Сборник научных трудов


ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ АДАМ БОЛМЫСЫ



жүктеу 4.58 Mb.
бет13/23
Дата02.09.2018
өлшемі4.58 Mb.
түріСборник
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ АДАМ БОЛМЫСЫ

Қазақ философиясы әлем халықтары философиясының табиғи бір арнасы. Қандай халық болмасын, оның ойлау мәдениеті, тұрмысы, ұлттық дүниетанымы, болмысы болады. Қазақ философиясы әлемдік деңгейде дамымаса да, қазіргі таңда жастар үшін тәрбиелік маңызы зор деп еркін айтуға болады. Ұлттық дүниетанымымыздың бастауы ретінде тарихта аты қалған белгілі бір тұлғаның озық ой үлгісі, даналығы көрінісі тапқан шығармалар, сәулет өнерін айтуға болады. Осының бәрінен ұлттық ойлау, халықтың дүниетанымы көрініс береді. Соларды философияның объектісі ретінде жиынтықтап, зерттей бастағанда, қазақ халқының дүниетанымына тән, қазақша ойлау үлгісін сипаттайтын ұғымдар айқындалады. Яғни, қазақ халқының дүниетанымын мәдени мұра тарихы арқылы ашу.

Қазақ философиясында ең өзекті мәселелердің бірі - адам. Жалпы ол тек қазақ философиясында ғана емес халықаралық деңгейде де өзекті, тәрбиелік маңызы зор тақырып. Адамды дүниеде тек тірі ағза болып тіршілік етеді, ағзалық мұқтаждықтардың шеңберімен өмір сүреді деген жеткіліксіз. Адам мәселесі философия ғылымымен құрдас десе де болады. Сондықтан, "Адам" болмысын ауқымды, кең түрде талқылаған жөн. Бұған дәлел философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниедегі атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ой - толғауларынан көрінеді. Бір нәрсенің сырын ашып білу үшін алдымен адам бұл туралы ештеңе білмейтінін түсініп, соны іштей де болса мойындау қажет [1,5].

Адам болмысы қоғамда өмір сүру болып табылады. Себебі қоғамдық болмыс тәжірибесін бойына сіңіріп үлгермеген жас баланың тәуелсіз жеке өмір сүруге ешбір қабілеті болмайды. Демек, адам туғаннан бастап, белгілі бір ортаға бейімделіп, қоғамдық қатынасқа түсе бастайды. Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуының негізі - өмір сүру ортасын өз еңбегімен өзгерту, қайта жасау тәсілін, ол үшін еңбек-құралын, оның ең жабайы түрінен бастап, бірте-бірте жетілдіру жолын меңгеру қабілетінде болу. Еңбек процесінде адамдар бір-бірімен қатынас, байланыс жасау арқылы, өз ойларын сөз арқылы бір-біріне жеткізеді. Бара-бара адам еңбегі бүкіл материалдың және рухани мәдениет дүниесінің жасаушысы болып шығады. Қоғамдық қатынастар адамның өмір сүруіне қажетті материалдың игіліктерді өндіру тәсілінен туады. Адам дегеніміз - еңбек әрекетімен шұғылдана алатын, әлеуметтік қатынастарға түсетін өзара байланыс жасауға толық қабілеті бар тіршілік иесі деп анықтама беруге болады.

Санамызда "Қазақ халқының дүниетанымындағы адам болмысы қандай?" деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұл сұрақтың жауаптары көп, соның біріне халықтың еркіндік мәселесін жатқызуға болады. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында еркіндік мәселесі тарихи-әлеуметтік деңгейде таразыланады. "Еркіндік" мәселесін тарихи деңгейде қарастыратын болсақ, оған қазақ хан, батырларының қосқан үлесінің мәні зор. Тарихимыздан ата-бабаларымыздың өмірі оңай болмаған, талай қиын қыстауларды басынан кешірген. Алайда, ұлттың айбынды да асқақ жоғары рухының арқасында еркіндікке деген құштарлық бәрін де жеңіп шықты. Яғни, "Еркіндік" мәселесінен ерлік, батырлық қасиеттері туындай отырып, көптеген аңыздар, өлең-жырлар, толғаулар дүниеге келгені белгілі. Қазіргі кезде кең байтақ жерде, тәуелсіз, еркін мемлекет ретінде өмір сүруіміз сол кездегі қазақтың батыр ұлдарының арқасы. Батырлық - қазақ халқының дүниетанымына тән асыл қасиеттің бірі. Бұрынғы кезде кез-келген адам ерлік жасауға ұмтылса, қазіргі кезде бұл сирек кездесетін жағдай. Себебі, қазіргі кезде қоғамның заманауи жақтарға бейімделуінен, қазақ халқына тән көптеген асыл қасиеттер жоғалуда. Осы қасиеттерді сақтау әр адамның қолында. Адам болмысы тек қоғамда күнделікті өмір сүріп жүру ғана емес, сонымен қоса өмірдегі құндылықтарды да ескеру.

Қазақ халқының дүниетанымында еркіндік болмыстың іргетасы ретінде қарастырылады. Адам мен әлемнің қатынасы контексінде еркіндік мәселесі адамның табиғаттың ажырамайтын бөлігі ретінде қарастырылуынан туындайды. Дәстүрлі қазақ мәдениетінің негізгі мәселелері мейірімділік пен қатыгездік, шындық пен өтірік, адамның әлемдегі орны, оның тағайындылығы, өмірдің мәні, адамның қоршаған ортамен, жоғары күшпен, рухтармен қарым-қатынасы болып табылады. Қазақ халқының дүниетанымы, дүниеге көзқарасы өмір сүрген кезеңдерінде әр түрлі сипатқа ие болды. Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде «Әлем-Жер-Адам» қатынасы тұтастықты қамтиды. Қазақ философия тарихында ақын-жыраулар шығармашылығында өздерінің болмысын категориялар арқылы кескіндеп кейіптемей, поэтикалық қалыптағы образды ойлар арқылы айшықтады. Халқымыздың дәстүрлі дүниетанымындағы еркіндік рухы мәселесі тарихи-әлеуметтік деңгейде таразыланды. Оның негізгі ұғымдарымен түбірлес, тектес түсініктері ұсынылып, олар тарихи сана тұрғысынан байыпталатын еді.

Адамдық мәнділік еркіндікте. Өмірде адамдық мәнділікті еркіндік жағдайында таңдай алады. Адам таңдау жасау арқылы алдағы өмір сүру жоспарын анықтайды. Өзінің идеяларын, нені құндылыққа балап, нені өмірінің мәні ететінін осы таңдау еркі болмаса жүзеге асыруы мүмкін емес. Ал таңдау жеке тұлға үшін үлкен сын болып табылады. Осы таңдау жасауларымыздың өзі еркіндіктің болуымен анықталады. Адамдар күнделікті қатынастарында табиғат жағдайларына ғана емес, өздері жасаған күштерге де тәуелді болып жүреді. Ол күштер әлеуметтік ұйымдар, әлеуметтік институттар, салт-дәстүрлер мен сана түрлері болып табылады. Сонымен, қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымдағы еркіндік мәселесін сараптай келе, ондағы негізгі ерекшеліктерді байыптайтын болсақ, ерік күшіне қол жеткізген, өзінің ерік-жігерін бағындыра білген, қоғамда да белгілі-бір деңгейде шексіз еркіндікке ие болған жандардың, соның ішінде хандардың, еркіндіктерін жауапкершілікпен шектеп отыру қажеттілігін нақты көруге болады. Сонымен қатар, жеке адам еркіндігінен ел мүддесінің, жер мен мемлекеттіктің, бостандық пен азаттықтың жоғары қойылғаны айқын.

Қазақ халқыны тән құндылықтар жайлы жазып, тарихта аттары қалған, қазақ халқының дүниетанымына, мәдениетінің дамуына үлес қосқан ақын, жыраулардың еңбектері үлгілі мұра ретінде оқытылуда. Солардың бірі - Абай Құнанбаев.

Абай жақсы адам деп үш қасиетке ие болған адамды айтады, олар: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Адамның бойынан үш қасиет бірге табылса, яғни ол ізгі іске әзір жан. Сонымен қоса "қарапайымдылық", "кішіпейілділік "қасиеттерін қосуға болар еді. Олар кез келген адамның бойынан табыла бермейтін асыл қасиеттер. Қазір адамдар бір-бірін асып түсіріп, өзін қалғандарынан жоғары сезінгісі келетін, табыс көзінің соңынан өтіп, жоғарыда аталаған құндылықтарды ұмытып бара жатқан заман. "Кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі" деп Махмұд Қашқари айтқандай, қазақ халқы ата - баба заманынан бойымызға сіңген құндылықтарды ұмытпай, жүректе имандылықты сақтап жүру керек[2].

Қазақ халқының ата – бабадан ұрпақтан – ұрпаққа беріліп келе жатқан тағы бір ізгі дәстүрі, асыл қасиеті - қонақжайлылық. Қазақ халқы қонақжайлылықты қатты қастерлейді. Яғни, қазақ халқының дүниетанымындағы адам болмысына қонақжай болуды да жатқызуға болады. Үйге қонақ келсе, ырыс, бақ, береке де келеді деп сенеді. Жалпы, қонақ күту – халқымыздың ең жауапты ісі. Қазақ халқының қонақ күту дәстүрi ел-жұрт арасындағы iзгi қарым-қатынастарды нығайтуға, ағайын-туысқандарың, көршi-қоландардың алыс-берiсiне, үлкендi-кiшi болып сыйласуына, өскелең ұрпақты жастайынан көпшiл, мейiрiмдi, үлкендi құрметтеп, кiшiге қамқоршы болуды үйретуге өте зор ықпалын тигiзген. Дастарқаны мол, пейiлi кең қазақ халқының қонақ жайлылығын басқа ұлт жоғары бағалайды. Қонақжайлылық - сыйласымдықтың белгісі. Сыйласымдық бар жерде ырыс та, береке де болады [3].

Қазақ философиясының ерекшеліктерінің бірі - адам болмысының этикалық жақтарына: жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық, ар-намыс, абырой сияқты категорияларға терең талдаулар жасалады. Шынымен де, жақсылық бар жерде жамандық та қатар жүреді, ізгілік бар жерде зұлымдық та болады, яғни осы өмірде барлығы қарама - қайшылықта болады. Бірақ соған қарамастан адам жақсылық жағына бейімдеу болу керек, себебі жақсылық әрқашан да соңында жеңіс табады. Дегенмен, барлығы айтарлықтай оңай емес, себебі қазір заман да, заманның талабы, адамдар да өзгереді.

Заман деген қазақ халқының дүниетанымында бар мәселе. Заман адамдардың өмір сүруінің тарихи - мәдени кеңістігі. Заманды даттау да, асыра мадақтау да теріс түсініктер. Заман адамдардың өмір сүру қалпы. Әр заманның өз дүниесі бар, оның өзіне тән құндылықтары бар. Тіптен заманның өзі негізгі құндылық. Адамнан тыс заман жоқ. Содан барып заман адамды билей ме, әлде адам заманды билей ме деген көпшілікті үнемі қанағаттандыра бермейтін сұрақ туады. Абай бұл мәселе турасында "заманды кемел жан билемек, ал заманды заман илемек" деген. Заман қоғам емес, оның мазмұны уақыт пен әлеуметтік кеңістіктің тұтастығынан тұрады. Осы мәселе жайлы ақын-жыраулар өз еңбектерінде қозғаған. Олардың бірі - Асан қайғы. Асан қайғы өз еңбегінде "Қилы Заманға" түсінік берген. Асан Қайғы бойынша қилы заманда түсініктер, ұғымар алмасады. Бұрынғы жақсы дегеніміз жаман болады. Биік дегеніміз аласа атанады. Құндылықтар табиғаты өзгереді. Адамдардың мінезі, пиғылы, ой - санасы өзге арнаға ауыса бастайды. ХХІ ғасырды да "қилы заман" десек те болады. Себебі, қазіргі кезде адамдардың құндылықтары өзгерді. Көбінесе адамдар "табыс көзі", "атақ", "даңқтың" артынан еріп кетуде. Ел арасында мейірімділік, сыпайлылық сияқты құндылықтар сирек кездесуде. Әрине, бұл барлығына қатысты мәселе емес, дегенмен кездеседі [1,33].

Мақаланың соңын түйіндей келе, адам болмысы қазақ халқының дүниетанымында ерекше орын алады. Қазақ дүниетанымында адам болмысы, адам мәселесі мәңгі мәселе. Құндылықтардың барлығы адаммен қатысты. Қазақ халқының дүниетанымы жайлы айта кететін болсақ, қазақ халқының дүниетанымы ұлттық тілінің ерекшелігіне, тəлім-тəрбиелік даналығына, ұлттық рухы көрініс табатын сөз өнеріне тікелей байланысты. Қазақ халқының даналық рухын халықтың аңыз əңгімелері мен ертегілерінен, жыр, қисса-дастандары, мақал-мəтелдерінен көруге болады. Бұлар халық дүниетанымының көне заманнан келе жатқан іргетасы іспетті. Бұнда халықтың ғасырлар бойы жинаған бай тəжірибе мен тағылымы, адамгершілік, дүниетанымдық көзқарастары қалыптасқан. Қазіргі жастар, осындай тәрбиелік мәні зор мұраларды оқып, солардан сабақ алса, мәнін жоғалтып бара жатқан құндылықтарды сақтай алатынымызға кәміл сенім білдіруге болады!

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Ғарифолла Есім «Қазақ философиясының тарихы» .-Алматы: Қазақ университеті.-2006. - 214б.

  2. http://www.iref.kz/abay-filosofiyasyinda-yi-alla-zh-ne-adam-bolmyisyi/

  3. http://www.rusnauka.com/13_EISN_2012/Istoria/4_109811.doc.htm



Макибай Б.

(Научный руководитель – к.и.н., доцент Жумасултанова Г.А.)
ПОЛИТИКО-ПРАВОВЫЕ ОСНОВАНИЯ ПРИНЯТИЯ

«КОНЦЕПЦИИ УКРЕПЛЕНИЯ И РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНСКОЙ ИДЕНТИЧНОСТИ И ЕДИНСТВА

НА ПЕРИОД 2015-2025 ГОДЫ»
Не секрет, что сегодня в условиях цивилизационных вызовов XXI века для успешного модернизационного прорыва Казахстана важное место занимает идейно-духовная составляющая проводимых в нашей стране реформ. В условиях строительства нового независимого демократического государства, они влекут за собой изменение ценностно-ориентационных систем на различных уровнях общественного развития. Именно поэтому для молодого государства, каким является Казахстан, важнейшим этапом в начале государственного строительства стало принятие основополагающих документов, в которых были определены принципы построениянезависимости, обозначены приоритеты и ценности нашего государства. Прежде всего, это Закон Республики Казахстан от 16 декабря 1991 года «О государственной независимости Республики Казахстан» и Конституции Республики Казахстан от 30 августа 1995 года

В этих документах были провозглашены важнейшие принципы построения нашей государственности:



  • равенство прав всех граждан независимо от расовой, этнической, религиозной и социальной принадлежности,

  • признание этнического, языкового, культурного и религиозного многообразия нашей страны,

  • ценность общественного согласия и политической стабильности,

  • казахстанский патриотизм.

Эти документы создали все политико-правовые предпосылки для дальнейшего роста и развития нашего государства как сильного, конкурентоспособного, абсолютно вписавшего в уже сложившуюся мировую глобальную политическую и экономическую систему государства.

Независимость придала новый стимул, или, говоря словами великого евразийского ученого Николая Гумилева, «пассионарный толчок»[1]для развития народа, проживающего на территории Казахстана.

Но, как показала история, это было лишь началом эпохи национального строительства. После закрепления независимости, перед нами встала задача поиска оптимальных форм реализации и закрепления провозглашенных прав, свобод, ценностей и культурных ориентаций, результатом которой стала кардинальная трансформация казахстанского общества и общественного сознания. Старые, просоветские модели поведения и самосознания сменились новыми. В переходный период стал меняться не только внешний каркас социально-политических отношений, но и внутренний мир, ценностные устремления самого человека. В данном контексте следует отметить, что многие казахстанские ученые в тот период стали заниматься вопросами исследования проблем идентичности в полиэтнических обществах. К примеру, известный отечественный обществовед Ю.Булуктаев еще в 2002 году в своей статье «Казахстан в системе евразийских координат: поиск новой идентичности в полиэтническом обществе», характеризуя интеграционные процессы, происходящие в нашей стране, отмечал, что «это привело к изменениям механизма адаптации индивида к новым условиям, в результате которых появилась проблема самоидентификации личности». При этом под процессом идентификации ученый понимал «осознание индивидом своей принадлежности к той или иной социальной, религиозной, этнической, политической и т.д. общности» [2, 34].

В процессе построения нового государства экономически и политически жизнь в Казахстане усложнялась, диверсифицировалась, приобретала новые структурные элементы. В социальном отношении казахстанское общество стало значительно более дифференцированным, этнические, поколенческие, имущественные, локальные, географические различия, в какой-то момент времени, особенно под воздействием глобального экономического кризиса, стали более явно выраженными. Возник целый ряд социальных предпосылок, вызвавших к жизни поиск новых адекватных методов консолидации нации для решения задач перспективного развития, способствовавших выработке и принятию «Концепции укрепления и развития казахстанской национальной идентичности», утвержденного Указом Президента РК от 28 декабря 2015 года за № 147.



Принятие Концепции явилось логическим завершением эволюции современной казахстанской политико-правовой мысли. С одной стороны, Концепция является, по своему содержанию, обобщением уже накопленного в Казахстане немалого позитивного опыта в этой сфере, а с другой - основанием для движения вперед, выработки долгосрочных и среднесрочных стратегий проведения более эффективной государственной политики по дальнейшему укреплению политической стабильности, единства и согласия в стране.

Подготовке и принятию Концепции предшествовало широкое обсуждение целого ряда политико-правовых документов, которые в свою очередь, частично, легли в ее основу. Это, прежде всего:

  • Доктрина национального единства Казахстана;

  • Стратегия «Казахстан - 2050»;

  • План нации «100 конкретных шагов: современное государство для всех»;

  • Нормативно-правовые акты, прежде всего Конституции страны, Закон Республики Казахстан «Об образовании», Закон Республики Казахстан «О языках в Республике Казахстан», Закон Республики Казахстан «О культуре», Закон Республики Казахстан «Об Ассамблее народа Казахстана»;

  • Концепция формирования государственной идентичности Республики Казахстан;

  • Патриотический акт «Мәңгілік Ел».

Доктрина национального единства Казахстана была впервые озвучена Главой государства на XIV сессии Ассамблеи народа Казахстана. Нурсултан Абишевич, отметил, что страна вступила в новый этап своего развития, и выдвинул ряд важных практических задач, которые должны быть решены в ближайшие годы. В качестве такой задачи и была названа разработка Доктрины, которая должна была определить основные цели дальнейшего развития казахстанского общества[3].

В целом процесс разработки и принятия Доктрины национального единства Казахстана характеризовался рядом этапных моментов: 

  1. Доктрина представляла собой идеологический документ широкого общественного значения. 

  2. Документ показал высокую общественно-политическую значимость межэтнических отношений и повышенный интерес к ним общественности.

  3. Доктрина прошла процесс широкого общественного обсуждения, которое проходило с ноября 2009 по апрель 2010 года, что обеспечило эффект обратной связи.

В процессе разработки Доктрины было рассмотрено свыше 500 предложений от общественных, политических, научных, неправительственных организаций, общественных деятелей, депутатов и граждан. Большая часть из них нашла отражение в одобренном варианте документа, являясь консенсусным выражением, проделанной общественной экспертизы. Процесс обсуждения, доработки и принятия Доктрины, кроме прочего, стал показателем значительно возросшего уровня политической и толерантной культуры общества. Доктрина приобрела значение мобилизующего документа, призванного максимально включить внутренний мир человека во благо общественного развития. 

Методологической основой Доктрины, стали четко и понятно сформулированные ответы на три мировоззренческих вопроса.

Первый вопрос – что мы понимаем под национальным единством? «Национальное единство – это единство в многообразии, а согласие между этносами – главное достижение, символ Казахстана». Второй вопрос – почему нам важно укреплять национальное единство? «Главная идея Доктрины – укрепление независимости. А это возможно только при единстве всего народа Казахстана». «Теперь мы должны выходить на уровень реальной консолидации, реального сближения. Государство, граждане которого имеют разные цели, разные установки, оно не жизнеспособно».Третий вопрос – что является основой национального единства? В Доктрине отмечается, что сохранение независимости и укрепление государственности, равенство возможностей и защита прав и свобод граждан, создание интеллектуальной нации и развитие национального духа – краеугольный камень национального единства[4].

Другим важным концептуальным документом, который предшествовал, и лег в основу принятия Концепции укрепления и развития казахстанской национальной идентичности, стало Послание Президента страны народу Казахстана от 14 декабря 2012 года – «Стратегия «Казахстан-2050».Новый политический курс состоявшегося государства».



Функционально оно должно было подвести итоги реализации «Стратегии-2030», основные задачи которой, по логике этого документа, были выполнены. Кроме того, послание «Казахстан-2050» поставило новые экономические, политические, соответственно, идеологические ориентиры движения на долгосрочную перспективу. В документе говорилось, что Казахстан успешно преодолел испытание кризисом и теперь должен не упустить свой исторический шанс. Главные задачи были обозначены так: экономический прагматизм, поддержка предпринимательства, сильная социальная сфера, развитие системы образования, укрепление государственности, последовательная внешняя политика и новый казахстанский патриотизм.

Послание явилось глобальным и политически важным программным документом, определяющим стратегический курс развития нашего государства на ближайшие сорок лет.

В документе были четко сформулированы главные задачи и цели нового стратегического курса. При этом главные приоритеты остались неизменными. В Стратегии говорится: «…Теперь наша задача – сохраняя все, чего мы достигли за годы суверенитета, продолжить устойчивое развитие в XXI веке. Наша главная цель – к 2050 году создать общество благоденствия на основе сильного государства, развитой экономики и возможностей всеобщего труда, войдя в число 30-ти самых развитых государств мира»[5].



В документе были обобщены не только позитивные достижения нашего государства, но и обозначены риски и новые глобальные вызовы современности, с которыми приходиться сталкиваться молодой государственности.

Глава государства выделил десять таких основных вызовов: 

  • Первый вызов – ускорение исторического времени.

  • Второй вызов – глобальный демографический дисбаланс.

  • Третий вызов – угроза глобальной продовольственной безопасности.

  • Четвертый вызов – острый дефицит воды.

  • Пятый вызов – глобальная энергетическая безопасность.

  • Шестой вызов – исчерпаемость природных ресурсов.

  • Седьмой вызов – Третья индустриальная революция.

  • Восьмой вызов – нарастающая социальная нестабильность.

  • Девятый вызов – кризис ценностей нашей цивилизации.

  • Десятый вызов – угроза новой мировой дестабилизации.

Президент подчеркнул: «…Мы обязаны учитывать каждый из них, если планируем и дальше, добиваться новых успехов в своем развитии». И далее по этому поводу Глава государстваподытожил: «Наша задача выработать продуманный, согласованный и скоординированный курс всех ветвей власти, государства и общества с тем, чтобы быть во всеоружии при любом сценарии развития международной ситуации»[5].

Важным разделом Программы стал «Новый политический курс»для нового Казахстана в быстро меняющихся исторических условиях. В этом разделе были сформулированы следующие 7 важнейших приоритетов развития страны:

  1. Экономическая политика нового курса – всеобъемлющий экономический прагматизм на принципах прибыльности, возврата от инвестиций и конкурентоспособности.

  2. Всесторонняя поддержка предпринимательства – ведущей силы национальной экономики.

  3. Формирование новой социальной модели – социальные гарантии и личная ответственность.

  4. Знания и профессиональные навыки – ключевые ориентиры современной системы образования, подготовки и переподготовки кадров.

  5. Дальнейшее укрепление государственности и развитие казахстанской демократии.

  6. Последовательная и предсказуемая внешняя политика – продвижение национальных интересов и укрепление региональной и глобальной безопасности

  7. Новый казахстанский патриотизм – основа успеха нашего многонационального и многоконфессионального общества.

Наиболее важным, с точки зрения преемственности между Стратегией 2050 и Концепцией, в процессе укрепления и развития казахстанской национальной идентичностиявляется идея нового казахстанского патриотизма, сущность которого заключается в любви к Родине, сохранении, межнационального согласия и толерантности, уважении к государственным символам и казахскому языку. По этому поводу Н.А.Назарбаев подчеркнул в своем выступлении«Социально-экономическая модернизация — главный вектор развития Казахстана»: «Патриотизм, нормы морали и нравственности, межнациональное согласие и толерантность, физическое и духовное развитие, законопослушание. Эти ценности должны прививаться во всех учебных заведениях, независимо от формы собственности»[6].И далее в других своих выступлениях он определял: «Казахстанец будущего» – это высококлассный специалист, владеющий казахским, русским и английским языками, он социально активен, мобилен, не боится перемен. И наша задача совместными усилиями школы, семьи, общественности воспитывать «Казахстанца будущего» – новых патриотов страны. И я верю, что всегда будут с гордостью произноситься слова: «Мы, народ Казахстана»[7].

Более масштабно эти цели были представлены в послании 2014 года «Казахстанский путь – 2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее». Центральным «идеологическим зарядом» послания стала национальная идея «МәңгілікЕл», в основе которой лежат главные ценности любого государства: независимость, национальное единство, мир и согласие, экономический рост и процветание. То есть часть ранее озвученных объединяющих идей получила новое развитие. Тем самым была соблюдена преемственность идеологического курса Казахстана.

Проект «Мәңгілік Ел» является перспективным, поскольку он предполагает признание за каждым членом общества принадлежности к Казахстану, а потому будет направлен на формирование у казахстанского народа, независимо от национальности граждан, чувство общей родины, общих целей и задач, сопричастность и ответственность за судьбу страны. Это идеальный инструмент структурирования социального пространства, поскольку он ставит в приоритет социальные связи, а не принцип единокровия или единоверия, что трудноосуществимо в многоэтнических и многоконфессиональных обществах, каким является Казахстан.

Идея «Мәңгілік Ел» в культурно - символическом контексте прозвучала впервые 16 декабря 2011 года в Астане на открытии одноименного монумента.

Концепция базируется на следующих главных принципах:


  • базовый вектор – общенациональная патриотическая идея «Мәңгілік Ел»;

  • консолидирующие ценности общенациональной патриотической идеи «Мәңгілік Ел» – гражданское равенство, трудолюбие, честность, культ учености и образования, светская страна;

  • фундамент казахстанской идентичности и единства – общенациональные ценности, основанные на культурном, этническом, языковом и религиозном многообразии;

  • казахстанская идентичность и единство – это непрерывный поколенческий процесс. Он базируется на том, что каждый гражданин, независимо от этнического происхождения, связывает свою судьбу и будущее с Казахстаном.

В наиболее полной форме идея «Мәңгілік Ел» прозвучала в Послании Президента «Нурлы жол – путь в будущее» от 11 ноября 2014 года: «Мәңгілік Ел» – это национальная идея нашего общеказахстанского дома, мечта наших предков. За 22 года суверенного развития созданы главные ценности, которые объединяют всех казахстанцев и составляют фундамент будущего нашей страны: стабильность, толерантность, равенство всех. Они взяты не из заоблачных теорий. Эти ценности – опыт Казахстанского Пути, выдержавший испытание временем» [8].

Не менее важным шагом в деле укрепления общеказахстанской идентичности стало и то, что Парламентом Республики Казахстан был принят Закон «О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан «Об Ассамблее народа Казахстана». Закон обеспечивает реализацию общенациональной идеи «Мәңгілік Ел» и предусматривает обеспечение межнационального согласия в Республике Казахстан на основе ценностей общенациональной патриотической идеи «Мәңгілік Ел». Так, 3 статья Закона определяет цель Ассамблеи народа Казахстана как обеспечение межэтнического согласия в Республике Казахстан в процессе формирования казахстанской гражданской идентичности и конкурентоспособной нации, объединенной общенациональной патриотической идеей «Мәңгілік Ел» на основе казахстанского патриотизма, гражданской и духовно культурной общности народа Казахстана при консолидирующей роли казахского народа[9].

Лидер Нации, Глава государства Н.А. Назарбаев обратил внимание, что все инициативы, включая «Стратегию-2050», новую индустриализацию, программу «Нұрлыжол», Пять народных реформ, «Мәңгілік Ел» рассчитаны на многие годы вперед, и запустить их способен только мощный всенародный механизм. И силы для новых достижений наша страна черпает в тех важнейших ценностях, которые складывались веками; а именно в единстве и согласии.

6 мая 2015 года на расширенном заседании Правительства в Астане Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев обозначил 100 конкретных шагов по реализации пяти институциональных реформ. Документ, в котором содержались основные идеи, получил название Плана нации Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева «100 конкретных шагов: современное государство для всех» по формированию нации единого будущего.

Наиболее важным, с точки зрения преемственности между Планом нации «100 конкретных шагов: современное государство для всех» и «Концепцией укрепления и развития казахстанской национальной идентичности», является содержание четвертого направления этого документа «Идентичность и единство», в котором были изложены следующие идеи:


  1. Разработка проекта патриотического акта «МәңгілікЕл».

  2. Разработка и реализация масштабного проекта АссамблеиНародаКазахстана «Большая страна – Большая семья», который укрепит казахстанскую идентичность и создаст условия для формирования целостной гражданской общности.

  3. Разработка и реализация национального проекта укрепления гражданской идентичности «Меніңелім»[10].

Как видим, в предложенных Президентом Казахстана пяти институциональных реформах и Плане нации «100 конкретных шагов дальнейшего государственного строительства» вопросы укрепления казахстанской идентичности и общенациональных ценностей приобретают особое звучание.

Таким образом, разработка и принятие Концепции укрепления и развития казахстанской национальной идентичности и единства является логическим продолжением принятых ранее программных документов и политико-правовых актов, значение которых в строительстве нашего государства трудно оценить.


Список использованной литературы:

1. Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии: эпохи и цивилизации. – СПб.: Издательский дом «Кристалл», 2003. – 608 с.

2. Булуктаев Ю. Казахстан в системе евразийских координат: поиск новой идентичности в полиэтническом обществе // Мысль. – 2002. - №7.

3. Выступление Президента РК Н.А. Назарбаева на XIV сессии Ассамблеи народа Казахстана (Астана, 23 октября 2008 года) / http://www.zakon.kz/124086-vystuplenie-prezidenta-rk-n.a..html

4. Доктрина национального единства Казахстана / http://kazorta.org/doktrina-natsionalnogo-edinstva-kazahstan/

5. Назарбаев Н.А. Стратегия «Казахстан-2050». Новый политический курс состоявшегося государства. Послание Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева народу Казахстана. 14 декабря 2012 г. // Официальный сайт Президента Республики Казахстан / Электронный ресурс. http://www.akorda.kz/

6. Послание Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева народу Казахстана. 27 января 2012 г. «Социально-экономическая модернизация — главный вектор развития Казахстана» // Официальный сайт Президента Республики Казахстан / Электронный ресурс. http://www.akorda.kz/

7. Выступление Президента Н.А. Назарбаева на съезде молодежного крыла «Жас Отан» (Астана, 14 мая 2008 года) / https://www.zakon.kz/111545-vystuplenie-prezidenta-n.a.-nazarbaeva.html

8. Послание Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева народу Казахстана. «Нұрлы жол – путь в будущее // Казахстанская правда. – 2014. - 11 ноября.

9. О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан «Об Ассамблее народа Казахстана». Закон Республики Казахстан от 27.10.2015 N 361-5 / http: // kazakhstan.regnews.org/doc/mq/3p.htm

10. План нации - 100 шагов по реализации пяти институциональных реформ Н.Назарбаева / http://www.inform.kz/kz/plan-nacii-100-shagov-po-realizacii-pyati-institucional-nyh-reform-n-nazarbaeva_a2777943

Момынбекова Ж.Т.
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ. Сондықтан да Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің Жолдауларында білім саласына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы білікті де парасатты жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес.

Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды.

Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден–бір жолы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру.Білім беруді жаңарту оқушы білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда функционалдық сауаттылығын қалыптастырады.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қазіргі таңда оқыту жүйесіне қойылып отырған әлеуметтік сұраныс талаптарымен сай келу үшін бастауыш сыныптардан бастап оқушының оқу, жазу сауаттылығын, жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығын, математикалық сауаттылығын, компьютерлік сауаттылығын, денсаулық мәселесіндегі сауаттылықты, құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған арнайы жұмыс арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүние танымы қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше.

«Функционалдық сауаттылық» — ұғымы өткен ғасырдың 60-жылдары ЮНЕСКО құжаттырында пайда болды және кейіннен қолданысқа енді. Функционалдық сауаттылық – мектепте алған білімдерін, іскерлік дағдыларын, адами іс әрекеттердің әр түрлі салаларында сондай-ақ тұлға аралық қарым-қатынастарды өмірлік міндеттерін шешу үшін пайдалану болып табылады.

Бүгінгі күн талабына сай жан – жақты дамыған,белсенді,өмірге талпынысы,қызығушылығы бар адамды мектеп табалдырығынан дайындап шығарудың ең бір тиімді тәсілі ол – оқытудағыматематикалықсауаттылық. Математикалық сауаттылық проблемалары осы күнге дейін аз айтылып жүрген жоқ.Егер әр бір мұғалім әр сабақта математикалық сауаттылықты қалыптастырып,үнемі көңіл бөліп отырса, білім сапасы әлдеқайда жақсарар еді.

Бастауыш сыныптарда оқушылар сандық өрнектермен арифметикалық амалдарды орындаумен шектелсе,алгебра,геометрия,тригонометрия әлеміне енген сайын басқа жаңа талаптар қойылады.Бастауыш сыныптарда 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 және «+», «-», «*», «/» секілді таңбалармен қатар І,V,X, M, L, C тәріздес Рим цифрларын білумен шектелеміз.Ал енді алгебрада латын,грек әріптерін үйренуге тура келеді.Міне,осы әріптерді дұрыс жаза және оқи білу математикалық сауаттылық білдіреді. Оқушылар геометрия ұғымдарымен бірінші сыныптан таныс болады,кейін жаңа жазулар мен сызулар кездесуі мүмкін және оқытуда арнайы заңдылықтар сақтау қажет.Мұғалім оқушыны математика пәнінің қыр сырына үйрету үшін оған математикалық сауаттылықты сақтау жөнінде күнделікті қатаң талаптар қойып,орындалуына мұқият зер салуы керек.Сонда оқушы математикалық өрнектерді оқуда,жазуда және сызбаларды сызуда сауаттылық көрсетіп,тәртіпке бейімделеді де,есептерді де алгаритм немесе логика бойынша тез,әрі сауатты шеше алады,сабаққа да ынтасы арта түседі.

Сауаттылық қызметі – алған білім,білік,дағдысын күнделікті іс – әрекетте пайдалану біліктілігі. Оқушылардың танымдық әрекет амалдарын меңгеруін есепке алып, алгоритмдік есептерден эвристикалық типтегі есептерге көшу кезінде оқу-зерттеулік есептер көбейе түсетін өзара байланыс түрі өте тиімді. Математикалық сауаттылықтың дамуы оқушының жалпы сөйлеу мәдениетін дамытып,қазіргі қоғамда тұлғаның ұтымды сөйлеу коммуникацияларын қалыптастырады. Математикалық сауаттылықты қалыптастырудың бастауыш сынып оқушылары үшін сыныптан тыс жұмыстар арқылы олардың қызығушылықтары мен сауаттылығын дамыту.

Математикалық сауаттылықты қалыптастыру дағды мен іс әрекет негізінде өздігінен ізденетін,өздігінен шешім қабылдайтын,нарық заманында өмір сүріп,адал еңбектенетін,бәсекелестікке қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға септігін тигізеді.

«Әдебиеттік оқу» пәні.Мәтінді дұрыс, мәнерлеп және шапшаң оқуды меңгеруі, шығарма авторының көзқарасын түсіну, мәтінді оқырман ретінде қабылдауға тәрбиеленеді, көркем-шығармашылық қабілеттері дамиды. Сөз өнеріне деген қызығушылық, тілдік эстетикалық талғамы қалыптасады. Сөйлеу әрекетінің түрлері жетіліп, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық пен рухани- адамгершілікке тәрбиеленеді.

Мәтінді оқу сапасы дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп дағдысы қалыптасады.

«Қазақ тілі» пәні. Сөйлеу қызметінің барлық түрлерін меңгерген сауатты жазу және оқу дағдылары жетілген, шығармашылық қабілеттері мен тілдесімдік дағдылары дамыған, алған тілдік білімдерін ауызша және жазбаша сөйлеу әрекеттерінде қолдана білетін жеке тұлға қалыптасып, дамуына ықпал етеді. Оқушылардың өз ана тілі – қазақ тіліне деген қызығушылығын ояту арқылы тілдің құдіретін, эстетикалық құндылығын сезіндіру арқылы қазақтың ұлттық мәдениетімен туралы білім алады. Тілдік ұғымдар арқылы оқушыларды өзін тілді иеленуші тілдік тұлға ретінде қалыптасады.

Тәрбиенің сан –саласы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш сынып.

Олай болса, бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту, баланың бойында алған білімін өмірде қолдана білуге ерте кезден, балдырған кезінен дайындау деген сөз.

«Дүниетану» пәнінің 1-сыныптан бастап ұғымдардың қалыптасып, бірте-бірте дамуы тұрғысында оқытылуы қажет.

Ендеше, дүниетануды оқытуда функционалдық сауаттылық қалыптастырудың келесі шарттарын анықтайды, ол оқушыларда сұлулықты көру мен түсіну, бағалау және оны қолымен ұстау, тәжірибе жасау біліктілігін дамыту шарттары болып табылады.

Егер осы шарттар бастауыш сыныпта орындалғанда оқушының функционалдық сауаттылығы қалыптасады. Сондықтан бастауыш сынып үшін оқушылардың жас ерекшелiктерiн ескеру ұстанымы басшылыққа алыну қажет.

Бұл ұстанымның мәні – бастауыш сынып оқушыларының ұғымына жеңiл, психологиялық ерекшелiктерiне сай келетін, бiлiм деңгейлерiне лайықталған және олардың өмiр тәжiрибесiн есепке алатын материалдардың қамтылуы.

Осы орайда ұлы ұстаз Абайдың: «Адам ата-анадан туғанда есті болып тумайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» деген дана сөздерінен адам табиғатының, болмысы мен танымының қалыптасуының өзі осы ізбен жүретінін байқауға болады.

Егер оқу үдерісі, балаларға білім, білік, дағдыларды игерту осы ұстанымға негізделсе, нәтижелі болатыны анық.

Бастауыш білім беру деңгейі баланың жеке тұлға ретінде адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң ынтасы мен іскерлігін: негізгі мектептің білім мазмұнын меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталып, таным әрекетіндегі жеке қабілеттері мен шеберліктерінің дамуын, функционалдық сауаттылығының қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Бастауыш білім беру деңгейі баланың жеке тұлға ретінде адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң ынтасы мен іскерлігін: негізгі мектептің білім мазмұнын меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталып, таным әрекетіндегі жеке қабілеттері мен шеберліктерінің дамуын, функционалдық сауаттылығының қалыптасуын қамтамасыз етеді.

ХХІ ғасырдың жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты адамдарды қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда .Соған орай ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру.

Қортындылай келе, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған білім мазмұнын игерген оқушылардың білімдері мен біліктері өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білуді және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, өзінің болжамдарын ұсыну және зерттеулер жүргізу, өзінің ойын негіздей білуді; іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалануды қамтамасыз етеді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей. 2014 ж.

  2. www.cpm.kzПедагогикалықшеберлікорталығы NIS.

  3. http://www.google.kzЖаңабілім беру технологиясы мен әдіс тәсілдері

  4. К.С.Құдайбергенова «Құзырлық табиғаты тұлғаның өздік дамуында» - А: «Принт АСС»


Муслимова Қ.С.
СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ТЕОРИЯЛАРДАҒЫ

ӘЛЕУМЕТТЕНУ ҮРДІСІ
Тұлға мен қоғам арасындағы қарым – қатынас, әлеуметтену үрдісінің бір қыры ретінде зерттеушілерді ертеден қызықтыра бастаған болатын. Әлеуметтену теориясының көзі сонау әлеуметтану дербес ғылым ретінде қалыптаса бастаған кезден бастап басталды. XIX ғасырдың ортасында ғылымда әлеуметтену теориясына сәйкес бірнеше бағыттар қалыптаса бастады.

Әлеуметтену ұғымы ғылыми айналымға XIX аяғы XX ғасырдың басында енгізілді және бұл ұғымды Г. Тард, Ф. Гиддингс және Г. Зиммельдің есімімен байланыстырады

Американ әлеуметтанушысы Ф.Г.Гидденгс өзінің «Әлеуметтену теориясы» (1897ж.) атты еңбегінде алғашқы рет «әлеуметтену» ұғымын қолданып, әлеуметтенуге мынадай анықтама берді: «әлеуметтену индивидтің әлеуметтік табиғаты мен мінез құлқының дамуы, атап айтқанда адамзат материалының әлеуметтік өмірге дайындығы» дейді[1,4б]. Әлеуметтену үрдісі адамның балалық және жастық шақ кезеңіндегі дамуына көңіл бөле отырып, индивидтің адам туғаннан бастап кәрілік шаққа дейінгі кезеңдегі әрбір сатыда қандайда бір әлеуметтік рөлді, әлеуметтік статусты, әлеуметтік өлшемдер мен құндылықтарды игеріп, жалпы өмірлік тәжірибесінің дамуы десек артық айтпаймыз.

Әлеуметтену үрдісін негізгі екі бағытта қарастырады: субъект-объектілі және субъект-субъектілі бағыттар. Егер бірінші бағыт әлеуметтену үрдісіндегі адамның пассивті позициясы тұрғысында қарастыра отырып, әлеуметтенуді адамның қоғамға бейімделу процесі ретінде сипаттаса, атап айтқанда, әрбір қоғам өзінің мүшесін сол қоғамға тән мәдениетке негіздеп қалыптастырады, дейді[1;6б]. Бұл бағытты субъект-объектілі ретінде анықтауға болады (қоғам ықпал етуші субъект, ал адам оның объектісі ретінде алынады). Бұл бағытты ғылымда қарастырған құрылымдық функционализм бағытының негізін қалаушы, американдық әлеуметтанушы Талкотт Парсонс болды.

Ал, екінші бағытты жақтаушылар адам әлеуметтену процесіне белсенді түрде қатысады және қоғамға бейімделіп қана қоймайды, сонымен қатар өзінің өмірлік жағдайларына ықпал етеді, дейді [1,7б]. Бұл бағыттың негізін қалағандар Чарльз Кули мен Джордж Герберт Мид болып табылады.



Объективистік бағыттың негізінде француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм өзінің теориясын негіздеді. Дюркгейм әлеуметтену ұғымын «тәрбие туралы ғылым» пәнінен ажырату үшін қолданды. ХХ ғасырдың 30 – шы жылдарына дейін «тұлға әлеуметтенуі» екі негізгі тұрғыда қолданылды: біріншіден, мүлікті жеке меншіктіктен қоғамдық игілікке ауыстыру ретінде қолданылды, яғни национализацияландыру; екіншіден, адамның әлеуметтік тұрғыда қалыптасу процесі ретінде қолданылды. Алғашқы анықтама қазіргі кезде өзінің мағызын жойған болатын. Ал, екінші анықтама бүгінде көптеген ғылымдардың зерттеу объектісі болып отыр.

Тәрбиенің негізгі мақсаты Дюркгейм бойынша, әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қоғамға қажетті бала тұлғасының дамуындағы қасиеттерді қалыптастыру. Бірақ қоғам әлеуметтену процесінің барысында адамды тәрбиелеп қана қоймайды, сонымен бірге оны өзінің қажеттілігіне қарай құрастырады (жасайды). «Тәрбиесі бізге жүзеге асуы керек адам, ол табиғи тұрғыдағы адам емес, ол қоғам талап ететін адам, ал қоғам болса өзінің ішкі құрылысына сай адамды талап етеді». Тәрбие барысында эгоистік және әлеуметтік емес болмыс басқа әлеуметтік және моральдық өмірде өзін жүзеге асыра алатын адамға ауысады[2].

Моральды Э.Дюркгейм мінез құлық ережесінің жүйесі ретінде қарастырады және оның ерекше белгісі – императивтілік деп есептеді. «Адамгершілік жасау дегеніміз өзінің парызын өтеу», дейді Дюркгейм[2].

Эмиль Дюргеймнің пікірінше, әлеуметтену процесі адамның екі жақты табиғатына байланысты құрылады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет