Салық берешегін мәЖБҮрлеп өндіріп алу шаралары



жүктеу 28.49 Kb.
Дата20.04.2019
өлшемі28.49 Kb.
түріКодекс




САЛЫҚ БЕРЕШЕГІН МӘЖБҮРЛЕП  ӨНДІРІП АЛУ ШАРАЛАРЫ

Салық төлеуші салық міндеттемелерін пайда болған сәттен бастап салық кодексіне сайуақтылы және толық көлемде орындауға міндетті., Салықты төлемеу, толық әлде уақытында төлемеу бюджеттік жүйеге әсер етеді. Салықтардың уақытында түсуін қадағалау салық органының лауазымды қызметкерлеріне мемлекет атынан жүктелген өкілетті міндет. Барлық салық төлеушілер осы лауазымды қызметкерлердің заңды талаптарын орындауға міндетті.

Салық төленбеген жағдайда, салық органдары Салық Кодексіне сәйкес, мерзімінде орындалмаған салық берешектерін, салық төлеушіге хабарлай отырып мәжбүрлі түрде өндіріп алу тәсілдерін қолдануға құқылы.

Мәжбүрлеп өндiрiп алу шаралары келесі жағдайдарда қолданылмайды, салық төлеушiде республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 6 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аз мөлшерде салық берешегi болған кезде - осындай берешек пайда болған күннен бастап, банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау - банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы сот ұйғарым шығарған күннен бастап, салық төлеушіге қатысты оңалту рәсімін қолдану - оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап, банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату - соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап қолданылмайды.

Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу мынадай тәртіппенжүргізіледі:банк шоттарындағы ақша есебінен, дебиторлар шоттарынан, билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен;

Салық берешегін өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап жиырма жұмыс күні өткен соң салық берешегі сомалары төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда, салық органы салық берешегінің сомасын банк шоттарынан мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алады.

Салық төлеушінің банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткіліксіз болған не оның банк шоттары болмаған жағдайда салық органы жиналып қалған салық берешегі шегінде салық төлеушіге берешегі бар үшінші бір тұлғалардың (бұдан әрі - дебиторлардың) банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алады.

Салық берешегін өтеу туралы хабарлама алған күннен бастап салық төлеуші он жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлама жіберген салық органына дебиторлық берешек сомасын көрсете отырып, дебиторлар тізімін және олар болған жағдайда - дебиторлармен бірлесіп жасалған және дебиторлық берешек сомасын растайтын өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актілерін табыс етуге міндетті.

Өзара есеп айырысуларды салыстырып тексер у актілері бар болған кезде салық органы осы Кодекстің 597 бабына сәйкес дебиторлар хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін дебиторлардың банктік шотына салық төлеушінің салық берешегін өндіріп алу туралы инкассалық өкімдер шығарады.

Дебиторлар тiзiмi осы бабта көрсетiлген мерзiмде табыс етілмеген не дебиторлардың жоқ екендігі туралы мәліметтер табыс етілген жағдайда, салық органы салық төлеуші мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселесі бойынша салық төлеушiге салықтық тексеру жүргiзедi. Бұл ретте салық органы сотта дау айтылатын дебиторлық берешек сомасын растауға құқылы емес.Өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актiсiнiң немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын дебиторды салықтық тексеру актiсiнiң негiзiнде салық органы дебитордың банк шоттарына салық төлеушiнiң салық берешегi сомасын өндiрiп алу туралы инкассалық өкiмдер шығарады.



Салық төлеушінің банк шоттарында және оның дебиторларының банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткіліксіз болған не оның және (немесе) оның дебиторының банктік шоттары болмаған жағдайларда салық органы оның келісімінсіз салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы шығарады, сонымен қатар қаулының біреуі мүлікке билік етуін шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің көшірмелерімен қоса бес жұмыс күні ішінде уәкілетті заңды тұлғаға жіберіледі. Шектелген мүлкті өндіріп алу туралы қаулы сотпен (прокуратура) санкциоландырылады.

Салық төлеушiнiң билiк етуi шектелген мүлкiн салық берешегi есебiне өткізуді уәкілетті заңды тұлға жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет