Алматы әуежайының президенті Алп Эр Тунга Ерсой жалақысы туралы қауесетке пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: alaport.com/Алп Эр Тунга Ерсой

Бұған дейін Алматы халықаралық әуежайының басшысы ай сайын 40 мың доллар (шамамен 18 миллион теңге) жалақы алады деген ақпарат тараған еді. 

"Мен жеке компанияда жұмыс істеймін, мемлекеттік қызметтегі қандай да бір шенеунік емеспін. Бірақ жеке компанияда жұмыс істейтіндіктен, бұл ақпарат коммерциялық құпия, жалақымыз туралы айта алмаймыз. Бірақ менің жалақым жарияланған көрсеткіштен әлдеқайда төмен. Бұл ақпаратты естіген соң бас кеңсеге телефон соғып: “Ай сайын 40 мың доллар алып жүрген жоқпын, менің ақшам қайда?!” дедім”, – дейді Алп Эр Тунга Ерсой.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы әуежайының ескі терминалын жөндеуге 10 млн доллар жұмсау жоспарланғаны туралы жазған едік.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.