Семей ќаласы аумаєыныѕ



жүктеу 4.58 Mb.
бет10/32
Дата16.09.2017
өлшемі4.58 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32

Күшті жақтары:

  1. Кернеуі 110 кВт және одан төмен болатын жүйе құрушы электр жеткізу желілерінің дамыған сызбасы;

  2. қалпына келетін энергияның елеулі қорларының болуы: гидроқорлар – 20 мың кВт /сағ.

Әлсіз жақтары:

  1. Электр желілерінің ескіруінің үлкен деңгейі;

  2. жаңа энергия көздерінің құрылысын қамтамасыз ететін тетіктердің болмауы;

  3. генерация беретін құрал-жабдықтар қоры паркінің жұмыс мерзімінің елеулі көлемде сарқылуға жақын қалуы, мұның өзі қолданыстағы электр станцияларының электр энергиясын өндіру мүмкіндіктерін шектейді (құрал-жабдықтардың ескіруі 75% дейін);

  4. пайдаланушы мекемелердің сот иесіз деп таныған электрмен қамтамасыз ету объектілерін беру үшін үлкен талаптар қоюы.

Мүмкіндіктер:

  1. Жаңа энергетикалық қуаттарды қосу арқылы қаланың энергетикалық қауіпсіздігіне қол жеткізу;

  2. қаланың энерго теңгеріміне энергияның қалпына келетін көздерін енгізу;

  3. электр энергиясы объектілерін дамыту үшін инвестициялар тарту үшін саланың инвестициялық қызығушылықты арттыру бойынша іс-шаралар қолдану.

Қатерлер:

  1. Орналасқан және бекітілген қуаттар арасында алшақтықтың өсуі, қолданыстағы электр станцияларының негізгі қондырғыларының істен шығуы;

  2. құрал-жабдықтардың елеулі көлемде ескіруіне байланысты қала тұтынушыларын энергиямен қамтамасыз етудің сапасының төмендеуі.


2.2.3.2 Сумен қамтамасыз ету

Қалада Ертіс өзені бөліп тұрған сол жағалау мен оң жағалау сумен қамтамасыз етудің екі дербес жүйесі қызмет етеді.

Қаланың сол жағалауының сумен қамтамасыз ету көзі екі су асты су алатын қойма болып табылады, олардың біреуі 1976 жылы салынған, өнімділігі тәулігіне 32 мың текше метр/тәулігіне, Большой аралында орналасқан, екіншісі 1979 жылы салынған өнімділігі тәулігіне 30 мың текше метр/тәулігіне, Свобода аралында орналасқан.

Қаланың оң жағалаулық бөлігін Смычка, Большой аралдарында орналасқан су алу қоймалары қамтамасыз етеді. Смычка аралындағы су қоймасы 1963 жылы салынып, 1989 жылы қайта жарақталған, өнімділігі тәулігіне 100 мың текше метр/тәулігіне, сондай-ақ қаланың Затон жақ бөлігінде бұлақ көздері бар, олардың өнімділігі тәулігіне 8,0 мың текше метр/тәулігіне.

Свобода, Большой, Смычка араларында орналасқан су қоймалары ЭЦВ-12, ЭЦВ- 10 маркалы су асты насостарымен жабдықталған ағын су астын бұрғылау негізіндегі су қоймалары болып табылады. Скважинадағы су дюкерлік көшірмелер арқылы сиымдылығы 3000 текше метр болатын су асты таза су қоймаларына беріледі (әр су қоймасында екіден), ол жерден суды екінші көтерілім станциясының 300Д-7 маркалы насостары арқылы ЛОНИИ-100 хлорлаушылар арқылы сұйық хлормен тазалап хлорлағаннан кейін қала желісіне беріледі. Судың есебін УЗР-В маркалы приборлар арқылы жүргізіледі. Олар барлық су қоймаларының көтеріліміндегі П-насос станциясындағы біртұтас БАЖ-ТП блогына біріктірілген.

Су қоймасы құрылысының техникалық жағдайы күрделі жөндеу мен қайта жарақтандыруды қажет етеді. Технологиялық және электротехникалық құрал-жабдықтардың ескіруі 60% құрайды.

Смычка аралының су қоймасында бекітілген су қоры (тәулігіне 100 мың текше метр/тәулігіне) қалған 3 су қоймасында бекітілген су қоры әлі күнге дейін белгіленбеген, бұл жағдай жер қойнауын пайдалануға контракт жасалмауының негізгі себебі болып отыр.

Көп қабатты тұрғын үйлерді сумен қамтамасыз ету үшін 50 қуаттылықты арттыратын насос станциялары жұмыс істейді, олар автономиялық режимде жұмыс істейді. Құрал-жабдақтардың ескіруі 60-70% құрайды. Қуаттылығы арттырылған насос станциялары қызмет көрсететін көп қабатты үйлердің саны 255 дана.

«Семей Водоканал» МКК қарасты қалалық су құбыры желілерінің ұзындығы 332 км. құрайды, оның ішінде магистралдық су құбырлары - 205,1 км., квартал ішілік-127,0 км.

2009 жылы су пайдалану көлемі 19590 текше метрді құрады, оның ішінде тұрғындар - 7600 мың текше метр. Ауыз суын пайдаланудың жалпы көлемінің өсуі «Семей Водоканал» МКК қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін 10%-тен аспайды деп жоспарлануда.

Төтенше реттеуші шара ретінде «Семей Водоканал» МКК үшін тұтынушыларға қатысты су шаруашылығы жүйесі қызметі үшін төмендегідей тарифтер енгізілген:

пайдалану 14,22 теңге/ текше метрі көлемінде;

бюджеттік мекемелер 16,50 теңге/ текше метрі көлемінде;

өзге тұтынушылар мен тұтынудың белгіленген нормасынан артық су пайдаланушылар 17,67 теңге/ текше метрі көлемінде.

Су жеткізу мен сумен қамтамасыз етудің пайдаланушы қалалық желілері «Семей Водоканал» МКК ұзақ мерзім ішіндегі жеткіліксіз қаржыландыру салдарынан және негізгі қорлардың күшті ескіруіне байланысты ескірген желілер, құрал-жабдықтар, ғимараттарды жөндеу мен қалпына келтіру жұмыстарын толық көлемде атқаруы мүмкін болмай отыр.

Су құбырларының 30 км. жуық «иесіз» деп аталатын желілері жедел қызмет ету қызмет көрсетуде тұр (бұл жойылған өнеркәсіп кәсіпорындарының тұрғын үйлер желісі).

1974 жылы құрастырылған қаланы сумен қамтамасыз ету сызбасы ескірген және түзетулер енгізуді қажет етеді.

Соңғы 3 жыл ішінде су алу қондырғылары мен су құбырлары желілеріндегі авариялардың саны 3 есеге көбейді, олардың негізгі себептері құрал-жабдықтар мен желілердің ескіруі болып табылады.

Қаланы сумен қамтамасыз ету жүйесі, магистралдық және кварталішілік желілерді қоса есептегенде 70% көп мөлшерде ескіруіне байланысты күрделі жөндеуден өткізу мен қайта жарақтандыруларды қажет етеді. Насос станцияларындағы технологиялық құрал-жабдықтар мен электротехникалық құралдар ауыстыруды қажет етеді. Су құбыры желілерінің кейбір бөліктерінің су босат қабілетінің төмен болуы қаланың кейбір жекелеген мөлтек аудандарын жеткілікті көлемде сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермей отыр. («Зағиптар қоғамы», «Қызыл кордон», «ШҚ ЭТК», «Энергетик» мөлтек аудандары оң жағалауда, Суықбұлақ, Комсомол, Степной кенттері - сол жағалауда).

Қалада суарушы су құбырының жеке жүйесінің болмауы суды тікелей Ертіс өзенінен алуға алып келеді, мұның өзі ауыз суының үлкен бөлігін үй жанындағы жерді, жасыл ағаштарды, көшелер мен тротуарларды суғаруға кетуіне әкеліп соқтырады.

Қаладағы суғарушы су құбыры 80-жылдары салынған. Қазіргі таңда су құбырлары көптеген жерлерде жоқ, жұмыс істеп тұрғандарының құбырлары шіріген. 20 жылдан астам уақыт бойы суландыру жүйесіне күрделі жөндеу жүргізілген жоқ. 2008-2010 жылдары қала көшелеріндегі газондар жөндеуден өткізілді, суландыру жүйесінің жоқ болуына байланысты оларды суғару автокөліктер арқылы жүзеге асырылады, мұның өзі бюджет қаражатын көптеп шығындауға алып келеді. Бүгінгі таңда қаланың оң жағалауындағы суландырушы су құбырын қолданыстағы сызба бойынша қайта жарақтандырудың жобалық-сметалық құжаттары дайындалған. Бюджет қаражатын одан әрі үнемдеу және жасыл алқапты нәтижелі суландыру мақсатында су құбырын қайта жарақтандыруды қысқа мерзімде орындау қажет.

Шульбинск ауылының сумен қамтамасыз етуді «Бытсервис АЭС» ЖШС кәсіпорыны бір су көзінен жүзеге асырады. Қолданыстағы су қоймасындағы судың көлемі поселкесі тұтынушыларының су қажеттігін толық қамтамасыз ете алмайды. Қазіргі таңда бас су қоймасын жөндеуден өткізу бойынша жобалық-сметалық құжаттар құрастырылған, онда қосымша скважинаны іске қосу мен кварталішілік желілерді жартылай жаңарту қарастырылған.

Суды су қоймасының жағасындағы уақытша су қоймасынан пайдалануға санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қатаң тиым салып отыр.

Алайда жобалық-сметалық құжатта жалпы ұзындығы 4,5 км. құрайтын Прибрежный және Гидроқұрылысшылар мөлтек аудандарының кварталішілік су құбырларын жөндеу қарастырылмаған.

Жоспарланған жобаларды уақытымен жүзеге асыру мақсатында іздеу-барлау жұмыстарын жыл сайын қаржыландырып отыру қажет.

Ағымдағы жылда Бөлім балалар инфекциялық емханасынан Гагарин көшесінің бойымен өтетін су құбырын, Бөкенші және Знаменка ауылдарының су құбыры желісін өз балансы мен қызмет көрсетуіне алды, соған байланысты осы объектілерді ауыз суымен қамтамасыз ету мен одан әрі пайдаланумен байланысты проблемалар туындап отыр.

2007 жылдан бастап (кесте 20) қала тұрғындарының орталықтанған су құбыры суымен қамтамасыз етілуі 14,3 пайыздық бірлікке өсіп 1 қаңтар 2010 жылға қарай 77,9% құрады, бұл көрсеткіш 2007 жылы 63,57% болған болатын.

Кесте 20


2007- 2009 жылдардағы

қала тұрғындарының орталықтанған сумен

қамтамасыз етілуі және желілердің ұзындығы туралы ақпарат



Сумен қамтамасыз етілу, %

Су құбыры желісінің ұзындығы, жиыны, км

Олардың ішінде ауыстыруды қажет етеді

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

жиыны, км

жалпы ұзындығына шаққандағы %

63,57

75,57

77,9

332,0

232,4

99,6

Қала тұрғындарын коммуналдық-тұрмыстық сумен қамтамасыз ету жүйесінде 332,0 км. су құбыры есепте тұр (оның ішінде магистралдық су құбыры - 205,1 км., кварталішілік - 127,0 км). Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығынан 232,4 км немесе 69,9% желілер қанағаттанғысыз жағдайда, осының салдарынан желідегі судың қайтарымсыз жоғалуы және тұрғындардың суды пайдалану нормасының үлес салмағының артуы үлкен көлемде болып отыр.

Саланың жағдайын бағалау үшін SWOT- талдау жүргізілді

Күшті жақтары:


  1. Тұщы жер асты су қорларының көп мөлшерде болуы;

  2. ауыз суына қажеттіліктің үлкен деңгейі;

  3. қолданыстағы сумен қамтамасыз ету жүйесінің болуы;

  4. қолданыстағы пайдалану қызметінің болуы.

Әлсіз жақтары:

  1. Қолда бар жер асты тұщы су қорының жеткілікті пайдаланылмауы;

  2. негізгі өндірістік қорлардың ескіру процесі оларды жаңартуға қарағанда неғұрлым жылдам жүріп жатыр;

  3. сумен қамтамасыз етудің жаңа жүйелерін құру мен ескілерін жаңғыртуға мемлекеттік және жеке инвестициялардың жеткіліксіздігі;

  4. жұқпалы аурулардың пайда болу қауіпі.

Мүмкіндіктер:

  1. Тұщы жер асты суларының жаңа орындарын игеру;

  2. қала тұрғындарын сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету;

  3. сумен қамтамасыз ету жүйелерінің техникалық жағдайын жақсарту, суды тазалау мен су дайындауға кететін шығындарды арттыру;

  4. материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету арқылы пайдалану қызметін жетілдіру.

Қатерлер:

  1. Скважиналарды пайдалану режимінің бұзылуы нәтижесінде жер асты су көздерінің сапасының төмендеуі, иесіз скважиналар санының көп болуы, жер асты суларының техногендік ластануы;

  2. ескіруіне байланысты құрал-жабдықтардың жұмыс істемей қалу мүмкіндігі, қоршаған ортаға теріс әсер ету қауіпі;

  3. пайдалану мерзімінің ұзақтығына байланысты қалыптасқан сумен қамтамасыз ету объектілерінің қанағаттанғысыз техникалық жағдайы;

  4. авариялардың көбеюі, судың тәулік бойы беріліп тұрмауы.


2.2.3.3 Жылумен қамтамасыз ету

Қалада жылумен қамтамасыз етуді «Теплокоммунэнерго» МКК кәсіпорыны жүзеге асырады. Оның құрамына ЖЭО-1, АҚ-1, АҚ-2, Орталық, 103-103а, Ғаббасов, және сондай-ақ 20 орта және шағын қазандықтар жылу көздері кіреді.

Қатарынан бірнеше жылдар бойы жылу көздері мен желілерін түрлі меншік нысанындағы мекемелердің пайдалануы, олардың жөндеу жұмыстарын жүргізуге инвестиция құймауы қолданыста 30 жылдан астам бойы келе жатқан технологиялық құрал-жабдықтар мен желілердің толық ескіруіне әкеліп соқтырды. Жылу электр станциялары мен қазандықтар күшті ескірген және күрделі жөндеуді қажет етеді, қазандық құрал-жабдықтарының 60%-тен астамы мен жылу желілерінің 80%-ға өзінің есептік қорларын толықтай атқарып шыққан.

Қаланы жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ету үшін «КазНИПИэнергопром» ЖШС институты 2005 жылы «Семей қаласын жылумен қамтамасыз ету сызбасын» және қаланы жылумен қамтамасыз етуді жөндеуден өткізудің технико-экономикалық жағынан негізделген жобасын құрастырған болатын. Қайта құруды жүзеге асыру екі кезенге бөлінді: 1-ші - 2010 жылға дейін, 2-ші - 2020 жылға дейін.

Соған байланысты 2006 жылы қаланы жылумен қамтамасыз етуді қайта жарақтандыру бойынша республикалық бюджеттің 8 млрд. теңге сома көлеміндегі қаржысы игерілді («Теплокоммунэнерго» МКК мәліметтері бойынша). Осы кезең ішінде 4 жаңа Е-10 қазандығы қосымша қондырғыларымен бірге салынды, 7 қазандық ауыстырылды, 20 км. жылу желілері құрылысы жөнделіп, ауыстырылды, 12 шағын қазандықтар жабылды.

Алайда қаланың қолданыстағы жылу көздері мен желілерін жөндеу мен қайта жарақтандыру жобасына жөндеу мен қайта жарақтандыруды талап ететін төмендегі қазандықтар енбей қалды:



АҚ-2 Шульбинск кенті

Қазандықта КЕ-25/14 маркалы 4 қазан орнатылған, олардың ішінде 2 қазан жұмыс істемейді, ал 3-сі 65% ескірген. Сондай-ақ ауылда психиатриалық емхананың қазандығы бар, онда жанар-жағармайды қолмен толтыратын 2 КВ-0,7 қазаны тұр.

Қазандықтың дұрыс жұмыс істеуі үшін мыналар қажет:

КЕ-25/14 ст. № 2 күрделі жөндеуден өткізу қажет, сондай–ақ жұмыс істемей тұрған КЕ-25/14 ст. № 4 қазанын өнімділігі төмендеу КЕ-110/14 қазанына ауыстыру қажет;

кварталішілік жылу желілерін жөндеуден өткізу қажет, мұның өзі жылу шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді (қазіргі кездегі шығындар 19,41% құрайды), сондай–ақ Шульбинск кенті жылумен қамтамасыз етудің сапасын арттыру қажет;

№ 2 қазандық пен психиатриалық емхана қазандығының арасын қосу қажет, мұның өзі жанар-жағар майды қолмен толтыратын қазанды жабуға мүмкіндік береді, сондай-ақ Шульбинск кенті қазандықтарының пайдаланылуына кететін шығындарды азайтады



«Дорожник» қазандығы

Қазандықта 2 Е 1/9 қазаны орнатылған, «Алтай» маркалы қазан және КСТ-0,6 қазаны. Барлық қазандар мен кварталішілік желілердің ескіруі 60% құрайды.

Қажет етіледі:

қолданыстағы қазандарды 4 дана жаңа Е 1/9 маркалы қазандармен ауыстыру қажет;

кварталішілік жылу желілерін ескірген трубаларын ауыстыру арқылы қайта жарақтандыру қажет, мұның өзі қазандықтың жылу беру желілеріндегі жылуды жоғалтуды төмендетуге мүмкіндік береді (қазіргі жылудың жоғалтылуы 27,07% құрайды) және жылу жеткізушінің параметрлерін көтеруге мүмкіндік береді.

«ВИРП» қазандығы

Қазандықта 4 КСТ-0,7 маркалы қазан орнатылған. Жеткізіп беруші жылу желілерінің қазіргі кездегі жағдайы жылу жеткізушінің қажетті параметрлеріне қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.

Қажет етіледі:

кварталішілік жылу желілерін, қазандықты қайта жарақтандыру қажет, ол жылу жоғалтуды төмендетуге мүмкіндік береді (қазіргі кездегі жылу жоғалту 27,15% құрайды) сондай-ақ жылу жеткізуші параметрлерін көтеруге мүмкіндік береді;

«ВИРП» қазандығы мен «Пединститут» қазандығын («Пединститут ЦТП») арасын қосу қажет, ол «ВИРП» қазандығын жабуға мүмкіндік береді.

«Солнечная» қазандығы

Қазандықта 6 «Братск» маркалы қазан агрегаттары орнатылған. Жылу желілері қазандарының ескіру деңгейі 70% құрайды.

Қажет етіледі:

қазандықты қолданыстағы 6 «Братск» қазандарын 4 жаңа «Гефест» маркалы қазандарына қосалқы құралдарымен қоса ауыстыру арқылы қайта жарақтандыру қажет;

кварталішілік жылу желілерін ескірген трубаларды ауыстыру арқылы қайта жарақтандыру қажет, бұл қазандықтың жылу желілеріндегі жылу жоғалтуды азайтуға мүмкіндік береді (қазіргі кездегі жылу жоғалту 16,6%) сондай-ақ жылу жеткізуші параметрлерін көтеруге мүмкіндік береді.

«Авиатор» қазандығы

Қазандықта 6 «Универсал-6» маркалы қазан орнатылған. Барлық қазандардың ескіруі 60% құрайды. Авиаторлар қалашығын жылумен қамтамасыз етудің сапасын арттыру үшін «Авиатор» қазандығын жабу үшін жаңа жылу жүйесінің құрылысын бастау қажет, бұл жанар-жағар майды қолмен толтыратын қазанды жабуға мүмкіндік береді, сондай-ақ қаланың сол жағалауындағы қазандықтарды пайдалануға кететін шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.



№ 5 мектеп-интернат қазандығы

Энергетик кентінің және №1 Интернат қуаттылығы шағын қазандықтарын жабу үшін № 5 мектеп-интернаттың қазандығын механикаландырылған қазан қою мен қазандықтан шығатын жылу желілерін жөндеу арқылы қайта жарақтандыру қажет.



ЖЭО-1, АҚ-1

Өзара ауысымдық және жаз мезгілдерінде ЖЭО-1 турбогенераторының жылу жүктемесін қамтамасыз ету үшін ЖЭО-1 және АҚ-1 жылу желілерінің арасын қосу қажет.

Соңғы жылдары (2009-2010) жылу көздері мен жылу жеткізушілерде орындалған ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар көлемі олардың қажеттіктеріне сәйкес келмейді және олар күрделі жөндеуді қажет етеді.

2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде жылумен қамтамасыз ету бойынша 1 инвестициялық жоба жалпы сомасы – 538,7 млн. теңге көлемінде жүзеге асырылды, онда қала қазандықтарының ескірген қазан құрал-жабдықтарын ауыстыру бойынша үлкен жұмыстар атқарылды.

Семей қаласының жылумен қамтамасыз ету жүйесі есепке алу приборларымен өте төмен дәрежеде қамтамасыз етілуімен сипатталады. Сарапшылар жүргізген есептеулер бойынша жылуды есептеу приборларына деген жалпы қажеттілік - 1,2 мың дананы құрайды.

Қалада жылу энергиясының тарифтері 2009 жыл ішінде 48,5 теңге/Гкал-дан 47,1 теңге/Гкалға ауытқып отырды.

Сонымен қатар 2007 жылдан 2009 жылға дейін қазандықтардың жылу қуаттарын жоғалтулары өскені байқалады, оның себебі құрал-жабдықтардың ескіруі мен жылу көздерін жаңартуға салынатын инвестициялар көлемінің аздығынан болып отыр.

2007–2009 жылдары тұтынушыларға жылу энергиясын босату көлемінің өзгерістерінің динамикасы жалпы алғанда аздаған ауытқушылықтармен біркелкілікті көрсетеді (2007 жыл - 6967,3 мың Гкалға, 2008 жыл - 7080,6 мың Гкалға, 2009 жыл - 7167,9 мың Гкалға).



Босатылған жылу энергиясына шартты түрде жұмсалған

отын шығыны өзгерістерінің динамикасы, жиыны мың тонна

Сур. 35
2007 жылдан 2008 жылға дейін (сурет 35) босатылған жылу энергиясына шартты түрде жұмсалған отын шығыны өскенін көреміз. 2009 жылы бұл көрсеткіш 132,6 мың тоннаны құраған болса, бұл 1,10 мың тоннаға немесе 1,01% 2008 жыл деңгейінен көп және 1,30 мың тоннаға немесе 1,01% 2007 жыл деңгейінен көп.

2008 жылдан бері босатылған жылу энергиясының Гкал-на шартты отынның шығынының үлес салмағының артып келе жатқандығы байқалады, 2009 жыл қорытындылары бойынша бұл көрсеткіш 195,3 кг/Гкал құрады, өсім 2007 жылмен салыстырғанда 0,9 кг/Гкал немесе 0,4% құрады (сурет 35).

Саланың жағдайын бағалау үшін SWOT- талдау жүргізілді

Күшті жақтары:


  1. Қала жылу көздерінің жылу энергиясын өндіруінің өсуі;

  2. аймақта қала қазандықтары үшін арзан отын көзі болып табылатын көмір кен орындарының болуы.

Әлсіз жақтары:

  1. Қаланы жылумен қамтамасыз ету қызметінің сапасының төмендеуі;

  2. жылумен қамтамасыз ету желісінің 70% айырбастауды қажет етеді.

Мүмкіндіктер:

  1. Жылумен қамтамасыз етудің дәстүрлі емес көздерінің даму мүмкіндіктері.

Қатерлер:

  1. ЖЭО-1 белгіленген және қолда бар қуаттарының мүмкін болатын жаппай төмендеуі, қазандық қуаттарының істен шығуы, жылу көздері агрегаттарының негізгі қорларының ескіруінің жоғары деңгейіне байланысты авариялық жөндеуге тұрып қалуы;

  2. бәсекелік ортаның дамымауы.

Жоғарыда атап өткеніміздей бұл проблема ЖЭО-1 және АҚ-1 құрал- жабдықтарының және қала қазандықтарының ескіруімен, жылу көздерін жаңарту мен қайта жаңғыртуға инвестициялар құйылымының төмен деңгейімен байланысты. Өткен жылу маусымдары көрсеткендей қаланың жылу беру жүйесі әсіресе қаланың сол жағалауы күрделі қиындықтарды бастан кешуде. Сол жағалаудың негізгі жылу беру көздері ЖЭО-1, АҚ-1 тез арада және міндетті түрде қайта құрулар мен қайта жарақтандыруды талап етеді.

2.2.3.4 Су жеткізіп беру

Қаланың канализациялар сызбасы төмендегідей болып келеді:

оң жағалаудың ағын сулары коллекторлар желісі мен 16 канализациялық насос станциялары арқылы екі дюкерлік көшіру арқылы Ертіс өзені арқылы (жоғарғы КНС-1 және төменгі КНС-10) сол жағалауға қала сыртындағы коллекторға беріледі, одан әрі жалпы қалалық тазалау қондырғыларына жеткізіледі;

сол жағалаудың ағын сулары коллекторлар желісімен және 4 канализациялық насос станцияларымен жалпы қалалық тазалау қондырғыларына жеткізіледі;

21 канализациялық насос станциясының 15-і орталық диспетчерлік пунктке шығатын автономиялық режимде жұмыс істейді және 6-ы қызмет көрсетуші жұмысшылар арқылы жұмыс істейді.

Канализациялық насос станцияларының ғимараттары мен құрал-жабдықтарының ескіру деңгейі 70% құрайды.

Канализация желісінің 227,7 км. (оның ішінде 112,9 км. – магистралдық және 114,8 км. - кварталішілік) 70% астамы қайта жаңғырту мен жөндеуді қажет етеді. Әсіресе Тихомировская ағысы арқылы өтетін канализациялық дюкер проблемасы өте маңызды болып күн тәртібінде тұр. Дюкердің жағдайы қатты алаңдаушылық туғызып отыр, оның келесі мұз жүруі мен су тасқының көтеретіндігіне сенім жоқ. Тасқын жолының бірі әлден бітеліп қалған. 2006 жылы жүргізілген ұзындығы 70 м. труба жолы тексеру нәтижелері бойынша асылып қалған (асылып қалу тереңдігі 2- 2,5 м. құрайды). 1-ші қала сыртындағы коллекторда авариялық жағдайда жұмыс істеп тұр, ұзындығы 10 км. болатын ол 60-шы жылдары салынған және 1992 жылға дейін толық толымдылықпен жұмыс істеп тұрған.

Канализацияның 20 км. жуық иесіз бөлігі жедел қызмет етуге жатқызылған (бұлар жойылған өндірістік кәсіпорындардың тұрғын үйлерінің желілері).

Қалада жеке дренаждық-нөсерлік канализацияның болмауы, сондай-ақ барлық қазандықтарда су ұстаушысының болмауы салдарынан Жұмабаев, Фрунзе, Дулатов, Интернациональная, Герцен көшелеріндегі магистралдық трубалардың шлакқа толып қалуына алып келген, мұның өзі оның босату қабілетін бірнеше есеге төмендетіп отыр. КНС-1-де 70-ші жылдары салынған дюкер бір де бір рет жөндеуден өткізілген жоқ, және бүгінгі таңда бүкіл технологиялық және электротехникалық құрал-жабдықтарын ауыстыруды қажет етеді.

Ертіс өзеніне ағын суларды лақтыруға арналған жалпы қалалық канализацияның құрылымындағы лақтырғыш коллектор да авариялық жағдайда жұмыс істеп тұр, бірақ оны жөндеуге босату үшін лақтырғыш құбыр желісінің екінші кезегін салу керек.

Қолданыстағы тазалағыш қондырғылар 60-шы жылдары салына бастаған және қолдануға 1979 жылы берілген, 20 жыл бойы үнемі артық жүктемемен тоқтаусыз жұмыс істеп келгендіктен пайдалануға техникалық жағынан жарамсыз жағдайда болып отыр. Құрылым кешені салынғаннан бері күрделі жөндеуден өткізілген жоқ, себебі ол үшін оны толық тоқтату қажет. Жөндеу жұмыстары тек оларды ағын суларды тазалаудың технологиялық процесіне қатысатын құрылымды тоқтатпай ақ жүргізуге болатын жекелеме бөліктерінде ғана жүргізілді.

2003 жылы механикалық тазалауды тәулігіне 150 мың текше метр/тәулігіне етіп кеңейту арқылы биологиялық тазалау қондырғыларының құрылысын аяқтау бойынша құрылыс объектілеріндегі жұмыс басталды.

Қазіргі таңға дейін объект құрылысы аяқталған жоқ, ал толық биологиялық тазалау қондырғысының құрылысы тіпті басталған да жоқ, соған байланысты толық тазаланбаған сулар Ертіс өзенінің балық шаруашылығына пайдаланылатын суларына лақтырылып келеді.

Толық биологиялық тазалау қондырғысының құрылысын бастауды жылдамдату қажет, ол шаруашылық - ас суы және балық шаруашылығы суы ретінде маңызға ие Ертіс өзенінің су артериясын ластауды азайтуға септігін тигізеді.

Шульбинск кентінде тазалаушы қондырғылары қанағаттанғысыз жағдайда жұмыс істеп тұр. Шульбинск психиатрикалық емханасына қызмет ететін канализациялық насос станциясы мен шағын қабатты жеке құрылыстар күрделі жөндеуді қажет етеді.

Канализациялық ағындарды қабылдап алып, айдап шығуға арналған төменгі және жоғарғы тазалаушы қондырғылар 97% ескірген және ғимараты күрделі жөндеуді қажет етеді, технологиялық құрал-жабдықтары ауыстыруды қажет етеді.

Қаланың сумен қамтамасыз ету және су жеткізу жүйелерін дамыту мен қайта жарақтандыру мәселелерін нәтижелі және жоспарлы шешу үшін қайта жарақтандыруларды технико-экономикалық негіздеуді құрастыру қажет.

2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша канализация жүйесін ағымдағы жөндеуге 352,0 млн. теңге бөлініп, оның 352,0 млн. теңгесі толық игерілді.

220,0 км. канализациялық желілер жөнделді, 12 КНС насос қондырғылары орнатылды, су алу скважиналарына 58 су өлшеуіш құралдар орнатылды.

Облыс тұрғындарының су жеткізу қызметімен қамтамасыз етілу деңгейі 2009 жыл бойынша 59% құрады (кесте 21).

Кесте 21




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет