Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова “пәк қыздардың” тізімі жариялағаны үшін тек медбикелер ғана емес, емхана басшылары мен ҚазҰУ де жауапқа тартылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Gov.kz

Вице-премьердің айтуынша, іске қатысты барлық материалдар Ішкі істер министрлігіне берілді. Қылмыстық тергеу әлі аяқталған жоқ.

“Тергеу аяқталғаннан кейін аталған іске қатысы бардың бәріне тиісті шара қолданылады. Бұл емханаға да, білім беру ұйымына да қатысты. Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бар. Құпиялылыққа қатысты шараларды қабылдау қажет. Тергеуден кейін ұйымдастырушылық және қылмыстық шаралар қабылданады. Бұл ақпаратты тек Ішкі істер министрлігі ғана береді. Бұл аталған іске қатысы барлардың бәріне қатысты”, – делінген хабарламада.

Вице-премьерге “ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев қызметінен босатыла ма?” деген сұрақ қойылды. Тамара Дүйсенова қателіктің кімнен кеткенін тергеу қорытындысы шыққан соң ғана белгілі болатынын және тергеу нәтижесінен кейін ғана шешім қабылданатынын айтты.

Бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек даулы істе қандай қателік кеткенін айтқан еді. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.