Танымал эстрада жұлдызы Бейбіт Қорғаннан “ұл таптым” деген атыраулық келіншектің оқиғасы желіде әлі талқыланып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

  Фото: ашық дереккөз

Әнші Атырау қаласындағы емханалардың бірінде ДНҚ тапсырды. Осы орайда өнердегі әріптестерінің бірі Бейбітті қолдаса, енді бірі айыптап жатыр. 

“Осы жазбаны жазар алдында көп ойландым, өзім де ұл өсіріп отырмын ғой. Ер-жігіттің басына нелер келіп-кетпейді?! Европаның екі қаласының ортасындағы уақыт шамамен бір сағат. Бағдарламаның ДНК тапсырған бөлімін көріп қалып, көңілім су сепкендей басылып, жабырқау күйге түсіп, құлазыдым. Арнаның журналистеріне рейтинг керек, ол түсінікті. Көрерменше шоу қажет. Басында келіскенімен, бес жылдай уақыт өтіп, артынан түсініспеген әйел мен еркектің жағдайы да белгілі… Ал бейкүнә сәбиді ойлаған жан бар ма?! Ол ер бала, ертең есейеді ғой, мынау дау-дамайды көріп, намыстанып, қандай сезімде болады екен. Біреуің баланың болашағын ойладыңдар ма?! Оның бетін бүркемей, бажырайтып көрсетуге құқылы ма ересектер?! Этика қайда? Ертең-ақ ержетеді бұл ботақан, өз отбасын құрады, сол кезде осы шу оның алдағы өміріне әсер етуі әбден мүмкін емес пе? Ересектер, неге сонша қатал болдық екен?…”, – деп жазды әнші жеке парақшасында. 

  • "Қаралым көбейіп, оқырман саны артты": Бейбіт Қорған "некесіз баласына" қатысты пікір білдірді

  • Белгілі журналист Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелдері мен некесіз туған балалары туралы дерек жариялады

Сонымен қатар екі ересек адамның арасындағы қарым-қатынасқа баланы кінәламауға шақырды. Алайда әкесіз өсіп жатқаны жанына бататын көрінеді. 

“Бейбіт бөбектің жанынан елемей өте шыққанда жүрегім дір етті. Қанша ашулы болса да (оның баласы болмаса да) бір кінәсіз, күнәсіз сәби ғой, өзі аурушаң екен. Әкесіз өсіп жатыр екен. "Маған арман" деп соның әнін айтып, жүгіріп жүрген қазақтың бір баласы ғой. Бағдарламаны қарап отырып, "эх, шіркін-ай, сол жерде баланы көтеріп алса ғой" деген ой келді маған. Бірақ, еркектер басқаша ойлайды-ау шамасы. Тек өзінің ЭГО-сын, комфортын ойлап отырған жайы бар сияқты. Ал білгенге, мұндай тәп-тәтті ботақан – талайларға арман. Аман бол, құлыншақ! Адамдардың қатыгездігін кешіре ғой. Алла жар болсын саған!", – деп жазды әнші Меруерт Түсіпбаева.

Еске салайық, атыраулық келіншек танымал әнші Бейбіт Қорғанмен көңіл жарастырдым дегенін жазған едік. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.