Сатып алынатын Қызметтердің техникалық айрықшалығы



жүктеу 53.27 Kb.
Дата09.07.2018
өлшемі53.27 Kb.

  Баға ұсынымдарын сұрату тәсілімен №1 лот бойынша

«ҚазАгроҚаржы» АҚ жылдық есебінің дизайнын және интерактивтік нұсқасын әзірлеу бойынша



тауарды сатып алу туралы хабарландырудың №2 қосымшасы
Сатып алынатын Қызметтердің техникалық айрықшалығы


  1. Техникалық сипаттамасы келесі талаптарға сай келуге тиісті






Атауы

Техникалық суреттемесі

ҚҚС есепке алмағанда, жалпы құны, теңге

1

2016 жылдың қортындысы бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ Жылдық есебінің баспа (дизайн) және интерактивтік нұсқасын жасау

Жылдық есептің 3 тілдегі баспа нұсқасы мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

  • Жылдық есептің көзбен шолу графиктік тұжырымдамасын әзірлеу (негізгі идеясын, қаріптерін, инфографикасын және басқаларды пысықтау);

  • Жылдық есепті рәсімдеу тұжырымдамасының кемінде 3 нұсқасын бекітуге ұсыну (алдына ала Тапсырыс берушімен тұжырымдаманың жалпы тақырыптамасын келісе отырып);

  • Бекітуге ұсынылған рәсімдеу тұжырымдамасы кем дегенде мұқабасының дизайнын, жылдық есептің бір бөлімін рәсімдеуді, қаріптердің, түстердің пайдаланылуын, дөңгелек диаграммалардың, гистограммалардың, графиктердің, кестелердің, сұлбалардың және инфографиктердің нұсқаларын қамтуға тиісті;

  • Тұжырымдама бекітілгеннен кейін, Тапсырыс беруші ұсынған жылдық есепті рәсімдеу дизайнының барлық элементтерімен, суреттерімен және инфографиктерімен (соның ішінде, карталар, үлкен сұлбалар), графикалық мазмұндағы графиктерімен, диаграммаларымен, гистограммаларымен, шағын диаграммаларымен бірге жылдық есептің толық нұсқасын әзірлеу;

  • Жылдық есеп макеттерінің үш тілдегі кәсіби беттелуі (қазақ, орыс және ағылшын);

  • Тапсырыс беруші берген жылдық есеп мәтінін әдеби түзетуді және орыс тіліндегі мәтінді түзетуді;

  • Үш тілде жобаның барлық кезеңдерінде макеттерді техникалық редакциялауды;

  • Файлдардың таралымын көбейтуге дайындауды (пре-пресс);

  • Электрондық нұсқасы PDF-ға басып шығаруға және PDF сайтқа орналастыруға беріледі, презентацияны тілдік нұсқалар бойынша бөлу мүмкіндігімен.

Жылдық есептің интерактивтік онлайн нұсқасы 3 тілдік нұсқада, мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

  • Жылдық есептің бекітілген баспа нұсқасына сәйкес Жылдық есептің интерактивтік нұсқасын әзірлеуді;

  • Интерактивтік нұсқасы үш тілде әзірленеді – қазақ, орыс, ағылшын;

  • Жылдық есептің тілдік нұсқалары, бөлімдері/бөлікшелері және беттері бойынша презентация бойынша монитор экраны үшін беттелген навигация мүмкіндігі (көлденең слайд 16:9 пропорциясында);

  • Слайдтарды ашу әсерлерінің мүмкіндігі, қалқымалы элементтер (қажет болса), веб-беттерге гиперсілтемелерді қосу, электрондық поштамен жіберу және т.б.;

  • Дыбыс жолдарын және бейне роликтерін қосу мүмкіндігі;

  • Презентация бірлескен компьютерлерде де, Appleде де, сондай-ақ iOS және Androidта да ашылады;

  • Интерактивтік нұсқасы PDF-да сайтқа орналастыру үшін табысталады, презентацияны тілдік нұсқалар бойынша бөлу мүмкіндігімен.

2 421 600

Жалпы сомасы ҚҚС есепке қоспағанда, 2 421 600 (екі миллион төрт жүз жиырма бір мың алты жүз) теңге құрайды.


  1. Жеткізушіге қойылатын талаптар:

  • Жылдық есептерді шығару бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 7 жыл болуға тиісті;

  • Жыл сайынғы жылдық есептерді шығару шамасы кемінде 4 дана, бұл соңғы 3 жылдағы орындалған жұмыстардың актілерімен дәлелденеді;

  • Жылдық есептер конкурсының номинацияларында, соның ішінде Қазақстанның аумағында өткізілетін номинацияларда жүлделі орындарының болуы, соңғы 3 жылдағы растаушы құжаттарымен бірге;

  • Жылдық есептердің баспа және интерактивтік нұсқалары бойынша жұмыстарды қарауға болатын Жеткізушінің қызметін растайтын Жеткізушінің ресми сайтының болуы – сайтқа кіретін сілтемені ұсыну;

  • Келесі мамандарының болуы қажет: Шығарушы редактор және\немесе Редактор; Дизайнер-беттеуші, және\немесе Дизайнер, және\немесе Беттеуші; Мультимедиа-қосымшаларының бағдарламашысы және\немесе Бағдарламашы және/немесе Web-әзірлеуші (бағдарламашы) және/немесе Инженер-бағдарламашы; Жүйе әкімшісі және/немесе Серверлерді әкімшілдендіру жөніндегі маман, жылдық есептерді басып шығару саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 3 (үш) жыл (негізгі мөрмен бекітілген және Жеткізуші басшысының қолымен расталған, жоғарыда аталған мамандар көрсетілген Жеткізушінің штат кестесінен алынған үзінді көшірмемен дәлелденеді (мамандар штат кестесінде болмаған жағдайда және әлеуетті жеткізуші жалдау шарты/азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт/еңбек шарты бойынша жұмысшы адамадарды немесе мамандарды жұмылдырған жағдайда), құжаттардың электрондық көшірмелерін және, кем дегенде, бірақ олармен шектелмей келесі ақпараттар көрсетілген мамандардың түйіндемелерін қоса тіркеу: жұмыс тәжірибесі, көрсетілген қызметтердің/орындалған жұмыстардың атауы, байланыс телефондарын көрсете отырып, тапсырыс берушілердің атауын.

Білімі дипломдардың және/немесе қосымша білім туралы және/немесе біліктілікті көтеру курстарынан өту туралы сертификаттардың электрондық көшірмелерімен расталады:

1. Шығарушы редактор және/немесе Редактор үшін Журналистика және/немесе Филология білімі қажет;

2. Дизайнер-беттеуші, және/немесе Дизайнер, және/немесе Беттеуші үшін Суретші және/немесе Дизайнер, және/немесе Дизайнер-беттеуші, және/немесе Жарнама дайындау жөніндегі маман, және/немесе Терім-компьютерлік техникада жұмыс істейтін оператор, және/немесе Электрондық терім және беттеу операторы білімі қажет;

3. Мультимедиа-қосымшаларының бағдарламашысы және/немесе Бағдарламашы және/немесе Web-әзірлеуші (бағдарламашы) және/немесе Инженер-бағдарламашы үшін Терім-компьютерлік техникада жұмыс істейтін оператор, және/немесе Электрондық терім және беттеу операторы, және/немесе Инженер-бағдарламашы және/немесе Ақпараттық технологиялар (есептеу жүйесі) саласындағы инженер, және/немесе Инженер-жүйе технигі және/немесе Бағдарламашы, және/немесе Web-әзірлеуші (бағдарламашы), және/немесе Техник-бағдарламашы білімі қажет; Полиграфия өндірісінің технологы үшін Полиграфия өндірісінің технологы және/немесе Инженер-технолог және/немесе Принт-медиа маманы білімі қажет;



5. Жүйе әкімшісі және/немесе Серверлерді әкімшілдендіру жөніндегі маман үшін Инженер-бағдарламашы, және/немесе Инженер-жүйе технигі, және/немесе Ақпараттық технологиялар (есептеу жүйесі) саласындағы инженер, және/немесе Бағдарламашы, және/немесе Техник-бағдарламашы білімі қажет.
Каталог: download -> zakup
zakup -> Баға ұсыныстарын сұрату тәсілі арқылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ Атырау облысы бойынша филиалына арналған
zakup -> Кіруді бақылау жүйесінің жабдығына қызмет көрсету бойынша техникалық тапсырма Объект – «ҚазАгроҚаржы»
zakup -> 1 қосымша Сатып алынатын тауарлардың тізбесі
zakup -> Договор подряда
zakup -> Сатып алынатын тауардың техникалық айрықшалығы
zakup -> Баға ұсынымдарын сұрату тәсілімен №№1-6 Лоттары бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалдары мен өкілдіктері үшін бензин


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет