Сборник текстов на казахском, русском, английском языках для формирования навыков по видам речевой деятельности обучающихся уровней среднего образования



жүктеу 7.37 Mb.
бет9/67
Дата13.09.2017
өлшемі7.37 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   67

Қазақстан-Байқоңыр-Ғарыш
«Байқоңыр» пайдалануға берілген  уақыттан бері 1300-ге жуық зымыран ұшырылған. Республика аумағындағы 47 аймаққа зымыран қалдықтары түскен. 

1957 жылғы 1 қазаннан 1999 жылғы 21 қаңтарға дейін, яғни 42 жыл ішінде, Байқоңыр космодромынан 1129 зымыран 1115 басқадай космос кеңістігін зерттейтін аппараттар ұшырылған. Зымырандарды жасаған кезде, оларға экологиялық мінездеме беріледі. Ол зымырандарды ұшырған кезде айналаны қоршаған ортаға өте көп зиян келтірмейтіні ғылыми басшылыққа алынады. Ал зымырандар экологияны бұзатын болса, онда қауіпті зымырандар ұшырылмайды. Байқоңыр космодромы қазақ жеріне орасан зор бақытсыздық әкеліп отырғаны сөзсіз. Ауа райы бұзылып, климат өзгеріп кеткенін айтпай кетуге болмайды.

1996 жылы 14-ші мамыр күні РН "Союз” атты зымыран-тасымалдайтын зымыран апатқа ұшырап, бұрынғы Торғай облысы Амангелді ауданына қарайтын Сарыторғай жылқы заводының территориясына құлап түскен болатын, Арнаулы түрде жүгізілген зерттеулердің қорытындыларына қарағанда, жердің, судың, ауаның агрессивті улы қосылыстарымен ластанғаны анықталған. Олардың тірі ағзаларға тигізетін зиянды әсері орасан күшті екені байқалған. 1997 жылы 20 мамыр күні РН "Зенит” атты зымыран 49 секундтан кейін апатқа ұшыраған болатын. 8 шақырым биіктіктен зымырандағы космостық аппарат жерге құлап түсіп, кенеттен жарылып кеткен.

Бақытқа орай, зымыран апаты космодромның адамдар тұрмайтын бос аймақтарына құлап түскен. Сондықтан да, адамдар шғыны болмаған, улы отынның негізгі бөлігі аспанда жанып кеткен. Дегенмен, 80 тонна керосин, 200 тонна сұйық оттек жерге түскен. Бұл жанармайлар зымыран құлаған 300 шаршы шақырым жердің өсімдіктерін мүлдем жойып жіберген. Жарылған зымыран корпусының жарылғанынан шыққан металл сынықтары Дюраль 1 гектар жерге шашылып кеткен.

1999 жылы 5 шілде күні және 27 қазан күні Қарағанды облысына қарайтын Қар­қаралы ауданының территориясына зымыран-тасымалдаушы РН "Протон” зымыран 90 шақырым биіктікте апатқа ұшырап, жерге құлап түскен. Сол жердің тұрғындарына әсер етті ме, жоқ болмаса етпеді ме деген мақсатпен арнаулы түрде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, судан, топырақтан, өсімдіктерден үлгілер алынып, олар лабораторияда анализден өткізілген. Зымыранның құлап түскен жері – "Карбышевка” (Көктас аулы) деп аталатын елді мекен.

Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінен арнаулы құрылған комиссиялар жұмыс істеп, зымыранның келтірген зия­нын анықтады. Ол үшін жерден 195 үлгі, судан - 61, өсімдіктерден 101- барлығы 357 үлгі алынып, Қара­ғанды қаласының санитарлық эпидемиялық станциясының, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің кафедрасында, Ре­сей Федерациясының Биофизика институтының лабораторияларында анықтады. Суда, өсімдіктерде, малдардың сүттерінде гептил байқалған жоқ. Топырақтың 3 үлгісінен гептил табылған, оның коцентрациясы ете аз болған. Экологиялық зерттеулер күні бүгінге дейін жүргізіліп келеді


Қазақ жазуының даму жолы
Ерлан: Қырқыншы жылдарға дейін латын әріптерін, одан бұрын араб жазуын пайдаланыппыз. Сонда қазақ халқының ешқандай жазуы болмаған ба?

Әсет: Қазақ халқы өзінің тарихи даму жолында жазуды, әрине пайдаланған.VII-VIII ғасырларда қазақ рулары туысқан түркі халықтарына тең ортақ Орхон-Енесей, Талас және көне ұйғыр жазуларын қолданған. Кейін араб жаулаушылары мұсылман дінін енгізуімен байланысты көне жазуымызды қолданыстан ығыстырып шығарған. Көне жазуымыз тасқа қашалып жазылған жазу ескерткіштерінде ғана сақталып қалған.

Ерлан: Сына жазуы деген сол ма?

Әсет:Ия, сол. Ол қазіргі түркі халықтарының төл жазуы еді. Басқа түркі халықтары сияқты мұсылман дінін қабылдаған қазақ рулары араб жазуын пайдалануға көшті: одан бері мың жылдай уақыт бойы – 1924 реформа жасалды. Мұны халқымыздың зиялы азаматы, соған дейн-ақ бірнеше оқулықтар жазған Ахмет Байтурсынов ұсынды. Жаңа араб жазуына негізделген альфавитті Жәдид (Жаңа) деп атап, оны 1929 жылға дейін қолданып келдік. Содан кейн 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын әрпін қолдандық.

Ерлан: Бұған не себеп болды? Неге өзгерді?

Әсет: Бұл да – сол кездегі тотолитарлық жүйенің жұмысы. Егер халқымыз араб әріпімен қалса, дінді уағыздап кетеді деп есептеді. Кеңес өкіметінің тұсында тілімізге орыс сөздері жөнді-жөнсіз қаптап енді. Ал бұларды латын әрпімен белгілеу тағы да қиындық келтірді. Ақыры 1940 жылы орыс графикасына негізделген әріпке көштік, міне содан бері осы әріпті қолданып келеміз.

Ерлан: Соңғы кезде қайтадан латын жазуына көшу сөз болып жүр ғой ...

Әсет: Иә, ондай сөз болып жүргені рас. Бұл – әлі басы ашылмаған мәселе.


Жолың болсын, жолаушы
Үлкен адамдардың әңгімесіне ден қойып, құлақ түрсеңіз, «жол кеспесем, амандық болса, топырақтан тысқары болсам» деген тіркестерді жиі естиміз. Жолдың мағыналық ауқымы біздің күнделікті тұрмыста жиі қолданып жүрген ұғымнан әлдеқайда кең.

«Атаның ақ жолы», «Есім салған ескі жол», «Қасым салған қасқа жол», «Жолы үлкен», «Әйелдің жолы жіңішке», «Жолын болсын, жолдасың Қыдыр болсын» деген сөздер қадым заманғы қалыптасқан ұлттық рухани мұрамыздың алтын тамыры іспетті. Адамзат тарихындағы ең алғашқы тас кітаптардың авторы, түркі халқының еңбегі тасқа басылған тұңғыш жырауы Иоллық Тегіннің есімінің өзі «Жолы үлкен» дегенді білдіреді.

Сан ғасырлар бойы халқымыздың санасына сіңіп, сараланып жеткен бай дәстүрлерінің бірі – ырым ғұрыптары. Жақсылық нышандарына жоралғы, жамандыққа тыйым ретінде айтылатын ырымдар халқымыздың баладан бастап үлкенге дейін ұлағаттылыққа тәрбиелеудегі бай тәжірибесінен түйіндеген қағидасы. Әрбір ырым сөздің негізінде қоршаған ортаға, табиғатқа, тіршілікке, адамгершілікке, көргенділікке қажетті қасиеттерді уағыздап, жаман іс-әрекеттен, жат пиғылдан безіндіретін түйіндер жатыр. Халқымызда сапарға шығу, жол туралы да көптеген ырым, тыйымдар бар.

- Қазақта сейсенбі күні алыс сапарға аттанбайды, үлкен іс бастамайды. Себебі, бұл ауыр күн болып есептеледі. Бас зеңіп тұрады деп ырымдалады.

- Қазақ жолаушылап жолға шығар алдында үйіндегі кішкене балаға аяғыңды көтерші дейді. Егер бала оң аяғын көтерсе, жол болады екен деп қуанады.Сол аяғын көтерсе, жол теріс деп жолға шықпайды.

- Алыс сапарға шыққанда жолға сары май, тұз алып шықпайды. Оның мәнісі –жолым сарғайтып, зарықтырмасын, тұздай ащы азап тартпайын деген ниетті бейнелегені.

- Жол үстінде келе жатқан жолаушыдан: «Қайда барасың?» – деп сұрамайды. Қайта «Жол болсын!» деп, ақ жол тілейді. Себебі, жолаушы барар бағытын құпия ұстайды. Қаскөй біреулер біліп қалып, соңыма түседі, жолымды ториды, сайтан соңымнан ереді деп, жаман ырымға балайды.

Сапардағы жолаушылар жапан далаға түнесе, атының шылбырын сүйретіп қояды. Шылбыры сүйретіліп журген атқа қасқыр шаппайды. Өйткені, қасқырдың ала жіп аттамайтын серті бар.


Қазақтың халық күнтізбесі
Қазақ қауымы негізгі планеталардың жағдайын жақсы білген. Олар жайында өлең- жыр, сан алуан аңыздар шығарған. Қазақтардың жұлдыздарға қойған аттары да өздерінің малшылық өмірінен алынған. Қазақтар жұлдызды аспан картасын Темірқазықтан бастайды. Темірқазық-қазақтардың түнде жол жүрген беталысын бағдарлайтын компасы істейтін іспеттес. Себебі ол тапжылмай бір жерде тұрады. Оның маңындағы екі жұлдыз «Ақбозат», «Көкбозат» деп аталады. Қыста кешкі Шолпан (Санжұлдыз) туған кезде қойды қораға әкеледі. «Меркурийді» қазақтар; «Таң Шолпаны» деп, кейде «Кіші Шолпан» деп атаған. Юпитерді «Есек қырған», Марсты «Қызыл жұлдыз», Близнецті «Қос Жұлдыз», Сириусты «Сүмбіле» деп атаған және бұлардың жай-күйін, орнын, қозғалысын жақсы білген. Жетіқарақшы – қазақтардың бәріне таныс шоқжұлдыз. Ол – шөміш фигурасын құрастыратын жеті жарық жұлдыз тобы. «Жетіқарақшыны таныған жеті қараңғы түнде адаспас» дейді қазақтар.

Үркер (Плеяды) жұлдызының қазақтар үшін әрі астрономиялық, әрі метеорологиялық мәні бар. «Үркер» деп аталатын (орысша Плеяда) бір топ шоқжұлдызға қарап отырған қазақтар ауа райының құбылуын, әр бөлігін ажырата білген. Халықтың көпшілігі Үркердің 6 жұлдызын, көзі өткір адамдар 9 жұлдызын көреді. Іңір қараңғысындағы орнына қарай айтсақ, Үркер күздің басында (қыркүйек-сентябрь айында) шығыстан, қыстың басында (желтоқсанда-декабрьде) төбеден, көктемнің басында (Наурыз-мартта) батыстан көрінеді, ал жаздың басында (маусым-июньде) мүлде көрінбейді. Халық оны «Үркердің жерге түсуі» дейді. 40 күн ішінде Үркердің осы көрінбейтін кезіне сәйкес келеді. Қазақ есепшілері Үркердің тууы мен батуын ұдайы қадағалап, бақылап отырған.



Заң – қоғамның тірегі
Жеті жарғы – Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты  Төле биҚазыбек биӘйтеке билер бар,  Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады.

Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. Онда жер дауыотбасы және неке заңықылмыс пен құн дауына, ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдеп-ғұрып заңдары көрініс тапқан. «Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл де әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық: «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтайды. Ол заманда бас кетсе де әділ сөйлеген.
Тәуелсіз Қазақстанның айбынды мейрамы
1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлауда 98,7% дауыспен Н. Ә. Назарбаев сайланды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады. 1991 жылы1 желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. Елбасы үлкен саясаткер болуымен қатар жан - жақты дамыған тұлға.

Н. Назарбаев – бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам. Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу - бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы. Жасыратыны жоқ, бүгінде қазақты дүние жүзі таныды. Оның кең байтақ даласын, қазынасы мол жерін, дархан жатқан бейбіт елін дүниенің төрт бұрышы біледі. Кезінде назардан тыс жатқан, материктің ортасындағы Орталық Азиядағы қазақ елі де сыртқы саясатта өз орнын айқындап, төрткүл дүниемен айналасы аз ғана уақыт ішінде байланыс орнатты. Ал ел өміріндегі осындай маңызды тарихи кезеңдерде мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың қосқан үлесінің орасан зор.

Біздің президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен Отанымызды әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатынымызға күманданған жандар болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

Жастар және бұқаралық ақпарат құралдары
Тілші: БАҚ арқылы бүгінгі буынды тәрбиелеудің маңызы мен мәні қандай?

Ғалым: Бүгінде медиа адамзат өмірінің маңызды бір бөлігіне айналды. Зерттеушілер, жетпіс бес жыл өмір сүрген «өркениетті адамның» елу жылы белсенді әрекет ету арқылы өтетін көрінеді. Оның тура тоғыз жылын теледидар көруге жұмсайды екен. Орташа есеппен қазіргі оқушылар күніне алты сағат уақытын медиамен байланысқа арнайды. Жалпы, ХХІ ғасырда кез келген ұлттың барлық салада, әрине, білім саласын есепке алғанда, медиа­сыз әлеуметтік-мәдени тұрғыдан қарқынды дамуы да мүмкін емес. Медиабілім – бұқаралық коммуникация құралдарын меңгеруге үйретуді көздейтін педагогикадағы жаңа бағыт.



Тілші: Жаһандану жағдайы демекші, қазір жеткіншектерді теледидар алдынан ажырату қиын. Тіпті, балаларды теледидар тәрбиелеуге көшкен тәрізді…

Ғалым: Ол рас. Америкалық психолог А.Моридің зерттеуіне сүйенсек, теледидардың алдында ұзақ отыру адамның ерік-жігерін әлсірете түседі. Көгілдір экранға ұзақ телміру көз жанары арқылы миды «арбап тастайды» екен. Зерттеулер нәтижесінде күні бойы әке-шешесімен емес, теледидардағы ертегі кейіпкерлерімен «сөйлесетін» бала олардың жалған екендігін біліп тұрса да мойындағысы келмейді.



Тілші: Медиабілімнің жаңа бағыт. Жалпы, медиабілім беру саласы бастауын қай елдерден алады?

Ғалым: Жаңа бағыт ХХ ғасырдың 60-жылдарында Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Австралия, Канада және әлемнің тағы басқа да алдыңғы қатарлы елдерінде пайда болды. Медиабілімнің басты мақсаты жас ұрпақты медиамәдениет  әлеміне бейімделуге, БАҚ тілін игеруге, медиамәтіндерді талдай білуге көмек көрсету болып табылады. Медиабілім – бұқаралық коммуникация заңдылықтарын зерттейтін педагогиканың жаңа бір саласы. Жоғарыда аталған елдерде медиабілім міндетті пән ретінде мектептерде оқытылады. Мәселен, 1987 жылы Канаданың Онтарио провинциясының орта білім беретін мектептеріндегі 7-12 сыныптарда «Медиабілім» пән ретінде оқытыла бастады. Ал Австралияда «Медиабілім» ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап міндетті пән ретінде енгізілді. Ресей мен Украинада да өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап медиабілім бойынша сабақтар факультативтер, үйірмелер түрінде немесе оның элементтері жекелеген пәндерді оқыту барысында (әдебиет, химия және т.б.) қолданылып келеді.



Тілші: Қазір жастар газет оқымайды, кітап оқымайды деп жүрміз, бұл жайында сіз не айтар едіңіз?

Ғалым: Рас, қазір көпшілік басылымдардағы мақалаларды, телеарналардағы хабарларды жиі сын тезіне алады. Студенттеріме: «Қандай отандық бағдарламаларды білесің?», «Қазақстанда қандай газеттер бар?», «Балаларға арналған, педагогтерге арналған қандай басылымдар бар?» деген сауалдар қою арқылы сабағымды бастаймын. Көпшілігінің жауаптары «түк жоққа» саяды, көңілдерінің толмайтындықтарын білдіреді. Курс соңына қарай студенттердің отандық БАҚ-қа деген көзқарастары жақсы жағына өзгергенін, еліміздің ақпарат кеңістігінен жан-жақты хабардар болғандығын, медиадағы берілген әрбір оқиғаға өзіндік пікірі қалыптасқандығын аңғарамын.



Тілші: Шындығында, бұқаралық ақпарат құралдары болашақ ұрпақты тәрбиелеуде біздің ойымыздан шығып жүр ме?

Ғалым: Әрине! Мысалы, қазіргі кезде балаларға арналған «Балапан», сондай-ақ дүниетаным көкжиегін кеңейтуге бағытталған «Білім және мәдениет» телеарналары бар. «Балапан» телеарнасының балдырғандардың ұғымын арттыруға арналған бағдарламаларын, қазақ тілін, тарихын жіті насихаттайды. Жаңадан ашылған телеарна көрермендердің, әсіресе, балалардың көңілінен шығатын қызықты дүниелерді ұсынуға талпыныс жасап келеді. Ал «Білім және мәдениет» телеарнасын менің әріптестерім де, студенттерім де үзбей тамашалайды. Арнада ғылыми, білім-тәрбиелік маңызы бар туындылар көрсетіліп жүр.



Тілші: Сұхбатыңызға рақмет, шығармашылық табыс тілеймін.

Ғалым: Рақмет!


ЭКСПО-2017 – Қазақстан белесі
EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу – Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі. 2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске ресми түрде Қазақстан Республикасының өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін сайлау қарсаңы науқанына ресми түрде кірісті.

2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана жеңіске жетіп, EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын ретінде таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ. Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 2 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.

ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу ісіне, соның ішінде көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына шағын және орта бизнес атсалысатын болады. ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттердің үндесетін орнына айналмақ. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетін болады.

2014 жылғы сәуірде Президенті Назарбаев Университетіне  таяу орын тепкен ЕХРО-2017 көрме кешені құрылысын бастап берді. Кешен құрамында 4 мың пәтер, жаңа мейманхана, Конгресс-холл және университеттен орталыққа дейін ұласатын жабық қала салынады. Көрме аймағында ұлттық павильон, тақырыптық және корпоративтік павильондар, ойын-сауық және қызмет көрсету нысандары орналасады. Көрме кешенінің жалпы ауданы – 174 гектар. Көрме кешенінің ғимараттары халықаралық BREEM эко-стандарттары арқылы бағаланып, арнайы куәліктер беріледі.  Көрме өткеннен кейін ЕХРО-2017 базасында ерекше мәртебеге ие «Астана» қаржы орталығы құрылатын болады.

Қазақстан 1997 жылдан бастап Халықаралық көрмелер бюросына мүше ел болып саналады және ЕХРО көрмелеріне 2005 жылдан бастап қатысып келеді.
Биотехнология жаңалықтары
Биотехнология – ХХІ ғасырда  дамып келе жатқан ғылым саласының бірі болып табылады. Еліміз экономиканы индустрияландыру ғана емес, ақыл-ойға жүгінетін инновациялық дамуды да қолға алуда, содан бері көптеген жұмыстар атқарылып, биотехнология өндірісі Қазақстанда қарқынды дамып келеді. Бірақ бұл үшін тиісінше қаржыландыру, қазіргі заманға сай құрал- жабдықтар және ең бастысы, күшті ғылыми әлеумет керек.

Биотехнологияның дамуы Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енуіне көмектесетіні сөзсіз. Ол емделудің тиімдірек жолдарын ұсынуға, сапалы тағаммен қамтамасыз етуге, жанармайдың қазба көздеріне тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының ұйғарымы бойынша ХХІ ғасырда биотехнология адамзаттың барлық қызмет саласында дамуын, соның ішінде азық түлік пен медициналық препараттар өндіріруде, ауыл шаруашылығында, экология және энергетика салаларында дамуын қамтамасыз ететін болады. Биотехнологияның экономикадағы айрықша тиімділігін ескере отырып, алдыңғы қатарлы елдерде мемлекет және жеке капиталдар қаржыландыратын, ұлттық және халықаралық биотехнологиялық бағдарламалар жұмыс атқаруда. Сонымен, әлемдегі биотехнологиялық өндіріс нарығының жыл сайынғы өсімі 7%-ды құрайды. Қазіргі әлемдік биоиндустрия айналымының жартысынан көбі АҚШ-тың үлесіне тиеді.

Биотехнологияны дамыту Қазақстан үшін де өте маңызды. Елімізде ауыл шаруашылығы өндірісінде 2,4 млн.адам , тамақ өнеркәсібінде 1,2млн.адам жұмыс істейді. Адамдардың сырқаттану деңгейі артып, жүрек тамыр, қатерлі ісік және т.б. аурулар кең тараған. Көптеген өнеркәсіп аймақтарында экологиялық жағдай өте асқынып кеткен. Сондықтан, биотехнологияның дамуы болашақ жас дәрігерлер үшін өте маңызды.

Қазіргі таңда халық санының күрт өсуіне байланысты туындаған азық-түлік тапшылығы, энергия көздерінің және табиғи байлықтардың азаюы, адамдар арасындағы әртүрлі аурулардың көбеюі, қоршаған ортаның ластануы осындай заман ағымынан туындаған өзекті мәселелердің бірталайын, қазіргі кездің өзінде биотехнология ғылымы ұсынған әдістер арқылы шешу мүмкін болып отыр.

Биотехнологияның қарқынды түрде дамуы азық-түліктердің жаңа түрлерін,  әртүрлі ауруларға қарсы медициналық дәрі-дәрмектер, альтернативті энергия көздерін алу, ауыл шаруашылығында өсімдіктердің зиянкестерімен күресу мен жаңа сұрыптарын шығару, мал өнімдерін арттыру және экологиялық апат салдарымен тиімді күресу әдістеріне қол жеткізуіне мүмкіндік тудырады. Мысалы, медицина саласының өзінде жаңа технологиялар, әртүрлі вакциналар, рекомбинантты ДНҚ өнімдері болып табылатын медициналық дәрі-дәрмектерін, атап айтқанда ДНҚ-сынамаларын зерттеу,  ДНҚ-дарының белгілі ретпен орналасуын білу арқылы, гендік деңгейде кездесетін мутацияларды анықтауға болады.
Болашақ энергия көздері
«Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» – демекші өткен ғасырда ғылыми техникалық прогресстің арқасында адамзат біраз табыстарға қол жетті. Табиғаттан алатынынымыз көп, беретініміз аз болды.

Қазіргі мемлекеттерде энергия тапшылығы байқалуда. Бұрыннан пайдаланып келе жатқан көмір, мұнай, табиғи газ сынды энергия көздерінің сарқылуы немесе қорының азаюы, қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерінің күн санап артуы адамдарды бей-жәй қалдырмады.

Бүкіл әлем Энергия тапшылығынан құтылып, қоршаған ортаны ластамайтын альтернативті энергия көздеріне қол жеткізуге кірісіп кетті. Бүгінгі таңда әлемнің ғалымдары энергияның жаңа көзін жыл өткен сайын іздестіріп келуде. Сарқылмайтын дүние жоқ. Уран да сарқылатын отынға жатады.

Атом энергетикасының келешегіне қауіп төніп, көптеген елдер баламалы қуат көздері туралы ойлана бастады. Әрине, көгілдір отын және көмірмен жұмыс істейтін стансаларда өндірілетін қуат арзан, бірақ олардың қоры шектеулі. Сондықтан күн батареялары мен жел стансаларының қымбаттығына қарамастан, энергия өндіру бағытында жаңғыртылатын қуат көздерін құру бүгінгі және болашақ үшін өте маңызды.

Елімізде күн сәулесі болашақтың сарқылмас энергиясы бола алады. Мысалы күн энергиясын пайдалануға толық мүмкіндігіміз бар. Оңтүстік облыстарда бір жылдың ішінде 180-250 рет күн ашық болып, орташа температура 370С құрайды. Бұл дегеніңіз біз үшін, ең тұрақты, ең арзан, таусылмайтын энергия көзі күн сәулесінің энергиясы болмақ деген сөз. Күн сәулелерін шоғырландырып, оларды кремний батериясына бағыттау жарық сәулесін өзгертіп, электр энергиясына айналдырады.

90-жылдардың басынан бастап энергетикалық және экологиялық проблемалардың өсуіне байланысты экономикалық жағынан дамыған мемлекеттердің үкіметтері күн энергиясын дамытуға елеулі қаржы сала бастады.

Көптеген сарапшылар 2010-2020 жылдары көмірсутегі  шикізатын ұсынудың төмендеуі байқалатынын болжайды. Осының салдарынан 2025 жылға қарай әлемдік энергетикалық теңгерімдегі энергияның жаңғыртылатын көздерінің үлесі қазіргі 5% -дан 10 %-ға дейін, ал 2050 жылға қарай 50%-ға дейін өседі, 2010 жылға қарай ЕО елдерінде бұл үлес 12%-ға дейін , ал жалпы электр энергиясы өндірісінде 22% -ға дейін ұлғаяды деп санайды.

Күн үлкен энергия қорына ие, жылына жер бетіне түсетін күн энергиясы 7,5*1017кВт/сағ. Күн энергиясының маңызды артықшылықтарының бірі  қоршаған ортаға қауіпсіздігі және арнайы жеткізу құралдарының қажет еместігі болып табылады.


Алаш қайраткерлері
«Алаш идеясы» – қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы. Өйткені Алаш – халқымызды бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея.

Алаш – ұлттың өзін бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі.

Алаш – ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау харакеті. Зиялылардың Алаш атауын таңдауы да жайдан-жай емес еді. Алаш жаңа елдігіміздің, байырғы аймағымыздың рәмізі еді. ХХ ғасырда қазақтың азаматтық тарихында ең ұлы идея қайсы десек, ол – Алаш идеясы деп жауап беруге болады. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізі де осы идеяда жатыр. Алаш идеясы үшін күрескен кезең – 1907 жылдан 1930 жылға дейінгі 30 жылдай уақытты ғана қамтыған. Аз болса да ғасырға тең уақыт.
Алаштың серкелері – Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Бай­тұрсынұлы, Халел Досмұхамедұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Ғаббасұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы.

Қазақ тарихында Алаш арыстарының орны ерекше. Олар Ең алдымен, қазақтың өз атамекеніне ие болуын мақсат етті. Сол жолда күресті. Сонымен қатар елге демократия, білім-білік алып келу үдерісінің бастауында тұрғандар да – солар болды. Алаш зиялылары – елшілдік пен Отанға адал қызмет етудің рәмізі. Олар – барды көбейтуші, үзілгенді жалғастырушы, жоқты жасаушы.

Қазақ халқының үздік білім алған, кең ойлы патриот саңлақтарының пай­да болуымен тұңғыш ұлт­тық Алаш үкіметі құрылып, қазақтың саяси идеясының негізі қаланды. Алаш қозғалысының лидерлері халықтың өзіндік санасын жоғары көтеріп, ұлттық бостандық идеясын ұсынды, қазақ халқының ұлттық мүддесін қор­ғау бойынша бірізді бағыт ұстанды. Алаш жетекшілерінің ұлт-азаттық ұрандары сол дәуірдің оқыған талапты, талантты жастарын баурап алды. Туған халқының халін сезіп, біліп өскен өрелі жас буын өкілдері ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің идеяларын қолдап, солармен бірге қимыл жасады.


Каталог: uploads -> doc -> 0a52
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0a52 -> Жантақ өсімдігі туралы жалпы сипаттама
0a52 -> Отбасылық ТӘрбие, оның тарихи негіздері
0a52 -> Өз білімін жетілдіру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   67


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет