Ыстамбұлда католик шіркеуінің келушілеріне белгісіз біреулер оқ жаудырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NTV Haber-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

ntv.com кадрлері

Бетперде киген екі белгісіз адам бір топ жұртқа оқ жаудырған

Шабуыл Ыстамбұлдың Сарыер ауданындағы Санта-Мария итальялық католик шіркеуінде жексенбілік дұға тілеу кезінде болған. Бетперде киген екі белгісіз адам бір топ жұртқа оқ жаудырған. Түркия ІІМ мәліметтері бойынша, бір адам сол жерде қайтыс болды.

Түркия полициясы шабуылдағандарды табу және ұстау операциясын жүргізуде.

"Біз бұны зұлымдық деп ойлаймыз. Бұл істі ауқымды тергеу басталды және оларды ұстауға күш салынуда", — деді Түркия ІІМ басшысы Али Ерикая.

 

Sarıyer'de Kiliseye Silahlı Saldırı! Bir Kişi Hayatını Kaybetti! Olay Yerinden Görüntüler…https://t.co/05ggKGPaLV pic.twitter.com/kP48muOhBl

— Halk TV (@halktvcomtr) January 28, 2024


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.