, карта

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. «Азиялық скифтер», «құдіретті еркектер», «жүйрік атты турлар» деп қай деректерде айтылған?

  2. Сақ тайпалыры мен тайпалық одақтарының топтарын атап, олардың қоныстарын атап, олардың қоныстарын картадан көрсет.

  3. Сақ әйелдерінің қоғамдағы орны

  4. Сақ қоғамында көсемдердің рөлі қалай бағаланды?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Сақтардың тұрмысы

  2. Сақтардың шаруашылығы

  • Шірік-Рабат-б.з.б.4-б.з.-13 ғасырларына жататын ежелгі қалашық

  1. Ертедегі темір өндіру

  • Адамзат тарихында темір дәуірі ерекше маңызды орын алады. Темір құрал-саймандар пайда болғаннан бастап еңбек өнімділігі ерекше өсті. Өйткені темір құралдыр тас және қола құралдарға қарағанда әлдеқайда өткір, төзімді болып келеді.

Сабақты бекіту:

  • Сақтар мекенжай салу үшін қандай жерлерді таңдаған?

  • Сақтардың шаруашылығы қандай жағдайларға бейімделген?

  • Шірік-Рабат қонысы тұрғындары немен айналысқан

  • Ертедегі темір өндіру туралы айтып бер.

Бағалау:

Үйге тапсырма: §13. Қосымша оқып келу.



  1. Геродоттың «Тарихынан» үзінді

  2. Страбонның «Географиясынан» үзінді.


Күні:29.12

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §14. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Сабақтың мақсаты:

  • Сақтардың жауынгерлік ерліктері, Кирмен , Дариймен соғысы, Шырақтың өз елін қорғаудағы ерліктері туралы баяндай отырып, оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, әділдікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Көрнекілік: суреттер, карта

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Сынып үш топқа бөлінеді. Кубизм әдісі пайдаланылады. Кубиктің алты қыры бар. Кубизм тақырыпты жан - жақты қамтуға мүмкіндік беретін оқыту стратегиясы. Оқушылар кубикті лақтырып қай топқа баратындығын анықтайды.
    Ассоциациялық аймақ құру.
    Сақ сөзін естігенде ойларыңа не келді?
    Электронды тақтаны пайдаланып, тақтаға жазу
    Сақ
    "Алтын адам", Аргипйлер, скифтер, исседондар, дайлар, парадарайа, тиграхауда, хаумаварга
    Кубизм. Кубик лақтырып әр қабырғасының тапсырмасын орындайды.
    1 - қабырғасы. Суреттеңіз. Сақ қоғамын
    2 - қабырғасы. Салыстырыңыз. Абыздар мен қарапайым халықты салыстыр
    3 - қабырғасы. Зерттеңіз. Мидиялықтардың өз ұлдарын сақ сарбазының тәрбие беру себебін
    4 - қабырғасы. Қолданыңыз. Сақ қоғамында өмір сүрген адамдардың үш тобын жаз.( Оқушылар шеңбер ішіне жазады)
    Абыздар, Жауынгерлер, Малшылар мен егіншілер
    5 - қабырғасы. Бұл туралы ойлағанда көзіңізге не елестейді?
    "Садақшылардың тартқан жебелері 900 қадамға дейін жетеді..."
    6 - қабырғасы. Қолданыңыз не қарсы шығыңыз.
    "Егер сақ жігіті бір қызға үйленгісі келсе, онымен әуелі күш сынасуы керек. Қыз жеңсе, жігіт оның тұтқыны болып есептеліп, оған толық тәуелді болады. Тек жеңген жігіт қана өз билігін жүргізе алады.
    ІІІ Үй тапсырмасын пысықтау "Венн диаграммасы.
    Сақтар
    ● Жауынгер, Шабандоз, Мерген, Садақшы
    ● Қарапайым халық. Абыздарға тәуелді. Кәсіп иелері. Егін екті мал бақты.
    Ру басшысын сайлады
    ● Ру басшысы. Тайпа көсемі сайланды. Мол байлық иесі. Қолбасшы. Келіссөз жүргізуші. Жер бөлуші
    Мұғалім оқушылардың жауаптарын толықтырып қорытынды жасайды.
    ІҮ Жаңа сабақты баяндау
    Жоспары:
    1 Кир әскерінің басып кіруі
    2 Шырақтың ерлігі
    3 А. Македонскийдің сақ еліне жорығы
    Оқушылар, электрондық тақтаға назар аударып, сақтардың жорықтарын электронды нұсқада көрейік. Осы тақырып жөнінде не білетінін, не білгісі келетінін алдындағы дайын парақшаға толтырады.
    Жаңа сабақты оқушылар берілген мәтіннен (деңгейлік тапсырма) оқиды. Жаңа сабақты оқып болғаннан кейін топ бір - бірімен жаңа алған ұғымдары жөнінде пікірлеседі. Осыдан кейін әр топ топ аралық араласып, өз тобындағы мәліметтерімен бөліседі де, іштерінен бір лидері шығып, жаңа тақырып жөнінде мәлімет береді.
    1.
    Ежелгі заман тарихшыларының деректеріне қарағанда сақ тайпалары өз атырабындағы мәдениетті елдермен Ассириямен, Мидиямен қарым - қатынас жасап отырған. Ал көршілес жатқан Парсы мемлекетімен, тіпті соғыс одағында құрған. Дегенменде Парсы патшасы Кир бұл одақты місе тұтпай сақ - массагеттерді кіріптарлыққа түсіру үшін, оларға бірнеше рет жаулап алу жорығын жасаған. Рим тарихшысы Помпей Трог Кир бастаған парсы әскерлері б. з. б. 530 жылы сақ жеріне басып кірді. Бұл кезде сақтардың билеушісі Томирис еді. Кир әскерлерімен Сырдарияға дейін келіп, өз елшілерін Томириске жібереді. Бірақ Томирис "әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ" деп жазған.
    2.
    Сақ патшайымы Томирис келіссөз жүргізуден бас тартады. Парсы патшасы Кир сақтарға қарсы шабуылға шығады. Өз жерінде соғысуға қолайлы деп есептеп, Томирис парсылардың судан өтуіне әдейі мүмкіндік береді. Кир әскерін өзеннен өткізіп, бәршама жер жүргеннен кейін қостарын тікті. Келесі күні ол кулық ойлайды, әдейі қорыққан болып, лагерін тастап, қаша бастаған сыңай танытты. Патшайымның баласы Спаргапис жаудың соңынан қуып, тәжірбиесіз жас болғандықтан, торуылға түсіп қалды. Баласының қайтыс болғанын естіп, Томирис көп әскерімен Кирге қарсы аттанады.
    3.
    Геродоттың сипаттауынша, "Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе - жекке шығып, қылыш және найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өлтіріледі."
    4. Деңгей
    Кир қайтыс болғаннан кейін 11 жыл өткен соң б. з. б. 519 жылы парсылар сақтарға қарсы қайта шабуыл жасайды. Бұл жорықты І Дарий патша басқарады. "Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым" деген І Дарийдің сөздері Бехистун жазбаларында айтылады. Сақтарды Скунха атты көсем басқарады. Скунха соғыста жеңіліп, парсы әскері Сырдариядан өтеді



Сабақты бекіту:

  • Сақтардың парсы жаулаушыларына күресі туралы қандай деректер бар?

  • Сақ патшасы Томирис жөнінде не білесің?

  • Сақтардың сыртқы жауларға қарсы күресі туралы өз пікіріңді айт.

Бағалау:

Үйге тапсырма: §14.



  1. «Шырақ ерлігі» деген тақырыпта әңгіме құрастыр.

  2. Б.з. І ғасырында өмір сүрген рим тарихшысы Помпей Трог Томирис пен Кир шайқасы туралы... /қосымша оқу/

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §14. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Сабақтың мақсаты:

  • Сақтардың жауынгерлік ерліктері, Кирмен , Дариймен соғысы, Шырақтың өз елін қорғаудағы ерліктері туралы баяндай отырып, оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, әділдікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Көрнекілік: суреттер, карта

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Сақтар мекенжай салу үшін қандай жерлерді таңдаған?

  • Сақтардың шаруашылығы қандай жағдайларға бейімделген?

  • Шірік-Рабат қонысы тұрғындары немен айналысқан

  • Ертедегі темір өндіру туралы айтып бер.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Кир әскерінің басып кіруі

  • Геродоттың сипаттауынша, «Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шығып, қылыш және найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өлтіріледі».

  1. Шырақтың ерлігі

  • Томирис патшайым б.з.б. 570-520 жылдар аралығында өмір сүрген.

  1. Александр Македонскийдің сақ еліне жорығы

  • Грек тарихшысы Аррираннан жеткен деректер

Сабақты бекіту:

  • Сақтардың парсы жаулаушыларына күресі туралы қандай деректер бар?

  • Сақ патшасы Томирис жөнінде не білесің?

  • Сақтардың сыртқы жауларға қарсы күресі туралы өз пікіріңді айт.

Бағалау:

Үйге тапсырма: §14.



  1. «Шырақ ерлігі» деген тақырыпта әңгіме құрастыр.

  2. Б.з. І ғасырында өмір сүрген рим тарихшысы Помпей Трог Томирис пен Кир шайқасы туралы... /қосымша оқу/


6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §15. Сақтардың мәдениеті.

Сабақтың мақсаты:

  • Сақтардың мәдени мұралы, «Аң стилі»,Бесшатыр қорымы, «Алтын киімді адам» туралы кеңінен мәлімет бере отырып, белсенділігі жоғары дамыған ұлтжанды азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Лекция

Әдісі: баяндау

Көрнекілік: карта, суреттер

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Сақтардың парсы жаулаушыларына күресі туралы қандай деректер бар?

  • Сақ патшасы Томирис жөнінде не білесің?

  • Сақтардың сыртқы жауларға қарсы күресі туралы өз пікіріңді айт.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Сақтардың мәдени мұралары

  2. «Аң стилі»

  • «Аң стилі» өнері дәстүрімен сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарынжа танысты. Осы жерлерден сақтарға «өмір ағашы» дейтін арыстан бейнесі тарады. Бұл ұғым жергілікті жануарлар мен аң-құстардың, жылқы, қой, түйе, бұғы, ақбөкен, барыс, жольарыс, бүркіт, қасқыр, қоян бейнелеріне ауысты.

  1. Бесшатыр қорымы.

  • Бесшатыр сағанасы бірнеше бөліктен тұрады: дәліз (дромос), қабір алдына кірек ауыз және жерлеу бөлмесі.

  1. «Алтын киімді адам»

  • Қабірден қыштан, ағаштан, металдан жасалған ыдыстар табылды. Арасынан 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс табақша шықты. Бұл жазудың сырын ғалымдар әзірге аша алмай отыр. К.Ақышевтың пікірінше, бұл сақтардың өзіндік жазуы болғандығын дәлелдейді.

Сабақты бекіту:

  1. Сақтардың ескерткіштері табылған аймақтарды картадан көрсет.

  2. Сақтардың дүниетанымы туралы қандай қорытынды жасауға болады?

  3. Сақтардың әйгілі археологиялық ескерткіштерін ата.

Бағалау:

Үйге тапсырма: §15. «Қорғанның құрылымы» /қосымша материалды оқу/



6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты:

  • Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан тарауына, сонымен қоса ІІ тоқсан материалдарын қайталай отырып, белсенділігі жоғары азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қайталау

Әдісі: интерактивті, сұрақ жауап

Көрнекілік: карта, суреттер

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Сақтардың парсы жаулаушыларына күресі туралы қандай деректер бар?

  • Сақ патшасы Томирис жөнінде не білесің?

  • Сақтардың сыртқы жауларға қарсы күресі туралы өз пікіріңді айт. Сақтардың ескерткіштері табылған аймақтарды картадан көрсет.

  • Сақтардың дүниетанымы туралы қандай қорытынды жасауға болады?

  • Сақтардың әйгілі археологиялық ескерткіштерін ата.

Қайталанатын материалдар:

  1. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы

  2. Көшпелі бақтшылық шаруашылықтың негізгі түрі

  3. Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы

  4. Сақтардың шаруашылығы мен тұрмысы

  5. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

  6. Сақтардың мәдениеті

Сабақты бекіту:

    • «ККК»

    • Топтастыру

    • Бетпе-бет

    • Эрудит

    • Өрмекші ойындары мен әдістері арқылы өтілген материалдарды бекіту.

Күні:21.10

Сыныбы: 10
Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Сақтардың қоғамдық құрылысы
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың типі: (баяндау, әңгімелеу) аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, пікірлесу, сызбалармен жұмыс, кітаппен жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Өткен сабақпен байланыстыра отырып, сақтардың қоғамдық құрылысының ерекшеліктеріне тоқталу, жауынгерлер, малшылар, абыздар арасындағы таптық жіктелудің себебін ашып көрсету.
2) Дамытушылық: Қоғамдық құрылысына талдау жасау негізінде оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру, қорытынды жасай білуге үйрену, ой қабілетін дамыту.
3) Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке үйрету және де болашақ өз елінің адал азаматын тәрбиелеу негізінде отанға сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліг
сызбалар
Пәнаралық байланыс: география
Сабақтың жүру барысы:
I Ұйымдастыру: 1 - 2 мин.
II Үй тапсырмасын сұрау.
- Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы.
1) 1. Сақ тайпасына жалпы шолу.
2. Сақтардың тұрмысы.
3. Сақтардың шаруашылығы.
2) Кітаппен жұмыс (суретке әңгіме құру).
1. Сақ тұрмысы.
2. Сақ көші.
3) Төмендегі заттар неден жасалғанын бағыт арқылы көрсет. «Кім шапшаң» «Ойлан тап»
Сырға, жүзік, білезік --------- Темір
Күрек, балта -------------------- Алтын
Тарақ, түйме, ------------------- Сүйек
Шапан ---------------------------- Ағаш
Жүген ----------------------------- Жүн
Қамшының сабы -------------- Тері
Етік, ер тоқым ----------------- Саз балшық
Таға ------------------------------- Қайыс
құмыра -------------------------- Қола
4) «Кім шапшаң»
Сұрақтарға жауап беру.
1) Сақтар қандай баспаналарда тұрды?
2) Сақтар қандай мал түрлерін көп өсірді?
3) Қолөнердің қандай түрлерімен айналысты?
4) Сақтардың сусындары?
5) Сақтардың азық - түліктері.
6) Темірден жасалған бұйымдары.
7) Жылқы малын неге қастерледі?
8) Сақтарда егіншілік қалай дамыды?
9) Бағалы металдардан нелер жасады?
10) Сақтардың киімдері.
11) Сақтардың қару - жарақтары.
III Үй тапсырмасын бекіту: 1 - 3 мин.
Тест сұрақтары оқылады оқушылар жауаптарын береді.
IV Жаңа сабақты меңгерту.
1. Сақтардың әлеуметтік құрылысы.
2. Мүлік теңсіздігінің пайда болуы.
Сақ тайпаларының іргесін қалаушы Алып Ер Тұңға (Афрасиаб) деген дерек бар.
Сақтарда мүлік теңсіздігі болған. Сақтарда қару - жарақтардың әр алуан түрлерін өндіру ісі жедел дамыды. Бұл уақытта алғашқы құрылымдық құрылыстың ыдырап, әскери демократияның пайда бола бастаған кезі еді.
Сақтардың тайпа басшысы → тайпа көсемі болды.
- Тайпа көсемі – елді басқарды, келіссөздер жүргізді, елдегі мәселелерді шешті.
- Бас қолбасшы – сақ жауынгерлерін басқарды.
Сақтар арасында мүлік теңсіздігі пайда болды, малға меншік қалыптасты.
Сақ қоғамындағы өмір сүрген адамдардың үш тобы
↓--------------------------------↓------------------------↓
Жауынгер ----------------- Абыз ------------ Малшы және егінші
Найза мен садақ ------- Тостаған ------- Соқа мен қамыт
V Жаңа сабақты бекіту:
Мыналар кімдер «кім шапшаң»
1. көсем
2. қолбашы
3. абыз
4. жауынгер
5. малшы
6. егінші
VI Жаңа сөздермен жұмыс:
1. Әскери демократия
2. Халық жиналысы
3. Мүлік теңсіздігі
VII Қорытындылау:
- Сақтардың ерекшелігі.
- Нені білу керек?
- Нені үйрену керек?
VIII Үйге тапсырма:
1. §10. Сақ қоғамы.
2. Суретке әңгіме құру.
3. «Сақ әйелдерінің қоғамдағы рөлі»
IX бағалау.

Күні: 26.10

10-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Үйсіндер тарихы, орналасқан жері

Сабақтың мақсаты:

Жетісуда шоғырланған Үйсін мәдениеті деп аталатын ескерткіштер, олардың хронологиялық шеңбері, қоғамдық құрылымы туралы түсіндіру.

Үйсіндер туралы жазба деректерден мәлімет бере отырып, білім деңгейін жетілдіру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: Сұрақ жауап

Көрнекілік: карта, суреттер

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Сақтардың ескерткіштері табылған аймақтарды картадан көрсет.

  2. Оқулықтың мәтінінен сақтарда аңдың стильдің болғанын дәлелдейтін жерді тауып оқы.

  3. Сақтардың дүниетанымы туралы қандай қорытынды жасауға болады?

  4. Сақтардың әйгілі археологиялық ескерткіштерін ата.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Үйсіндердің орналасқан жері

Үйсін атауы қытай жазбаларында б.з.б. 2 ғасырдан бастап кездеседі. Олар «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» болып келеді. Үйсіндердің шығыс шегі бір кездерде Қытайдың солтүстік-батысындағы Бесбалық ауданы арқылы, батысында Шу мен Талас өзендерінің бойымен өткен. Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатса керек. Олардың ордасы Қызыл Аңғар (Чигучен не Чигу) қаласы Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты.

Үйсіндер туралы жазба деректер.

Деректерде «Үйсіндердің үлкен гуньмосы Чигу қаласында тұрады, халқы 630 мың адам, әскері 188800 жауынгерден құрылады» деп жазылған.

Қоғамдық құрылысы.

Үйсіндердің қоғамдық құрылысы
Басшысы: Гуньмо
Бағынғандар: Тайпа көсемдері Ұсақ ру басылары
Тайпа, ру басыларынан, ауқатты адамдардан, жасауылдардан, абыздар мен бұқара халықтан құралды
Үйсін қоғамында теңсіздік қалыптасты
Байлар: 4 - 5 мың жылқы болды. 4 - 5 мың жылқы болды. Балшықтан және тастан, алтын мен мыс мөрлері болған
.Жібектен, биязы жүннен, матадан киім киген
Жеке меншік: Малға, Жыл - жыма - лы мүлік. жерге суға,
Жыл - жымайтын мүлік.
Құлдар: Соғыстан түскен тұтқындар: Үй шаруашылығымен айналысты
Қарапайым адамдар: Жүннен тоқылған, былғары мен қой терісінен киім киген
Үйсіндердің шаруашылығы
Мал шаруашылығы: Үйсіндердің тұрмысында мал шаруашылығының маңызы зор болды. Жетісудың табиғаты оларға көп мал ұстауға мүмкіндік берді. Мойынқұм мен Балқаш өңірлерінде қыстаған және жаздаған. Бұл аймақтарда жайлау мен қыстау арасы 20 - 100 км болған. Үйсіндер қой, жылқы, сиыр, қос өркеш түйе, ешкі өсірген. Тұрақты үйлерде тұрған.
Егін шаруашылығы: Үйсіндердің бір бөлігі егіншілік - пен де шұғылданды. Егіншілікпен айналысқандығын қазба жұмысы кезінде тас кетпендер, орақтар мен дәнүккіштердің табылуы дәлелдей - ді. Деректер бойынша үйсіндер суармалы егіншілікпен де, тәлімді егіншілікпен де айналысқан. Бау - бақша, дәнді дақылдар өсірген.
Үйсіндердің баспанасы: Үйсіндер тұрақты үйлерде тұрған. Қысқы үйлері шикі кірпіштен және тастан, балшықтан қаланды. Үйдің едендері балшықпен сыланды және қақ ортасына жер ошақ салынған
Кәсіпшілік: Қолөнер дамыған
Былғары: Ыдыстар, аяқ - киім, тері шалбар, бешпет, киім - ке - шектер
Сүйек: Пышақ саптары, жебелер - дің ұштары, түймелер
Темір: Балта, орақ, пышақ, біз, шеге, қазандар, қару - жа - рақ
Ағаштан: Астау, табақ, тостаған - дар, ожаулар ойып жасалған
Саз балшықтан: Қыш құмыралар
Тастан: Кетпен, диірмен, келі, қайрақ, тас ұршықбас және асыл тастардан моншақтар

Үйсіндердің басшысын «гуньмо» деп атаған. Оған «бек» деп аталған тайпа көсемдері мен ұсақ рубасылары бағынды.

Сабақты бекіту: Үйсіндер туралы деректер қай ғасырларға жатады?


  1. Ертедегі үйсіндер мекендеген жерлерді картадан көрсет.

  2. Үйсіндердің қоныстары қай жерлерден табылды? Оларды сип. айтып бер.

  3. Үйсіндер қай елмен сауда қарым-қатынасын жасаған?

  4. Үйсіндерде бай адамдар қалай өмір сүрген?

Бағалау: Үйге тапсырма: Қосымша материалды оқып, мағынасын түсіндіру.

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §17. Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы

Сабақтың мақсаты:

  • Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушыларды қазіргі шаруашылық түрлерімен салыстырту, белсенді, білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Лекция

Әдісі: баяндау

Көрнекілік: карта, суреттер

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Үйсіндер туралы деректер қай ғасырларға жатады?

  2. Ертедегі үйсіндер мекендеген жерлерді картадан көрсет.

  3. Үйсіндердің қоныстары қай жерлерден табылды?

  4. Үйсіндер қай елмен сауда қарым-қатынасын жасаған?

  5. Үйсіндерде бай адамдар қалай өмір сүрген?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Үйсіндердің мал шаруашылығы

  2. Егіншілік пен отырықшылық

  • Үйсіндер егін алқабын өзен бойларына салған. Егісті суаруға арық суларын да қолданған. Ертедегі деректердің мәлімдеуінше, үйсіндер «ағаш егіп», «қалалар мен елді мекендер салған». Суармалы егістіктер, суландыру жүйесі, бау-бақшалар үйсіндердің астанасы Чигу қаласының айналасында орналасты. Шу мен Кеген өзендерінің жағалауларында қазбалар жүргізген ғалымдар бірнеше көне қаланың орнын тапты.

  1. Түрлі кәсіпшілік.

  • Үйсін қоғамында тоқыма, жіп иіру, тері илеу, тастан, сүйектен қажетті бұйымдар жасау ісі де дамыған. Жіп иіру мен тоқымашылық өнері арқасында күнделікті тіршілікке қажетті киіз басу, жүннен киім тоқу, тігін тігу ісі де өрістеген. Мата тоқу үшін қарапайым, кәдімгі «өрмекке» ұқсас тоқыма кермесі қолданылған.

  1. Үйсіндердің салт-дәстүрі мен діни нанымдары.

Сабақты бекіту:

  1. Үйсіндер қоныс салу үшін қандай жерлерді таңдаған? Малдың қандай түрлері өсірілді? Үйсіндер күнделікті тұрмысқа қажетті қандай бұйымдар жасады? Оларды жасау үшін нені пайдаланды?

  2. Суреттерді пайдалана отырып, үйсіндер жасаған қолөнер заттарына сипаттама бер.

Бағалау: Үйге тапсырма: §17. Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру.

Күні:4.02



6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §18. Қаңлылар туралы деректер. Қаңлы қоғамы

Сабақтың мақсаты:

  • Қаңлы қоғамы, олардың орналасуы, олар туралы деректер, қоғамдық құрылысы, археологиялық ескерткіштері туралы айта отырып, белсенді, білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Көрнекілік: суреттер

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралын тексеріп түгелдеу

Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

Үйсіндер қоныс салу үшін қандай жерлерді таңдаған? Малдың қандай түрлері өсірілді?

Үйсіндер күнделікті тұрмысқа қажетті қандай бұйымдар жасады? Оларды жасау үшін нені пайдаланды?

Суреттерді пайдалана отырып, үйсіндер жасаған қолөнер заттарына сипаттама бер.

Үйсін ескерткіштері қай аймақтан көп табылған? Картадан көрсет.

Жаңа сабақтың жоспары:


  1. Қаңлылар туралы деректер.

Ежелгі Иранның б.з.б. 6 ғасырда жазылған «Авеста» деп таалатын қасиетті кітабында «Вэсаканың ер жүрек ұлдары ең биік, бәрінен жоғаты тұратын Канха қамалының алдында құрбандық берді» деп жазылыпты. «Кангүй», «канха» сөздері қазақтың Ұлы жүз тайпалық бірлестіктерінің бірі Қаңлы атауына ұқсас.

  1. Қаңлылардың орналасуы.

Қаңлы мемлекеті оңтүстігінде қытаймен және Үйсіндермен көршілес жатты. Қытай өкілінің императорына хабарында «Қаңлылар өркөкірек, өжет келеді. Біздің елшілерімізге басын имейді. Орталық билік атынан келген өкілдерімізге үйсін елшілерінен төмен отырғызады. Оралдың билеушілері мен ақсақалдарына тамақты алдымен береді, ал содан соң барып біздің елшілерге тартады» делінеді.

  1. Қоғамдық құрылысы.

Қаңлы елі өз ішінде бес бөлікке бөлініп, әр иелікті кіші хандар басқарған. Кіші хандар Ұлы ханға бағынған. Кіші хандарға бағынатын ру, тайпаларды көсемдер басқарған. Көсемдердің лауазымы мұрагерлік жолмен әкеден балаға берілген.





Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар

Сабақты бекіту:

Қаңлылар туралы қандай деректер бар? Оларда қаңлылар туралы не айтылады?

Қаңлылар мекендеген жерлердің табиғи-климаттық жағдайын сипаттап айт.

Көк-мардан қаласы ғалымдарға қандай мәлімет береді?

Қаңлылардың қоғамдық жағдайы туралы әңгімеле.

Бағалау:


Үйге тапсырма: §18.оқып келу

Күні:4.02



6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §18. Қаңлылар туралы деректер. Қаңлы қоғамы

Сабақтың мақсаты:

  • Қаңлы қоғамы, олардың орналасуы, олар туралы деректер, қоғамдық құрылысы, археологиялық ескерткіштері туралы айта отырып, белсенді, білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Көрнекілік: суреттер

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралын тексеріп түгелдеу

Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ. Тапсырма

1.Жер аумағы

2.Астанасы

3.Қай елдермен байланыс жасады

4.Шаруашылығы

5.Діні


  1. Қаңлылар туралы деректер.

Ежелгі Иранның б.з.б. 6 ғасырда жазылған «Авеста» деп таалатын қасиетті кітабында «Вэсаканың ер жүрек ұлдары ең биік, бәрінен жоғаты тұратын Канха қамалының алдында құрбандық берді» деп жазылыпты. «Кангүй», «канха» сөздері қазақтың Ұлы жүз тайпалық бірлестіктерінің бірі Қаңлы атауына ұқсас.

  1. Қаңлылардың орналасуы.

Қаңлы мемлекеті оңтүстігінде қытаймен және Үйсіндермен көршілес жатты. Қытай өкілінің императорына хабарында «Қаңлылар өркөкірек, өжет келеді. Біздің елшілерімізге басын имейді. Орталық билік атынан келген өкілдерімізге үйсін елшілерінен төмен отырғызады. Оралдың билеушілері мен ақсақалдарына тамақты алдымен береді, ал содан соң барып біздің елшілерге тартады» делінеді.

  1. Қоғамдық құрылысы.

Қаңлы елі өз ішінде бес бөлікке бөлініп, әр иелікті кіші хандар басқарған. Кіші хандар Ұлы ханға бағынған. Кіші хандарға бағынатын ру, тайпаларды көсемдер басқарған. Көсемдердің лауазымы мұрагерлік жолмен әкеден балаға берілген.





Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар

Сабақты бекіту:

Қаңлылар туралы қандай деректер бар? Оларда қаңлылар туралы не айтылады?

Қаңлылар мекендеген жерлердің табиғи-климаттық жағдайын сипаттап айт.

Көк-мардан қаласы ғалымдарға қандай мәлімет береді?

Қаңлылардың қоғамдық жағдайы туралы әңгімеле.

Бағалау:


Үйге тапсырма: §18.оқып келу

Начало формы






×





 






технология




Конец формы

Пользовательский поиск

Каталог: uploads -> doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет