Алматыда автобус өртенді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желіде №124 автобустың өртеніп кеткен видеоcы пайда болды.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өртті құтқарушылар лезде сөндірді.

"Бүгін сағат 11:45-те "Қарасу" ықшамауданында өртенген автобусты өшіруге Алатау өңірінің құтқарушылары жіберілді. Құтқарушылар 11:53-те жетті, қоғамдық көлік ішінде жолаушылар болған жоқ. Өрт 12:00-де сөндірілді. Ол 10 шаршы метр аумақты шарпыды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", – деп мәлімдеді Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.