Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев 2024 жылдың 28 ақпанында кейбір блогерлердің жұбайын өлтірді деп күдікке ілінген бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевты ақтау әрекеттеріне түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Журналистер Шыңдалиевтен кейбір блогерлердің күдіктіні ақтауға бағытталған әрекеттері туралы біле ме және оның қаншалықты заңды екендігі туралы сұрады.

"Сот барысында барлық фактілерге баға беріледі", – деді Әсет Шыңдалиев. 

Ол Бишімбаевтың ісі сотқа келіп түскенін еске салды.

"Тиісті мемлекеттік айыптаушы болады. Тараптардың алқабилер сотын өткізу туралы өтінішхат мәлімдеуге құқығы бар. Бұл істі қадағалайтын прокурор бар", – деді ол. 

2023 жылғы 9 қарашада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды. Қайғылы оқиға астаналық Bau мейрамханасында болды.

2024 жылғы 8 қаңтарда Қуандық Бишімбаев ісі бойынша тергеу аяқталғаны хабарланды. 11 қаңтарда елордалық сотта оның қамауға алу мерзімі 9 наурызға дейін ұзартылғаны туралы хабарланды.

Айта кетейік, желіде Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевтың 10 жасар қызын зорламақ болған деген ақпарат тарады.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.