Сборник научных трудов


ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ САЯСАТ ПЕН ДІННІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ (ИСЛАМ ҮЛГІСІНДЕ)



жүктеу 4.58 Mb.
бет23/23
Дата02.09.2018
өлшемі4.58 Mb.
түріСборник
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ САЯСАТ ПЕН ДІННІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ (ИСЛАМ ҮЛГІСІНДЕ)
Дін мен саясат қоғамдағы өзара байланысты әлеуметтік феномен және олардың арақатынасы қазіргі таңда әлемдегі өткір де өзекті мәселелер қатарына жатады. Саясат пен діннің қатынасынан туындаған мәселелер мен қиындықтар ХХІ ғасырдың ең елеулі оқиғаларының санатына енеді.

Дін Құдайға сеніп, оған құлшылықтар жасаумен ғана шектелген емес, ол қоғамда әр түрлі дүниетаным тудырып, халықтар арасындағы қозғаушы, бастаушы күшке айналған. Әсіресе монотеистік діндер бір-біріне ұқсамайтын, тіпті кейде қарама-қарсы келетін әлеуметтік-саяси көзқарастардың шығуына себепкер болып отырды. Дін дүниені және қоғамда орын алатын басты жағдайларды өзінше түсіндіреді және осының негізінде тұтас бір этникалық бірегейліктің пайда болуына, қоғамның өмір сүру салтының қалыптасуына әсер етеді. Діннің қозғаушы күші мен қоғамдық маңыздылығы да осында.

Бүгінгі күні ислам әлемдегі алдыңғы қатарды алатын христиан дінімен иық теңестіріп, таралу ауқымы кең әрі қуатты діндердің санатына қосылды. В. А. Мельниктің пікірінше, исламның күші үмметінің көптігінде емес (христиан мен буддизм дінін ұстанушылардың санымен шамалас), Мұхаммед пайғамбармен негізі қаланған ұлтқа және нәсілге бөлінбейтін мұсылмандық институционалды біртұтастықта. Ислам дінінде барлық саяси-әлеуметтік көзқарастар Құраннан бастау алады. Одан кейінгі кезекте пайғамбар Мұхаммедтің сүннеттерін басшылыққа алады. Алайда қазіргі таңда ислам діні саясаттың таптырмас құралына айналды әрі қасиетті жазбалардың мән-мағыналары мүддесі саясатпен тығыз байланысты адамдармен бұрмаланып, көптеген теріс бағыттағы, деструктивті сипаттағы діни ұйымдар мен бірлестіктердің құрылуына негіз болды.

Ислам діні бойынша барлық билік Аллаһта. Аллаһбар ғаламды өз заңымен орналастырған және басшының да әрекеті Құран мен пайғамбар сүннетеріне сай болуы керек [1;139]. Бұдан қазіргі діни-саяси ағым панисламизм келіп шығады. Бұл көзқарас алғашқы болып «мұсылман халықтардың діни-саяси бірлестігі» танымын қалыптастырушы Сейд Жамал ад-Дин Афганидің есімімен тығыз байланысты. Панисламизм түсінігіне «Құранның қағидаттарын өмір сүру салтына айналдыруды мақсат еткен ислам әлемінің ауқымды біртұтастығы» деген анықтама береді. Афганидің пікірінше, біріккен мұсылман мемлекетің құру қиын, себебі ол кезде билік жинақталып, бір адамның қолына беріледі, ал ол шешімі табылмас қиын іс [2;90]. Панисламизм ұстанымы ХІХ-ХХ ғасырларда азаттық үшін күресте айтарлықтай маңызға ие болды. Жоғарыда айтылған ұстанымдардың аралығында панарабизм идеясы көрініс береді. Мұның негізінде ислам діні қалыптасқан араб мемлекеттерінің бірлестігін құру идеясы жатыр. Қазіргі таңда ислам дінінің Отаны болып саналатын араб мемлекеттері мұсылмандар арасындағы ұлттық және діни көзқарастардың әралуандығын жеңіп, ислам дінінің бірлестігін құру мақсатын ұстануда. Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі, Ислам істері жөніндегі департаменттің директоры,елші Мұхаммед Ибн Фаиз Аш-Шариф өз баяндамасында: «Исламдық одақтастыққа шақыру ислам және араб мемлекеттерінің бірлестігін құруға, сол арқылы ислам дінінің қорғауында болуды, әлеммен қарым-қатынас орнатуды, бір-бірімізбен дін ілімдері үшін таласты тоқтатуды, әсіресе ядролық қару мен қатігез соғыстарды болдырмауды мақсат етіп қояды» деп жазды [3;65-67].

Дегенмен де Сауд арабиясының исламдық ілімі вахабизм ағымына негізделгендігін естен шығармаған жөн.

Вахабизм ХҮІІІ ғасырда Мұхаммед ибн Абд аль-Ваххабтың ілімінен қалыптасты. Қоғамда вахабизм ағымы бауырмалдыққа, теңдікке, әділдікке шақырады. Алайда өзінің саяси қарсыластарымен дауды шешуде вахабиттер фанатизм мен экстермизм әдістерін қолданады. Экстремизмнің кең таралуына Татарстан Республикасының бас мүфтиінің пікірінше, саударабтық мемлекеттің қаржылай және саяси қолдауы негіз болып отыр. Қазіргі таңда бұрынғы қарсыласқа қолданылған діни шабуыл ғаламдық ауқымға ие болды және басқаларының онымен санасуына тура келуде[4;11].

В.Н.Колотов вахабизм идеясы Ұлыбританиядан бастау алады және аталмыш мемлекеттің басты саяси қарсыластары мұсылман мемлекеттері болғандықтан, олардың арасында өзара дау туғызу мақсатында қолданған деген пікір білдіреді. Ол вахабизмді «қолдан жасалған діни орта» деп түсіндіреді. Вахабиттік көзқарасты енгізу тарихта Осман империясының құлауына, оның бодан аймақтарының бөлініп кетуіне әкелген болатын [5;11-19].

Көптеген зерттеушілер өз еңбектерінде вахабистік ағым мен дәстүрлі исламдық көзқарас арасындағы айырмашылықтарды ашып көрсете алмайды, көптеген мұсылмандар вахабизмді «исламның бірегей үлгісі» ретінде таниды және вахабизм мен исламдық қағидаттардың шын мәнінде бір-біріне мүлдем жат екеніне терең бойлай бермейді. Вахабистік ағымның жастар арасында кең таралу себебін А. Гушер былайша түсіндіреді: «Жастар өз кезегінде қандай да бір нақты мақсатты қажет етеді, шынайы исламда мақсат рухани даму, ал вахабистік ағымда әлемде исламдық тазалық орнату, сол үшін күресу мақсаты қойылған. Жастар, әрине, екінші мақсатты таңдайды, себебі жаратылысынан адам пайдалы іс істеп жүргеніне қанағаттануды қалайды, өзінің қоғамда орны бар екенін анық сезінгісі келеді». Вахабизм «біртұтас дамыған заманға лайық ислам мемлекетін құру» идеясын алға тартады. Исламдық бірлестік шекараға, аймақтарға, ұлтқа бөлінбеуі керек, бір ғана шариғат заңына негізделген мемлекет болуға тиіс деген ұстанымда. Осы «үлгілі ислам мемлекетін» құру мақсатында исламдық көзқарасқа «қарсы келетін» ұстанымдарды түп тамырымен жоюды өз міндеттері, парызы деп есептейді. Вахабиттер өз ілімдеріне қарсы келетін исламдық ілімді ұстанушыларды теріс жолдағы мұсылмандар деп, оларды басқа дін ұстанушылармен қатар қояды, өздерінің қарсыластары деп есептейді. Дәстүрлі исламдағы өзгенің көзқарасын, дүниетанымы мен дінін сыйлау қағидаты, «тек біздік ілім ақиқат» түсінігіне алмасып, өз ағымдарына өзгелерді түрлі жолдар арқылы шақыруға тырысады.

Пәкістандағы «Джамаат-и-ислами» партиясының негізін қалаушы Абдул Ала Маудиди қазіргі замандағы «ислам мемлекеті» концепциясыныңавторы болып табылады.Аталмыш концепция бойынша мемлекет төмендегі төрт негізгі қағидатты ұстануы керек:


  1. Ислам мемлекетінде жоғарғы билік Аллаһқа тән, ал билеуші жердегі билікті жүзеге асырушы өкіл (халиф);

  2. Шариғат – мемлекеттің негізгі заңы;

  3. Әрекет етуші заң шариғатқа қарсы келмеуі керек;

  4. Мемлекет ислам тыйымдарынан асып кетпеуге тиіс.

Вахабистік ағымдағы шариғаттың түсіндірілуі дәстүрлі исламдағы шариғат заңдарынан айтарлықтай ерекшеліктері бар. Вахабизмде мұсылман бұл өмірден ләззат алмауы керек, ол үнемі «кәпірлермен» дін үшін күресіп, сол жолда өзін құрбандыққа байлауға тиіс, «шынайы мұсылманның» іс-әрекеті осындай болмақ деген түсінік қалыптасқан.

Исламды зерттеу бүгінде тек жағымды ғана емес, сонымен бірге жағымсыз жақтарын да қарастырады, исламды тек дін ретінде ғана емес, саясаттың басты қозғаушы күші деп есептейді. Сондай пікірді ұстанатын ең басты мемлекеттердің бірі – Америка Құрама Штаттары. АҚШ өз мәлімдемелерінде тіпті 2001 жылғы қайғылы оқиғадан кейін де исламды дін ретінде құрметтейтіндерін жеткізіп отырды. Алайда АҚШ мемлекетінің Ауғанстан мен Ирактағы әрекеттері шынайы көзқарастарын айна-қатесіз көрсетіп берді.

Экстремистік топтар радикалды ұстанымды басшылыққа ала отырып өз әрекеттерін 1990-жылдарда белсендендіре бастады. Олардың басты мақсаты «әлемді исламдық тәртіпке» шақыру болды, басты қаруы ретінде террорды қолданды. Террорлық әдісті қолдану экстремистерге дейін де болған, бірақ ол саяси тығырықтан шығудың жолы болып табылды. Ал қазіргі таңда террор тек бір немесе бірнеше мемлекетке қарсы қолданылған қару емес, барша әлемдік жүйеге шабуыл болып отыр. Демократия террористерге қолайлы жағдай жасап берді. Бүгінгі заманның жетістіктерін олар өз мақсаттарында оңай пайдалануда (ғаламтор желісі, шетел азаматтарына мемлекетке еркін өтуі, техника жетістіктері).

Исламдық экстремизмге басқа терроризмдерден өзге мынадай ерекшеліктер тән:



  1. Халықаралық сипат;

  2. Жүзеге аспайтын мақсат (экстремистер әлемде «әділдік орнатамыз» және адамдардың теңдігіне қол жеткіземіз пікірін ұстанады, дегенмен өздері қолданатын тәсілдер өз ұстанымдарына қарама-қайшы);

  3. Көп адамды жоюға бағытталған қатігездік;

  4. Өміршеңдігі, әлемге қарсы күресе отырып, бірнеше елдердің біріккен экстремизмге қарсы шараларына қарамастан, ұстанушылардың көптігі және жүйеленгендігі.

Экстремистердің экспансиясы келесі түрде жүзеге асады:

  1. Радикалды бағыттағы жоғарғы билікке оппозициялы діни-саяси ұйымдарды құру (А.Игнатеньконың пікірінше, әлемнің әр түрлі елдерінде 200-ден астам экстремистік ұйымдар бар);

  2. Исламдықруханиятқа миссионерлер, дін өкілдері арқылы ықпал ету, ол үшін түрлі елдерде вахабистік ағымдағы мешіттер салу, медреселер ашу, жастарды Таяу Шығысқа оқуға жіберу;

  3. Орталық биліктің ұстанымы әлсіз мемлекеттерде исламдық тұғырлылықты бекіту (Ауғанстан, Тәжікстандағы Тавильдариндік аймақ, Грузиядағы Панкисс аймағы, Дағыстандағы Кадар аумағы).

Радикалдардың өз мақсаттарына жету үшін адам өмірін, тіпті бір тұтас ұлттың өмірін құрбандыққа шалуы әбден мүмкін. Экстремистік топтар саяси мүдденің құралы ғана болып табылады. [6;9-15].

Дін мен саясаттың негізінде туындап отырған мәселелер өте күрделі әрі алдын алу шараларын жүзеге асыруды қажет етеді. Егер діннің саясаттың ықпалды құралы екенін ескеретін болсақ, радикалды ағымның әлемде таралуы ғаламдық саяси жүйеге өз әсерін тигізбей қоймайтындығына көзіміз анық жетеді. Бізге дейін тарихта болған «біртұтас мемлекет құру» мақсатында халықтарды азаттығынан айырып, бодан қылған, саяси және әлеуметтік, этникалық жүйесін күйреткен оқиғалар баршылық. Дәлел ретінде Екінші дүниежүзілік соғысты мысалға алуға болады. Ол фашистік идея ұстанған шағын топтың әлемді билеуге деген ұмтылысы болды, олар да өздеріне «дамыған мемлекет құруды» мақсат етіп қойды. Қандай түрде болмасын, фашизм немесе экстремизм болсын, барлығы қатігездікке құрылған, бір-біріне ұқсас, бағыттары бір жерден шығатын, адамзаттың өзі ойлап тапқанөзіне қарсы саясат болып табылады. ХХІ ғасырда ең маңыздысы –әлемде әділдік пен бейбітшіліктің орнығуына қол жеткізу. Аталмыш мақсатқа жету үшін дін мен саясаттың аражігін ажыратып алған жөн.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Мельник В.А.«Современный словарь по политологии. – Минск: Книжный Дом, 2004. – 635 с.

2. Степанянц М.Т. Ислам в философской и общественной мысли зарубежного Востока (XIX – XX вв.). – М.: Наука, 1974. – 344 с.

3. Шарипова Р.М. Панисламизм сегодня. Идеология и практика Лиги исламского мира. – М.: Наука, 1986. – 248 с.

4. Ваххабизм: понимание корней и ролевых моделей исламского экстремизма. – Казань: Иман, 2005. – 20 с.

5. Колотов В.Н. Классические религиоведческие методики и изучение новых религий: опыт политологического анализа на примере Вьетнама // Религиоведение. – 2005. – № 4.

6. Гушер А. Уроки Нальчика // Азия и Африка сегодня. – 2006. – № 5.

Төлеубай А.Ж.

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ

Философия және психология факультетінің 2 курс студенті

(Ғылыми жетекші - Дагарова Ж.Ө.)
ТОМАС ГОББСТЫҢ «ЛЕВИАФАН»

АТТЫ ЕҢБЕГІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ КӨЗҚАРАС

Қайта өрлеу және Жаңа замандағы саяси ойлардың басты ерекшелігі, бұған дейінгі саяси ойшылдар сияқты «жақсы өмірді» аңсау мен тұлғаның сыртқы күштерге деген тәуелділігі емес, керісінше, оларды мемлекет пен оның пайда болу мәселесі қатты қызықтырды.

Қайта өрлеу және Жаңа заман дәуіріндегі реформалық үрдістердің нәтижесінде әлеуметтік мәдениеттің жаңаша үлгілері жасалды, олар өз заманындағы дамыған бүкіл өркениеттік құндылықтар қатарына енді. Бұл заманның ойшылдары өздерінің мемлекет, құқық, заң сияқты түсініктерін қалыптастыруда антикалық өркениеттің рухани мұраларына сүйенеді. Антикалақ мұралар жаңа мемлекеттің үлгілерін іздестіруге негіз болды. Өйткені бұл үлгілер қайта өрлеу заманында өмір сүрген адамдарға жаңа мәселелерді шешу үшін қажет болды [1].

Қоғамның, мемлекеттің пайда болуын «Левиафан» атты еңбегінде жан - жақты қарастырған жаңа замандағы саяси ойшалдардың бірі - Томас Гоббс. Бұл Томас Гоббстың саяси-әлеуметтік, қоғамдық көзқарастарын айқындайтын шығармасы. Гоббстың ойынша, адам физикалық қана емес, моральдық, рухани дене, жасанды көптеген денелерді жасаушы, мәдениет өркениетін қалыптастырушы. Осы жасанды денелердің арасындағы маңыздысы және күрделісі — мемлекет. Саяси ойлар бірте-бірте діни және философиялық көзқарастардан айырылып, сана болмыстың негізі ретінде қарастырылып, заңдар оның құралына айналуы керек деген қағида бірінші кезекке қойылды. «Левиафан» еңбегінде ол мемлекетке дейінгі жағдайды мағынасыз, көріксіз, хаос түрінде, жанжалдық жағдайда болды деп түсіндірді. Бұл жағдайдан шығудың ең басты жолы – қоғамдық келісім деп есептеді. Қоғамдық келісім патша және оның қол астындағылар арасында жасалуы керек. Қарапайым халық сыртқы және ішкі жаулардан қорғану үшін өздерінің барлық табиғи құқықтарын монархқа беруге тиіс деп түсінді. Ал патша өз тарапынан халықты басқалардан қорғай алатындай заң кепілі болуын қалады. Тек сол кезде ғана қоғамда тұрақтылық пен даму болады деп түсіндірді. Патша осы талаптарды түгел орындаған жағдайда ғана оның қол астындағылары оған түгелдей бағынуға тиісті, ал егер де ол өз қызметін дұрыс орындамаған жағдайда, халық оны орнынан алып тастауға, яғни тақтан тайдыруға құқылы деп есептеді.

Алғашында мемлекет те, жекеменшек те, қоғам да болмаған, тек адамдардың табиғи құқы болғанда адам өз қызықушылығы, өзінің өмірін сақтап калу үшін еш нәрседен шектелмеген. Сол кезді Гоббс қоғамды адам қызығушылығынан болатын бір жамандық ретінде қарастырды. Сондықтан мұндай жағдайда әр адам өмірге керек құндылықтарды өзіне тартқаннан кейін, «бәрінің бәріне қарсы соғысы» басталып, адамдар бір-бірін қасқырдай көрді. Мұндай жағдайда адамдардың өз-өздерін құрту қаупі туып, табиғи жағдайдан азаматтық мемлекеттік деңгейге көшу қажеттігі пайда болады. Яғни, Гоббс мемлекетті адамзаттың іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болып, жан - жақты дамыған құқық деп түсіндірді [2;147].

Томас Гоббс құқық пен заңның арасындағы айырмашылықты анық байқаған. Бір жағынан, мемлекетте заңдылық, тәртіп болуы керек. Екінші жағынан, заңдар мөлшерден шығып, барлық қоғамдағы қарым-қатынастарды ретке келтіруге тырысса, онда адамдардың белсенділігіне нұқсан келеді. Бұл жерде бір мезетте екі жағдайды қарастырып, шешуге тырысты. Яғни, мемлекетте халыққа заңдылық күші жүруі керек, бірақ оның да бер шегі болады, себебі тым қатаң заңдар адамдардың жан - жақты дамуына, қоғамға деген үлесін қосуға бөгет жасайды. Сондықтан заңдар ақыл-ой елегінен өткен қажетті қатынастарды ғана ретке келтіруге тиіс.

Дегенмен, бір қоғам, мемлекет болу оңай емес. Мемлекет болғаннан кейін барлығы тең, біркелкі болу керек. Әр азаматтың ар-намысын, бостандығын, теңдігін қорғау, қоғамда үстемдігін калыптастыра отырып, халықтың әлеуметтік жағдайын жан-жақты жақсартуы керек. Есесіне, әрбір адам өзінің азаматтық міндеттерін орындау керек. Егер адамдар өздерінің еркімен жүріп, тек өздерін қызықтыратын заттармен айналысса, бір қоғам, мемлекет болу қиынға соғады. Жалпы адамдар әлеуметтік тұрғыдан, саяси тұрғыдан болсын, адамдар бір орталыққа бағынып, мемлекет дәрежесін сақтауы керек.

Адамдардың мемлекеттікке өтуінде олардың табиғатында бар заң үлкен рөл атқарады. Ол моральдың «Алтын ережесі» - «өзіңе тілемейтінді басқаға да жасама». Бұл тәрбиелік мәні зор сөз. Өзге адамдардың басына жамандық тілемеген жөн, себебі ол уақыт өте келе сол адамның өз басына қайтып келеді. Бұл өмірде адамгершіл болу - ең асыл қасиеттердің бірі. Ешкімге жамандық, қиянат жасамау, керісінше, жақсылыққа, жан тазалығына икем болу керек. Сол кезде адамзат баласының арасында ұрыс-керіс, бір-біріне деген жек көрініш сезімі болмайды. Ол деген оңай емес, дегенмен адамдар қайырымды болулары тиіс. Адамдарды материалдық тұрғыдан емес, оның ішкі жан дүниесінің қаншалықты кең, бай, мейірімді екеніне қарап салыстыру керек.

Томас Гоббстың түсінігінше, мемлекет эгоистік табиғатқа ие адамдарды уысында ұстайтын, қоғамдық келісімге негізделген билік. Мұндай билік болмаса, адамдар қоғамдағы өмірлеріне еш қанағаттанбайды, керісінше, күйзеліс сезіміне толы болады дей отырып, Гоббс тап осындай күйді адамдар өзі күші мен қулығынан өзге басқа кепілдігі болмаған кезде бастарынан кешетіндігін айтады. Оның ойынша, адамдарды қоғамға біріктіретін күш тек қана өзара күрес, үздіксіз соғыстар қаупі, қоғамның бейбіт келісімге келу қажеттілігі. Гоббс адамгершілік ұғымдары мен ережелерінің жалпылық сипатын жоққа шығарады, олардың мазмұны адам өмір сүріп отырған ортаға, уақытқа байланысты деп келтіреді. Басқа адам саған ізгі ниет көрсетіп, жақсылығыңа жақсылықпен жауап берсе ғана адамгершілік ержелерін ұстан. Сенің жақсы істеріңе керісінше іс істеген адамға ізгіліктік көрсету — Гоббстың пікірінше, ақылға сыймайды. Ол адамды өз ақылына сенуге үйретеді, себебі қоғамдық парасатқа сенім жоқ, қоғамдық адамгершілікті биліктің көмегімен қорқыту арқылы ғана қалыптастыруға болады. Мемлекетте де табиғаттағы сияқты күш үстемдік етеді, одан заң туындайды. Мемлекет адамның өмірі мен мүлкін қорғайды, бірақ адамдар оған бағынышты болып, оның үстемдігін мойындауы қажет, сонда ғана бейбіт өмір орнайды, яғни билік пен ақиқат күштінің қолында және мемлекеттік билік шексіз болуы тиіс.

Гоббс жасаған мемлекеттік билік концепциясында көптеген маңызды қағидалар бар. Ол мемлекетті қоғамдық өмір мен мәдениеттің қажетті шарты деп көрсетті. Мемлекеттен тыс жерде — соғыс, өшпенділік қарқынып, кедейлік, қатыгездік, жауыздық, жабайылық, қайырымсыздық көбейеді, ал мемлекетте - ақыл-ой, бейбітшілік, қауіпсіздік, байлық, қайырымдылық, ізгілік, қоғам, білім үстемдігі бар". Оның әлеуметтік философиясының көптеген бағыттары замандастары тарапынан қолдауға ие болған жоқ. Гоббстың адамдық тіршілік иесін қозғалыстағы материяның бір құрамды бөлігі ретінде қарауы, адам табиғаттың ауыр бейнесін суреттеуі, абсолютті билікті қорғауы және билік егемендігінің Құдайлық сипатын жоққа шығаруы басқалардың қарсылығына тап болды. Соған қарамастан оның саяси-құқықтық идеяларының маныздылығы одан кейінгі қоғам тарихын көрсетті[3].

Гоббстың «Левиафан» еңбегіндегі өзекті мәселелердің бірі- теңдік мәселесі. Қазіргі кезде теңсіздік теңдікті басуда. Табиғат барлық адамды физикалық тұрғысынан болсын, ақыл-ой қабілеті тұрғысынан болсын тең дәрежеде жаратты. Бірақ, қазіргі кезде адамдар өз мақсаттарына жету үшін бір-бірін асырғысы келіп, кез - келген жерде озық болғысы келеді. Соның нәтижесінде адамдар арасында түсінісіздік пайда болып, соғысқа айналады. Адам арасында соғыстың болуының негізгі үш себебі көрсетіледі: біріншіден, бәсекелестік, екіншіден, сенімсіздік, үшіншіден, даңққа құмарлық. Бұл жерде адамдардың өз өмірінің қауіпсіздігі үшін бір - біріне қарсы шыға отырып, бәсекелестік, өзара сенімсіздік пайда болады. Қазіргі таңда қай елде болмасын әлеуметтік теңсіздік бар. Осы теңсіздіктің нәтижесінде қоғам арасында кикілжіңдер пайда болады. Бай болсаң, сәйкесінше, кез - келген нәрсеге қол жеткізе аласың. Қоғамның әлеуметтік құрылымы жайлы сөз қозғағанда, қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екенін байқауға болады. Бұны әділетсіздік ретінде бағалауға болады.

Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген тұлғалар мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары. Ал, адамдарды ішкі жан дүниесіне қарап бағалау, еш жерде қаралмайтыны өкінішті.

Қазіргі тәуелсіз еліміздің Конституциясындағы бабтарына сәйкес:

- Барлық адам өзінің абыройы мен құқығы жөнінен бір-бірімен тең әрі азат болып туады. Оларға ақыл-ой мен ар-ождан берілген, ендеше бір-бірімен бауырмалдық рухында ғана қарым-қатынас жасауға тиісті (1-бап).

- Әрбір адамның өмір сүруге, еркіндікке және қол сұғылмайтын дербестікке құқығы бар (3 -бап).

-Барлық адам заң алдында тең және ешқандай айырмасыз заңды түрде теңдей қорғалуға құқылы (7-бап). Дегенмен, бұл көп жағдайда қағаз жүзінде ғана көрсетіледі, шын мәнінде айтарлықтай емес.

Адамдар заң алдында тең болуы керек. Себебі, ешкім ешкімнен кем емес. Алайда, барлығы ойлағандай болмайды. Себебі әлеуметтік теңсіздік болған, бар және болады да, оны жою мүмкін емес.

«Левиафанда» қозғалатын тағы бір мәселе - еркіндік туралы. Бұл бөлімде «еркіндік - белгілі бір мақсатқа жетуге ішкі кедергілердің болмауы» деп түсіндіреді. Бұл жерде еркіндік қажеттілікпен бірлесіп тұр. Мысалы, еш кедергілер болмаса, су таудан астыға қажеттілікпен ағады, себебі ол еркін. Адам не істегісі келсе, соны істейді, себебі ол өз еркі, бірақ адам Құдай нені қаласа, соны істеуге мәжбүр дейді. Шынымен де, адамның белгілі бір шешім қабылдауға, бір әрекетке баруға, қандай да бір істі істеуі өз еркінде, алайда кез-келген нәрсенің шегі, жиегі болады. Сол шектен аспай, жөнімен өмір сүріп, өз айналасына, қоршаған ортаға үлесін қосу керек.

Томас Гоббс көрсеткендей, тұлғаның қоғамдық саяси өмірге белсене араласуының жан-жақты маңызы бар. Мұндай қатынас арқылы адамның барлық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасалады. Азамттық қоғам мен саяси институттардың арасында тығыз байланыс орнайды. Қоғам мүшелері мемлекет істерін басқару арқылы өз мүдделерін ғана қанағаттандыруға, мемлекет құрылымдарының қызметіне бақылау жасауға, олардың бюрократияланып, шектен шықпауына әсер етеді.

Гоббстың пікірі бойынша, күшті орталықтандырылған мемлекет барлық жеке тұлғалардың қатысуымен жасалатын қоғамдық шарт негізінде құрылады. Мұндай мемлекет елдегі саяси тәртіп пен азаматтардың қаупісіздігін және тұрмыс тіршілігін қамтамасыз етеді. Қоғамдық шарт "бүкіл билікті шоғырландыру немесе оны бір адамның қолына беру арқылы" ғана бейбіт өмір орната алады деді.

Қорытындыны Гоббстың жаратылыс заңдарымен жасауға болады. "Бейбітшілікке ұмтылу, бейбітшілік мүддесі мен өзін-өзі қорғау, қажет етсе, әркім өзінің құқынан қажетті тұрғыдан бас тартуы қажет,адамдар өздері келіскен келісімді орындаулары керек" деп Томас Гоббс көрсеткендей, қазіргі заманда бейбітшілік өте маңызды. Бұл мәселе адамдардың өз қолында. Егер, қоғамда әлеуметтік теңсіздік азайып, бейбітшілік орнаса, қоғам да, мемлекет жақсы тұрғыдан дамып, жоғары белестерге жетеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. http://iph.kz/doc/ru/722.pdf

2. Әлемдік философиялық мұра. «Жаңа дәуір философиясы»,2006. - 6 том.

3. http://referattar.kazaksha.info



Шарипова А.,

студентка 2 курса химического факультета

КарГУ им. Е.А. Букетова

(Научный руководитель – ст. преподаватель Жусупова Б.Ж.)
ФИЛОСОФИЯ И НОВЫЙ МИРОВОЙ ПОРЯДОК
Ницше писал: «Если философия и оказывала помощь, служила спасением и поддержкой, то исключительно для здоровых народов; состояние же больных философия только ухудшала. Если какой-нибудь народ был истощен, если между ним и его отдельными членами существовала лишь слабая связь, философия никогда не была в состоянии сделать эту связь теснее. Если народ намеревался держаться в стороне и ограждать себя оплотом самоудовлетворения, философия всегда была готова еще более изолировать его, и тем еще более способствовать его гибели. Философия опасна в тех случаях, когда не облечена всеми своими правами, а только здоровье народа, и при том не всякого, дает ей эти права» [1; 235]. Справедливость этих слов подтвердила сама история. Достаточно вспомнить, во что превратилась философия Маркса в СССР и философия самого Ницше в гитлеровской Германии.

Надо полагать, что под слабостью народа Ницше имеет в виду отсутствие у него единства самосознания, гарантирующего возможность бытия народа в качестве субъекта международного политического процесса. Ситуация, которая складывается в современном мире, демонстрирует приблизительно ту же картину, что и во времена кризисных периодов мировой истории. Глобализация, как один из главных вызовов времени, все больше обнаруживает свой конфликтогенный потенциал. В условиях, когда технологическое развитие уже миновало точку сингулярности, модернизация разных стран становится насущной необходимостью [2;16]. В этой связи возникает необходимость создания единой концептуальной платформы для формирования на ее основе столь востребованного нового мирового порядка. За этим политики и обращаются к философам. Ведь сфера компетенции философии — это именно идеи. Здесь-то и возникает основная проблема, решение которой во многом обеспечит позитивную перспективу будущего развития мира.

Дело в том, что для полноты своего осуществления идеи требуют понимания как со стороны авторов, так и со стороны исполнителей. Подлинное же понимание - всегда индивидуальный акт присвоения реальности [3;302]. И в этом отношении понятое не может быть введено в коллективную практику. Поэтому любая попытка претворить духовное или философское учение в социальную реальность - априори неосуществимо. То, о чем говорил, например, Кришнамурти, невозможно реализовать как нормы повседневного поведения [4;114].

Это извечная проблема, которую никак не может решить интеллигенция: с одной стороны ценностное содержание должно быть осознано в личностном порядке, с другой - оно должно стать всеобщей регулятивной функцией. Но нельзя поделиться своим пониманием с другим. Можно только помочь другому понять самому. Это долгий кропотливый процесс. Наличная же действительность требует сиюминутных конкретных мер. Поэтому культура начинает функционировать не как свободный союз сознательных личностей, объективирующих свое индивидуальное понимание в интерсубъектное пространство, а как неосознаваемая рамка человеческой жизнедеятельности, превращающаяся со временем в репрессивный аппарат. В условиях принципиальной непреодолимости зазора между необъективируемым подлинно-внутренним и обязательным налично-действительным любая система идей и ценностей неизбежно превращается в идеологию. Так произошло с христианством, исламом, марксизмом, либерализмом и многими другими замечательными учениями.

Именно поэтому глупо требовать от философии или религии модели и образцы организации для массового общества. Подлинно философские или религиозные социальные основания с необходимостью должны быть осознаны и поняты. Представители же массового общества на это не способны. Насильное внедрение или навязывание - тоже не выход, потому что приводит только к профанации идеи (т.е. к превращению ее в идеологию). Философско-религиозные императивы могут стать основой только для небольших общин, но не для общества. Здесь работает классический закон диалектики: количество определяет качество. Можно рассчитывать на подлинное понимание небольшой группы людей, но никак не толпы.

Единственная форма, которая способна организовывать большие массы людей - это мифология (социальная, политическая, культурная, религиозная и т.д.). Проблема в том, что миф по определению не рефлексивен [5;304]. Человек с мифологическим сознанием не способен ставить под сомнение основания своего сознания. Вот почему любой масштабный проект просвещения обречен на провал. Мыслящим людям это было известно еще в древности. Вспомним Пифагора, который вместо народного образования создал закрытый союз посвященных, или Платона, чья академия была ничем иным как аристократическим клубом, недоступным для плебса [6;418]. 

Поскольку единственной социокультурной функцией интеллигенции является просвещение широких народных масс, а в реальности - это невыполнимо, интеллигенции не остается ничего другого, кроме как стать производителем низкопробного интеллектуального продукта для потребления массового общества. Об этом свидетельствует появление многочисленных телевизионных "бла-бла-бла" шоу и программ (передачи Гордона, "Школа злословия", "К барьеру", "Политика" и т.п.). Другими словами, вместо идеи "народ должен понимать искусство" интеллигенция реализует идею "искусство должно быть понятно народу". Вместо развития культуры происходит адаптация к ее наличному уровню. Вследствие невозможности организации общественного сознания на основе смыслов (а только мифов), главенствующий дискурс в обществе принадлежит не культурологам, а политологам. При этом важно понимать, что политология ничего общего с философией политики не имеет.

Неспособность современного общества видеть дальше наличной ситуации и есть признак его слабости по Ницше. Эту характеристику можно дополнить концептами Ги Дебора и Жана Бодрийяра. Первый писал об «обществе спектакля» [7;201], в котором каждое социальное взаимодействие превращается в акт демонстрации и симуляции, никак не связанный с будущими последствиями. Второй много рассуждал об «экстазе коммуникации» [8;129], ставшем основной чертой современности, когда люди спонтанно организуют интеракцию не с какой-то целью, а ради чистого удовольствия, когда гедонистическо-потребленческая ориентация полностью заменяет классическую телеологию Модерна.

Дело усугубляется тем, что в академической среде до сих пор имеет место семантическая путаница, в рамках которой постмодернистскую философию понимают как адаптацию традиционного философского знания к условиям современности. Отчасти в этом виноваты журналисты и литераторы, занимавшиеся популяризацией идей постмодернизма среди читающего населения. Дабы избежать этой путаницы, необходимо раз и навсегда уяснить, что постмодернизм — это предельная рефлексия Модерна, и эта рефлексия подразумевает его основательное знание. То есть, постмодернизм — это не пафос чистого отрицания, это совершенствование и преодоление предыдущей социокультурной парадигмы. Невозможно быть подлинным постмодернистом без понимания ценностей Модерна. Современные студенты гуманитарных факультетов (будущая интеллектуальная элита) читают Делеза, но забывают о том, что Делез был знатоком стоической и эпикурейской философии, специалистом по Лейбницу и Спинозе. Знание потребляется ими в готовом виде, но путь формирования этого знания (его логика), пройденный автором, читатели не проходят. Результатом такого интеллектуального отчуждения становится феномен «квазипостмодернистского сознания», которым частенько грешат псевдоинтеллектуалы.

При таком плачевном положении вещей уместно вспомнить сентенцию Чосера о том, что «все новое — это хорошо забытое старое». Может быть, настоящей задачей философии в современном мире должна стать старая добрая функция просвещения. И не только неотесанных народных масс, но и поверхностной интеллигенции, часто жертвующей глубиной смысла в угоду красному словцу.

На возможные возражения о том, что проект Просвещения себя исчерпал, мы ответим, что никакого Просвещения в подлинном смысле этого слова не было. Была насильственная агитация, агрессивная деформация традиционного сознания абсурдными идеологическими клише и т. п. Поэтому прежде чем впадать в недоумочный пафос с лозунгами об «инновациях» и «креативности», хорошо было бы тщательно отрефлексировать культурное наследие прошлого, чтобы избежать возможной ситуации, когда «вместе с водой выплескивают и ребенка».

Леви-Строссу приписывают ставшей расхожей фразу о том, что «XXI век будет веком гуманитарных наук или его не будет вообще». Даже если авторство принадлежит не ему, важно обратить внимание на саму логику этого заявления. Оно имплицитно отсылает нас к констатации безусловной дегуманизации, имевшей место в XX веке. Расцвет гуманитарных наук, по всей видимости, есть тот «путь спасения мысли» (Хайдеггер), призванный уберечь культуру от «распада связи времен» (Шекспир).

Наблюдая социокультурные реалии сегодняшней жизни, становится очевидно, что современный человек почти полностью находится во власти сил, стремящихся отнять у него доверие к собственному мышлению. Духовная несамостоятельность царит буквально во всем: в книгах, которые он читает; в людях, которые его окружают; в политических партиях, к которым он принадлежит. Дело усугубляется многосторонней материальной зависимостью, воздействующей на его ментальность таким образом, что, в конце концов, он теряет веру в возможность самостоятельной мысли, да и не видит в ней никакого смысла. Современного человека можно охарактеризовать как сверхзанятое, несобранное, раздробленное существо. Основная проблема заключается в том, что мы не знаем, что предпринять. Гуманитарная мысль все больше обнаруживает тенденцию к аллармизму, но констатация ситуации не меняет суть ситуации.

В условиях, когда происходит тотальное выхолащивание понятия «человек» и редукция его содержания до экономической категории (человеческий капитал) или социальной функции (исполнительный работник; ценный кадр), философия может стать тем ресурсом, который способен вернуть человеку его духовное достоинство. Это первый пункт практической применимости философии в целях формирования нового (регуманизированного) мирового порядка. Ведь с самого начала своего появления отличительным признаком философии был акцент на самостоятельном мышлении. Примечательна в этом отношении и фигура философа. Философ в отличие от жреца – не избранный вышней силой уникум, а просто один из нас, обычных людей, просто глубже понимающий уроки повседневной жизни и формулирующий их в запоминающихся изречениях. При этом важно то, что этому может научиться каждый, было бы желание. То есть здесь не обязательно наличие сверхчеловеческого компонента, богоизбранности или предназначения. В обретении мудрости все зависит только от самого человека: его желания, усердия и целеустремленности.

Проблема современности - это проблема не-понимания. Складывается парадоксальная ситуация: с одной стороны рост человеческих знаний достиг небывалых вершин, с другой стороны — мы не знаем, что нам со всем этим делать, как это употребить на всеобщую пользу. Содержание не может существовать в отрыве от формы. Однако огромное содержание различных наук сегодня функционирует вне способной объединить их в одно целое аксиологичекой формы. Именно поэтому происходит деструктуризация научных, культурных и социальных процессов. Вторым пунктом практической применимости философии может стать ее интегративный потенциал. Философия в своем трансцендентальным измерении может конституировать общие ценностные рамки социокультурной деятельности, создавая, таким образом, вектор общественного развития, в корне отличный от политического.

Проблема — это всегда противоречие двух сторон. Одной из самых насущных проблем современности является проблема столкновения массовой и высокой (классической) культуры. С прискорбием нужно отметить, что агрессивная экспансия масскультуры (антикультуры) девальвирует культуру классическую. В общественном сознании эта ситуация порождает две радикальные позиции. Представителей первой можно определить как снобистски настроенных консерваторов, отказывающих современной культуре в праве на существование (причиной столь неприемлющей враждебности следует считать непонимание). Представители второй позиции — это молодые поколения, находящиеся в положении экскоммуникации с традицией и потому вынужденные воспроивзодить какие-то суррогаты культурных моделей (их непочтительная резкость относительно прошлого также объясняется непониманием). Третьим пунктом практической применимости философии может стать установление диалога между «непонимающими». Поскольку философия в том числе является предельной рефлексией над культурными ценностями, она способна видеть на уровне причин (а не только на уровне следствий, как это делают сами носители культуры). Видение же причины освобождает человека от позиции осуждения или неприятия. Другими словами, философия в культурологическом отношении — метаконтекстуальна. И в этом смысле она способна создавать «третье» пространство коммуникации культур, в котором их различия не кажутся столь несовместимыми. В конечном счете, каждая культура является коллективным способом создания ответов на волнующие всех смысложизненные вопросы. Содержание ответов может разнится. Эта разница и становится основной причиной конфликта. Но эта разность все же вырастает из одного вопрошания, из одной экзистенциальной потребности. То есть причина одна, а следствий много. Достаточно перевести фокус на причину (сущность) и увидеть ее общую для всех природу, чтобы уровень конфликтогенности разнообразия следствий заметно снизился.

Наконец, самый последний и главный пункт настоятельной необходимости применения именно философии в создании нового мирового порядка состоит в том, что только философия способна выходить на уровень онтологии, рассматривая не только отдельные виды сущего, но все сущее в его бытии. Такая способность дает целостность видения, уберегающего от ложных путей, дающего возможность более точного прогноза на будущее и более трезвого отношения к настоящему.

В последнее время можно наблюдать, как мысль мечется из крайности в крайность: сциентисткие лозунги перекрываются антисциентисткими; кто-то предлагает покорять космос, так как Земля уже израсходованный материал, кто-то предлагает избавить природу от вредного воздействия человека. В эпоху тотальных антагонизмов нелишним будет напомнить, что идеалом философии всегда была гармония. Противоречие снимается только в синтезе более высокого порядка. Споры между «физиками» и «лириками» должны прекратиться, чтобы человек уже в недалеком будущем сумел наконец перерасставить ценностные акценты в триаде «природа-общество-мышление». Быть может, пришло время прекратить возвышать «общество» над «природой» или «природу» над «обществом», и наступает пора, когда необходимо уравновесить их в гармоничном единстве под водительством чуткого не-догматического философского мышления.



Список использованной литературы:

    1. Ницше Ф. О философах // О пользе и вреде истории для жизни. – Минск. –1998. – С.235 - 241

    2. Валлерстайн И. Анализ мировых систем и ситуация в современном мире. – Спб.: Университетская книга, 2001. – 416 с.

    3. Мамардашвили М. Эстетика мышления. – М.: Московская школа политических исследований, 2000. – 416 с.

    4. Кришнамурти Д. Первая и последняя свобода. М.:Деком, 2010. – 256 с.

    5. Лосев А. Диалектика мифа. – М.:Мысль, 2008. – 558с.

    6. Шичалин Ю. История античного платонизма. – М.:Греко-латинский кабинет, 2000. – 439 с.

    7. Дебор Г. Общество спектакля. – М.:Логос, 1999. – 224 с.

    8. Бодрийяр Ж. Ecstasy of Communication // The Anti-Aesthetic. Essays on Postmodern Culture / Ed. H. Foster. Port Townsend: Bay Press. – 1983. – P. 126—133. 


Сведения об авторах:


  1. Адилбаева Б.Т. – учитель начальных классов ОКШДС №77

  2. Айтбаев О.А. – кандидат философских наук, профессор кафедры философии и теории культуры КарГУ имени академика Е.А. Букетова

  3. Алимова С.Б. – кандидат философских наук, доцент кафедры политологии и социологии КарГУ имени академика Е.А. Букетова

  4. Аманбеков Н.Ж. - старший преподаватель кафедры политологии и социологии КарГУ имени академика Е.А. Букетова

  5. Ахметова Г.Е. – учитель казахского языка и литературы школы-лицея №101

  6. Беркамалова Б.Н. - учитель русского языка и литературы школы-лицея №101

  7. Булумбаев О.Р. – старший преподаватель кафедры политологии и социологии КарГУ имени академика Е.А. Букетова

  8. Васильева М.В. - учитель КГУ ОШ №66 г. Алматы

  9. Даниярова Д.Н.студентка 2 курса факультета философии и психологии КарГУ имени академика Е.А. Букетова

  10. Донецкая Н.А. – старший преподаватель кафедры философии и теории культуры КарГУ имени академика Е.А. Букетова

  11. Дюсалинова Б.К. – старший преподаватель кафедры философии и теории культуры КарГУ имени академика Е.А. Букетова

  12. Жакин С.М. - магистрант 1 курса специальности «Культурология» КарГУ имени академика Е.А. Букетова

  13. Жумагулов Е.Т. - старший преподаватель кафедры политологии и социологии КарГУ имени академика Е.А. Букетова

  14. Жумасултанова Г.А. - кандидат исторических наук, доцент кафедры политологии и социологии КарГУ имени академика Е.А. Букетова

  15. Жусупова Б.Ж. - старший преподаватель кафедры философии и теории культуры КарГУ имени академика Е.А. Букетова

  16. Жусупова А.Е. – магистрант специальности «Социальная педагогика и самопознание» КарГУ имени академика Е.А.Букетова

  17. Ибраев Н.Ш. - магистрант 1 курса специальности «Философия» КарГУ имени академика Е.А. Букетова

  18. Искаков Е.Р. - старший преподаватель кафедры политологии и социологии КарГУ имени академика Е.А. Букетова

  19. Карабекова Г.С. - учитель русского языка КГКП №42 детского сада «Тілек»

  20. Караконисова С.Г. – старший преподаватель кафедры философии и теории культуры КарГУ имени академика Е.А. Букетова

  21. Карипбаев Б.И. – доктор философских наук, профессор кафедры философии и теории культуры КарГУ имени академика Е.А. Букетова

  22. Колумбаев Б.Е. - доктор философских наук, профессор кафедры философии и теории культуры КарГУ имени академика Е.А. Букетова

  23. Кошербаев Д.Б. - кандидат политических наук, доцент кафедры политологии и социологии КарГУ имени академика Е.А. Букетова

  24. Ку Е.Е. - магистрант 2 курса специальности «Культурология» КарГУ имени академика Е.А. Букетова

  25. Макибай Б. - магистрант 1 курса специальности «Политология» КарГУ имени академика Е.А. Букетова

  26. Момынбекова Ж.Т. – учитель начальных классов школы-лицея №101

  27. Муслимова К.С. - старший преподаватель кафедры политологии и социологии КарГУ имени академика Е.А. Букетова

  28. Мухтарова Ш.М. - доктор педагогических наук, профессор кафедры социальной работы и социальной педагогики КарГУ имени академика Е.А. Букетова

  29. Омаржанова Г.К. - учитель информатики школы-лицея№101

  30. Полевой С.В. - студент 4 курса экономического факультета КарГУ им. Е.А.Букетова

  31. Рамазанова Г.М. – преподаватель кафедры психологии КарГУ имени академика Е.А. Букетова

  32. Саденова А.Б. – учитель истории школы-лицея №101

  33. Садыкова Н.А. - учитель казахского языка и литературы школы-лицея №101

  34. Сисенгалиев К.М. – старший преподаватель кафедры философии и теории культуры КарГУ имени академика Е.А. Букетова

  35. Солощенко П.П. – старший преподаватель кафедры философии и теории культуры КарГУ имени академика Е.А. Букетова

  36. Төлеубай А.Ж. - студентка 2 курса факультета философии и психологии КарГУ имени академика Е.А. Букетова

  37. Феталиева Н.Ю. - старший преподаватель кафедры философии и теории культуры КарГУ имени академика Е.А. Букетова



Содержание

Адилбаева Б.Т. Бастауыш сыныпта жобалау технологиясын қолдану ерекшеліктері................................................................

3


Айтбаев О. Убеждение и вера в познавательной деятельности................................................................................

8


Айтбаев О. О религиозной морали..................................

16

Алимова С. Б. Всемирный индекс счастья как политическая утопия..........................................................................................

24


Алимова С.Б. Непризнанные государства в политической структуре современного мира...................................................

34


Алимова С.Б., Полевой С.В. Народное финансирование как форма социального партнерства в интернете.........................

42


Ахметова Г.Е., Садыкова Н.А. Мектеп оқушыларын рухани адамгершілікке тәрбиелеу .........................................................

49


Беркамалова Б.Н. Использование приемов критического мышления на уроках русского языка и литературы...............

54


Булумбаев О.Р. Проблема сохранения территориальной целостности современной индии в контексте религиозного и этнического сепаратизма.........................................................

61


Васильева М.В. Эстетическое воспитание школьников младших классов.........................................................................

69


Донецкая Н.А. Место религии в современном культурном пространстве................................................................................

75


Дюсалинова Б.К. Психологиялық концепцияларындағы діннің мән-мағынасы..................................................................

82


Жакин С.М. Толерантность в пространстве массовой культуры......................................................................................

87


Zhumagulov E. International experience and Kazakhstan: politics of counteraction against corruption……………………

97


Жумасултанова Г.А. К вопросу о становлении и развитии государственно-конфессиальных отношений в современном Казахстане....................................................................................

108


Жұмасұлтанова Ғ.Ә. Қазақстандық ұлт бірлігі идеясының тарихи және саяси негіздері.......................................................

118


Жусупова Б.Ж. Образование, знания, ценности…………….

126

Ибраев Н. Ш. Диалектика: от чувства к теории и от веры к разуму.........................................................................................

135


Искаков Е.Р., Сисенгалиев К.М. Шығыстағы мұсылмандық саяси-сопылық мәдениеті...........................................................

142


Карабекова Г.С. Трехъязычие в дошкольных учреждениях РК – веление времени.................................................................

150


Карипбаев Б.И. Гуманитарный дискурс как основа модернизации..............................................................................

155


Карипбаев Б.И. Место акмеологии в системе «Наук о культуре»………………………………………………………..

159


Карипбаев Б.И., Жусупова А.Е. Толерантность, как аксиологический приоритет начальной школы.......................

164


Колумбаев Б. Е. Ещё раз: преодоление со-знания……...........

167

Колумбаев Б.Е., Даниярова Д.Н. Исламдағы әйелдің рөлі: құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі..........................

179


Колумбаев Б.Е., Ку Е. Христианская культура и человек постмодерна.................................................................................

184


Кошербаев Д.Б. Білім интеллектуалды капиталдың негізі ретінде..........................................................................................

191


Кусбеков Д.К., Төлеубай А.Ж. Қазақ халқының дүниетанымындағы адам болмысы...........................................

203


Макибай Б. Политико-правовые основания принятия «Концепции укрепления и развития казахстанской идентичности и единства на период 2015-2025 годы».......

208


Момынбекова Ж.Т. Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту...................................

219


Муслимова К.С. Социологиялық теориялардағы әлеуметтену үрдісі ......................................................................

224


Мухтарова Ш.М., Жусупова А.Е. Навыки социального поведения младших школьников в контекстах образовательной программы «Самопознание»........................

231


Омаржанова Г.К. Проектная деятельность учащихся на уроках информатики…………………………………………..

239


Рамазанова Г.М., Аманбеков Н.Ж. Смысл жизни перед лицом смерти…………………………………………………..

248


Саденова А.Б. Использование активных форм на уроках истории.........................................................................................

255


Солощенко П.П. Культурное наследие Великого шелкового пути в духовной модернизации Казахстана.............................

260


Солощенко П.П., Караконисова С.Г. Теоретическая и практическая значимость акмеологических исследований в модернизирующемся обществе.................................................

268


Феталиева Н.Ю. Информационная культура в образовательном пространстве………………………………..

278







Студенческие штудии.....................................................

288


Аринова Д. Б. Конфликт поколений: угроза или норма?........

288


Болат Н. Философия фантастики: понятие и виды................

294

Даниярова Д.Н. Жастарды діни толеранттылыққа тәрбиелеу мәселесі......................................................................

302


Зәкір Н.К. Француз экзистенциализмі: «Адам. Өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі өлтіру»..................................................

305


Карипбаев О.А. Культурно-правовые традиции прошлого как основания современных трансформаций...........................

314


Лисицкая Э., Серикова А. Реальность или гиперреальность?........................................................................

320


Марденов К. Религиозная идентификация молодежи Казахстана: состояние и проблемы…………………………..

328


Одорская А., Гриб К. Некоторые особенности человеческого бытия…………………………………………..

334


Оспан Н.Б. Жапон философиясының тарихи дамуындағы
ерекшеліктері..............................................................................

341


Салимбаева Д. «Сверхчеловек» Ницше………………………

346

Сейтжан Д.З. Абай философиясының мәні............................

352

Таледжан Н.А. Қазіргі замандағы саясат пен діннің өзара байланысы (Ислам үлгісінде)....................................................

358


Төлеубай А.Ж. Томас Гоббстың «Левиафан» атты еңбегіндегі әлеуметтік-саяси көзқарас......................................

364


Шарипова А. Философия и новый мировой порядок ……….

369


Сведения об авторах...................................................................

378

Научное издание

ПОСТМОДЕРН___Ғылыми_еңбектер_жинағы__Гуманитарлық_ғылымдар'>МӘДЕНИЕТ. ӨРКЕНИЕТ. ПОСТМОДЕРН

Ғылыми еңбектер жинағы

Гуманитарлық ғылымдар

9-шығарылым



КУЛЬТУРА. ЦИВИЛИЗАЦИЯ.

ПОСТМОДЕРН

Сборник научных трудов

Гуманитарные науки

Выпуск 9


Отпечатано с авторского оригинала


Под­пи­са­но в пе­чать 03.05.2017 г. Фор­мат 6084 1/16. Бу­ма­га оф­сет­ная.

Объ­ем 24,7 п.л. Ти­раж 50 экз. За­каз №473.



От­пе­ча­та­но в ти­пог­ра­фии Из­да­тель­ства Кар­ГУ им. Е.А.Бу­ке­то­ва
100012, г. Ка­ра­ган­да, ул. Го­го­ля, 38




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет