Ақмола гарнизоны әскери сотында Ұлттық ұланның бес әскери қызметшісіне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Төрт әскери қызметші 2019-2022 жылдар аралығында өздерінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып әскери бөлімнің жанар-жағармай материалдарын жымқырып, 448 миллион теңгеден астам залал келтірген. Жанармайды жеке тұлғаларға сатқан. 

Бесінші сотталушы қызметіне салғырт қараған –  әскери бөлімнің бүкіл ЖЖМ қызметінің жұмысын бақылаусыз қалдырған. Мұның салдары мемлекетке материалдық залал келтірді. 

Сотталушылардың кінәсі толық дәлелденді. Сот үкімімен төрт сотталушы аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырғандары үшін қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес (Ұрлық) кінәлі деп танылды. Олар 9 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Бесіншісі қылмыстық кодекстің 453-бабы 2-бөлігі бойынша (Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке немқұрайлы қарау) кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 айға сотталды.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.