Сборник текстов на казахском, русском, английском языках для формирования навыков по видам речевой деятельности обучающихся уровней среднего образования



жүктеу 7.37 Mb.
бет3/67
Дата13.09.2017
өлшемі7.37 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67

Мамандық деген не?
Мамандық – қызметкердің кәсіп шегіндегі қызметінің нақты саласы. Ол лауазымнан өзгеше түрде белгілі бір білімді және арнаулы түрде оқып-үйрену немесе жұмыс тәжірибесін жинақтау барысында алған еңбек машықтарын талап ететін еңбек қызметінің тегін сипаттайды. Лауазымдық міндеттердің шеңберін айқындайды. Мамандық қызметкер еңбегінің бүкіл шеңберін қамтығанда ол кәсіп ұғымына сай келеді.

Мамандық - адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-әрекетінің түрі.[

Маман – ұйымның инженерлік-техникалық, экономикалық және басқа да жұмыстарымен айналысатын қызметкері. Маман, әдетте, жоғары немесе арнаулы орта білімді болады.

Атап айтқанда, агроном, бухгалтер, геолог, инженер,  математик,  механик,  техник, физиолог, суретші, экономист, энергетик, мұғалім, дәрігер, т.б. Мамандардың негізгі міндеті – өздеріндегі арнаулы кәсіби даярлық негізінде жекелеген өндірістік, әлеуметтік немесе басқарушылық мәселелер бойынша шешімдердің нұсқаларын, ұсыныстар әзірлеу, қорытынды жасау және орындау. Қайсыбір істі егжей-тегжейлі білетін қызметкерді де, белгілі бір мамандықтың өкілін де маман деп атайды.


Ақын
Ақын – поэзиялық туындыларды ауызша айтып не жазып шығаратын өнер иесі, халықтың көркемдік талғамын қалыптастырып, жалғастыратын сөз шебері.

Ақын ұғымының жырау, жыршы, өлеңші сияқты ұғымдардан ауқымы кең, ол солардың бәрін қамтиды. Ауыз әдебиетінде ақын өлең, жыр-дастандарды шығарушы да, айтып таратушы да болған. Халықтың сөз өнерінде ертеден қалыптасқан дәстүр бойынша шынайы ақындар өлеңді табан астында суырып салып айтқан. Ондай жағдайда өлеңді, жырды домбыранемесе қобыз сияқты музыка аспаптарына қосылып орындаған. Оларды халық әдебиетінің дәстүрлерін сақтайды деген мағынада біздің заманымызда “халық ақыны” деп атайтын болды.

Қазақ халқының ЖамбылНұрпейісКенен Әзірбаев т.б. ақындары көптеген мұра қалдырған. Олар жыршылық өнерді де меңгеріп, кейде ұзақ дастан-жырларды жатқа айтқан. Мұндай ақындар тек қазақ халқында ғана емес, туысқан қырғыз, қарақалпақ халықтарында да кездеседі. Ақын деп жазба әдебиетінің өкілін де атайды. Бірақ мұндағы ақынның тұлғасы мүлде басқа. Жазба әдебиет өкілдерін алсақ, бұлардың өмір шындығын бейнелеу әдісі, көркемдік ой жүйесі, қолданатын жанрлары, стиль, тіл өзгешелігі қай жағынан да жаңа, соны қасиет-сипаттар мол.

Қазақ әдебиетінде жазба әдебиетінің дәстүрін жан-жақты қалыптастырып дамытуға Абайдан бастап,  С.ТорайғыровА.БайтұрсынұлыМ.Дулатұлы, М.ЖұмабаевС.СейфуллинІ.Жансүгіров сияқты көптеген ақындар өз үлесін қосқан.


Төрт мезгіл

(Ертегі)
Ерте, ерте, ертеде атақты Жыл ақсақалдың екі ұлы, екі қызы болыпты. Төртеуінің мінезі төрт түрлі екен.

Үлкені Қыс тентек,ашулы, қатал болған екен.

Одан кішісі Көктемгүл көңілді ашық, жарқын мінезімен,асқан сұлулығымен көрген жанның аузының аузының суын құртыпты. Жүрген жерін майдай ерітіп, гүлжазираға, әсем әнге бөлейді екен.

Одан кішісі Жазгүлдің даңқы жайдары,салмақты мінезімен шығыпты. Жүрген жері думан екен. Бұл да мәрттіктен алдына жан салмапты.

Кенжесі Күз, ерке болып өскендікі ме, мінезі сылбыр, көңілшек болыпты. Болмашы нәрсеге өкпелеп, аузы бұртиып, қабағы түйіліп, көзінен бырт-бырт жас тамшылап шыға келеді екен. Бірақ бір жақсысы, қолы ашық, жомарт болыпты.

Жыл ақсақал төртеуін де өте жақсы көріп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бағып-қағып, еркін өсіріпті.

Перзенттері де оны қатты құрметтеп, сыйлайды екен.

Ұлдары мен қыздары есейгеннен кейін, Жыл ақсақал оларды алдына шақырыпты.

- Ұлдарым мен қыздарым! Ақылдарың толысты, буындарың бекіді. Оңды-солды таныдыңдар. Енді мен сендердің келешектеріне үлкен сенім артып, зор міндет жүктегелі отырмын. Қалай көресіңдер? – деп, ол ұлдары мен қыздарына сынай қарапты.

- Сонысымен үш ай кезекпен жұмыс істейтін боласыңдар. Ал, жолдарың болсын! Бірақ та,бір ескертерім сол, әрқашан халық үшін, адамдар үшін қызмет ететіндеріңді ұмытпаңдар, - деді де, Жыл ақсақал орнынан тұруға ыңғайланды.

Содан бері жылдың төрт мезгілі – көктем, жаз, күз, қыс адамдарға қалтықсыз қызмет етумен келеді.


Жыл мезгілдері
Ерте, ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде Ақ жайықтың жағасында еліне елеулі, халқына қалаулы, бір домалақ ана өмір сүріпті. Сол анадан тараған төрт қыз бар екен. Олардың ай ауыз десе аузы, күндей жарқыраған көзі бар. Дүниенің сұлулығын өздеріне дарытқан сұлу қыздары болыпты.

Анасы жақсы тәрбие беріпті, Үлкен қызының аты «Көктем». Ол ақ жарқын, мінезі нәзік. Екінші қыз «Жаз» жарқырап, жайдарлы, әр уақытта күлімдеп, нұрын шашып жүреді. Үшінші қызы «Күз» басқа қыздарға қарағанда жылауық, жаңбырлы болады, бірақ қолы ашық мырза екен. Ал кіші қызы «Қыс» басқа қыздарына қарағанда салқын, қаталдау.

Қыздары бой жетіп, саналы да салмақты қыз болып өсіпті. Осы қыздарын домалақ ана өздерінің құтты орындарына қондырыпты.

Үлкен қызы арыстай үш ұл туып, үшеуі де ел қорғаған батыр болыпты.

Екінші қызы үш қыз туып үшеуі де адамзатқа жан жылуын сыйлай білетін мейірімді қыздар атаныпты.

Үшінші қызы жаздай жайдарлы үш қызды дүниеге әкеліпті.

Төртінші қызы берекесі мен ырысы мол, қолдары ашық, келген қонақты қадір тұтатын, қонақжай үш қыз өсіріпті.

Осы төрт қыздан өрбіген ұрпақтары елге, халыққа пайдасын тигізіп, ел аузында аттары аңызға айналыпты. Олар жылдың төрт мезгілі мен он екі айы екен.


Көктем
Көктем –жылдың төрт мезгілінің бірі.

Көктемнаурыз,сәуір,мамыр айларын қамтиды. Қыс мезгілінен кейін келетін жазға дейінгі кезең. Күнтізбелік, яғни астрономиялық көктем күн мен түннің теңесуінен басталады. Күн мен түн уақыттарының теңесуі көбінесе наурыздың 20-сына келеді.

Қазақ халқының дәстүрлі күнтізбесі бойынша жыл басы Көктемде 22 наурыздан, табиғаттың жандануымен басталады. Астрономиялық тұрғыдан Көктем 93 күнге (22.3 – 22.6) созылады.

Көктемде күн ұзарып, ауа райының жылуынан қар еріп, тоң жібиді, жауын-шашын мол жауады, соның салдарынан көбінесе су тасиды. Көктемде жалпы тіршілік иелерінің жандануы, тірілуі басталады, жәндіктер мен хайуанаттар қысқы ұйқысынан оянып, тіршілігін бастайды, мал төлдеп, жыл құстары оралады, жер бетіне көк шығады, жеміс ағаштары бүршік атып гүлдейді. Жер жырту, ағаш отырғызу, егін егу, т.б. ауыл шаруашылығы жұмыстары жүргізіледі.



Қазақстан Республикасы аумағында географиялық ерекшеліктеріне байланысты Көктем оңтүстік аймақтарда ерте, солтүстік аймақтарда кеш келеді. Қар жамылғысы оңтүстік аймақта ақпан, Орталық Қазақстанда наурыз, солтүстікте сәуір айында ери бастайды.
Жер сілкінісі
Жер сілкіну, жер сілкінісі— жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі.

Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді. Оның туындауына және дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар деп атайды.

Сейсмикалық толқындар қумакөлденең және беттік толқындар болып үшке бөлінеді.

Сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы тау жыныстарының құрамына, құрылымына және физикалық жағдайына байланысты болады.

Қума толқындардың таралу жылдамдығы 5 – 6 км/с, көлденең толқындардікі 3 – 4 км/с.

Сейсмикалық толқындар туындатушы жарылымдардың ұзындығы бірнеше км-ден (1966 жылғы Ташкент жерсілкінуінде – 8 км) жүздеген км-ге (1960 жылғы Чилидегі жерсілкіну) дейін жетеді.

Ал 1957 жылғы Гобь Алтайындағы жерсілкінуде жалпы ұзындығы 700 км-дей жарылымдар жүйесі пайда болған.

Жер қыртысында немесе мантияның жоғары бөлігіндегі тау жыныстарының лездік қозғалысқа келуінен жер асты соққысы туындаған орынды жер сілкіну ошағы, ошақтың тереңдіктегі орнын гипоцентр, Жер бетіндегі проекциясында орналасқан ауданды эпицентр деп атайды.



Қазіргі кезде адамның табиғи ортаға ауқымды әсер етуіне (кентасмұнайгаз бен жер асты суларын көп мөлшерде алуы, ядролық жарылыстар, ірі су қоймаларын жасау, т.б.) байланысты техногендік жерсілкіну мүмкіндігі де арта түсуде.
Қоршаған ортаны қорғау
Қоршаған ортаны қорғау– қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды сақтау және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық ісшаралар жүйесі. Қазақстан Республикасында “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заң1997 жылы 5 тамызда қабылданған. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және басқадай қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсеріне жол бермеуге, биологиялық әр алуандылықты сақтауға және табиғатты оңтайлы пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған. 

Қазақстан Республикасының экология қауіпсіздігі туралы мемлекеттік тұжырымдамада (1997) қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделерін ескере отырып, Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды экологияландыруға көшу стратегиясы белгіленген. Қазақстан Республикасының осы стратегияны басшылыққа алып Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды Қазақстан Республикасының Конституциясына негіздеді және ол “Қоршаған ортаны қорғау туралы”, “Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы”, басқа да заңдар мен нормативтік құқықтар актілерінен тұрады. Кейде Қоршаған ортаны қорғау табиғатты қорғау ұғымымен баламалы түрде қолданылады. Бірақ Қоршаған ортаны қорғауға қарағанда табиғатты қорғау ұғымының шеңбері кеңірек.
Табиғатты аялайық
Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі . Табиғат пен адам қатар ұғым . Адамсыз табиғат , табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтады . Табиғат - тіршіліктің құт-берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті. Экологияны қорғау,табиғатты сақтау қазіргі жастардың қолында. Табиғаттың сырын қазіргі кезге дейін ғалымдар зерттеуде. Қазақ халқында табиғатты құрмет тұтады. Қазақтар жұлдыздарға қарап бағыт - бағдарды болжаған. Табиғат біздің асыраушымыз,байлығымыз,күнделікті тынығатын сарайымыз. Табиғат –адамның еңбегінсіз,адам игілігі үшін жаралған жаратылыстың сыйы. Адам- табиғаттың патшасы деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін - асыл ана. Өйткені адам баласы табиғатта,тіршілікте өсіп-өніп, жетілген.Қажетін алып, өз пайдасына жаратқан.

Табиғат –ырыздықтың,ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі , адам денсаулығының сенімді сақинасы. Ұрпақтан –ұрпаққа мол мұра ретінде қалушы.Табиғаттағы жануарлардың мүйізінен немесе өсімдіктің тамырынан халық емшілері дәрі – дәрмектер жасаған сонымен қатар, адам ағзасына дәрінің септігін тиерін анықтаған.


Мен табиғатты сүйемін
Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі . Табиғат пен адам қатар ұғым . Адамсыз табиғат , табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтады . Табиғат - тіршіліктің құт-берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті. Экологияны қорғау,табиғатты сақтау қазіргі жастардың қолында. Табиғаттың сырын қазіргі кезге дейін ғалымдар зерттеуде. Қазақ халқында табиғатты құрмет тұтады. Қазақтар жұлдыздарға қарап бағыт бағдарды болжаған. Табиғат біздің сыраушымыз,байлығымыз,күнделікті тынығатын сарайымыз. Табиғат –адамның еңбегінсіз, адам игілігі үшін жаралған жаратылыстың сыйы. Адам табиғаттың патшасы деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін - асыл ана. Өйткені адам баласы табиғатта,тіршілікте өсіп-өніп, жетілген.Қажетін алып, өз пайдасына жаратқан.

Табиғат –ырыздықтың,ырыс пен мол қазынаның кайнар көзі , адам денсаулығының сенімді сақинасы. Ұрпақтан –ұрпаққа мол мұра ретінде калушы.Табиғаттағы жануарлардың мүйізінен немесе өсімдіктің тамырынан халық емшілері дәрі – дәрмектер жасаган сонымен қатар адам ағзасына дәрінің септігін тиерін анықтаған.


Әлемдік тарту күші
Енді мынадай бір көріністі көз алдыңа елестетіп көр. Диаметрі бес километрлік титтей планетаның – астероидтің үстінде космонавт жүр екен делік. Әне, ол бірдеңенің үстіне шықты. Ол өзінің мұнда жүргенін ұмытып, қуанғаннан секіріп қалып еді, жүздеген метр жоғары көтеріліп кетті. Бұған ыза болған космонавт:

  • Бұл неткен планета еді! қимылдауға мұрсат бермейді... Біздің Жерді айтсаңшы, шіркін! Онда қауіптенбей-ақ емін-еркін жүре бересің! – деп күңк ете түсті. Әлем кеңістігіндегі дененің бәрі бірін-бірі өзіне тартып тұрады. Бұл тарту күші денелердің қашықтығына және салмағына байланысты болады. Адам жеңіл, ал Жер өте ауыр. Жердің адамды өзіне қатты тартып тұратыны да содан. Мықты болсаң Жер бетінен ұшып көрші!

Әлемдік тарту күші дегеніміз – әлем кеңістігінде тұрақты тәртіпті сақтап тұрған күш. Бұл күш көзге көрінбейтін шынжыр сияқты, планеталарды өз орбитасында, Күн төңірегінде байлап-матап ұстайды. Егер бұл күш ғайып болса, планеталар орындарынан ұшып түсіп, беталды лағып кетер еді. Жер беті де қатты бүліншілікке ұшырап, оған мықтап бекімеген дүние-мүліктің бәрі әлем кеңістігін кезіп кетер еді.
Аспани ат
Қазақ ұғымында ғарыш қиял-ғажайып дүниесіне толы болған. Сондағы тіршілік иелерінің бірі – Тұлпар. Аспани аттың көрнекі бейнесі. Құс тәрізді қанаты бар сәйгүлік – көзді ашып жұмғанша қалаған жағына жете алатын ертегі ат. Аспани әлемнің адал да күшті тұлпары адамша сөйлей алады. Олар өз қожайындарына ақыл беріп, көмектескен, қауіп-қатерден сақтандырған, тіпті болашақта болатын жайтты да болжап отырған. Қазақ даласындағы есімдері аңызға айналған батырларға ертегі-аттар сенімді серік болған. Қобыланды батыр – Тайбурыл, Алпамыс батыр – Байшұбар деген тұлпрарды мінген. Ал ағаларын іздеп шығып, кездескен көпқиыншылықты жеңуіне Кендебайдағы Керқұла деген ғажайып аты көмектескен. Сондықтан да Алтын адамның тамаша ертегі «Керқұла атты Кендебай» деп аталады.

Қанатты аттардың бейнелері ежелгі дүние көпенділерінің өнерін көрсететін ескерткіштерде де кездеседі. Олар Алтай өлкесінен табылған сақтардың әсемдік бұйымдарында, Алматы маңынан шыққан атақты Қарғалы тәжінде, Есік қорғанынан алынған Алтын адамның бас киімнде, сақтардың ыдыс-аяқтарында бар.




Құс жолы
Құс жолы (немесе бас әріппен Галактика) — құрамына Күн жүйесі және көптеген жұлдыздар енетін алып аумақты спиральді галактика. Ол шамамен екі жүз миллиард жұлдыздан, сондай-ақ жұлдыз шоғыры мен тобынан, газ бен тозаң тұмандықтарынан және жұлдызаралық кеңістікке таралған жеке атомдар мен түйіршіктерден құралған. Бұлардың үлкен бөлігінің пішіні линза тәріздес, оның көлденеңі шамамен 30 кпк, ал қалыңдығы 4 кпк. Кіші бөлігінің пішіні сфера тәріздес, оның радиусы шамамен 15000 пк. Құс жолы галактикасының барлық құраушылары кіші симметрия осінен айналатын, бірыңғай динамикалық жүйе болып байланысқан.

Жердегі бақылаушыға аспандағы мыңдаған жеке жұлдыздар Құс жолы тәрізді көрінеді. Осыған байланысты біздің галактика Құс жолы жүйесі деп те аталады. Құрамына Күн енетін галактиканы басқа галактикалардан ажырату үшін, оны кейде «біздің галактика» деп те атайды. Кейде Галактика (бас әріппен) деп те жазылады.

Құс жолы — кең, ақшыл жолақ болып тұтасқан орасан көп жұлдыз шоғыры. Алайда аспан сферасына қатарласа проекцияланатын жұлдыздар кеңістікте бір-бірінен алшақ орналасқан. Сондықтан әртүрлі бағытта секундына ондаған, жүздеген километр жылдамдықпен қозғалатындығына қарамастан, олар бір-бірімен ешқашан соқтығыспайды. Жұлдыздардың кеңістікте таралу тығыздығы Галактика полюстерінің бағытында тым аз болады. 



Жұлдызаралық зат та кеңістікке бір қалыпты таралмаған, олардың басым көпшілігі жеке бұлттар мен тұмандықтар түрінде галактикалық жазықтықтың маңына шоғырланған.
Астана – болашақтың қаласы
Астанаға Алматы қаласының көшуі халықтың тығыздығы мен экологиялық жағдайы көп әсер етті. Жаңа астананы таңдау басшылыққа алынған кезде Қазақстанның орталығы Ақмола қаласына орналасу болып табылды. Астананы көшіру Қазақстанды нығайту, бейбітшілігімізді бағыттау болды. Астананы ауыстыру экономикамызды нығайту, дамыту деп санады. Сөйтіп 1994 жылы шілдеде астана солтүстікке Ақмолаға көшіру шешімі қабылданды.

Басқа елдермен шектеу үшін де барлық жағдайлар қарастырылды Астананы көшіру Қазақстанды жаңа тәуелсіз мемлекет деп таныды. Біздің жеріміз, еліміз қауіпсіздік жолында маңызды орын алу қажет. Астана елдің ортасында орналасу керек деп санады. Астананы ауыстыру экономикамызды нығайту, дамыту деп шешті. Қазақстанда тұратын барлық елдер достықпен ынтымақты сақтау бағыты екенін айтты. Астана халқының саны қоныс аударғанда 290 мың адам болатын. Сәулетшілер жаңа ғимараттар, зәулім үйлер, шағын аудандар салуға кірісті. Тәуелсіздік алғаннан кейін, 1992 жылы қалаға тарихи Ақмола атауы берілді. 1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстанның Ел ордасы болып жарияланды. Астана бүгін орталық болса, ертең мәдени-ғылыми орталық болады. Астана жаңа атауымен орын алды. Астананың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі «Қазақстан астананың экономикалық дамуының негізі».

Бүгінгі күні – талантты, жігерлі өзіне снетін арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік-жігері бар жастарға мемлекетіміз жағдай жасап отыр. Еліміздің ертеңгі болашағы біздер. Сондықтан әр азамат халқымыздың, еліміздің, жеріміздің өркендеп - өсуіне зор үлесін қосуда. Астана әрқашан жылдан – жылға гүлдей берсін. Астананың өсіп өнуі, гүлденуі әрине біздің қолымызда.
Тыңдалым

Айтып несіне әуре боласын
Сократқа біреу келіп: – Досың жайлы не естідім айтайын ба? – дейді.

Ол үшін тесттен өту керектігін айтты Сократ.

–Бірінші фильтр – “Шындық филтрі”. Досым туралы айтатының 100 пайыз шындық екеніне сенімдісің бе?

– Жоқ. Негізі біреудің айтқанын естідім де, содан…

–Сен ол әңгіменің өтірік-рас екенін білмейсің. Екінші фильтр -“Жақсылық филтрі”. Досым туралы айтатының жақсы ма әлде..?

– Жоқ, жақсы емес, керісінше…

– Сен рас болып болмағанын білмей тұрып, досым туралы жаман нәрсе айтқың келді ме сонда? Соңғы фильтр – “Керектілік филтрі”. Досым туралы айтатының керегіме жарай ма?

– Білмеймін ғой енді, бәлкім..

Маған айтатының шындық емес, жақсылық емес және қажеттілігім болмаса, оны айтып несіне әуре боласың?
Келетініңді біліп едім!
Әскер қатты оқтың астымен жүгіріп барып, досын арқалап торуыл жаққа әрең дегенде жетеді. Капитан жаралы Әскердің жүрек соғысын тыңдайды да: – Саған “өміріңді қауіпке қойып баруға тұрмайды” демедім бе? Досың бәрі–бір өліп қалды, – дейді. – Жоқ, жолдас капитан, баруға тұрарлық болды, – дейді демін алаған әскер. – Қалайша тұрарлық дейсің? Бұл Әскер өлді, көріп тұрсың ба?! – Бәрі–бір тұрарлық. Өйткені, досымның қасына барғанымда ол әлі тірі еді. Оның соңғы сөздерін есту мен үшін өте маңызды болды, – деді де жылап жіберіп, досыңның соңғы сөздерін қайталады: – “Келетініңді біліп едім! Келетініңді білдім! Рақмет.”
Білместік
Досына қонаққа бара жатқан Тазша бала автобус тоқтар-тоқтамастан, түсіп жатқан жолаушыларды қағып-соғып ішке ұмтылды. Ойы-тезірек бос орынға жайғасу. Отырғаны сол еді, кондуктор бұны жұлқылап тұрғызып жіберді:

-Тұр, үлкендер отырсын. Ақшаңды төле! (Бұл түрін өзгертіп алған Мыстан еді.)

- Менде ақысы алдын ала төленген көлікте жүру билеті бар.

- Оны сен қазір пайдалана алмайсың. - Неге?

-Қазір демалыс кезі, ал ол билет мектепке қатынау үшін ғана берілген. Сондықтан билет ал, - деп кондуктор қасарысып тұрып алды. Сенер – сенбесін білмеген Тазша ақшасын төледі
Түбір мен қосымша
Түбір: - Сенің атың кім? - деп сұрайды.

- Менің атым Қосымша, - дейді. Ол атына таң қалады. Қосымша:

- Ал сенің атың кім? - дейді.

- Менің атым Түбір, - деп айтады. Бір-бірінің атын біліп алғаннан кейін, түбір одан:

- Қосымша екеуміз дос болып, бір үйде тұрайық, - дейді.

Қуана-қуана келіседі. Барлығы бір үйде тұрады. Екеуі айырылмас дос болады.

Олар Қазақ тіліне жұмысқа тұрады. Көптеген қызмет атқарып, баянды өмір кешеді.
Ауыл
Ауыл — дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан қауымдастық. Қазақ халқындағы “Ауыл түбі — бірлік, қауым түбі — тірлік” деген мақал ауылдың этникалық, экономикалық және рухани маңыздылығын білдіреді. Мен даланы қоныс еткен көшпелілер үшін табиғатпен үйлесімді тіршілік ету жеткіліксіз еді. Олардың әлеуметтік ортасы да адамға қолайлы болуы қажет. Бұл қажеттілік жеті аталық үрдіс деп аталатын қоғамдық құрылымды тудырды. Дәстүрлі қазақ ауылы бір атадан тараған (аздаған кірме, қоңсыларды қоспағанда) ру мүшелерінен тұрды. Ауыл ішінде негізінен некелік қатынастарға тыйым салынған. Жеті аталық үрдіс дегеніміз экзогамиялық некенің ең қатты сақталатын түріне жатады.
Ас үйдегі аласапыран
Қарны ашқан Тазша бала тоңазытқыштағы тамақты ысытып ішпек болды. Газды бұрын жағып көрмеген ол пештің құлағын бұрап еді, от жанбады. Не істерін білмеген Тазша бала тоңазытқыштан алма алды да, теледидар көре тұрмақ болып бөлмесіне кіріп кетті. Осы сәтте даладан кірген анасы дереу ас үйге ұмтылды:

- Ойбай-ау, балам-ау, тірісің бе?Анасы газдың шүмегін жауып, терезені шалқасынан ашып тастады. Ашық қалған мұздатқыштың есігін жапты. Жүгіріп келген Тазша бала не бүлдіргенін түсінбей жыпылық-жыпылық етті.

-Ойбай-ау, газдың құлағын ашып қойғаның не?

- Ашса не болады?

- Жанбай ашық қалған көзінен газ шыға береді. Үйдің іші газға толғанда...

Анасының ары қарай түсіндіруге аузы бармай, құр басын шайқай берді. Ал сиқырлы айнасынан бәрін көріп отырған Мыстан ішін басып, жерге домалап ішек-сілесі қата күлді.


Жол қырсығы
Ойындағылары жүзеге аспай жатқанына ызаланған Мыстан долданып, жер тепкілеп жылады. Оның көз жасынан дауыл тұрып, жаңбыр жауды. Жаңбырдың аяғы қарға айналды. Төпелеп жауған қарлы жаңбырдан көзін аша алмай келе жатқан жүргізуші Тазша баланы анадайдан көзі шалып қалды. Дереу тежегішті басқанымен машина біраз жерге тайып келіп, баланы жанай тоқтады. Тазша бала қорыққанынан шалқасынан құлап түсті. Жүргізуші көлігінен атып шығып, баланы көтеріп алды. Бақытына орай, еш жеріне зақым келмепті.
Қауіпті ойын
Бұл жолы Мыстан кемпір немересі Сумұрынды Самат деген баланың бейнесіне енгізіп Тазшаға жіберді.

- О, Самат, халің қалай?

- Жүр, ойнайық. Мен бір қызық ойын ойлап таптым.

- Қандай ойын?

- Машиналардың артына жабысып ұстап аламыз да, сырғанаймыз. Кеттік.
Тілашар
«Тілашар тойына арнап шашу шашады». Әр отбасы баласы 7 жасқа толған соң мектепке оқуға беріледі. Бұл да бала өміріндегі елеулі оқиға, есте қаларлық елеулі кезең болып табылады. Осы күні балаға жаңа киім кигізіп, оқу-жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны дәстүрлі «тілашар» тойы деп атайды. Үлкен кішілер балаға «өстің», «азамат болдың», «алып бол», «ақын бол» деген сияқты тілек білдіріп бата береді. Жаңа киіміне байғазы, тағымдар ұсынады. Бұл тәрбиеден бала өскендігінің белгісі сезінеді, оқуға құмарлығы артады. Жақын-жуық адамдар бала ата-анасына «құтты болсын» айтып, балаға сәт-сапар тілейді.
Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
Өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі қызы болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен. Бірінен-бірі асқан сұлумын деп бірімен-бірі үнемі ұрысысып, жиі-жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға тиісіп:

– Сенен мен сұлумын! - дейді. Ал Айсұлу болса:

– Жоқ, сен сұлу емессің, мен сұлумын! - деп таласады. Ақыр аяғында бұл талас үлкен шатаққа айналады. Ыза қысып, әбден ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырған Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлу тырнағының ізі Айсұлудың бетінде өшпестей болып қалады. Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана тысқа шығады екен. Ал бейбастақтығынан қатты ұятқа батқан Күнсұлу түн қараңғылығында бұғып жатады екен. Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу біріне-бірі көрінбейді.


Каталог: uploads -> doc -> 0a52
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0a52 -> Жантақ өсімдігі туралы жалпы сипаттама
0a52 -> Отбасылық ТӘрбие, оның тарихи негіздері
0a52 -> Өз білімін жетілдіру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет