Сборник научных трудов


ЖАПОН ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ТАРИХИ ДАМУЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



жүктеу 4.58 Mb.
бет22/23
Дата02.09.2018
өлшемі4.58 Mb.
түріСборник
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

ЖАПОН ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ТАРИХИ ДАМУЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жапония-қойнауы терең тарихы мен жоғары мәдениетімен ерекшеленетін мемлекет. Географиялық жағдайына сәйкес Жапония басқа мемлекеттерден оқшаулау тұрды және соның арқасында Еуропа елдеріне қарамай экономикасын, халық жағдайын, мәдениетін дамытқан ел. Жапонияны «Күншығыс елі» деп те атайды. Жапония-салт- дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен әлемге белгілі өте қызық ел. Жапония мәдениеті көпжақты және бай. Жапонияға ғана тән салт-дәстүрлер оның тарихи дамуы нәтижесінде қалыптасты. Біртіндеп Жапония халқының бір ұлттылығы мен менталитеті бар біртұтас қуатты мемлекетке айналып отыр. Қазіргі уақытта Жапония-алдыңғы қатарлы дамушы мемлекеттің бірі. Жапония мәдениетінің ерекше түрі оның философиясы болып табылады.

Жапониядағы философияның қалыптасуында 3 үлкен кезең қарастырылады: 1) патриархаттық алғашқы қауымдық қоғам; 2) феодалдық қоғам (6 ғасырдың ортасы- б.з. 19 ғасырдың ортасы); 3) Жаңа Жапония кезеңі (19 ғасырдың ортасынан бастап). Екінші кезеңде ерте феодализм (Асука, 552-645; Нара, 645-794; Хэйан, 794-1185, династиялары), жетілген феодализм (Камакура, 1185-1333; Муромоти, 1333-1578) және кеш феодализм (Мамояма, 1573-1614, мен Эдо, 1614-1869, династиялары). Дүниегекөзқарастық қарым-қатынаста алғашқы кезең-буддалыққа дейінгі, екінші және үшінші-буддалық. Буддалық дейінгі кезеңде Жапония алғашында өзінің мәдени дамуында Қытайдан қалып отырды. Сондықтан, б.з. 1 ғасырынан бастап жапон мәдениетінен қарағанда Хань династиясы кезеңіндегі Қытай мәдениеті үлкен әсер етті. Корей және Қытай адамдарының Жапонияға келуінен Конфуций ілімі кең таралады. Бірақ жапондықтардың дүниеге көзқарасы ертедегі жапон мифологиясында болып қалады. Ол «Кодзики» деген атпен 8 ғасырдағы ескерткіште сақталады. Ертедегі жапон мифологиясына табиғатқа табыну (натуризм) мен оның жандануы (анимизм) тән. Натурализмде Күнге табыну маңызды орынға ие болды. Сонымен қатар Айға да, әр түрлі құбылыстарға да, ағаштарға да, бұлақтарға да және т.б. табынды.Бұл натурализм болып табылады. [1]

Дәстүрлі жапон табынушылық түрі синто жапон анимизмі мен шаманизмінің бірігуі нәтижесінде қалыптасты. Синто (Құдай жолы)- сонму құдайларына табыну деген сөз. Аматэрасу- Күн құдайы. Күн өзінің патшалық сарайы мен құдай кеңесі бар аспат әлемінің иесі деп есептелді. Синтоистік храмдар пайда болды. Онда дінге арналган суреттер болмады. Синтоға император (тэнио) мен оның ата-бабаларының табынуы (тэниосум) тән. Династиялық синтоизм- құдаймен қандас болып, императорлық отбасымен болатын табыну. Храмдық синтоизм- храмдардағы әр түрлі құдайларға табынуы. Күнделікті синтоизм- Аматэрасу құдайы мен оның әр түрлі қасиетті заттары бар киоталарының (грек тілінен kibotos- қорап, сандық) табынуы. Халықтық синтоизм- халық арасындағы әр түрлі түсініктерді құрайды.1945 жылы Жапония да шіркеу мемлекеттен бөлінді және императорлар табынуы жойылды. Енді династиялық табыну- император отбасысының жеке мәселесі болып есептелді. Қазіргі уақытта Жапонияда 10 миллионнан астам неосинтоисттер бар.

«Кодзики»- синтоизмнің қасиетті кітабы. «Кодзикидің» бірінші бөлімінде бастапқы әлемнің көрінісі хаос бейнесінде, аспан мен жер бөлінуі деп суреттеледі. Бұл бастапқы кезең алғашқы үштік құдаймен байланысты.

«Кодзикидің» екінші бөлімі жаратылысты, жақсылықты, жарық пен жоюды, өлімді білдіретін Идзанаги (ер құдайы) мен Идзанами (әйел құдайы) құдайлары арасындағы қақтығыс туралы баяндайды. Идзанаги Ай құдайы Цукуемиді, Күн құдайы Аматерасуді, су құдайы Сусаноо жасайды.. Идзанаги мен Идзанами арасындағы қақтығыс Аматэрасу мен Сусаноо арасында жалғасады. Құдайлар жерге түсіп, адамдармен байланыс жасайды. Жапония- Идзанаги мен Идзанами жасаған сегіз үлкен аралдары бар үлкен мемлекет.

Буддалық кезеңде Жапонияның мемлекеттік діні синтоизм атанады. Буддизм Жапонияға Қытайдан Корей түбегі арқылы келеді. Жапонияға қытай және корей архитекторлар, мүсіншілер келе бастайды. Буддалық монастрлар сала бастайды. Сондай-ақ жапондықтардың Қытайға баруына жол ашылады. 607 жылы қытай сарайына жапон елшісі келіп, бейбіт қарым-қатынас орнатады. 645 жылы жердің мемлекеттік меншігі жеке феодалдар меншігіне айналады.


9 ғасырдың екінші жартысында жапонның жеке жазу-сызуы пайда болады, бірақ қытай тілі заңнамалық, теологиялық, тарихи құжаттары сақталады. Б.з.д. 894 жылы Жапония мен Қытай арасындағы байланыс үзіледі. Қатайланған буддизм жапондандырылады. Синто құдайлары буддалық пантеонның бөлшегі ретінде қарастырылады. Ребо-синто (екі бөлімдік синто) қалыптасады. [2]

Қазіргі заманғы философия кезеңінде экзистенциализм философиясы 19 ғасырдың 30 жылдары жапон философияның ең негізгі ағымы болды. Оның негізгі өкілі Нисида Китаро (1875-1945). Оның негізгі мақсаты- Шығыс философиясын тану, Дзен ілімін түсіну. Дзен дегеніміз- «Мен», реалды өмір, онымен санаспауға болмайды. Нисида Китаро философиясында буддизм ілімінің құпиясы Дзен дегенде, ол дүниеде әлемнің бар екеніне сенеді. Реалды өмір- бұл қандай да бір ерекше әлем емес, яғни «Мен» - бұл ерекше бір әлем емес деуге болмайды. «Мен»- реалды әлем, онда реалдық, яғни шындық үлкен орын алады. Қоғамды және адамдық ойлауды, ойды қалыптастыру реалды күштерге сүйенеді. Бір сөзбен айтқанда, оның ерекше қабылдауына қандай да бір реалды күш әсер етеді. Нисида Китароның ұлттық және рухани жеке идеялары Жапониядағы қазіргі рухтың өсуіне әсерін тигізді.

Судзуки Дайсэцу (1870-1966)–негізінен буддизм маханаясын зерттеген жапон философы. Шығыс мәдениетінің құбылыстарына,проблемасына басты назар аударды. Философиялық және мәдениет тануға қызығушылықтың орталығы Чань-буддизм мектебі болып табылады. Судзики чань-буддизм тексттеріне түсіндірме жасап, жүйелеуге тырысқан болатын. Чань-буддизм адам мен қоғамға міндетті түрде ортамен өзара байланыс, динамикалық процесс ретінде қажет. Оның пікірінше «Чань-буддизм» әрқайсымызға «өмірдің суретшісі» болуына мүмкіндік береді. Егер кім де кім, дзен күнделікті өмірде сезінбесе, мәнін дұрыс ұқпаса, онда оның ілімі түсініксіз және құпиялық мағынаға ие болады. Судзуки адам туралы 4 түрлі пікір айтқан. Біріншісі, тұлға дегеніміз рухани спиральдің шеңбері. Екіншісі, тұлға «жеке адам» және «мен» бұлар тепе-тең терминдер емес. Үшінішісі, шығармашылық бұл өзін-өзі бастау кезіндегі жеке қасиеті. Төртіншісі, бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Дзен және буддизм бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста. Бірініші, дзен діндер философиясының рухы болып табылады. Екінші, буддизм дзеннің бір көрінісі. Дзен өзінің рухани күйін буддизмнен бөлмейді, бірақ ол барлық діндер мен философияның рухы болып табылады. Дзен-буддизмнің мәні өмірге жаңа көзқараспен қарауға үйретеді. [3]

20 ғасырда 50 жылдары жапон әлеуметтік философиясына үлес қосқан Мацусита Кэйити. Ол жалпы қоғам концепциясын қарастырады. Оның ебектері: «Бұқаралық мемлекетті құру және оның мәселелері (1956)», «Қазіргі кездегі саясаттағы еркіндік шарты (1957)», «Халық қозғалысын қалай дамытуға болады», «Қазіргі кездегі Жапонияның саяси құрылымы (1962)» және т.б.

Жапон әлеуметтік философиясының қазіргі көрнекті өкілдерінің бірі Маруяма Массао. Ол Жапониядағы қоғамдық құбылыстарды зерттеуге көп көңіл бөлді. Жапон қоғамы дамуының, оның рухани мәдениетінің теріс, көлеңкелі жақтарын көрсетті. Сонымен қатар «Қазіргі Жапония европаланды, өзінің мэдзи дәуіріне дейінгі идеялық мұрасын жоғалтты. Егер көпғасырлық кезеңі бар дәстүрлі ойлар шындығында дәстүрлі қалыптасса, біз европаландырудың шырмауында қалар ма едік»,- деп жазады. Маруяманың ойлары буржуазиялық теоритик-интеллигенттің ғылыми-техникалық прогреске және оның қазіргі қоғамдағы нәтижелеріне деген қатынасын дәл көрсетеді. Маруяма жапон қоғамының қазіргі өмірін елдің европалануы ерекшелігімен, Батыс және Шығыс мәдени дәстүрлерінің түрлілігімен түсіндіргісі келеді.
Қазіргі кездегі жапон философиялық ойлары негізгі көптеген өзекті мәселелерді қамтиды. 20 ғасырдың 60-80 жылдарында болған «Сокагаккай» идеологиялық қозғалысы діни және философия мазмұнын өзара сапырылысып жіберді. Діни догматтарға бай дүниетанымдық жүйесі «Өмір философиясы» аталып, ал құндылықтардың философиялық теориясы буддалық діни ілімі деп бағаланды. Осындай методологиялық адасулар соңғы кезде жапон философиясында біршама орын алуда. [4]

Сонымен Жапон философиясы-жапондықтардың бай қазынасы, халық тарихы, болашақ ұрпақтың тәлім-тәрбиесі мен өнегесінің қоры. Жапония елінің қалыптасуынан бастап философия да қатар жүрген. Жапон философиясының тарихи дамуы көптеген кезеңдерді қамтиды. Сол кезеңдерді бастан кешіріп, жапон халқы өз мәдениетін өзі қалыптастырды, дамытты. Жоғары сапалы білімнің, тәрбиенің, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп отырған философиялық ойлар мен халықтың өшпес мұраларының нәтижесінде Жапония жан-жақты қалыптасқан, жоғары дамыған мемлекет.

Шығыс философиясын, әсіресе Жапон философиясын мәнін түсіну үшін Дзен ілімін білу шарт. Шығыс адамына тән ойлау- ол адамның ішкі рухани күйіне үңілу, дүниемен тікелей қатынасты қалау.
Пайданылған әдебиеттер тізімі:

1.Чанышев А.Н.Философия Древнего мира- М. Высшая шк., 2001

2. Чанышев А.Н.Начало философии-М.:Изд-во МГУ,1982

3. Алтай Ж., Касабек А., Мұхамбетәли Қ. Философия тарихы - Алматы: Жеті жарғы,1999

4. Молдабеков Ж., Қасабек А. Шығыс философиясы- Алматы,2001

Салимбаева Д.,

студентка 2 курса исторического факультета

КарГУ им. Е.А. Букетова

(Научный руководитель – ст. преподаватель Жусупова Б.Ж.)
«СВЕРХЧЕЛОВЕК» НИЦШЕ
«Рассказывая о другом, человек прежде всего говорит о себе»

Даниэль Галеви - французский биограф Фридриха Ницше


«Беспристрастность и свежесть взгляда, сжатость и документальность изложения о жизни философа поведана как бы самим Ницше и его ближайшим окружением - вот те главные достоинства, из-за которых почти уже долгое время были предприняты различные попытки воплощения о жизни Ницше. Его жизнь является самим олицетворением самой его философии во всей ее суровой величественности и трагичности. Не зная первую эссенцию, трудно понять вторую. И не понять сущность второй, невозможно постичь то, исключительно сильное воздействие, которое оказало учение, философия и наставление Ницше».

Эл. Мехтиев


Фридрих Вильгельм Ницше является самым известным немецким мыслителем, композитором, поэтом, классическим филологом своего времени, а также создателем философского учения, которое носит практический характер и поэтому преподносит очень широкое распространение и влияние далеко за пределы научно-философского сообщества. Его идеи подставили под сомнение основные принципы религии и традиционной культуры. Все перечисленные сферы общества в дальнейшем отразились в философии жизни и существования человека. Но будучи изложенными в его философском стиле, произведения, труды, прозы, высказывания, сочинения, изречения Ницше все-таки вызывают, и по сей день большое количество разногласий, непониманий и споров среди современников и критиков.

Затрагивая его учение, я для себя сделала вывод, что его философия зародилась в далеком детстве. А именно то, что совсем юный мальчик, будущий философ и просветитель, увлекался изучением античных текстов, читал произведения выдающихся писателей и просветителей, самостоятельно осваивал навыки истории. Глядя на все это, он для себя решил делать первые шаги и пробы в писательстве, глубоко интересовался историческими, философскими и этическими проблемами. Ницше приучал себя читать Шиллера, Байрона, а особенно учения философов разного времени. Поэты, ученые, философы, композиторы пребывали в его сознании примерами для подражания.

Прочитав про детство выдающегося человека, меня также привело в восторг, что он получил достойное и качественное образование в ведущих университетах страны и Европы, где он изучал теологию и специализировался в области философии. Он имел по-настоящему блестящий успех в изучении данных знаний. Уже в возрасте 24 лет, будущий еще студентом, он был приглашен на должность профессора филологии, в ведущем по тем временам учебном заведении, что явилось беспрецедентным случаем в истории университетов в Европе.

Как я усвоила в своем сознании, это явилось тем самым фундаментом в становлении его как личности.

Прочитав про жизнь самого Ницше. Я узнала немало важных фактов из его личной жизни, а именно о его окружении. Для меня лично интересным фактом явилось знакомство и дружба Ницше с Вагнером. Их объединяло скорее не научное единство, а, скорее, духовное - начиная от увлечений культурой и искусством древних народов до идей самого пересмотра и возрождения мира. Однако их дружба длилась совсем недолго, всего около трёх лет. Главную причину их разрыва так не удалось найти.

Прочитав и ознакомившись с публикациями разных статей, особенно с разнообразными мнениями критиков на тему состояния и недуга философа, я выяснила, что Ницше никогда не обладал крепким здоровьем. Частые головные боли, тяжелая бессонница и ухудшение зрения сделали из ученого борца за свою дальнейшую жизнь. Но болезнь не стала преградой для создания его произведений, а самое главное его учения. Можно сказать, она наоборот дала ему возможность зародить в нем своеобразный философский стиль, жанр и модель совершенствования человека над миром.

Но прежде чем задаваться вопросом, как человек усовершенствует этот мир, необходимо разобраться с ницшеанским понятием «сверхчеловек». Все-таки для начала стоит усвоить, что философское осмысление человека связано с его внутренними трудностями.

Прежде чем углубиться в учение о «Сверхчеловеке» Ницше, я считала необходимым сделать несколько замечаний и корректировок о личности и человеке. Просмотрев его произведения, я пришла к выводу, что в его философских измышлениях есть характерная особенность.

Во-первых, все сочинения Ницше носят своеобразную субъективную, философскую окраску. «Сверхчеловек» - интригующая, мистическая идея Ницше, которая повествует о его душе, истории его создания, можно сказать, является настоящей биографией. В них четко изображен характер и ритм его повествования. Яркие мысли, идеи изложены в определенном порядке, отражающие его внутреннюю связь его душевной неуравновешенности с ним самим. Он нерешительно с большой сложностью трактует свои идеи и мысли. Возможно, он даже не способен к последовательности логического мышления и баланса, а самое главное, к анализу своих идей. Не до конца изложенная точка зрения, незавершенность собственной идеи, переход от одного к другому представляют для читателя и главное для него самого некий хаос суждений, взглядов, воззрений. Тем самым увлекает своей загадочностью познание человека как «сверхразума».

Изучив достаточно объемный материал из творчества Ф.Ницше, могу сказать, что его идея «сверхчеловека» не раз подвергалась осуждению, критике. Комментарии, отзывы получались далеко не такими положительными, но данный вопрос интересовал всех. Одни критики осуждали идеал, другие, наоборот, превозносили данную мысль. Причиной разногласий, возможно, являлись свои мировоззренческие взгляды самих философов, критиков, но есть, несомненно, веская причина такого яркого явления. Дело в том, что, с моей точки зрения, у Ницше нет систематического изложения учения о самом сверхчеловеке, присутствует только разметанные афоризмы. Можно сказать, что данное учение приходится собирать по кусочкам, из отрывочных изречений Заратустры. Критики, в свою очередь, изображали «сверхчеловека» как зло, другие пытались найти человека в человеческой природе. Разыгравшийся интерес принял своеобразную интерпретацию учения Ницше, выдавая его за подлинное изображение его взглядов и на основании которых он подвергся осуждению, и все его учение начало принимать сравнительный характер.

Другим фактором, который играет немаловажную роль в установлении правильного (идеального) понимания учения Ницше, является существование в нем своеобразных противоречий. Их, конечно, встречается большое количество, что для некоторых они приходятся банальными, явными и несомненными, что даже самые профессиональные критики затрудняются в таком вопросе, приводя различные противоречивые элементы. Отсюда выводится особое понимание сверхчеловека, основанное на желании видеть в нем нечто лучшее и даже идеальное.

Ознакомившись со статьей профессора Трубецкого Е., был сделан свод всех внутренних противоречий Ницше вообще. Я абсолютно согласна, что у Ницше встречаются много противоречий и нет точной последовательности в мыслях, что даже, прочитав их, они резко бросаются в глаза даже при поверхностном чтении его сочинений.

Возможно, в сознании Ницше имеет место современный атеизм с практическими требованиями, которые требовала его внутренняя философская натура. Но доминирование чувственности в человеке, согласно Ницше, несомненно. Человеческие чувства у философа философии стремились к созданию чего-то необычного, но все это вдруг разрушается холодным подходом, аморальной критикой и оценкой «философа неприятных истин».

Ницше никак не мог понять, как теоретические взгляды, негативно влиявшие на него, просто разрушали в прах его модель «человека». «Тому повелевают, кто не может повиноваться самому себе», «человек есть нечто, что должно превзойти», «воля освобождает: таково истинное учение о воле и свободе — ему учит вас Заратустра» [1;10]. Даже понимая и принимая все это, Ницше продолжать работать над моральными понятиями. Но опять тупик, все эти понятия освобождены от общечеловеческой трактовки. На первый взгляд, Ницще – явный мизантроп. Каково же было мое удивление, когда, прочитав несколько десятков страниц о теории сверхчеловека, встречаешься с речами Заратустры о сострадании к человеку.

Критики приходят к выводу, что Ницше в своем учении о сверхчеловеке отрицает категорию долга и морали. Ницше как художник, мыслит лишь только образами, и возможно, поэтому понятие долга в его сознании никогда не является определенной категорией.

В этом смысле он не назойливый моралист. Но тяжесть нравственного (не морального), сверхчеловеческого долга присутствует в человеке. Это стремление к усилению в себе душевной силы, наверное, и является тем главным нравственным движением в самом идеале сверхчеловека. В свое время Ницше трактовал самые первые образования своих идей о сверхчеловеке. По своему существу, есть идея определенного роста человека вверх.

Я представила Ницше по-своему. Он писал свои сочинения набросками мыслей без дальнейшего их развития. Он не может выразить свои мысли, они крутятся в его голове. До сих пор, я пыталась изучить различные стороны учения Ницше о сверхчеловеке. Существует достаточно много сторон, точек зрений, критических выводов.

Теперь нужно проработать и взять за основу не только теоретическую сторону, но и практическую – как должен действовать «сверхчеловек».

У каждого человека свои собственные представления об идеале и они редко бывают положительными. Представляют сверхчеловека тем, кто следует природным инстинктам, по типу идеала хищного зверя. Это как-то связано с олицетворением дьявола.

Выразители взглядов Ницше, в основном, не принимают все его труды полностью. Они берут только цитаты, термины, больше всего их интересующие, зачастую не понимая полного их смысла.

Ницше утверждает, что в «Сверхчеловеке» тонет весь грязный поток как в море. Все страсти переходят в плюсы, а дьяволы становятся ангелами. Также они распыляются или исчезают в идеальном сверхчеловеке. По идее, человеку нужно быть морем, которое может утопить в себе все демонические силы, присутствующие в людях. Хотя сам Ницше, по его словам, без страстей не может писать никаких творений. С помощью страстей человек может создавать невозможные вещи, ставить непостижимые цели и преодолевать их. Страсти могут стать движущим элементом все его дальнейших планов. Ницше всегда презирал слабых, малоактивных людей, не имеющих своей точки зрения, которые могут уступить своё место, так сказать подвинуться, лишь бы не иметь ничего общего с так называемыми людскими «дьяволами». А человек, наделенный большим духовным настроем, по словам Ницше, является тем самым «сверхчеловеком». У людей с творческим и активным характером постоянно поддерживается легкость на душе и мыслях. У «сверхчеловека» творческий склад ума, рождающий всю глубину мыслей. Ницше показывает, то люди во всем ищут свою выгоду, расчет. А он учит быть бескорыстным и иметь широкую душу, относясь даже с чувством любви к врагам. Любить надо всех, говорил он, и никогда никому не завидовать, даже величайшим победам. Надо тихо жить и радоваться своему маленькому счастью.

Все философские учения показывают лучшую жизнь, как жизнь, наполненную только хорошими моментами. Ницше отрицал все это. Он считал, что для «сверхчеловека» важно не счастье, а спокойствие духовной силы. Все мы должны быть как море. Человек, самое главное, должен преодолевать себя, только так он поднимется, а счастье само приложится. «Что есть счастье? – Чувство растущей власти» - так писал Ницше [2;133]. Такой идеал «сверхчеловека» представлял Ницше. И этот идеал выше идеалов нравственной философии.

Таков он – Ницше. А каков Сверхчеловек?

Список использованной литературы:

1. Ницше Ф. Так говорил Заратустра. – М: Interbook, 1990. – 300 c.

2. Ницше Ф. Антихрист. – М.: Мысль, 1990. – 224 с.

Сейтжан Д.З.,

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ

Биология - география факультетінің 2 курс студенті

(Ғылыми жетекші – аға оқытушы Дюсалинова Б.К.)
АБАЙ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ МӘНІ
Абай дүниетанымындағы философиялық сарындар ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамының тұрмысындағы тарихи қал-жағдайдан, саяси, әлеуметтік құрылыстағы күрт өзгерістерден туды. Осы жолдағы ізденіс Абайды адам мәселесіне, адам өмірінің мәні, мазмұны, мақсаты деген мәңгілік сарындарға қазақтың данышпан ақыны ретінде шешу тұрғысынан алып келді.

Даналық өлшемі бола білген философ-ақынның рухани мұрасы шын мәнінде қазақ халқының зердслі ойы мен өмірінің энциклопедиясы секілді. Олай дейтін себебіміз, Абайды танып, сол кездегі қазақ қоғамының экономикалық, саяси, құқықтық, отбасылық, мәдени-тарихи, моральдық хал-жайынан айқын да толық және дәл мағлұматтар алуға болады. Абай қаламынан шыққан барша қазынаны, оның рухани мұрасын (поэзиясын, қара сөздерін) жүйелі зерттеп, тануда аса көрнекті ғалым, қазақ өдебиетінің классигі, данышпан қаламгер абайтанудың негізін сала отырып, оны қоғамтану ғылымының жаңа да тың саласына жеткізген, әлемге әйгілі эпопеяны дүниеге келтіріп, оны дүниежүзілік мәдениеттің ауқымында ала отырып, Абай өткен жолдың бүкіл адамзаттық маңызын сындарлықпе н аша білген Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің орны ерекше. Ол қазақтың ұлы ойшыл ақынның рухани мұрасын өмір бойы, жүйелі түрде зерттеу үстінде болды.

Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінде ақыл, қайрат, жүрек туралы ойларын жан-жақты таратып, олардың ішінен жүректің культін мадақтай көтергенде ондағы әділет, адамгершілік тәрізді қастерлі ұғымдардың нәр алар түп-төркіндері жайындағы гуманистік ойларының табиғаты жай ақындық сезімнен туа салған нәрсе емес. Ол керісінше терең жүйелі көзқарас пен ішкі нанымның қалыптасуынан туындап жатқан ой ағысының өзекті желілері екенін танып білу – қазіргі ұрпақ үшін зор мақтаныш. Осының өзі ғана Абайдың терең ойшыл гуманистік алып тұлғасын бір қырынан аша түсетін теңдесі жоқ ерекшеліктерінің бірі.

Абайдың шығармашылық келбетін, дүниеге деген көзқарасын айқындаған үш қайнар көз туралы сонау отызыншы жылдардың өзінде-ақ М.О.Әуезов “Абай Қүнанбаев қазақ халқының үлы ақыны” атты еңбегінде белгілі бір жүйелі пікір қалыптастырғаны белгілі. Ол “Ұлттық және бүкіл адамзаттық мәдениеттің үш түрлі мол арнасы данышпан ақынның творчестволық ісіне азық болды. Абайдың бүкіл ой-қиялына, әлуметтік, ақындық ісіне дем беріп, шапағатты нәр алған арнаның бірі - халықтың өзі жасаған, ауыздан-ауызға тараған, баспа жүзінде сақталып келген қазақтың бағзы заманындағы халық мәдениетінің бай мұрасы... ақындығына рухани дем беріп, азық болған екінші арна - шығыс мәдениетінің тамаша мұрасы, араб, иран және түркі халықтарының классикалық поэзиясы , үшінші арна - орыс мәдениеті, Еуропа мәдениеті”, - деп жазған.[1]

Абай қазақ елінің үлттық рухы мен менталитетін, оның көкейтесті арманы мен данагөй ойларын абыздық көрегендікпен өлеңмен өрнектеуді қазақ эпопеясынан үйренді. Абайдың рухани әлемін қалыптастыруда ақынның әкесі Құнанбай ақсақалдың да кемеңгер тұлғасының аз рөл атқармаған. Сонымен қатар, Абайдың дүниетанымына туысы Халиолла да ерекше әсер еткен. Абайдың алғаш рет Пушкин, Лермонтов, Тургенев т.б. орыс қаламгерлерінің шығармаларымен таныстығы Халиолла туысы арқылы жүзеге асқан.

Абайдың рухани әлемі - ерекше бір тылсым дүние. Оның негізгі зерттеу объектісі - адам. Сол адамның эстетикалық, этикалық бет пернесі, арман-мақсаты, өмірінің мәні, сезімі мен түйсігі, болмысы мен ұлттық ойлау ерскшелігі үлы ойшылды терең тебіреністергс түсірген .

Абай өзінің гуманистік дүниетанымында өзекті орын алған «толық адам» жайлы аса күрделі танымға байланысты өз көзқарасын, қатынасын білдіріп, өзі тірек – негіз ретінде, ұстанған гуманистік танымның реалды өмірден алынған, пайда болған кездерін де тартынбай ортаға салып отырған. Абай: «Хакімдер дүниеге тиер пайдасын сөйледі!», – деп, хакімдердің бүгінгі қоғам игілігі мен халық пайдасын көздеп, шын өмірдегі қоғам мүшесін тәрбиелеудегі мораль философиясының өзекті мәселесі толық адамға қатынасын анықтайды. Хакімдердің бүгінгі қоғамдағы адам игілігі үшін еткен еңбегін аса жоғары бағалайды.

Таным тұрғысынан Абай сананың, ақылдың рөлін жоғары бағалады. Дүниені тану, ақиқатты білу, ғылымды меңгеру Абайдың пікірінше, адамға тән қасиет болуға тиіс. «Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуанның жаны болады», - деп жазды. Ақынның ойынша, дүниеде өзгермейтін, құбылмайтын мәңгілік еш нәрсе жоқ. Табиғатқа да, адамға да осы заң ортақ екенін айтады. Мәселен, «Отыз жетінші сөзінде» Абай: «Адам баласын замана өсіреді, кімде – кім жаман болса, замандасының бәрі күнәлі», - деп жазды. Олай болса, адамды адам етіп тәрбиелейтін қоғам, оның әлеуметтік ортасы, достары болмақ.[2]

Абайдың ойшыл-дана ретінде негізгі ұсынар этикалық принципі - “Адам бол!” деген сөздермен кірігіп келетін кісілікке, адамгершілікке, имандылыққа жетелеу. Бұл - ақын шығармаларының басты өзегі. Осы арқылы ол адамның қоғамдық өмірдегі басты рөлі мен орнын анықтайды, ондағы сыншыл ақылды жоғары бағалайды. Соған ерекше мән береді. “Әсемпаз болма әрнеге” атты жастарға арналған өлеңінде Абай: “... Сен де бір кірпіш дүниеге, Тетігін тап та бар қалан!”, - дейді.

Абайдың философиялық қара сөздерінің өзіндік ерекшелігі бар және оның дүние танып, қорытынды жасау талабында болғанын танытады, оның әрбір сөздері – қысқа айтылған терең ойға, шебер түрге, афоризмге толы туындылар. Онда ғылыми терминдер жанданып, айқындала түседі.[3]

Абайдың философиялық-публицистикалық шығармалары кейін дамыған қазақтың лексикасы мен фразеологиясының негізін қалады.

Ақын философиясында адам ақыл-ой мен кісіліктің, еңбек- сүйгіштік пен білімділіктің, достық пен махаббаттың тоғысқан үлгісі болуға тиіс. Сондықтан да “Күн менен Айдың, аспанның, ағаштар мен жемістердің, таулардың сәні болғаны секілді, адам - жер бетінің сәні” деп ұғып, өзінің адам болып жаратылғандығын мақтан тұтады.

Абайдын этикалық концепциясында “еңбек” атанатын ұғым ерекше орын алады. “Адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ”, - дейді ол. Тіптен ақынның адал, шынайы еңбектің адам өмірінде зор орын алатындығын қозғамайтын шығармасы жоқ. Өйткені, еңбек адамның азамат ретінде қалыптасуы үшін рухани түрғыдан да, парасаттылық түрғысынан да басты қызмет атқарады деп есептеген. Сондай-ақ, ақын еңбек кісінің жан дүниесін мейірімділікке бөлейді, ал оның қадірін білмсйтін салбөксе жалқаулар көбіне теріс қылықты болып келеді деген тоқтамға келеді. Сол себепті “Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны, талапсыздық, жігерсіздік, үятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады”, - деп жазды.

Абай дүниетанымында махаббат пен ғашықтық бір ұғым емес. Махаббат алланы тану жолы, ал ғашықтық ер мен әйел арасындағы сезім. Бірақ ғашықтық - суфистік философияда дүниетаным. Бірақ Алла тағала адамзатты махаббатпен жаратқанмен, оған нәпсі (өмірге құштарлық) берген. Нәпсі дегеннің шатастырмайтын ісі жоқ. Ол жүрген жерде шайтан семірігі өсігі-өнеді. Оны Абай «шайтанның шәкіртінің кылығын-ай» дейді.[4]

Адамның тұлға ретінде қалыптасу үрдісінде өскен ортаның, тәрбиенің рөліне үлкен мән бере отырып, ұлы ақын әркімнің өзін-өзі жүйелі түрде тәрбиелеп отыруы керектігіне айрықша көңіл бөледі. Өзінің он бесінші сөзінде осы ойды былайша толғайды: “Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәрте, болмаса жүмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал! Бұл арқылы ақын әркімнің өзін өзгелердің көзімен қарап, істеген ісіне талдау жасауға, өзінің іс-қимылына, өзіне-өзі баға беруге, өзін-өзі тексеруден өткізуге үндейтінінде.

Ғылым,философия,білім, тарих, әдебиет пен өнер барлық мүмкіншіліктерін жұмсай отырып, мемлекетке ықпал етуге, ондағы адамдардың адамгершілік тұрғысынан жетілуіне көмектесуге тиіс деп білді қазақ данасы. Оның философиялық-этикалық концепциясының, жалпы дүниетаным жүйесінің негізгі мәні, осында.

Абай - қазақ философиясы мен әдебиетінің классигі ретінде қазақтың күллі рухани өмірінің түтастығының түғырнамасы, барша шығармаларында бүкіл адамзаттық мұрат пен арман-мүдделерді жыр еткен бір ұлттың әлемдік деңгейдегі терең ойлы асқақ философ-ақыны. Ол өзінің бүкіл творчестволық қажыр-қайратын адамгершіліктің биік мақсаттарын, нағыз кісіліктің, салауатты халық болудың жолдарын іздеуге және оларды іске асыруға, сөйтіп, тұлғаның адамгершілік тұрғысынан биіктерге көтерілуін насихаттай отырып, ол өмір мен өлім туралы кең мағыналы қөрытындылар жасайды.

Жаратқан, Дүние, Адам - міне, осы үш категория Абай философиясының іргетасын құрайды. Абай өз философиясының осы негіздерін өзінің 38-ші қара сөзінде егжей-тегжей талдайды. Дүние Жаратқанның құдіретті күші арқылы пайда болып, өмір сүріп жатыр және онда белгілі бір зандылықтар, мақсатқа лайықтылық бар, соңғылардың негізі Ғылымда. Көптеген өлеңдерінде, отыз сегізінше сөзінде жан – жануарларды, адамды Алла жаратты деген тұжырым жасайды. «Мен» және «Менікі» деген философиялық мәселені қарастырып тұжырымға келеді. Ақынның ойынша «мен» - ақын, жан, «менікі» - адам денесі. «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «Менікі» өлсе өлсін, оған бекі деп, дене өлгенімен жан өлмейді деген.[5]

Абайдың онтологиялық (болмыстық) көзқарастарына келер болсақ, оны ғажап та терең, өзінің ерекшелігі мен маңыздылығын ешқашанда жоймайтын діннің шеңберіндегі философиялық антропология деуге болады.

Абайдың философиялық антропологиясына келер болсақ, жаратылған адамның ақыл-ойы, күш-қуаты бар, ал ол - Алланың ғылыми құдіреттілігінен шығатын қасиеттер. Бұл арада ұлы Абай Рақымшылдыққа аса көп көңіл бөледі. Ол да - Алланың 8 сипаттарына кірмесе де, Оның негізгі қасиеттерінің бірі, себебі оның аттары Рахман (Жарылқаушы), Рахим (Мейірімді), Ғафур (Кешіру-ші), Уадуд (Сүюші), Хафиз (Қорғаушы), Сәттар (Айыпты жабушы), Разақ (Ырыздық беруші), Нафиг (Пайда беруші), Уәкил (Өкіл), Латиф (Ілтипатты) - бәрі де Рақымшылдықты көрсетеді.[6]

Дүниетанымдық мәселеде Абай деизмге жақын. Құдай өз заңдары бойынша дамып жататын өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді. Абай дінбасылары мен діни надандықты, фатализм мен екіжүзділікті атеизм тұрғысынан емес, Қазақстан ағартушы-демократтарының көбісінде кездесетіндей «нағыз» дін немесе рационалдандырылған дін позициясынан сынады. Дінбасылары насихаттап жүрген соқыр сеніміне Абай ақыл мен танымды қарсы қойды.

Абай - Жаңа дәуірдің перзенті. Сондықтан ол Орта ғасырлардағы ойшылдардың аскеттік философиясын қабылдамайды. Оның ойынша, егер барлық адамдар тариқат жолына түсіп, материалдық дүниеден бас тартса, онда «дүние ойран» болар еді. «Бұлай болғанда малды кім бағады, дұшпанды кім тоқтатады, киімді кім тоқиды, астықты кім егеді, дүниедегі Алланың пенделері үшін жаратқан қазыналарын кім іздейді»деген сұрақ қойып, ойшыл оны Құдай алдындағы күнә ретінде қарайды. Алайда байлықтың да байлығы болады. Кейбіреулер мал жинау, мүлкін көбейту арқылы басқалардан озып, өзін биікке көтереді. Екіншілер кемтарларға көмектесу, өзін өзгелерден тәуелді еткісі үшін баюға тырысады. Соңғы жолды Құдай қалайды. Нағыз адамға тән биіктеу - ол рухани самғау. Адамның абыройы оның сыртқы әсем киімі мен жүріс- тұрысында емес, оның ішкі таза ниетінде, сол арқылы ғана бізді Құдай таниды. Руханияты биік адам өмірде кездесетін өрескел қиын жағдайлардың өзінде өз абыройын жоғалтпайды. Адамның өз-өзін мадақтауы, басқа адамдарды төмендетуге тырысуы - оның тайыздығын көрсетеді. Дегенмен де «Дүние - үлкен көл, заман - соққан жел», бәрі де өзгерісте болғаннан кейін, ұлы Абай нағыз адам болу үшін болашақ ұрпақтарына өсиет ретінде: «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол», - дейді. Абай таным туралы құнды пікірлер қалдырды. Түйсіктеріміз арқылы дүниеден хабар аламыз, пайда, залалды, айыратын қуаттың аты – ақыл дейді.

Өз халқын шын пейілімен сүйген Абайға ұлтшылдық, діни төзімсіздік жат. Ол өз халқын бір орында тұрып қалмауға, тұйықталмауға, рухани байлықтарын байытуға шақырды. Абайдың өмірі, шығармалары терең адамгершілік мағынаға ие және ағартушылық-тәрбиелік мәні жағынан баға жетпес құнды дүние. Абай – халқымыздың ұлттық мақтанышы. Абай Құнанбаев өзінің аса дарындылығымен, ой өрісінің тереңдігімен, халқына деген қамқорлығымен, әлемге танымал болды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақ халқының философиялық мұрасы. Астана, 2006

2. Д.Кішібеков, Ұ.Сыдықов. Философия. Алматы, 2008

3. http://old.el.kz/m/articles/view

4. ҒарифоллаЕсім. Қазақ философиясының тарихы. Алматы, 2002

5. А.Қасабек. Тарихи-философиялық таным. Алматы, 2002

6. С.Мырзалы. Философия. Алматы, 2010

Таледжан Н.А.

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ

Философия және психология факультетінің 2 курс студенті

(Ғылыми жетекші - аға оқытушы Дагарова Ж.Ө.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет