Сборник текстов на казахском, русском, английском языках для формирования навыков по видам речевой деятельности обучающихся уровней среднего образования


Достық пен татулық – таптырмас бақыт



жүктеу 7.37 Mb.
бет8/67
Дата13.09.2017
өлшемі7.37 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   67

Достық пен татулық – таптырмас бақыт

Татулық пен достық – мағынасы тереңде жатқан асыл сөз. Қазақта «жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» болмаса «жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас», немесе «бөлінгенді бөрі жейді» деген аталы сөзі бар. Жалғыз адам айдалада өскен ағашпен тең. Сондықтан да «Жалғыздық құдайға ғана жарасқан, адамның күні адаммен» дейді. Ал көппен қарым қатынаста болу-береке, бірліктің, татулықтың ізгі бастауы болмақ. Адам баласы әр атқан таңдағы күнін игілікті істермен бастап, берекелі тірлік етсе, айналасындағы жандарға шапағатын тигізсе нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Ізгі ниетті, жаны таза адал жандар осылайша көптің «алтын алма, алғыс ал, алтын деген жер сыйы, алғыс деген ел сыйына» ие болады.

Татулық пен достық – ынтымағы жарасқан көп ұлтты қазақ елінің ежелден қонақжай табиғаты.

Татулық пен достық – айналадағы дос құрбыларыңның өзіңе деген құрметі. Ойыңдағы сырды айтып бөлісер, адал дос адамға әрқашан қажет. Досыңа адал болу қасиетіде арадағы татулық пен сыйластықтан туады. Ал ешкіммен тату болмасаң, досыңа көмек керек жерде болыспасаң, олармен бірікпесең кімді серік етесің! Ендеше «татулық – бұзылмайтын қорған» екені рас.

Татулық пен достық – отбасындағы туған туысқандар үшін де маңызы терең. «Абысын тату болса, ас көп, ағайын тату болса ат көп», «жақыныңды жат етсең елге күлкі боларсың», «туысы бірдің уысы бір», «жақыныңды жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін», «жақсы ағаң –орман, жақсы інің-қорған» деген аталы сөздер осының айғағы. Өз үйінде сыйласпаған жан көпшілікпен сыйыспайды.

Татулық пен достық – қазақ жерін мекен ететін түрлі ұлт пен ұлыстың барлығы еліміздің дамуына елеулі үлес қосып келе жатқаны.Достық пен татулық, тұрақтылық пен рухани келісім бар жерде береке де бар. Татулық пен достықтың жеңісі жалғасын таба берсін деп тілейік!



Кәсіп – бақыттың шырағы

Қазақ өзінің малын қой-ешкі, жылқы, түйе, сиыр деп төрт түлікке бөледі. Осы төрт түлік малдың әрқайсысын қазақ халқы барынша өнімді, толық пайдалануды үйренді. Бұдан басқа да үй хайуандарының ( есек, ит, шошқа, т.б) өнімін пайдалануы мүмкін еді, бірақ арам деп етін жемейтін, сүтін ішпейтін.

Мал бағудың өзіндік тәсілдері бар, онымен айналысқан ел малдың қасиетін, кемшіліктерін жете білген. Мал шаруашылығы егін шаруашылығына, балықшылықққа қарағанда еңбекті көп қажет етеді. Әйтсе де қазақ осы тіршілікте де поэзияны, әсемдікті тауып көре білді. Егінші алты ай жаз ауыр еңбек еткенімен, қыс айларында азадап тыныс алады, балықшы да солай. Ал мал шаруашылығында керісінше, қыста тіршілік, еңбек қиындай түседі де, жазда ғана жайлауда қазақ біраз сайрандап қалады. Көшпелі мал шаруашылығы жыл мезгілінің төрт кезеңінен тұрады: қыстау, көктеу, жайлау, күздеу.

Жер-судың ыңғайына қарай жайлау мен қыстаудың арақашықтығы әртүрлі келеді. Таулы жерлерде жайлау жақын болады, 100 шақырымнан аспайды; жартылай көшпелі немесе, отырықшы шаруашылықтың көші-қоны оданда қысқа, 20-30 шақырымдай. Ал тегіс даланы мекендеген қазақтардың жайлауы мен қыстауының арасы 600-700, тіпті мың шақырымнан асады. Көші-қоны ұзақ шаруашылықтарда сиыр малы болмайды.

Қой шаруашылығы қазақтың көшпелі шаруашылығының негізі болып табылады. Кең-байтақ жердің шөбі мен суы – тиімді пайдаланудың кезіндегі ең бір ұтымды тәсілі. Солтүстік Қазақстанның суығына, ұзақ қысы, қалың қары мен боранына қой малы шыдамайды, жабулы қорасыз, мол дайындалған пішен, жем-шөпсіз қырылып қалады.

Ал Оңтүстіктің қысында жазда жиған күйімен қиналмай, қыстан шығып, көктемде екі-үш қойдың біреуі – егіз қозы табады. Екі ешкінің бірі егіз лақ табады. Осындай жағдайда мыңдаған жылдардың барысында денсаулығы күшті, тез ет алғыш, табиғаттың ыстық-суығына көнбіс қазақтың қойы пайда болады. Ал ірі қошқарлары көп жағдайда мүйізді, қызғылт, қоңыр, ақ, қара түсті болып келеді, құйрығы сойғаннан кейін өлшегенде екі пұттан астам шыққанын ақсақалдар әңгімелеп отыратын. Бірақ малдың күйін осындай жағдайға жеткізу үшін, малға деген зор ықылас, асқан шеберлік пен еңбекқорлық керек.


Қыз өссе, елдің көркі

Қызын ардақтап, қырық үйден тыйым салып, тәрбие берген қазақ қыздарынан талай ел аналары шыққан. Солардың бірі – ерлігі ерен, Сақ патшайымы болған Тұмар ана. Томирис – Тұмар патша өз елінде талай жыл билік етіп, қара қылды қақ жарған әділдігімен, данышпандығымен, көрегендігімен халқын талай таңғалдырған.

Қазақ қыздарында батыр, батылдығынан бөлек, Зере, Ұлжандар мейірімділігі мен даналығы арқылы үлгі болған. Ұрпақ тәрбиесіне де аса мән берген Ұлжан баланы дәретсіз емізбеген, атаның ұлы емес, адамның ұлы етіп тәрбиелеген. Адалдығы үшін Құнанбайдың өзі рахмет, алғысын айтқан. Ақылдылығы, зейінділігі және мейірімге толы Зеренің ізгі жүрегі арқылы Абай – Абай атанды десек те болады. Тоғжан мен Әйгерім сынды аруларымыз – өнердің, сұлулықтың, тектіліктің белгілері. Болмысы нәзіктік пен әдептен жаралған, талай батырдың жүрегіне «жара» салған Қыз Жібек, Баян сұлу сынды қыздарымыз сұлулық пен әсемдіктің ұранына айналған.

Ерлерімізбен бірдей ерлік көрсеткен Әлия мен Мәншүктей батырлар да бар. «Шығыстың қос шынары» атанған ондай аруларымызды жадыдан өшіру мүмкін емес. Өскелең ұрпақтың бақытты болашағы үшін бастарын тәуекелге тіккен Ләззат пен Сәбиралар Тәуелсіздік үшін күресті. Көк байрағымыз көгімізде желбіреген, күллі әлеммен бірге замана көшіне ілескен еліміздің ертеңі үшін батыр қыздарымыздың ерлігі ұрпаққа үлгі болып қала береді.

Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген.

Ұл бала –  қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады.  Қазақ отбасының ерекшелігі жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде. Қазақ отбасындағы үлкенді құрметтеу әдеті жауапкершілік, адамгершілік сезімдерін туғызған. Дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі ағаларына байланысты.

Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай халықта болмасын, ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін ұлдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсын, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отырған.

Халқымыз ер баланың 12-15 жасынан бастап, оның алдында өмірдің дайындаған талай қиын-қыстау шақтары мен қуанышты сәттері бар екендігін ескере отырып, «Аты аталмаған жігіттен аты аталған төбе артық» деп намыстандыратын, «Айтсаң, үйде туып, түзде өлетін жігіттерді айт» деп таңдандыратын, «Өнерлі жігіт өрге озар, өнерсіз жігіт жер соғар» деп шамдандыратын, «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді», «Ерлік білекте емес, жүректе» деп қайраттандыратын, «Ақыл жастан, асыл тастан» деп сеніміне шек келтірмейтін, «Атадан ұл туса игі еді, ата жолын қуса игі еді» деп армандайтын еді халқымыз.

Қазақтың ұлы ойшыл ғұламаларының бірі Ж.Баласағұни өзінің «Құтты білік» дастанында балаға тәрбиені отбасында бер, «ақ маңдайлы ұл-қыз туса, үйіңде өсір, бөтен жерде қалдырма» деп келер ұрпаққа өсиет ете отырып, баланы жас кезінен білім мен өнерге, еңбекке баулу арқылы жаны мен тәні сабақтас жетілген парасатты ұрпақ өсіретінімізді атап көрсеткен.
Қазақстанның су ресурстары
Каспий теңізі  - Еуропа мен Азия аралығында орналасқан  жер шарындағы ең үлкен тұйық көл.

Үлкендігіне қарап, оны теңіз деп атайды. Аты XVI ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған Каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан. Грузияда Каспи қаласы қазір де бар. Сонымен бірге Гиркан(I ғасыр), Хазар (ІІ-Х ғасыр), Хвалын (Х-ХІІІ ғасыр) және т.б. тарихи атаулары бар. Олар соңғы үш мың жылдағы өмір сүрген халықтардың қойған аттары.

Каспий теңізі неоген дәуірініңаяғында жер қыртысының көтерілуінен Қара теңізденбөлінді. Бұл кезді Каспий теңізінің пайда болған уақыты деп есептеуге болады. Каспий теңізінің жалпы ауданы 376 мың км2. Оның беті теңіз деңгейінен 28 м төмен жатыр. Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге созыла орналасқан. Теңіздің ендірек жері - 435 км, ал енсіз жері - 193 км. Каспий теңізінің жағалау сызығының ұзындығы - 7000 км. Оның суы 5 мемлекеттің нсағалауын шайып жатыр. Жағалау сызығының Қазақстан үлесіне - 29% (2340 км), Ресейге - 9%,Әзірбайжанға - 20%, Түрікменстанға - 21%, Иран Ислам Республикасы- 14% тиеді.

Каспий теңізіне 130-ға жуық өзендер мен ағынды сулар Құнды. Олардың теңізге қүятын жиынтық ағыны жылына орташа есеппен 300 км3. Осы мөлшердің 80%-ы Еділ өзені- нің, 5%-ы - Жайықтың үлесіне тиеді. Ағынның 10-11%- ын Батыс жағалаудағы өзендер ТерекСулак, Самур, Кура және т.б. береді. Қалған 4-5%-ы Иран жағалауы өзендерінен келеді. Шығыс жағалауларда тұрақты ағын сулар жоқ.

Каспий теңізі қазаншұңқырларының бедеріне қарай үшке бөлінген. Солтүстік бөлігінің шегі Маңғыстау түбегібойымен өтеді. Ортаңғы бөлігі содан Апшерон түбегінедейін созылған, қалған жері оңтүстік бөліктің үлесіне келеді. Солтүстік бөлігі таяз, көп жерінде 5 м-ден аспайды, ең терең жері 26 м, жалпы теңіз ауданының 24%-ын алады. Орталық Каспийдің орташа тереңдігі 200 м, ең терең жері 788 м, жалпы теңіз ауданының 36%-ын қамтиды. Оңтүстік бөлігінің орташа тереңдігі 345 м, ең терең жері 1025 м, теңіз ауданының 40%-ын, ал теңіз суының 66%-ын алып жатыр.

Қазақстанға жататын солтүстік және орта бөлігінің солтүстік анағұрлым тайыз болып келеді. Аралдар саны аз, жалпы ауданы 2045 км2. Қазақстан жерінде олардың 88%-ы орналасқан. Ең ірілері Төленді аралдар тобындағы (архипелаг) Құлалы(73 км2) және Морской (65 км2) аралдары. Каспийге шығыс жақтан Маңқыстау, Түпқараған, Бозашы сияқты үлкен түбектер сұғына еніп жатыр, шығыс жағалауында шығанақтар да көбірек кездеседі. Олардың қатарында Маңқыстаумен Қазақ шығанақтарыбар. Ауданы 376 000 км2. Меридиан бағытында1200 км-ге созылған, орташа ені 300 км. Жағалау сызығының Ұзындығы 7000 км.[1]

Ірі шығанақтары: Маңғыстау шығанағы, Қазақ шығанағы, Қарабұғазкөл, тағы басқа 50-ге тарта аралдар бар (ірілері: Құлалы, Шешен, Артем, тағы басқа).

Ірі түбектері: Маңғыстау түбегі,  Апшерон,  Аграхан,  Красноводск,  Шелекен.

Ойпатты тегіс жағалау басым. Жағалауында теңіз суының бұрынғы жоғары тұрған кезеңін дәлелдейтін теңіз террасалары көп.


Тарихи тұлғалар
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ ҚСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО, шетел ордендері мен медальдарының иегері. Верный (қазіргі Алматы ) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті оны Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді. Институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған Д.Қонаев Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогының машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болып істейді. Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде ол тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түседі. «Алтайполиметал» комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды.

1942-52 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етеді. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д.Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңіреді.

Ғылыми – ұйымдық жұмыстарды жақсарту,ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылады. Д.Қонаев 1955-60 және 1962-64 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кенесінің төрағасы, 1960-62 және 1964-1986 жылдары Қазақстан комунистік партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды.Ол Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін өркендету жолына озінің білімін, мол тәжірибесін және ұйымдастырушылық қабілетін аянбай жұмсай білді. Ол бірнеше мәрте КСРО Жоғаргы Кенесінің депутаты болып сайланды. СОКП-ның ХІХ сьезінен бастап, кейінгі сьездерінің бәріне делегат болды.Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты. 1956 жылдан бастап СОКП Орталық комитетінің мүшесі болды. Д.Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісінеайтулы еңбек сіңірді. Түрлі деңгейдегі партия және кеңес қызметін атқара жүріп, орталықтың өктем саясатынң ығымен кете бермей, ел мүддесін, болашақ қамын да бір сәт естен шығарған жоқ.

Алпысыншы жылдардың басында Н.С.Хрущевтің озбырлығымен Өзбекстанға беріліп кеткен қазақ жерінің біраз бөлігін қайта қайтарып алуы соның айқын бір дәлелі еді. 1986 жылы СОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы болып М.С. Горбачевтің келуіне байланысты Д.Конаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығынан босатылды. Орталықтың жүргізіп отырған әділетсіз саясатына қарсы республика жастары өз қарсылықтарын білдіріп алаңға шықты. Бұл әйгілі Желтоқсан оқиғасына ұласты.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иман жүзді ізеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жаткан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең сезініп, қолдай білді. Өзі өмір сүрген күрделі уақыттың адал перзенті бола білген абзал азамат 1993 жылғы тамыздың 22-сінде, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.
Қызым – жағадағы құндызым, ұлым – аспандағы жұлдызым
Қазіргі жаһандану кезінде үздіксіз білім беру процесі өмірімізге дендеп еніп кетті. Бала дүниеге келген күннен бастап қоғам назарында.

Баланың тәрбиесіне ықпал ететін негізгі төрт нәрсе бар: отбасы мен өскен ортасы, балабақша, мектебі мен достары. Міне, бұлар үйлесім тауып, адам тәрбиесіне сергек қараса ұлтқа қауіп төнбес еді. Кез келген ұлттың ұлт болып қалыптасып дамуы үшін оның ұлттық санасы, ұлттық құндылығы болуы керек.

Сондықтан ұрпағымыздың ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп,  ел қамын ойлайтын азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Ұлттық тәрбиені бойына дарытуда Елбасы Н.Әбішұлының мына бір ұлағатты сөзі бағдаршам болмақ: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намыс болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа».

Тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесі, мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдейтін үрдіс. Ол бесіктен басталады. Оның негізгі мақсаты адам бойына ізгілік, инабаттылық, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адами қасиеттерін, тіршілікке қажетті дағдыларын қалыптастыру болып табылады. «Тәрбие тал бесіктен басталады», – дейді халық. Тал бесіктен бастау алған тәрбие ғана жемісті болмақ. Баланың иманды, қайырымды азамат боп ер жетуі алдымен, ата-ананың тәрбиесіне, қоршаған ортаның үлгі-өнегесіне байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген ұлағатты сөз тегін айтылмаған.


Жойылып бара жатқан жануралар мен өсімдіктер
Қазақстанның биологиялық алуантүрлілікті сақтау қауымдастығы «Жыл құсын» 2006 жылдан бастап жариялап келеді. Ал­ғаш рет «Жыл құсы» ретінде сирек кездесетін дала қызғыш құсы атанды. 2007 жыл – қарлығаш, 2008 жыл – тырна, 2009 жыл – бозторғай, 2010 жыл – қараторғай, 2011 жыл – сары шымшық, 2012 жылы – дала қыраны жылы ретінде атап өттік.

Қауымдастық шиқылдақ қазды биылғы жыл құсы деп жариялады.

Қауымдастық хабарламасына қарағанда, соңғы 30 жылда шиқылдақ қаздың саны жеті есе кеміген.

«Көктемде қаздар мен суда жүзетін басқа да құстарды атуға тыйым салу арқылы сиреп бара жатқан құс түрлерін сақтап қалуға көмектесуі мүмкін. Қазіргі таңда шиқылдақ қаз құрып бара жатқан құс ретінде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген», - делінген хабарламада.

Биыл шиқылдақ қаз туралы брошюралар мен постерлер дайындалды. Қызыл кітапқа енгізілген құс туралы материалдар тұрғындар, әсіресе Қазақстанның солтүстігіндегі аңшылар мен қорықшылар арасында таратылады.

Қазақстанда аулауға рұқсат етілген ақ тұмсық қазға өте ұқсас келетін шиқылдақ қазды солтүстік өңірлерде ғана кездестіруге болады.

Шиқылдақ қаз (Anser erythropus) – Anser тұқымына жататын "сұр" қаздардың арасындағы ең кішкентай қаз. 30 жыл бұрын шиқылдақ қазды аулауға рұқсат берілсе, бүгінгі таңда бұл құс Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағының Қызыл кітабына енгізілген.  Көптеген зерттеулердің нәтижесінде шиқылдақ қаздың саны 6-7 есе кеміген деген тұжырым жасалды. Қазіргі таңда шиқылдақ қаздың әлемдік популяциясының 99,9%  Ресейде және 40 жұптан құралған кішігірім топ Норвегияның солтүстік шығысында қоныстанған. Әлемдік популяция саны шамамен 25-35 мың қазды құрайды.

Шиқылдақ қаздың Еуропа елдерінен мүлде жоғалып кетуі әбден мүмкін. Сондықтан да бұл қаз түрінің табиғатта сақталып қалуы Ресей мен Қазақстандағы ұялау және қоныс аудару жолдарында атқарылатын сақтау жұмыстарына тікелей байланысты.

Шиқылдақ қазды көзінің айналасындағы жарқын сары дөңгелек сызықтан ажыратуға болады. Тұмсығы қысқа, кішкентай, үш қырлы, ақшыл қызғылт. Жоғары маңдайына байланысты, басы дөңгелек көрінеді. Маңдайындағы ақ дақ ұзарып көзіне дейін жетеді, кейде төбесіне дейін жетеді. Басы мен мойны төсіне қарағанда қошқылдау. Аяғы сары, қызғылт сары. Жас қаздарда тырнақтары қара болып, басында ақ дағы болмайды. Денесінің ұзындығы 53-66 см, салмағы 1,3-2,3 кг.
Наурыз –ұлыстың ұлы күні
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде, әдет-ғұрпында ерекше орын алатын, ертеден мерекеленіп келе жаткан мейрамның бірі-Наурыз күні. Наурыз –парсы сөзі, қазақша айтқанда «Жаңа күн» деген ұғымды білдіреді. Күн –жыл сайын наурыз айының 22-де мерекеленетін болған. Яғни бұл күн мен түннің теңелетін, қардың еріп, көктің шыға бастайтың кезі.

Осы кезде мал төлдеп, шаруаның арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген. Сондықтан Наурыз күнін ертедегі адамдар жаңа жылдың басы – «Ұлыстың ұлы күні» деп есептеп, зор қуанышпен қарсы алған. Жұрт жақсы киініп, ауыл аралап, бірін-бірі жаңа жыл – Наурызбен кұттықтап, сағынышты көрісулер, ыстық құшақ қауышулар үстінде бір-біріне игі тілек тілесіп, адал ниетпен, ақ бата беріскен. Мұны олар өлең, тақпақ арқылы білдіріскен. «Аманба! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса, жол болсын! Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын! Ұлыс береке берсін! Бәле –жала жерге енсін!- деп, немесе; «Ұлыс күні» кәрі-жас, құшақтасып көріскен. Шалдар бата беріскен, Сақтай гөр деп теріс істен!» Кел, таза бақ, кел десіп, Ием тілек бер десіп!» - деген тәрізді тілек айтысқан. Бұл өлең-жырларда, біріншіден, ерте кездегі шаруа адамдарының арман тілегі айтылса, екіншіден, «әр нәрсенің жаратушы иесі бар, соған жалбарынсақ, жаманшылықтан сақтайды» деген сияқты діни наным-сенім де байқалады.

Наурыз мейрамында қазақ халқы «Наурыз көже» ішіп, ән шырқап, күй шертісіп, балуан күрестіріп, ойын-сауықпен өткізген. Наурыз мейрамын қазақтармен бірге көрші өзбек, қырғыз, қарақалпақ т.б. жұрттар да осылай тойлайтын болған. Орта Азия әкімдері кейбір зындандарға салынған тұтқындардың қол-аяғын босатып кешірім берген. Қарапайым халықтың «Наурызда Самарқанның көк тасы да жібиді» дейтіні сондықтан болса керек. Наурыз – діни мейрам емес, халық мейрамы, «Аурулар сауығамыз деп, аштар тойынамыз деп, жалаңаштар киінеміз де күн көреміз» дегендей жұрттың бәрінде келешектен үлкен үміт, жылы шырай сезіліп, «бәріміз де табиғаттың перзентіміз, оның бергеніне риза болайық» дегендей ой-пікір өзекті орын алған. Наурыз мейрамын атап өту соңғы елу жыл ішінде аяқсыз қалып келген еді. Ұзақ жылғы үзілістен кейін 1988 жылдан бастап, бүкіл республика жұртшылығы Наурыз мейрамын зор қуанышпен атап өтетін болды.
«Мәңгілік Ел» идеясы
Жетістік – кеңесе білген жерде, бірлік пен тірлік бар жерде.  Солай болғанда ғана Елбасы өз Жолдауында атап көрсеткендей Жалпыұлттық идея – қазақтың Ұлттық Шаңырағы – Қазақстан құт пен берекенің, ынтымақ пен ырыстың  ошағына айналмақ. Мәңгілік Ел болу үшін қазақ – шаңырақ, этностар – уық, ынтымағымыз – кереге болу қажет.

Бүгінде, Қазақстан  әлемнің төрт бұрышына түгел мәшһүр, ұлттық мемлекеттiлiкке тән барлық қадір-қасиеті мен рәміздерін қамтамасыз еткен мемлекет. Саяси егемендігіміздің іргетасы экономикалық жетістіктермен бекітілуде. Ұлтаралық татулық пен халықтар достығы саяси тұрақтылығымыздың мәуелі мәйегiне айналып отыр. Тіліміз бен діліміз, мәдениетіміз бен әдебиетіміз жанданып, жаңарып жатыр.

Еуразия атты қарт материк талай аласапыран оқиғаларды басынан өткізсе де, осы апайтөс құрлықтың дәл кіндік ортасындағы ұшы-қиыры жоқ Ұлы даланы «үстінде көк аспан, астында қара жер жаралғаннан бері» мекен етіп келе жатқан халқымыз әр кезде де Бостандық, Еркіндік, Азаттық ұғымдарымен ұлықтанып келеді. Бас-аяғы бес жарым ғасыр ішінде қазақ халық ретінде, Қазақстан мемлекет ретінде небір тар жол, тайғақ кешуден өттi. Керей мен Жәнібек, Хақназар мен Тәуке хандар тұсында азуы алты қарыс көршілерінен еш қаймықпай, қалыспай, терезесін тең ұстап, ел мен жұрт үшін қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман орнатты. Ұлттық мемлекеттілікке деген ұлы махаббаттың, еркіндік сүйгіш ерік-жігердің, тәуелсіздікке деген арманын дүниедегі бар асылына балаған асқақ рухтың арқасы.

Айтыс өнері
Қазақ тұрмысында ақындар айтысы-жүйрік аттардың бәйгесімен бірдей болған. Жарыста озған атқа бәйгі беру сияқты, айтысқа түсіп, топ алдында жеңген ақындарға да бәйгі тігіп, бәйге берген. Ел дәстүрі бойынша жарысқа түскен жүйрік те, айтысқа түскен ақын да өз намысы емес, белгілі бір аймақтың, рудың намысын қорғаған. Бәйгеге шапқан аттың озып келуін ат иесі ғана емес, бүкіл рулы ел болып тілеген. Бәйгеде озған атқа шапқан бала көмбеге таяй бере ат иесінің атын ұрандамай, ру есімін атап ұран салуы осының айғағы. Ал ат бәйгеден келгенде оның бәйгесін рулы елдің бөліске салатыны да «ас ортақ, бәйге ат ортақ» деп қараудан туған рәсімдер.

Ақын да осылай. Ескі әдет бойынша айтысатын акындардың барлығы да өз руын мақтап, байлығын, мырзалығын, сән-салтанатын дәріптеп, қарсы рудың жаман әдеттерін жіпке тізіп, кемшілік міні ретінде айып етіп, бетке басуға тырысқан. Мысалы Құлманбет өз елінің байларын мақтап сөз таластыртқанда, жыр алыбы Жамбыл:

«Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт,

Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.

Қарынбайдай сараңдар толып жатыр,

Оны мақтап, әуре болмай, жөніңе қайт,»- деп сөзден сүріндіреді. Ақындар айтысы осындай ел намысының қорғаушысы болғандықтан ақынды әуелі өз руы ішінде сынап алып барып, ұлы дүбірлі үлкен айтысқа жібіретін болған». Шешеннің сөзі ортақ, шебердің қолы ортақ», «Өлең – сөздің патшасы», «Жігітке өлең де өнер, өнер де өнер» деп ақындық өнерді бар өнердің алды санаған ата-бабамыз айтыс ақындарын ел бастаған хандар мен қол бастаған батырлардан кем көрмеген. Ертеде өткен ақындар айтысының дүлділі Біржан мен Сараны, Кемпірбай мен Шөжені, Жанақ пен Орынбайды, Көкбай мен Әріпті, Әсет пен Рысжанды, Жамбыл мен Құлманбетті т.б. рулы елдің ар-намысын қорғаушылар деп, көтермелеп, олардың айтыс өлеңдерін сан ғасыр өтсе де ұмытпай жадында берік сақтап, біздің дәуірімізге жеткізуі, біріншіден, ақындырдың талантын қадір тұтуы болса, екіншіден сол ел, ру намысын қорғаған ақындардың өлең-жырын кейінгі ұрпақтың көкейіне ұялатып, олардың патриоттық сезімін оятудың құралы деп санаған.

Айтыс ақындарынан тапқырлықты, білімдарлықты, өмір тануда сергек сезімталдықты және өзгеге ұқсамас өзіндік сөз саптау ерекшілігін талап еткен. Айтыстың шешендік сөз сайысы, тәрбие мектебі, тапқырлықтың тұғыры болып ерекше бағалануы да сондықтан.


Каталог: uploads -> doc -> 0a52
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0a52 -> Жантақ өсімдігі туралы жалпы сипаттама
0a52 -> Отбасылық ТӘрбие, оның тарихи негіздері
0a52 -> Өз білімін жетілдіру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   67


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет