Тбилисиде өткен турнирде топ жарған Нұрқанат Серікбаев әлемдік рейтингте ең үздік 15 дзюдошының қатарына қосылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

21 жастағы Нұрқанат Серікбаев Грузия астанасы Тбилисиде өткен Grand Slam турниріндегі жеңісінен кейін әлемдік рейтингте жоғарылады. 60 келіде өнер көрсететін отандасымыз Тбилисидегі жеңісі үшін 1000 ұпай еншілеп, Халықаралық дзюдо федерациясының жаңартылған рейтингінде 20-орыннан 15-орынға көтерілді. Осылайша ол Париждегі олимпиада ойындарына қатысуға бір қадам жақындай түсті.

Айта кетейік, Нұрқанат Серікбаев Тбилисиде өткен Grand Slam турнирінде украиналық Дилшот Халматовты, жартылай финалда әзірбайжандық Балабай Агаевты, финалда Иам Волчакты да таза жеңді. Бұл Нұрқанаттың Grand Slam турниріндегі алғаш рет топ жаруы еді. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.