Сборник текстов на казахском, русском, английском языках для формирования навыков по видам речевой деятельности обучающихся уровней среднего образования


Достық пен татулық – таптырмас бақыт



жүктеу 7.37 Mb.
бет6/67
Дата13.09.2017
өлшемі7.37 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67

Достық пен татулық – таптырмас бақыт


«Халықтың бірлігі – біздің барлық жетістіктеріміздің кілті. Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік»-деп Елбасы айтқандай, көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі және осыған сай Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір. 

Халқымыз достық, ынтымақтастыққа ерекше мән берген. Мемлекеттің мемлекет болуы – бірлікте. Ал бірлік дегенің – халық салты. Елдігіміздің ел болып еңсе түзегеннен бергі қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білуі жеңістен жеңіске жеткізіп келеді. Оған халық пен талайды өткерген тарихымыз куә! Қазақстан мемлекеті көп ұлтты мемлекет. Біздің елімізде 130-дан астам ұлттар тіршілік етуде. Ынтымақ пен бірлікті ту еткен біз татумыз, доспыз.



Туған Отанымыздың экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылығының тірегі болған Қазақстан халқы Ассамблеясы. Ассамблея – еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі бесігі, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы. Ассамблея осы жылдар ішінде байсалды жолдан өтіп, байыпты тәжірибе жинақтады. Ол еліміздегі этносаралық қарым-қатынасты дамытудың іргелі институтына, татулық пен сыйластықтың берекелі берекетіне айналды. Жиырма жылдан асқан тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін Конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды. Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздегі бірлік пен келісімнің бесігі, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы екенін көрсетеді. Ассамблея мемлекетіміздің көп ұлтты және басты байлығымыз бірлікте екенін түйсіндіре білді. 

Кәсіп – бақыттың шырағы

Ертеде ата-бабаларымыз амандасқанда: «Мал-жан аман ба?» деп сұрайтын. Осы бір ауыз сөздің өзінен қазақ өмірінде малдың орны ерекше екенін ұғуға болады. Малдың күші, сүті, жүні, еті, терісі – халықтың тағамы, киімі, баспанасы, үй жиһазы өмірінің, тіршілігінің негізі. Мал өсіру, малшылық тіршіліктің (егіншілік, балықшылық сияқты) бір түрі. Тұрмыстың бұл түрінің адамзат өркениетіне, мәдениетіне қосқан үлесі зор. Малдың өнімінсіз әлі де күн көру қиын. Малдың етін айтпағанда, сүт және одан өндірілетін тағамдарсыз, жүн, тері және олардан жасалатын бұйымдарсыз қазіргі адамзат өмірін көз алдына елестету мүмкін емес. Кейінгі кездерде балықшылықпен айналысқандар кеме жасауды, егіншілікпен айналысқандар техниканы игеріп алға шықты. Ал малшылықпен айналысқандар қазіргі техника жоқ кезде адам игеруге келмейтін жерлерді игеріп, бүкіл адамзатқа қажет нәрселерді ойлап тапты, мысалы: шалбар, етік, ертоқым, жүген; еттен, сүттен жасалатын тағамдар; теріден, жүннен жасалатын, т.б. бұйымдар. Малшылық адамзаттың байырғы дәуірден бірге жасасып келе жатқан кәсібі. Ол қоғамның әлеуметтік дамуына зор әсер етті, жаңа қарым-қатынастар, мәдениет, өркениет, өнер, қолөнер, ой-сананың қалыптасуына әкелді.

Барлық мал бағушы халықтардың қаншама өзгешеліктері болғанымен, ұқсастықтары да бар. Олар: жауынгерлік, табиғат талқысына көнбістік, поэзияға, көркем тілге, ойға тапқырлық, салт-дәстүрінің ұқсастығы.

Сонымен қатар табиғат, жер-су өзгешеліктеріне байланысты әрбір халықтың өзіне тән ерекшеліктері болады.

Қазақ халқы негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Сонымен қатар ертеден-ақ қазақ егіншілікпен де айналысқан. Бірақ оны кең көлемде дамыта алмады. Балық аулау да, аңшылық та қазақта бар кәсіп, бірақ олар негізгі тіршілік амалына айналмаған.



Қазақстанның су ресурстары
Су ресурстары – пайдалануға жарамды өзен, көл, теңіз, мұхит, жасанды су айдындары, жер асты сулары, топырақтағы ылғал, тау және полюстік өңірдің мұздықтары, атмосферадағы су булары, т.б. қорлары. Дүние жүзіндегі су ресурстарының жалпы қоры шамамен 1390 млн. км3-ге тең, оның 1340 млн.км3-і – Дүниежүзілік мұхит суы. 3%-ы (35,8 млн.км3) – тұщы су, оның пайдалануға жарамдысы 0,3% шамасында. Табиғаттағы су айналымын тиімді пайдаланған жағдайда су ресурстары үздіксіз жаңарып тұрады. Суды әртүрлі мақсатта пайдалану жыл сайын жоғары қарқынмен өсуде; көптеген елдерде су ресурстарының жетіспеушілігі байқалуда. Су сапасының нашарлауы көлемінің азайғанынан әлдеқайда қауіпті ( мысалы, 1 м3 тазаланбаған ақаба су 40-50 м3 табиғи өзен суын ластап, жарамсыз етеді).

Қазақстан су ресурстарының көп жылдық орташа мөлшері 100,5 км3 (2000). Оның шамамен 44-45%-ы көршілес елдерден келсе, 55-56%-ы республика аумағында қалыптасады. Қазақстанның кең-байтақ аумағында ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көлдер және 3 мыңға жуық бөгендер бар. Климат жағдайына байланысты көлдердің көбі Қазақстанның солтүстігіне қарай орналасқан. Олардың ішінде Каспий теңізі, Арал теңізі және Балқаш, Зайсан, Алакөл сияқты ірі көлдерден басқа, көбі (94%) көлемі бір шаршы километрден кем шағын көлдер. Көлдердің барлығы дерлік тұйық көлдер. Олардың деңгейі ауық-ауық өзгеріп отырады. Көбінің суы тұзды, сондықтан тұнба тұзды болады, олардан тұз өндіріледі. Қазақстанда ауданы 100 шаршы километрден астам 22 көл бар. Олар республикада көлдердің бүкіл ауданының 60%-ын алып жатыр.

Қазақстан өзендерінің негізгі су көздерінің бірі – мұздықтар. Мұздықтар тұщы судың орасан зор қоймасы. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясы География институтының ғалымдары республика мұздықтарының каталогын құрастырды. Соның нәтижесінде Қазақстанның тау мұздықтарының картасы жасалды. Қазақстан жерінде қазіргі мұздықтары тарлаған аудандары шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы – Алтай, Сауыр жоталары, Жоңғар (Жетісу) Алатауы, Қырғыз Алатауы, Іле Алатауы, Күнгей Алатау, Теріскей Алатау жоталары жоталары. Республиканың барлық тауларында 2724 мұздық бар. Олардың алып жатқан ауданы –2033,3 км2. Бұл мұздықтардағы мұздың жалпы көлемі –100 км3 . Ол – Қазақстан жерінде жиналатын өзен ағындарының жылдық мөлшерінен екі есе артық тұщы су қоры.
Тарихи тұлғалар тағылымы
Өткен ғасырдың басында ұлт үшін өлшеусіз қызмет жасаған алаш қайраткерлерінің ішінде Нәзір Төреқұловтың есімі ерекше құрметпен аталады. Ол кісіні ұлтымыздың арасынан шыққан тарихи тұлғалардың бірі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері ретінде тануға тек еліміз дербес саясатын жүргізе бастаған соңғы кезде ғана мүмкіндік туды.

Нәзір Төреқұлов Ресей отаршылдығының Түркістан халықтарына қаншалықты қасірет алып келетінін жан-жүрегімен сезінген. Бұл туралы ойларын ол Ташкентте, Мәскеуде шығып тұрған басылымдарда жариялаған мақалары мен баяндамаларында бүкпесіз айтқан. Патшалық Ресей мен большевиктер билеген Ресей Түркістанды шикізат өндіретін ел ретінде санап, оның мәдени өркендеуіне мүдделі болмағанын, қайта халықтың өсіп-өркендеуін тежеп, кедергі келтіріп отырғанын тұңғыш рет ашып, аяусыз әшкерелеген.

Көп ұлтты Түркістан Республикасының саяси тынысында Нәзір Төреқұлов партиялық және жоғары билік тұтқаларын ұстаған. Жергілікті ұлт өкілдерінің алғашқылары қатарында Түркістан компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшылығына сайланған. Одан кейін де Түркістан Республикасы Орталық Атқару комитетін (ЦИК), Оқу-ағарту халық комиссиариатын басқарды. Ірі лауазымды қызметтер атқара жүріп, саяси ғана емес мәдени шаралар бойынша оң шешімдер қабылдаған. Адамзаттық құндылықтарды игеруді қадір түтуды өз ұлтының дәстүрімен ұштастырған. ТурЦИК-тің төрағасы болған кезде демалыс күнін жексенбіден жұмаға көшіру туралы қаулы қабылдаған.

Н.Төреқұлов 1922-1926 жылдары Мәскеуге шақырылып, КСРО халықтарының Орталық баспасын басқарды, ғылыми-педагогикалық жұмысқа араласқан. 1928 жылы небәрі 36 жасында ол Һижаз Неж (Сауд Аравиясы), әрі қосылған аймақтардағы КСРО-ның өкілетті уәкілі болып тағайындалады. Ол кезде мұндай жауапты қызметке жас адамның тағайындалуы дипломатиялық тәжірибеде өте сирек кездесетін жайт екен. Араға екі жыл салып Нәзір Төреқұлов КСРО-дағы тұңғыш қазақ елшісі атанды.


Қызым – жағадағы құндызым...
Қазақ аулында бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Үлкендер ауылдастарының балаларының өрескел мінез-құлқын көрсе, ұрсып, зекіп, тыйым салуға, ақыл айтуға, тіпті ретті жерінде ұруға да құқылы болған.

Ата-бабамыз ұлды өздеріндей еңбексүйгіш, малсақ, жауынгер, әнші, күйші, аңшы, құсбегі – бесаспап азамат етіп, тәрбиелеуді мақсат еткен. Жігіттің бойына өнер мен еңбекті, ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген. Ер баланы бес жасынан бастап ат жалын тартып азамат болғанға дейін мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға қора салуға, ағаштан, теріден, темірден түрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауға яғни, қолөнер шеберлігіне баулыған. Әсіресе әкелері мен аталары ұлдарға мал жаюдан бастап, шаруаның алуан тәсілдерін үйретіп баққан. Мысалы, малды ерте өргізу, саулатып қоя бермей, алдын кес-кестеп қайырып, тоқтатып жаю, шаңқай түске дейін жусатпауды тапсырған.

Қонақ күту, үлкенге иіліп сәлем беру, ән айтқызу, домбыра тартып, күй шерткізу, өлең-жыр жаттату, жаңылтпаш, жұмбақ үйрету немесе теңге алу, жамбы ату, аударыспақ, сайыс, көкпар, күрес сияқты ұлт ойындарын үйрету тәрбиенің басты шарты болып есептелген.

Қай ата-ананы алсақ та, қызының ертең барған жерінде «балдай татып, судай сіңіп» кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды.

Қасиетті ана қызының тәрбиелі жан болып өсуі үшін жасынан ақ шашты қарияның алдынан аттатпай өсіреді. Халқымыз «келіннің – аяғынан, қойшының – таяғынан» дегенде, жаңа отаудың береке-құтын, ағайын-туыс, ауыл арасындағы беделін, болашақ ұрпағына дұрыс тәлім-тәрбие беруін келіннің жақсы-жаман қасиеттерімен өлшеген.
Биоалуантүрлілік.
Биоалуантүрлілік – адамзатты шексіз ұзақ уақыт энергетикалық, техникалық және басқа ресурстармен қамтамасыз етудің жалғыз көзі. Биоалуантүрліліктің экожүйедегі байланыстарының толық болуының шарты және негізгі факторы бола отырып, оның ең маңызды қасиеті – тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Егер ертеректе бір түр орташа алғанда 2000 жылда жойылып отырса, соңғы 300 жылда әр 10 жыл сайын жойылып отыр. 1600 жылдан бастап омыртқалы жануалардың 173 түрі (109 құстар және 65 сүтқоректілер) және өсімдіктердің 20 түрі жойылып кетті.

Омыртқалы жануарларға қатысты алсақ бұл факторға түрлердің жойылуының 60 % жағдайлары сәйкес келеді. Екінші орында шектен тыс пайдалану, содан кейінгі орында азық қорының кемуі, зиянкестерді жою және кездейсоқ жемтік тұр. 1983 жылы тек қана тіс сүйектері үшін ғана 80 мың Африка пілдері жойылды. Түрлердің жойылуындағы маңызды себептердің бірі олардың интрдукцияланған, яғни сырттан әкелінген түрлерімен бәсекелестікке қабілетсіз болу. Мұндай құбылыстарға шектелген территорияларға, аралдарда тіршілік ететін түрлер өте сезімтал болып келеді. Түрлердің алуан түрлілігінің кемуінің әсіресе екі салдары ерекше назар аударуды қажет етеді.

Ішкі су қоймаларының ластануы, тұздылығының, қышқылдылығының артуы нәтижесінде көптеген жануарларға жойылу қаупі төніп отыр. Ертеде бай балық шаруашылығымен ерекшеленетін Арал теңізі іс жүзінде бағалылығынан айырылды. Азов және Каспий теңіздерінде балық өндіру 10-12 есе кеміп кеткен. Әсіресе, бекіре тәрізділердің саны шектен тыс аулау мен браконерлік себебінен күрт төмендеген. Сонымен қатар, судың улану, оттегінің кемуі, қышқылдық жаңбырлардың әсерінен бекіре тәрізді балықтардың аурулары 1980 жылдардан бері кең етек алып отыр. Адамның барлық ірі ауқымды іс-әрекеті биологиялық алуантүрліліктің кемуіне әкеледі. Осының нәтижесінде бүкіл табиғи белдеулердің де жойылу факторлері белгілі.


Наурыз және әлем халықтарының оны қарсы алу ерекшеліктері
Наурыз – ежелгі мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүниежүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «сумалақ» ұсынады; ескі киімдерін тастайды; ескірген шыны аяқты сындырады; бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – «күн символын» салады; үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі; түрлі жарыстар (жамбы ату, т.б) ұйымдастырады. Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос-жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау еткен. Кембағал, мүгедектерді жақын туыстарының қарауына арнайы міндеттеп тапсырған. Жұтқа ұшырап қиналғандарға, жылу жинап берген. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, алтыбақан, тең көтеру, т.б) ойналады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады.
Мәңгілік Елдің нұрлы жолы
Мәңгілік Ел… Мұны заңғар таудың шыңы деп есептейтін болсақ, сол шыңға жету жоспары, яғни бағытымыз болу қажет. Міне, сондықтан да Елбасымыз алғашқы қадамымызды, жетер бағытымызды соңғы Жолдауында айқындап берді. Жолдау соңында: «Қадірлі халқым! Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық», – дей отырып, бағытымыздың даму даңғылын жарық нұр іспеттес жолға теңеді. Осы тұрғыдан келгенде Елбасы Жолдауының күн тәртібіне дер кезінде  әрі өте орынды шығарылғаны еш күмән туғызбайды.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы – «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын көтерген тамаша тарихи құжат, Елбасы мен ел тынысының қосылуын паш еткен саяси памфлет болды. Қайта құру жылдарының «жариялылық» кезеңінен бері зерттеле бастаған ұлттық тарихымыздың ақтаңдақ беттері арқылы ұрпаққа жарық сыйлаған тарихи сананың қалыптасуы жаңа кезеңге жол ашты. Қазақ азаттық қозғалысы мен «Тұтас Түркістан» идеясының тарихы арқылы тамырымызды таныдық. Бұл жолда, 1931 жылы Түрік тарих қоғамын құрып, «Түрік тарихының басты бағыттары» деген бағдарламалық мәні бар еңбек жазған Ататүрік сынды, қазақ тарихымен тікелей айналысуды бастаған Елбасының «Тарих толқынында» атты еңбегі де үлкен мәнге ие болды.

Тарихымызбен табысу арқылы «Тұтас түрік елі» идеясынан «Біртұтас Түркістан» идеясына дейінгі ата-бабаларымыздың ел азаттығы жолындағы ұлы күрестің мазмұнын ұғындық. Қазақ елі «Түрік бірлігі» идеясынан «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына дейін идеологияның өшуіне, бұрмалануына, ұмытылуына дейін барған ұзақ үрдісті бастан өткерді.

Бүгінгі таңда, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен жүргізілген түрік мемлекеттерін жақындастыру саясаты, елімізді Орталық Азияның көшбасшысына айналдыру идеясы нақты өз жемісін берді. «Еуразиялық Одақ» құру идеясын Елбасы 2005 жылғы жолдауында: «Мен Орталық Азия елдері Одағын құруды ұсынамын. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан арасында жасалған мәңгілік достық туралы шарт осындай бірлесу үшін берік негіз бола алады. …Біздің экономикалық мүдделеріміз де, мәдени-тарихи тамырымыз да, тіліміз, дініміз де, экологиялық проблемаларымыз да, керек десеңіз, сыртқы қатерлеріміз де ортақ»,- деп жариялаған болатын.


Қазақстанның айтыс өнері мен сөз мәдениеті
Айтыс – ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.

Айтыс – синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі әсер-ықпал жасап отырған. Батыр және лиро-эпос жырларына да әсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға айналған.

Айтыс – әдебиет жанры болғанымен ертеден қалыптасқан халықтық дәстүрдің үлкен түрі. Ойын, той, ас, қыз ұзату, келін түсіру сияқты қазақ тойлары жүйрік ат, білекті палуандармен бірге айтыс ақындары да қатысып, олар айтыс арқылы той қызығы мен мәртебесін көтере түскен. Әрине мұндай жерде айтыстардың өз мақсаты, талабы, шарты бар. Көшпелі елдің қызық-қуанышын бөлісіп келген айтыс халқымыздың сан алуан ойын-той, әртүрлі дәстүрлі думандарда қуана қызықтайтын театры іспеттес болған. Жұрт көпшілік алдында сөз сайысына түскен екі ақынның жеңіске жету жолындағы тапқырлықтары мен алғырлықтарына куә болып, солардың біреуінің намысын жыртып, тілеуін тілейтін жанкүйеріне айналады.

Бұған айтыстың сауықшылдық, эстетикалық ләззат беретін сипаттары да айтарлықтай қызмет атқарады. “Аттың жалы, түйенің қомында” дегендей көп дайындықты керек етпейтін айтыс кез келген жерде өте береді де, мұның тыңдаушысы да, бағасын беріп төрелік айтушысы да халық немесе қадірлі ел ақсақалдары болады. Айтыстың дәстүрлі өнерге айналуына көшпелі өмір салты тікелей әсер еткені байқалады.


Қазақстан-Байқоңыр-Ғарыш
Байқоңыр ғарыш алаңы. Қызылоарда облысы Қармақшы ауданы аумағында орналасқан. Іргесі 1955 жылы қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елдімекендерден қашық болуы, экватор жазығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық нысандар үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді.

Байқоңырдың басты және көмекші нысандары мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және темір жолы арқылы байланысқан. 1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы ұшырылды. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарды. 1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Юрий Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды.

Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктерін «Восток», «Восход», «Союз», «Прогресс» ғарыш кемелері, «Салют», «Мир» орбиталық стансалары, сондай-ақ, зерттеу-барлау жұмысын жүргізуге арналған «Космос», ғылыми-тәжірибелік жұмыстар жүргізуге арналған «Протон», «Зонд», «Прогноз», байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған «Молния», «Экран», «Горизонт», «Радуга», «Метеор», т.б. секілді Жердің жасанды серіктері ұшырылды. 1991 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров «Союз Т-13» ғарыш кемесімен Байқоңырда ғарышқа көтерілді.

Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаевпен ғарышта екі рет ( 1994,1998) болды. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 жылы Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 жылы Ресей Федерациясына 20 жылға жалға берілді.

Байқоңыр кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына жылына 30-35 000 тонна улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтірді.
Қазақ жазуының даму жолы
Жазу – мәдениеттің ең жоғарғы деңгейдегі көрінісі. Жазу – адамзаттық мәдениеттің өсуін, дамуын анықтайтын әлеуметтік мәні бар зор құбылыс. Жазу өнерінсіз мәдениет те, әдебиет пен өнер, ғылым да дами алмайды. Қазақ жазуының даму тарихы көптеген ғалымдардың зерттеулеріне негіз болған. Түркілік жазу мәдениеті туралы М.Дүйсеновтің “Көне жазу төркіндері”, М.Мырзахметовтің “Әріптер неге өзгерген”, Т.Қабаевтың “Соғды жазуы” мақалалары, Н.Оралбаеваның “Қазақ жазуларының тарихы”, А.С.Аманжоловтың “Түркі филологиясы және жазу тарихы”, О.О.Сүлейменовтің “Язык письма“ атты еңбектері, Ә.Қоңыратбаев, Ғ.Айдаров, М.Т.Томановтың терең ғылыми зерттеулері бар.

Жазу – өнер мен мәдениет жетістігі ғана емес, өркениеттің өрелі көрінісі де. Кез келген мәдениеті жоғары деп танылатын өркениетті елдің жазу жүйесі, дәстүрі болуы басты шарт. Жазу-сызу болмаса, адам баласының жасаған алуан түрлі рухани мәдениет үлгілерінің мұраға айналуы мүмкін болмаған болар еді. Бұл тұрғыда қазақ жазу мәдениетінің тамыры тереңде. Оның тарихы сонау сақ заманынан бастау алатыны да белгілі.

Қазақ мәдениетінің көне бастауында тұрған Орхон-Енесай жазуы. Жазу өнерінің пайда болуы да бүкіл адам баласының таным бесігінде болған деп пайымдаймыз.

Төл мәдениетіміздің рухани көкжиегін кеңейтетін Орхон-Енесай жазба ескерткіштері – тек тілдің даму заңдылықтары мен грамматикалық құрылымының дамуын пайымдауда ғана емес, халықтың тарихи зердесін айқындау үшін де, кейбір тарихи деректерді, жер-су, этнос атаулары мен оның жүйелі тарихын қалпына келтіру үшін де аса қажет жәдігерлік дүниелер. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басындағы ғасырлар тоғысында өмір сүріп отырған бүгінгі ұрпақ ата-бабаларының көне заманаларда өз жазуы, өзінің биік мәдениеті болғанын терең түйсінуі қажет. Көне заманда-ақ өз елінің экономикасы мен саясатын, тарихы мен танымын, досы мен қасын айырып, төл жазуы арқылы ұрпаққа мұра қалдырған бабалар рухына қалай тәу етпеске, тәжім етпеске?!


Жолың болсын, жолаушы
Жол – кеше мен бүгінгінің, бүгін мен ертеңнің арасын жалғап тұрған бейнелі сөз. Жол – ұрпақ көшінің үмітті болашағы. Ендеше, ата-анаңның ақ батасын алып жолға шық, жас досым!

Жолаушы тасымалы – көлікпен жолаушылар тасымалдау жұмысы. Жолаушы тасымалы магистральдық (темір жол, азаматтық авиация, автобус, теңіз, өзен қатынастары) және қала (метрополитен, трамвайтроллейбус, жеңіл автомобиль) көліктерімен жүзеге асырылады. Жолаушы тасымалы қашықтығы мен жылдамдығына және көлік түрлерінің ерекшелігіне қарай ажыратылады. Темір жол көлігінде тасымалдау қашықтығына байланысты ол жергілікті жолаушы тасымалы, қала маңындағы жолаушы тасымалы, алыс қашықтықтық жолаушы тасымалы, болып, жылдамдығына қарай жай жолаушы тасымалы және жүрдек жолаушы тасымалы болып бөлінеді.

Автомобиль көлігімен жолаушы тасымалы қала ішіндегі, қала маңындағы, қалааралық және халықаралық болып бөлінеді. Әуе көлігінде алыс қашықтықтық жолаушы тасымалы, жергілікті жолаушы тасымалы, халықаралық жолаушы тасымалы деп, теңіз көлігінде жай жолаушы тасымалы, жүрдек жолаушы тасымалы, экспресс жолаушы тасымалы болып ажыратылады.

Өзен көлігімен жолаушы тасымалының қалааралық, қала маңындағы, жергілікті және транзитті түрлері бар. Жолаушы тасымалы жұмысының көлемін жолаушы айналымы дейді. Ол жолаушы-километрмен өлшенеді, яғни жолаушыларды 1 км қашықтыққа тасымалдау жолаушы айналымының өлшем бірлігі болып табылады. Ол көлік түрлері, тасымал бағыты, т.б. бойынша бөлек-бөлек есептеледі. 
Қазақтың халық күнтізбесі
Біздің заманымызға дейінгі бір мыңыншы жылдары бүкіл Евразия даласында скиф-сақ тайпалар одағы өмір сүрді. Ұшы-қиыры жоқ кең даланы игеріп, әртүрлі патшалықтар бірлестіктерін құрып, күшті жауынгер  елге айналды. Оларды батыстағылар (гректер) скифтер десе, парсылықтар (Иран, парсы патшалықтары) сақтар  деп атады. Бірақ та осы екі атау да Евразия даласын жайлаған халықтардың ортақ аты еді. Скиф, сақ тарихын тілге тиек етіп, тереңірек үңілетін болсақ, оларды құрайтын бірнеше тайпалар көне жазба шежірелерде жиі кездесетінін көреміз, сарматтар, дайлар, аландар, массагеттер, үйсіндер. Кезінде осы тайпалар бірлестіктері қазақстан территориясын жайлаған, қазақ халқының арғы ата-бабалары болып табылады. Бұлардың ішінде, әсіресе, массагеттер, аландар, үйсіндер туралы тарихи деректер көбінесе Иран, парсы, грек жазбаларында біршама кездеседі. Ал  аландар туралы көне қытай жылнамаларында дәйекті де айшықты жазылған. Ең бір көне деректер ежелгі парсылардың діни кітабы –Авестада көрініс береді.

Көшпенділер өнерінде алтыннан түйін түю, қола құйма әдістері ең жоғарғы жетістікке жетті. Оған археологиялық қазбалардан табылған асыл заттар куә. Соның бірі –Украин археологтары талқан скиф  қорғанының әр түрлі алтын әшекей заттары. Заттар “толстая магила” қорғанынан шыққан, ішіндегі ең бір құндысы –“пектораль”- алқа. Пектораль өте нақышты, нәзік соғылған әшекей бейнелер скифтердің ғарыштық ой  жүйесінің тақырыбына  құрылған. Алтын әшекейдің төменгі  бөлігінде о дүниені, өлім табиғатын, оның қасіретін бедерленген, ал жоғарғы жағында адамдар өмірінен сыр шерткен.

Екінші бір айта кетерлік дүние – Қырымдағы Күл-Оба қорғанынан табылған алтын құмыра. Тек саф алтыннан, күмістен құтылар, онша таралмаған. Құмырада скиф жауынгер батырларының бейнесі аса бір ынталықпен бедерленіп, өрнектелген.
Каталог: uploads -> doc -> 0a52
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0a52 -> Жантақ өсімдігі туралы жалпы сипаттама
0a52 -> Отбасылық ТӘрбие, оның тарихи негіздері
0a52 -> Өз білімін жетілдіру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет