Қарым-қатынас сарапшысы Кимберли Рэй алғашқы кездесуден-ақ қашу керек ескерту белгілерін атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Рэй, ең алдымен, ішкі дауысқа мән беруге шақырды. Сонымен қатар жігіт немесе қыздың нашар қасиеттерін көрсетті. Мысалы мейрамханадағы даяшыға дөрекілік көрсетсе немесе бұрынғы сүйіктісі туралы жаман пікір айтса, оған жоламау керек.

“Егер ер адам сізді ішімдік ішуге итермелеп, көндірмек болса, орынсыз қол жүгіртіп, тиіссе немесе кездесуден кейін үйіңізге кіруге тырысса, әрі қарай жалғастырмағаны жөн”, – деді қарым-қатынас маманы Кимберли Рэй.

Ал кездесу барысында телефонға назары ауып кете берсе де, жақсы белгі емес. Бұл оның сізге деген қызығушылығының төмен екенін көрсетеді. Аса таныс емес болса да, мақтау сөздерді жаудыратын ер адамға да қатты сенбеген жөн.

Ол тағы бір алаңдатарлық жағдай – ер адамның қажетсіз дауласқысы келіп, өзінікін дәлелдеуге тырмысуы.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.