Салықтық бақылауды дамыту мәселелері



жүктеу 84.15 Kb.
Дата02.05.2019
өлшемі84.15 Kb.

ӘОЖ 336.2/226
Салықтық бақылауды дамыту мәселелері
экон.ғыл.канд. С.А.Исакова

Ж. Е.Есильбаева


Бұл жұмыста салықтық бақылау жүйесінің қажеттілігі және экономикалық мазмұны қарастырылған. Сонымен қатар осы бақылау туралы түсінік және оны жүзеге асыру нысандары, салықтық құпия, тексерулердің түрлері, қатысушылары, жүзеге асыру жолдары баяндалған.
Бүгінгі күннің ең негізгі талабы салықтық бақылауды ұйымдастырудың экономикалық маңызы мен объективті қажеттілігін ашу жолымен республикалық және жергілікті бюджет көздерін молайту арқылы бюджет тапшылығын азайту;

салықтың бақылаулық қызметінің мазмұнын, қаржылық бақылаудың жүйелес бөлігі ретіндегі ерекшелігін, сонымен бірге мәні мен ұйымдастыру принциптерін жетілдіру;

салық органының жұмысын негізге ала отырып салық бақылауының ұйымдастырылу ісін және әдісін жетілдіру барысындағы қоғамдық даму заңдылықтарын орындау. Ол үшін әрқашанда бақылау жүйесіндегі тексеру, талдау әдістерін кеңінен қолдана біліп оны тек құқықтық негізде жүргізе білу қажеттілігі туындап отыр.

Салықтық бақылау дегеніміз – салық заңдарын яғни Салық кодексі, заңдылық нормативтік актілерді т.б. орындалуын қадағалау.

Салық бақылауын жүзеге асыру – іс жүзінде мемлекеттің қаржылық іс - әрекетіне бағытталып, ақша қорларын құюға кететін және осы мемлекеттік қаржы жүйесінің құрамына кіретін табыстарды жинау болып табылады.

Салық бақылаушының мақсаты – салық заңдарын бұзушылық фактілерді немесе салық құқықтық қатынастарды қатысушының өз міндетін санасыз орындалғанын анықтау; айыптарды анықтау және оларды заңда бекітілген жауапкершілікке тарту; салық заңын бұзушылықты жою; қарыздарды өтеу бойынша шаралар қолдану түріндегі мемлекеттік материалдық қорғау; салық заңын бұзушылықтың алдын алу.

Салық бақылауды жүзеге асыру нысаны тікелей бақылау, сырттай бақылау болып бөлінеді. Тікелей салық бақылауына тексеру – тексеруші тұлға алғашқы құжаттарымен, салықтық есепке қатысты құжаттарды тексеруін талдау жасайтындығымен сипаттауға болады. Оның құжаттық, рейдтік, хронометражды түрлері бар. Сырттай салық бақылау – бақылау субъектісі мен объектісі тексеру жүргізу кезінде байланысқа түспей сырттай жүргізіле беретіндігімен сипатталатын (камералдық) түрі.

Салықтық бақылау өткізу уақыты – алдын-ала, қазіргі және ағымдағы немесе кейінгі түрлері болады.

Салықты бақылаудың ішкі және сыртқы болып бөлінді, бақылау объектісі бір ұжымдық жүйенің бөлімдерінде немесе ведомства аралық бағытттарға байланысты.

Салықтық бақылау тексерілетін салық төлеуші туралы ақпараттарды жинау, жинаған ақпараттарды бағалау. Жинаған ақпараттар бойынша шамалау немесе мөлшерлеу кезеңдерінен тұрады. Құжаттар көздеріне қарай салықтық тексеру құжаттық және іс жүзіндегі болып бөлінеді. Іс-жүзіндегі тексеру – объектілердің сандық және сапалық жағдайларын зерттеу лабораториялық сараптама мен әртүрлі әдістер нәтижелерін шығару.

Салық әкімшілік теңдікті жетілдіруде «Салық аудитінің электрондық бақылауы (САЭБ)» ақпараттық жүйесін енгізу үлкен жетістік болып отыр. Бұл ақпараттық жүйе салықтық тексерулерді жүргізуді және жоспарлауды автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Салықтық бақылаудың негізгі міндеті – заңды бұзған тұлғалардың жауапкершілікке тартылудан құтылып кету мүмкін еместігін түсіну. Салықтық бақылаудың құқықтық қамтылу мәселелерін, біздің пікірімізше, мына тұрғыдан зерттеу қажет.

Қазіргі жағдайдағы салықтық бақылауды жетілдірудің қажеттігі тәжірибе көрсеткендей төменгі жағдайларда байқалады:



  • салықтық бақылау субъектісінің ұйымдастырушылық, әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі жеткілікті дәрежеде еместігінен;

  • салықтық бақылау субъектісі мен салық төлеуші арасындағы қарым-қатынастарда кездесетін қиындықтарды, салық төлеушілердің салық жүйесіне деген онша жақсы емес көзқарастарынан және де салық төлеуден жалтарушылардың негізінен;

  • салықтық бақылау органының қаржылай жеткіліксіз қамтылуынан, яғни салық жинауға байланысты мемлекет шығынын үнемдеу тек экономикалық емес, саяси фактор да болып отыр.

Салықты бақылаудың тиімділігі олардың заңды бұзушылықтарды болдырмауына және салық қарыздықтарын болдырмау мен салық салу объектілерін көбейту арқылы бюджет тапшылығын жою. Мысал ретінде келесі мәліметтерді ұсынуға болады:

Салықтық бақылаудың ақпараттық технологияларын жетілдіруде төмендегідей мәселелерді шешуді мақсат етіп қою керек:

  • әр маманды біліктілігінт арттыру үшін курс семинарлар міндетті түрде өткізіп отыру;

  • компьютерлік бағдарламамен қатар салық заңдарына өзгерістер енуден салық инспекторы мен оны төлеушілердің ара қатынастарын жетілдіру.

Біздің ұйғаруымыз бойынша салық органы жұмысының тиімділігінң кешендік бағалау мақсатында толық дәрежесін сипаттайтын жалпылама көрсеткіш қажет. Оны салық төлеушілердің өздері есептеген деклорациялардағы нақты салық сомасы мен аймақтағы салық салу базасына есептелуге тиіс сомалармен салыстыру арқылы алуға болады. Нақты есептелген және есептелуге тиіс салық сомасының қатынасы – салықтың есептелуінің толық коэффициенті болып табылады. Бұл көрсеткіш жалпылаушы болып табылады да салық комитетінің жұмыс кешенінің ұйымдастырылуын қамтиды, салық төлеушілермен өзара қарым-қатынастардың дәрежесін есепке алады. Коэффициенттің толықболуы салық комитеті жағдайын зерттеу үшін негіз болуы мүмкін. Бұл көрсеткіш кәсіпорындардың төлеу қабілетіне және қарыз деңгейіне, т.б. экономикалық көрсеткіштерге байланысты емес. Бұл көрсеткіштің енгізілуі бағалаушы ретінде өте маңызды мәселелерді: салық салу базасының нақты есебінің әдісін анықтап шешуді қажет етеді.

Бағалық көрсеткіштерді екі түрге бөлуге болады:



  1. салық органының жұмысын кешендік санаттаушы;

  2. салық органы жұмысының әрбір жеке жақтарын сандық және сапалық тұрғыдан жағдайын көрсетуші.

Корпоративтік құрылымдар қызметі мен салықты төлеу тәртібін бұзуда салықтық бақылауды жетілдіру. Есептелген салықтар мен басқа міндетті төлемдер жасалуының толықтығы және уақтылылығы бақылау тікелей кәсіпорындарда тексерулер барысында да, салық органдарына түскен банктердің құжаттары (салықтардың төленуін дәлелдейтін төлем тапсырмаларының, көшірмелері регистрлерінің және т.б.) негізінде де жасалады.

Кәсіпорындардағы тексерулер, өте тиімді болады, салық төлеушілердің бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен төлем тәртібі деңгейінің жоғарылауына мүмкіндік туғызады. Сонымен бірге, салық төлеушілер сипатында есепке тіркелген кәсіпорындардың елеулі санын салық органдары қызметкерлерінің біршама азғантай аппараты бір мезгілде тексеруге шамасы келмейтіндіктен мұндай бақылау тегіс қамти алмайды.

Мұндай жағдайларда кәсіпорындардың үстінен тегіс қамти алатын бақылауға салық органдарында әрбір салық төлеуші бойынша және салықтар мен басқа міндетті төлемдерден әрбір түрі бойынша есептеулер және түсімдердің шұғыл – бухгалтерлік есебін жүргізу арқылы жетеді.

Салықтың бақылау кезіндегі басқа маңызды мәселе монополистік бағыттағы корпоративтік құрылымдардың қызметін реттеу болып табылады. Мысалы, қазіргі уақытта жанар – жағар материалдарды өндіру бойынша шет елдік капиталдың қатысуымен жұмыс істейтін Қазақстандық кәсіпорындар мен компаниялар реттелінбей қалды. Атап айтқанда, егіс және астық жинау уақытында Тараз қаласында жайғасқан «Қазақстан Петролиум» компаниясында мұнай өнімдеріне бағалар шұғыл асып кетеді. Мысалы, 2005 жылдың тамыз – қазан айлары ішінде Ай – 80 бензинінің бағасы екі есеге, Дизел отынына баға 1,8 есеге асып кетті. Бұл Қазақстанда салықтың заңдылықта ішкі нарықта мұнай өңдеуші зауыттың өнімін жеткізіп беру бойынша реттеуші құралдардың жоқ екенін және бұл өнімді пайдаланушылардың жыл сайынғы шығындары орта есеппен алғанда 40 – 50 % -ға өседі, нәтижеде өнім өндірушілер залал шегеді. Сонымен қатар, салық заңдылығына сәйкес жанар – жағармай сатушылар компанияның бас мекемесі орналасқан жеріне барлық басқа жерлерде орналасқан жанар – жағармай бекеттері бойынша акциздік декларациясын тапсыркға және төлеуге құқықтары бар. Ал салық органы тарапынан хронометраждық зерттеулер мен тағы да басқа қадағалау шараларын жанар – жағармай бекеті орналасқан жері бойынша жасау ыңғайлы. Декларация тапсырған салық комитетіне басқа аудандардағы бекеттерді бақылау уақыт жағынан тиімсіз, әрі қиын, соның салдарынан қадағалаусыз қалуы мүмкін. Сондықтан салық заңдылығына акциз бойынша декларацияны жанар – жағармай бекеттерінің орналасақан жеріндегі салық комитетіне тапсыруын міндетті етіп өзгеріс енгізу қажет.

Салықтардың бір қатар маңызды қайта өзгертулерді талап етеді. Мұндай салықтарға жылжымайтын мүлікке салынатын салық. Жылжымайтын мүлікке салынатын салық әрекетінің механизімін өңдеу жер кадастірінің жылжымайтын мүліктің кадастірінің, меншік иелері реестрінің, жылжымайтын мүлікті басқарудың автоматтандырылған жүйесінің, жерді бағалау мәселелері бойынша заңгерлік кеңес беру жүйесінің міндетті түрде құруын болжамайды. Келешекте үш салықты (жерге, кәсіпорындардың мүлкіне және жеке тұлғалардың мүлкіне) төлеудің орнына заңды тұлғалардың да, жеке тұлғалардың да жылжымайтын мүлкіне бірыңғай салық енгізуді қарастырған жөн болар еді. Жылжымайтын мүлікке салынатын мұндай салықты енгізудің мақсаты – мүлік пен жердің құрастырушы негізінің тиімдірек салық салу есебінен жергілікті бюджеттердің салықтық табыстарының көбеюі.

Салық саясатының негізгі бағыттарын анықтау кезінде өндіріс пен оның сапалық көрсеткіштерінің өсуін ынталандырудың ерекше маңыздылығына сүйену керек. Төлемдер проблемасы - бұл салықтарды есептеу мен оларды өз уақытында төлеу жөнінде бақылауды қиындататын, жетілген заңдылық негізінің жоқтығынан жеке тұлғалардың табыстарына және мүлікке салынатын салықтарды төлету кезінде де кездесіп отырады.

Жалпы салықтық саясаттың келісу процессі жасалатын салықтың бақылауға сәйкес таңдалған бағыт нарықтық экономиканың Қазақстандық моделі ерекшеліктерінің есебімен құрылады.

Қорыта келе, Республикамыздағы салықтық бақылауды ұйымдастыруды жетілдіріп дамыту арқылы, бүгінде ең өзекті мәселе, жалпы салық жүйесінің жақсаруына, сол арқылы еліміздің экономикасына, әлеуметтік жағдайына оң әсерін тигізетін шараларды кеңінен қарастыру керек. Атап айтқанда:



  1. Салықтық бақылаудың қатаң әділ болуын, оның тұрақтылығын, тек фискалдық сипатта емес, тартымдылық сипаты басым болуын ойластыру;

  2. Салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындау барысындағы қателіктерінің себебін ашып, салық органдарының қызметіне қиындық туғызатын мәселелерді шешу;

  3. Алдын-ала бақылау түрін дамытып, салықтық құқық бұзушылықтардың болуына жол бермеу немесе алдын алуға мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастыру;

  4. Бір мекеменің қайта-қайта тексеріліп, екіншісін елеусіз қалдыруды болдырмау;

  5. Салықтық бақылауды реттеуші заңдылықтарға енгізілетін өзгерістер жобасын ең төменгі сатыдағы салық органы қызметкерлерінің жоғарыға берген ұсыныстары негізінде жасау;

  6. Салықтық бақылауды жүргізуші мамандарды дайындауға ерекше көңіл бөлу, атап айтар болсақ, жоғарғы оқу орнын бітірген жас мамандарға міндетті түрде кем дегенде 2 жыл стажировкадан (өтілдеме) өткеннен соң ғана жұмысқа алынуы;

  7. Қаржы Министрлігі жанынан оқу орындарының оқытушы-ғылыми қызметкерлері мен салық инспекторларынан біріккен ғылыми-тәжірибелік кеңес құру, сол арқылы арнайы орта және жоғарғы оқу орындарындағы болашақ мамандарға тікелей осы заманғы салық маманы болып шығатындай етіп жағдай жасау;

  8. Тексеру кезеңдерін қайта қарап, салық бақылауының заңнамасына өзгерістер енгізу керек.


Әдебиет:


  1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем­дер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар)

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті



ПРОБЛЕМЫ РАЗВИТИЯ НАЛОГОВОГО КОНТРОЛЯ
Канд. экон. наук С.А. Исакова

Ж.Е. Есильбаева


В данной статье рассматриваются необходимость и экономическое содержание Таразский государственный университет им. М.Х. Дулати налогового контроля, а также излагаются его понятие и формы. Приведены налоговая тайна, налоговая проверка, осуществляемая органами налоговой службы, ее виды и типы.

PROBLEMS of DEVELOPMENT of the TAX CONTROL
Канд. экон. наук С.А. Исакова

Ж.Е. Есильбаева


In given clause are considered(examined) necessity and economic contents of the tax control, and also are stated his(its) concept and forms. Its(her) kinds and types are given tax secret, tax check which is carried out by bodies of a tax service.
Каталог: rus -> all.doc -> Vest11 -> 2-2011
2-2011 -> Информатика, есептеу техникасы және басқару
2-2011 -> Туннельден шығатын су ағынының артық энергиясын бәсеңдету
2-2011 -> Диффузияның жартылай эмпирикалық теңдеуі бойынша қоспа концентрациясының сандық есептеулері
2-2011 -> Автоматтандырылған 330, 430 кл машиналарының ине механизмінің синтезі
2-2011 -> Мақта саласында рыноктық қатынастарға өту реформалары және рыноктың қалыптасуы
2-2011 -> Биология ғылымдары
2-2011 -> Гидротехника қҰрылыстары
2-2011 -> Туризм саласындағы ақпараттық технологиялар


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет