Семей ќаласы аумаєыныѕ



жүктеу 4.58 Mb.
бет9/32
Дата16.09.2017
өлшемі4.58 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32

Күшті жақтары:

1. Мемлекеттік және өзге тілдерді оқытудың инфрақұрылымы кеңейтілді;

2. мемлекеттік тілді оқытудың әдістемелік қамтамасыз етілу жүйесі құрылды;

3. мемлекеттік тілді оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияларды құру мен енгізу қамтамасыз етілді;

4. мемлекеттік тілде іс жүргізу процесі белсенді түрде жүзеге асырылуда;

5. тілдік көп түрлілікті сақтай отырып мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейтілуде;

6. аймақта тұратын ұлттардың тілдерін оқып үйренуіне мемлекеттік қолдау көрсетудің пәрменді жүйесі құрылды.

Әлсіз жақтары:


  1. Мемлекеттік тілді оқытудың бірыңғай стандарттары жоқ;

  2. тілдік саланың нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі жеткіліксіз.

Мүмкіндіктер:

  1. Қазақстан халықтарының рухани және ұлттық бірігуінің басты факторы ретінде мемлекеттік тілдің ролін арттыру;

  2. тілдік көп түрлілікті сақтай отырып әлеуметтік қарым-қатынастық кеңістікке мемлекеттік тілді енгізу;

  3. қазақстандықтардың лингвистикалық қорын дамыту.

Қатерлер:

  1. Мемлекеттік тілді қолдану саласында құқықтық проблемалардың болуы;

  2. қазақстандықтардың тілдік мәдениетінің төмендеу мүмкіндіктері.


2.2.2.7 Ішкі саясат

Ішкі саясаттың негізгі басымдықтары мыналар болып табылады: мемлекеттікті нығайту, демократияны дамыту мен азаматтық қоғам институттарына қолдау көрсету, қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, тұрғындар арасындағы кең көлемдегі ақпараттық-түсініктеме жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, тұрғындардың әлеуметтік оптимистік көзқарастарын қалыптастыру.

Қоғамдық-саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, тұрғындардың мемлекеттік органдарға сенімін арттыру, демократиялық процестерді дамытуға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізіліп келеді.

Қалада 5 саяси партияның бөлімшелері тіркеліп, жұмыс істеп келеді. Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің бөлімшелерінің көшбасшыларымен конструктивті қарым-қатынас орнатылған.

Азаматтық қоғамның белсенді институты кәсіподақтар болып табылады. Кәсіподақтар кеңесі 8 салалық ұйымды біріктіреді.

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша үш жақты комиссия жұмыс істеп келеді.

130-дан астам үкіметтік емес ұйымдар тіркелген, олардың ішінде 18 жастар ұйымдары.

Алға қойған мақсаттарға жетуге қаланың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуының негізгі міндеттерін жүзеге асыруды ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету жағдай жасап отыр.

Бұл жұмыстарды қалада 105 ақпараттық-түсініктеме беруші топ жүзеге асырады. Олар 2010 жылдың басынан бастап 1000-нан астам кездесулер, «дөңгелек столдар», семинарлар өткізді, олар 50 мыңнан астам адам тұрғындарды қамтыды. Белсенді ақпараттық-үгіт-насихат жұмыстарының нәтижесі тұрғындардың ақпарат алуының тұрақты жоғары деңгейі болып табылады. Әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша 2010 жылы ол 63% құрады (2008 жылы - 57%).

Мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру көлемі жыл сайын өсіп келе жатыр: 2008 жылы – 37,4 млн. теңге, 2009 жылы – 48,6 млн. мың теңге, 2010 жылы - 61,5 млн. теңге. 2010 жылы ақпараттық тапсырыс 2 электронды және 8 баспа БАҚ- тарында орналастырылған.

Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының конструктивті бірлесе әрекет етуі арқылы тұрғындардың қоғамдық өмірге кеңінен тарту, диалогты дамыту жүзеге асырылып келеді. Қалада бұл диалог кеңес беруші - кеңесуші органдар арқылы жүзеге асырылады (ҮЕҰ-мен бірлесе әрекет ету бойынша кеңес, саяси партиялармен және қоғамдық бірлестіктермен жұмыс бойынша үйлестіру кеңесі, жемқорлықпен, ұйымдасқан қылмыспен күрес бойынша кеңес және т.б.) және диалогтық алаңдар (азаматтық форум, дөңгелек столдар және т.б.).

ҮЕҰ-ның әлеуметтік маңызы бар жобаларына мемлекеттік тапсырыс беру жүзеге асырылуда. 2007 жылы - 1,0 млн. теңге, 2008 жылы - 1,0 млн. теңге, 2009 жылы - 2,616 млн. теңге, 2010 жылы - 1,711 млн. теңге.

Азаматтық қоғамды дамытуға этномәдени орталықтар елеулі үлес қосып келеді. Қалада 14 этномәдени орталық жұмыс істейді. Барлық этникалық топтарды бірлестіру мақсатында бірлескен іс-шаралар өткізіліп отырады.

Аймақтық бірлестіктердің қызметіне талдау жасауға үлкен көңіл бөлінеді, бүгінгі таңда қалада 46 діни бірлестік жұмыс істейді, оның 44-і әділет органдарында тіркелген. 2 шет ел азаматы миссионер ретінде тіркелген. Жалпы алғанда олардың билік органдарымен қарым-қатынасы түсіністік негізде құрылып келеді. Аймақта конфессияаралық келісім сақталып отыр. Түрлі конфессиялар арасында байланыс бар, діни экстремизм мен сепаратизм көрініс берген жоқ.

Қоғамдық-саяси жағдайға, саяси партиялар мен азаматтық қоғамның өзге де институттарына, оның ішінде діни бірлестіктерге жүйелі мониторинг жүргізіліп келеді, олармен келісімдік диалогты нығайту, арақатынасты жақсарту аймақта қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді. Экономикалық дағдарыс салдарын еңсеруге байланысты туындаған қиыншылықтарға қарамастан 2008-2010 жылдары қалада рұқсат етілмеген қарсылық көрсету акциялары өткізілген жоқ.

Жастар саясаты саласында еліміздің болашақ дамуын қамтамасыз етуге қабілетті, интеллектуалды және рухани-адамгершілікті тұлға қалыптастыру жетекші басым бағыт болып табылады.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға қалалық бюджеттен бөлінетін қаражат көлемі 2007 жылы - 2,3 млн. теңге, 2008 жылы - 8,1 млн. теңге, 2009 жылы - 8,2 млн. теңге, 2010 жылы - 8,5 млн. теңгені құрады.

Ішкі саясат жағдайын бағалау үшін SWOT- талдау жүргізілді:


Күшті жақтары:

  1. Қоғамдық-саяси жағдайдың, саяси партиялар мен азаматтық қоғамның өзге институттарының қызметінің мониторингі жүргізіледі;

  2. азаматтық қоғам институттарының қатысуымен диалогтық алаңның белсенді жұмыс істеуі қамтамасыз етілген;

  3. жастарға арналған қор орталығы құрылып, жұмыс істеп отыр;

  4. мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі арқылы ҮЕҰ-дар әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге қатыстырылып отырады.


Әлсіз жақтары:

  1. Ауылдық аймақтарда үкіметтік емес ұйымдардың жұмысының әлсіз деңгейде болуы.


Мүмкіндіктер:

  1. Сандық теледидарды енгізудің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды жеделдету;

  2. қоғамдық-саяси, оның ішінде діни жағдайларды шиеленісуіне жол бермеу бойынша іс-шараларды қабылдау;

  3. тұрғындар арасында ақпараттық-түсінік беру жұмыстарын күшейту;

  4. ауылды жерлерде жұмыс істеп отырған ҮЕҰ-дарға әдістемелік көмек көрсету.


Қатерлер:

  1. Ресей тарапынан болатын күшті ақпараттық ықпал ету;

  2. жағымсыз діни ағымдардың таратылуы;

  3. қаладағы қоғамдық-саяси жағдайдың шиеленісуі.


2.2.2.8 Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Қаладағы оперативтік жағдай күрделі болуымен сипатталады. Қылмыстық жағдайды тұрақтандыру мен сауықтыру мақсатында ішкі істер басқармасы басқарушы шешімдер қабылдап отыр. Оларды жүзеге асыру тіркелген қылмыстардың санын азайтуда оң жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. 2009 жылы жасалған қылмыстардың деңгейі бойынша Семей қалалық ІІБ жүргізген рейтингіне сәйкес ІІБ-лар арасында қалалық аудандық ішкі істер бөлімі (ҚАІІБ) 2 орын алады. Мысалы, 2009 жылы 2007 жылмен салыстырғанда жалпы қылмыстық қылмыс жасау саны 3,1% қысқарды. Ауыр қылмыс түрлері 2,2% азайды, оның ішінде ерекше ауыр түрлері 13,6%, қасақана кісі өлтіру 20,4%, денсаулыққа қасақана зиян келтіру 0,5%, тонау 3,3%, жеке меншік мүлікті ұрлау 21,9%. Бұрын сотталғандар жасаған қылмыс саны 91% төмендеді, жасөспірімдер қылмысы 62,5% төмендеді (сурет 33).



Семей қаласы бойынша 2007- 2009 жылдары

тіркелген қылмыстар санының өзгеру динамикасы

Сур. 33


Оперативтік жағдайды талдау қылмыстық қудалау шараларын қолданумен қатар құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген тұрғындарды қорғау бойынша шаралар қабылдауды қажет ететін толыққанды жүйе құру, жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталған және заңға бағынатын іс-әрекетке негізделген жүйе құру, құқық бұзушылықты жүзеге асыруға кедергі жасайтын ғылым мен техника жетістіктерін енгізу арқылы құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру қажеттігі туындады.

Семей қаласында көшелер мен өзге де қоғамдық орындардағы жоғары деңгейдегі қауіпті жағдай жедел басқару орталығы мен кинологиялық орталық (Полковничий аралында) салуды талап етеді. Патрульдік-пост қызметін нығайту, автопатрульдің санын көбейту, полицияның қозғалмалы және стационарлық пункттерін көбейту, оларды бірыңғай мәліметтер банкіне қол жеткізе алатындай компьютер техникасымен қамтамасыз ету қажет.

Ішімдік ішу мен нашақорлықтың өсуі, әсіресе жастар арасында, күрделі әлеуметтік проблема болып отыр. Соған байланысты мамандандырылған медициналық мекемелерді дамыту қажет.

Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, алкогольдік ішімдіктерді жүйелі түрде пайдаланудың алдын алу, есірткі заттар мен психотроптық препараттарды медициналық емес мақсаттарда пайдалану, азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдарды құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарына тарту жұмыстары жетілдіруді қажет етеді.

Жолдардағы апаттарға байланысты жағдай да күрделі болып қалып отыр. Олардың себептері автокөліктер паркінің көбеюі, жолдардың қозғалыс жылдамдығына сәйкес келмеуі, жүргізушілердің дайындық деңгейінің төмендігі мен тәртібінің нашарлығы болып отыр. Жағдайды сауықтыру үшін жол қозғалысын бақылау мен реттеудің қазіргі заманғы техникалық құралдарын қолдану қажет. Бұл мәселелерді шешу жыл сайын ЖТЖ-ды 1-2% қысқартуға мүмкіндік береді (сурет 34).
2007- 2009 жылдардағы жасалынған ЖКА мен өлгендер мен жараланғандардың санының өзгеру динамикасы

Сур. 34
Қаланың ішкі істер органдарының алдында тұрған міндеттерді шешу үшін штаттарды Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің № 455-2007 бұйрығымен бекітілген нормаларға жеткізу қажет. Қазіргі таңда жетіспеушілік жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 891 дананы құрайды. Ең алдымен бұл сыртқы қызметке, қоғамдық қауіпсіздік қызметкерлеріне қатысты болып отыр. 2009 жылы облыстың ішкі істер органдарының бөлімшелерінің қызметтік автокөліктермен қамтамасыз етілуі 69,4%, байланыс құралдарымен 28%, компьютер техникасымен 14% болды.

Қаланың ішкі істер органдарының территориялық бөлімшелерінің елеулі бөлігі өткен ғасырда салынған үйлерде орналасқан. 4 ғимараттың – 2-уі 30 жылдан астам уақыт бұрын салынған, 2-уі санитарлық және қолдану нормаларына сәйкес келмейді.

1 уақытша ұстау изоляторы жұмыс істейді (УҰИ) ол жартылай подвал бөлмеде орналасқан, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы нормалар, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келмейді. Аталған жағдайлар жұқпалы аурулардың таралуына жағдай жасайды, ең алдымен күдіктер, айыпталушылар және жеке құрам қызметкерлері арасында туберкулездің таралуына жағдай жасайды. Қамау орындарында ұстау жағдайларын ең төменгі халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестендіру түрлі төтенше жағдайлардың пайда болу мүмкіндіктерін төмендетеді. Осы мақсаттармен Семей қаласында УҰИ құрылысын бастау қажет.

Қалада белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған тек 1 қабылдаушы - орналастырушы орын бар және 1 әкімшілік қамауға алынған адамдарға арналған арнайы қабылдау орыны бар олар да подвал және жартылай подвал ғимараттарда орналасқан. Кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін (ҚР 04.07.2008 ж. № 55-ІV Заңы) әкімшілік қамауға алынатын тұлғалардың саны көбейді (2008 жылы - 490, 2009 жылы - 790 адам). Бұл санаттағы адамдар арнайы қабылдау орынына орналастырылуға жатқызылады. Алайда қазіргі арнайы қабылдау орынында төсек орындарының жетіспеуіне байланысты сот шешімдерін орындау проблемаға айналып отыр. Осыған байланысты арнайы қабылдау орыны құрылысын салу қажеттігі туындайды.

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT- талдау жүргізілді:



Күшті жақтары:

  1. Құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар анықталған;

  2. құқық бұзушылықтың алдын алудың нақтылы субьектілері анықталып, олардың өзара байланыс жасауы қамтамасыз етілді;

  3. қоғамдық тәртіпті қорғау мен құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысатын азаматтармен және ұйымдармен бірлесе жұмыс істеу түрлеріне келісім алынды;

  4. азаматтардың заңды сақтау іс-әрекеттерін қалыптастыру шаралары анықталды;

  5. салауатты өмір салтын насихаттау бойынша кешенді іс-шаралар қалыптастырылды.

Әлсіз жақтары:

  1. Қоғамдық орындарда, көшелерде, елді мекендерде жасалынатын қылмыстардың деңгейінің жоғарылығы;

  2. тұрмыстық маскүнемдік, ішімдік ішу мен нашақорлықтың алдын алу мәселелерінің шешілмеуі;

  3. отбасылық-тұрмыстық салада, ІІБ-де тіркеуде тұрған адамдар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша іс-шаралардың жетіспеушілігі;

  4. кәсіпорындар мен үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша жұмыстарға қатысуын реттейтін нормативтік құжаттардың болмауы;

  5. бизнес құрылымдардың құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша құқықтық жауапкершілігінің төмендігі;

  6. қиын өмірлік жағдайдағы адамдардың әлеуметтік бейімделуі мен қалыпқа келтірілуінің жеткіліксіз деңгейі;

  7. ІІБ-нің қажетті нормадағы штаттармен қамтамасыз етілмеуі;

  8. қалалық және аудандық ішкі істер бөлімдерінің типтік әкімшілік ғимараттармен қамтамасыз етілмеуі, қолданыстағы ғимраттардың жөндеуді қажет ететіндігі.

Мүмкіндіктер:

  1. Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша уақытымен шара қабылдау;

  2. азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау бойынша жағдай жасау;

  3. құқық бұзушылықтың алғашқы сатыдағы алдын алу;

  4. құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін жетілдіру;

  5. алдын алу субъектілерінің қызметін үйлестіруді арттыру;

  6. құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша шараларды жүзеге асыру жұмыстарына бақылау орнату.


2.2.2.9 Мұрағат ісі

Семей аймағында соңғы жылдардағы мұрағат ісінің дамуына жасалынған талдау мұрағат ісінің қызмет ету саласында жақсаруға бағытталған оң өзгерістердің бар екендігін көрсетеді.

Аймақта мұрағат ісі саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды «Шығыс Қазақстан облысының қазіргі заман тарихының құжаттар орталығы» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

Орталық ұлттық мұрағат қорының жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару органдарының, соттардың, прокуратураның, мемлекеттік, коммуналдық және жеке меншік нысанындағы өзге де заңды және жеке тұлғалардың қызметі нәтижесінде қалыптасқан құжаттарды жинау (сатып алу), тұрақты сақтау мен пайдалануды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру мен толықтырып отыру қызмет ету аймағына байланысты Семей, Курчатов қалалары, Абай, Бородулиха, Бесқарағай аудандарын қоса есептегенде жүзеге асырылады.

«ШҚО ҚЗТҚО» ММ 34 маман жұмыс істейді, 12 адам - техникалық қызметкерлер.

1 қаңтар 2010 жылға қарай ШҚО ҚЗТҚО қалыптастыру көздері тізімінде 356 мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындар бар. ШҚО ҚЗТҚО–да сақталатын ұлттық мұрағат қорының құжаттарының көлемі 1 қаңтар 2010 жылы 591 276 сақталу данасын құрады.

Мұрағат қызметінің нәтижелілігін арттыру, мүдделі тұтынушылардың ШҚО ҚЗТҚО мұрағаттық құжаттарына қол жеткізуін кеңейту мақсатында Шығыс Қазақстан мұрағаты мен құжаттарын басқару басқармасы құрастырған «2007-2010 жылдардағы Шығыс Қазақстан обылысы электронды мұрағаты ақпараттық жүйесін құру бойынша іс-шаралар жоспары» жүзеге асырылып келеді.

Мемлекеттік мұрағаттың материалдық-техникалық базасын жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде, олар: компьютерлендіру, автоматтандырылған мұрағат технологияларын құру мен енгізу.

Мұрағат құжаттарын қазіргі заманғы алып жүрушілерге көшіру жүзеге асырылуда, Ұлттық мұрағат қорының ең құнды бөлігін жоғалу, түпнұсқасының бұзылуы жағдайларынан сақтандыру мақсатында көшірмелерін жасау жұмыстары жүргізілуде.

Шығыс Қазақстан тарихы бойынша Қазақстан Республикасының мұрағаттарынан, Ресей Федерациясының федералдық және аймақтық мұрағаттарынан құжаттарды іздестіру мен сатып алу (көшірмелерін) жұмыстары жүргізілуде.

Ведомстволық сақтау мерзімдері біткен құжаттарды мемлекеттік сақтауға беру жұмыстары жалғастырылуда. 2011-2015 жылдары мемлекеттік сақтауға барлық алып жүруші түрлеріндегі 14 250 сақтау данасынан артық құжаттарды қабылдау жоспарлануда. Сонымен қатар мемлекеттік сақтауға түскен құжаттар көлемінің өсуі мен мұрағаттың сақтау алаңдарының, мұрағат құжаттарын сақтау мен пайдалануды қамтамасыз ететін қызметкерлер штатының мүмкіндіктері арасында сәйкес келмейтіндігі байқалады.

Қазіргі таңда Семей қаласында іс жүргізу мен құжаттардың сақталуына тиісті назар аударатын мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындардың саны артты, ШҚО ҚЗТҚО ММ қызметкерлерін ведомстволық мұрағаттар мен құжаттармен қамтамасыз ету қызметтері мамандары үшін оқытушы семинарлар өткізуге шақырады. ШҚО ҚЗТҚО ММ үнемі іс номенклатурасын құрастыруды ұйымдастыру, ведомстволық мұрағаттар мен сарапшылыр комиссиясы, іс жүргізу бойынша нұсқаулықтар, құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу, құжаттарды мемлекеттік сақтауға беру бойынша тәжірибелік, әдістемелік, кеңес берушілік көмек көрсетіп отырады. Құжат жүргізу негіздері, құжаттарды басқару мен сақтау бойынша оқытушы сипаттағы семинар-кеңестер өткізіліп отырады.

2010 жыл ішінде ШҚО ҚЗТҚО ММ 7 фото құжаттық көрме, 13 БАҚ-тарда жарияланымдар мен сөз сөйлеу ұйымдастырды, 350 оқу залдарына барып қызмет көрсету жүзеге асырылды, әлеуметтік-құқықтық сипаттағы 7500 ден артық сұраныстар орындалды.

Алайда ведомстволық сақтау сатысында қызметкерлердің еңбек қызметін растайтын, зейнеткерлікті қамтамасыз етуге төлемдердің төленгені туралы ақпараттардың құжаттардың сақталуы қамтамасыз етілмеуі ШҚО ҚЗТҚО ММ келіп түскен әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстардың 20%-нің оң растау ала алмауына алып келді. Егемендік пен тәуелсіздік кезеңінің құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету, олардың жоғалуының алдын алу барлық меншік нысанындағы мекемелердің заңдылықты сақтауды қатаң бақылауға алуын талап етеді.

Аталған проблемалық мәселелерді шешу мұрағат ісі мен құжаттар жүйесін жүргізуді идеалдық жобаға дейін жеткізуге, Семей аймағының мұрағат саласының нәтижелі жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берген болар еді.

Жағдайды бағалау үшін SWOT-талдау жүргізілді:



Күшті жақтары:

  1. ШҚО ҚЗТҚО ММ модем арқылы мемлекеттік сатып алулар порталына шығу мүмкіндігіне ие болу арқылы мұрағаттың қызметі туралы түрлі ақпараттарды «Шығыс Қазақстан облысының мұрағат қызметі» атты сайттың өз меншігіндегі веб-бетінде орналастыру мүмкіндігіне ие болып отыр.

Әлсіз жақтары:

  1. Мемлекеттік мұрағаттарда сақталатын құжаттардың көлемінің өсуі мен мұрағат сақтау орындарының көлемі арасында сәйкессіздіктің болуы;

  2. Қазақстан халықтарының құжаттар мұрасын зерттеу, дамыту, таратудың жеткіліксіз деңгейі.

Мүмкіндіктер:

  1. ШҚО ҚЗТҚО ММ электронды қызмет көрсетуі, азаматтардың мұрағат ақпараттарына қол жеткізуін кеңейту.

Қатерлер

  1. Мұрағат қызметі саласындағы мекемелердің жұмыс нәтижесінің төмен болуы, мекемеден мамандардың кетуі.


2.2.3 Инфрақұрылымдық кешен

2.2.3.1 Электрмен қамтамасыз ету

Қала территориясында екі электр өндіруші мекеме жұмыс істейді, олар: «Шульба ГЭС-і» ЖШС және «Теплокоммунэнерго» МКК.

«Шульба ГЭС-і» гидроэнергетикалық станциясы Семей қаласынан 60 шақырым жерде Шульба ауылында орналасқан, оның қуаттылығы 700 мВт құрайды, американдық «AES» компаниясына 20 жылға концессияға берілген, бөлуші желілер де осы мекеменің бақылауында.

«Теплокоммунэнерго» МКК құрамына турбиналарының қуаттылығы 12 мВТ құрайтын ЖЭО-1 кіреді, ол өз қажеттіктері үшін электр энергиясын өндіреді.

Семей аймағы тұтынушыларын энергиямен қамтамасыз етуді Абай аймағындағы «ШҚ АЭК» АҚ жүзеге асырады, оның көлемі 18 кестеде көрсетілген.
Кесте 18

2007- 2009 жылдардағы өнім көлемінің өзгеруі, Семей қаласы

желісіне босату, Семей қаласы бойынша электр энергиясын тұтыну

мен жетіспеушілігінің динамикасы («ВК РЭК АҚ» мәліметтері бойынша)





2007

2008

2009

Кіру бойынша желіге ену 6/10кВт (мың кВт. сағ.)

657,726

673,211

657,563

Желілер бойынша транзит (мың кВт. сағ.)

554,355

570,506

573,679

Жыл сайын кәсіпорын қаражаты есебінен энергиямен қамтамасыз ету объектілерін жөндеу мен қайта жарақтандыру бойынша жұмыстар жоспарланып, жүргізіледі.

2007 жылдан 2009 жылға дейінгі аралықта энергетикалық кешен кәсіпорындары негізгі қорға 11,1 млрд. теңге көлемінде инвестиция құйған (кесте 19).

Кесте 19


Аймақтың энергетикалық кешеніне құйылған

инвестициялар көлемінің өзгеру динамикасы

р/с

Инвестициялар құрылымы

Жылдар

2007

2008

2009

1

Барлық инвестициялар көлемі, млн. теңге

2880

4495

3751,6

2

оның ішінде AES кәсіпорындары бойынша

1331

1930

2490

Соңғы жылдардағы инвестициялар құю көлеміне қарамастан бұл қаражаттардың толық көлемде энергия объектілерін қалпына келтіру мен қайта жарақтандыру үшін жеткіліксіз екендігін айтуға тура келеді.

Соның салдарынан қазіргі таңда энергетикалық құрал-жабдықтардың ескіру деңгейі өте жоғары болып отыр - ГЭС бойынша ол - 30-68%, ЖЭО бойынша - 65-70%.

Аймақтық энергетикалық желілер қанағаттанғысыз жағдайда, олардың ескіруі 70% құрайды.

1999 жылы аймақтық электр желілерін басқаруға алғаннан кейін «AES» компаниясы қолданудан шығып қалған энерго қондырғылардың орынына жаңа энерго қондырғылар салу бойынша жоспарлы жұмыстарды іс жүзінде жүргізген жоқ, сондай-ақ қолданыстағы электр желілерін қайта жарақтандыру мен техникалық жағынан жетілдіру жұмыстары да жүргізілген жоқ.

Негізгі қорлардың ескіруі 60% құрайды, ЖВ - 110 кВт 50%, ЭБЖ - 35 кВт – 62%, ЭБЖ - 6/10/04 кВ – 84% қолдану мерзімдері аяқталған, подстанциялардың энерго қондырғылары 50% ескірген, желінің кейбір бөліктерінде санаттық тұтынушыларды қайталап қамтамасыз ету мүмкіндіктері жоқ, оның себебі екінші азық беру көзінің қуат қорларының жоқ болуы, қолданыстағы энергияны бөлуші желілер өсіп келе жатқан жүктемені толық орындау мүмкіндігіне ие емес.

Электр желілерінің техникалық жағдайының төмен деңгейінің көрсеткіші өткен (2009-2010) жылу беру маусымы болды. Осылайша, жылу беру маусымы ішінде электр желілерінің 554 авариялық тоқтап қалу жағдайлары тіркелді, табиғат жағдайларына байланысты 1016 (30%), мұның өзі кейіннен өмір сүруді қамтамасыз ету объектілерінде төтенше жағдайлардың қалыптасуына нақтылы қауіп төндіретін жағдайға әкеліп соқтырды. Тұтынушыларға электр энергиясын жеткізбеудің толық көлемі 1877 мың кВт сағ. құрады. Электр желілеріндегі авариялық жағдайлар саны өткен жылу мерзімімен салыстырғанда 19% өсті.

«ШҚ АЭК» АҚ ЭБЖ және энергетикалық қондырғыларының қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы 2008-2009 жылдары Госэнергонадзор жүргізген тексеру комиссиясының актісі арқылы расталады.

Актіде көрсетілгендей орташа есеппен жыл ішінде ВЛ күрделі жөндеу мен қайта жарақтандыру электр беру желісінің (ЭБЖ) жалпы ұзындық көлемінің 0,43% мөлшерінде ғана орындалады.

«2015 жылға дейін 110 кВт » және одан төмен бөлуші электр желілерінің даму сызбасы іс-шараларын жүзеге асыру жоспарына сәйкес жаңа электр желілерін салу мен қайта жарақтандыруға жалпы капитал құю 103,2 млрд. теңгені құрайды, мұның өзі жыл сайын 11 млрд. теңгеден кем емес инвестиция құюды қарастырады.

РЭК үшін қаржыландырудың жалғыз көзі 1 қаңтар 2010 жылы енгізілген екі жылға арналған орташа жылдық тариф болып табылады, онда 1 817,9 млн. теңге көлемінде инвестициялық бағдарлама қарастырылған, оның ішінде 2010 жылы - 907,97 млн. теңге, 2011 жылы - 908,97 млн. теңге. Көріп отырғанымыздай тарифтегі инвестициялық құрам «Сызбада» қарастырылған облыстың электр желілік шаруашылығын қайта жарақтандыру бойынша іс-шараларды орындау үшін мүлдем жеткіліксіз.

2008-2010 жылдарға бекітілген орташа жылдық тарифтерге сәйкес бізде объектілерді өз күшімізбен жөндеу мен қайта жарақтандыру жұмыстары жоспарланып орындалып келеді.

Жыл сайын тарифтің қымбаттауына алып келетін жөндеу жұмыстары жүргізіледі, мысалы 2008 жылы қайта жарақтандыру жүргізілді:

Семей қаласындағы ЖВ 0,4 кВт 9,05 км. ұзындықта;

Семей қаласындағы КЖ 0,4 кВт 4,32 км. ұзындықта;

Семей қаласындағы КЖ 6 кВт 7,7 км. ұзындықта.

«2009-2012 жылдарға арналған Семей қаласының инженерлік инфрақұрылымы объектілерін қайта жарақтандыру бойынша бағдарлама» құрастырылымы құрылымының проблемаларының қазіргі жағдайын талдау:


  • бүгінгі таңда азаматтардың өмір сүру жағдайының өсуіне байланысты энергия тұтыну өсті оның өзі электр энергиясын жеткізіп беріп отырған подстанциялардың жүктемесіне тікелей әсер етеді.

Әсіресе бізде оң жағалауда орналасқан ПС подстанциясының жүктемесі мөлшердегіден асып отыр - бұл ПС 35/6 № 3, 7 және ПС 110/6 № 10.

  • қазіргі таңда қала шетіндегі жерлер құрылыс салу үшін бөлініп берілген, аталған аудандарға электр жеткізу линиялары жеткізілмеген, қолданыстағы желілерге оларды қосу мүмкін емес.

2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде жөнделіп ТҚЖ бөлімінің пайдалануына 221 объект «иесіз» электр желілері берілді (239,2 км.), қосымша ТҚЖ бөлімі балансына 159 объектіні қаланың коммуналдық меншігіне бекітіп беру жоспарланып отыр.

Жобалардың нақтылы көрсеткіштері 8 дана көлеміндегі трансформаторлық подстанцияларды құруды, 3,3 км. ұзындықтағы кабель желісін, 12,77 км. ұзындықтағы ауа желісін құруды қарастырады.

Бұл жобаларды жүзеге асыру 643 тұрғын үйлерді электрмен қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Сонымен қатар 2010 жылы ШҚО Семей қаласында(1 кезең) 462,7 млн. теңге көлемінде Суықбұлақ ауылындағы салынып жатқан тұрғын үйлерге электрмен қамтамасыз ету желілерін жеткізу құрылысы бойынша жұмыстар төмендегі жұмыс түрлерін орындаумен аяқталды:

бөлу пункті (БП-1, БП-2);

екі тізбекті жоғары вольтті желі ЖВ-10 кВт, ұзындығы 2,64 км.;

кабелді желі ұзындығы - 0,35 км.;

бөлуші құрылым РУ-10 кВ ПС-2 дана.

Суықбұлақ ауылы үйлерін қосу мақсатында 2010 жылы электрмен қамтамасыз етудің магистралдық желілері құрылысының жобалық-сметалық құжаттары құрастырылу үстінде (2 кезең), мұның өзі бұдан әрі 18200 адамнан тұратын Суықбұлақ ауылында тұратын тұрғындарды электр қуатымен қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда қалада жеке меншік тұрғын үйлер құрылысына бөлінген территорияны инженерлік қамтамасыз ету проблемасы бар. Құрылыс салынып жатқан жерлерде инженерлік желілердің болмау проблемасы құрылыс салушыларда объекті құрылысын бастағаннан кейін ғана емес, құрылысты бастар алдында да пайда болады.

Ұзақ мерзім ішінде жеке меншік құрылысына бөлінген жерлерді электрмен, сумен, су жеткізіп берумен қамтамасыз ету мәселесі шешімін таппады.

2004 жылы ТКЖ басқармасы осы мөлтекаудандарды электрмен қамтамасыз етудің жобалық-сметалық құжаттарын құрастырды. Алайда бұл жоба қаржыландыру көзінің болмауы себепті жүзеге асырылған жоқ.

Электрмен қамтамасыз ету мәселелерін шешу мақсатында тұрғын үйлер уақытша сызба арқылы қамтамасыз етілген, мұның өзі оны пайдалануды қиындатады. Сонымен қатар, қолданыстағы тарнсформаторлық станциялардың қажетті қуаттылық күшінің болмауы электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз етуге теріс ықпалын тигізуде.

2008 жылы 6 жоба бойынша жеке меншік үй құрылыстарын электрмен қамтамасыз ету объектілеріне бұрын құрастырылған жобалық-сметалық құжаттарға түзетулер енгізілді, олар Спартак стадионының ауданы, Контейнерная көшесі, Энергетик кенті, Восточный кенті, Жаңа құрылыс ауданы. Барлық жобаларға сарапшылардың қорытындылары алынды.

Жобалық-сметалық құжаттарда жеке меншік құрылысы жүргізіліп жатқан аудандарды тұрақты сызба бойынша электр энергиясымен қамтамасыз ету қарастырылған, ол үшін кешенді трансформаторлар подстанциясын салу, кабелді және ауа желілерін жеткізу, электрмен қамтамасыз ету мекемесі берген техникалық жағдайларға сәйкес электр энергиясын жеткізу желілерін салу көзделген.

Қалыптасқан жағдайларға баға беру мынаны көрсетеді





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет