Желіде жеке өмірі жиі талқыға түсетін Балжан Бидаш оқырмандарына ренішін жеткізді. Сонымен қатар экс-жұбайының жазғанына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bidash_official/

Танымал әзілкеш Жахан Отарғалиев өзіне жар іздеп жүргенін жасырмай жариялап жүр. 

“Жер сілкінісінен кейін маған қандай әйел керегін түсіндім. Жүрегінде иманы бар жар керек. Маған әрқашан Алланы еске түсіретін, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірбаянын айтып отыратын, үйден Құран үні үзілмейтін, истиғфар мен салауат айтып жарысатын, жәннатқа бірге кіретін жар іздеймін”, – деп жазды әзілкеш. 

 

  • "Досымның әйелі үйден кетіп қалды": Әнші Индира Расылхан Роза Әшірбаеваны отбасылардың ажырауына себепкер деп кінәлады

  • "Некемізді жаңарттық": "Каспий" тобының экс-мүшесі алғаш рет отбасын көрсетті

Осы жазбадан кейін Балжан Бидаш оқырмандарына ренішін жеткізді. 

“Неге маған оның айтқандары мен жазғандарын жібере бересіздер. Бір-бірімізді бұғаттап тастағанбыз. Дәл осылай болғаны екеумізге де жақсы. Өтініш сіздерден, ол не салып жатыр, не істеп жатыр, не айтып жатыр маған жібермей-ақ қойыңыздар! Әр адамның иманы жүрегінде болсын. Бір оқырманым: “Сендерге жер сілкінісі де әсер етпеді ме?” деп жазыпты. Біздің өмірімізге оның қандай қатысы бар?”, – деп күлді әнші. 

Еске салайық, Балжан Бидаш Қытайға не үшін қоныс аударғанын айтқан едік. 

  Фото: Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаштың stories-і. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.