Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖК) Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу қаласы бойынша колониясының бастығы пара алу фактісі бойынша ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото ашық дереккөзден

Бұл туралы ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Биылғы жылдың 7 наурызында Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша Қылмыстық іздестіру басқармасының №57 мекемесінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – делінген ақпаратта.

  • "6 балам, 75 жастағы кәрі анам бар": Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары сотта жылап жіберді
  • Қостанай облысында мемлекетке 3 миллиард теңгеден аса залал келтірген қылмыстық топтың мүшелері анықталды

Тергеу мүддесі үшін істің егжей-тегжейлері жарияланбайтыны айтылады.

Бұған дейін Түркістан облысында кеденшілер жүк көліктерінінің ел аумағына кіріп-шығуы үшін пара алып келген деген күдікке ілінгені белгілі болған.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.