Талдықорғанда анасы баласын тәртіпке салу үшін сарайға қамап тастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Артем Лебедев әлі он жасқа толмаған. Соған қарамастан ол өз анасынан бірнеше рет физикалық зорлық-зомбылық көрген.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жетісу облысы бойынша өкілдігі бастамасымен комиссия құрылып, оның құрамына Талдықорған қаласының білім және денсаулық сақтау басқармасының басшылары, облыстық балалар омбудсмені, әлеуметтік сала өкілдері кірді. 

Комиссия мүшелері Лебедевтер отбасы тұратын үйге барып, тұрмыс жағдайын зерттеген. Анасы мен екі баласы антисанитарлық жағдайда және толық бейберекеттікте өмір сүрген. Ал әйел алкогольдік ішімдікті жиі пайдаланатынын және балаларды қорлағанын жоққа шығармады. Светлана Лебедева тоғыз жасар ұлы Артемді аязды күнде сарайға қамап қойған. 

Қамқоршылық органдары сотқа әйелді ата-ана құқығынан айыру туралы талап арызбен жүгінді. Қазіргі уақытта іс қаралып жатыр. Үлкен баласын өз анасынан қорғау мақсатында қазіргі таңда Талдықорған қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына уақытша орналастырылды. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.