Семестр: 8 2О14 ж Кафедра мәжілісінде бекітілді Хаттама №2014 ж. Каф меңгерушісі, проф м. а., м.ғ. к. Абуова Г. Н


Ұйымдастыру бөлімі - 4,5 мин - 6%



жүктеу 419.79 Kb.
бет3/5
Дата19.09.2017
өлшемі419.79 Kb.
түріСабақ
1   2   3   4   5

7. Ұйымдастыру бөлімі - 4,5 мин - 6%


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тізіммен тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру – 11,25 мин (15%)

  • Экзема, Квинке ісігі, атопиялық атопиялық дерматит: этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емдеу және күтім жасау принциптері.

9. Жаңа сабақты түсіндіру – 22,5мин (30%)

  • Жалпақ қызыл теміреткі, псориаз: этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емдеу және күтім жасау принциптері. Қызыл жегі көпіршікті дерматоздар: этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емдеу және күтім жасау принциптері.

  • Патогенез, алдын алу шараларын

  • Емдеу, арнайы профилактикаларын

Ақпараттық-дидактикалық блок

Қызыл жазық теміреткі (Lichen rubber planus. син. қызыл теміреткі, жазық теміреткі) – теріде және шырышты қабықтарда болатын майда лихеноидты түйіншектермен, ониходистрофиямен сипатталатын тері ауруы.Оның жиілігі барлық тері ауруларының шамамен 1% құрайды. Науқастар арасында 30 – 60 жастағылар, оның ішінде әйелдер жиі ауырады.

Аурудың этиологиясы мен патогенезі анық емес. Вирусты инфекцияның ролі оның пайда болуында болжамдалады, бірақ дәлелденбеген, бірақ аурудың пайда болуы мен қайталануын нейрогенді факторлардың әсер етуімен, кейбір дәрілік препараттардың жақпастығымен (хингамин, ПАСК, стрептомицин, левамизол) байланыстырады.

Клиникалық көрінісі. Қызыл жазық теміреткінің кәдімгі түрі қызыл-күрең түсті, майда (диаметрі 2-5 мм), элементтің ортасында шоғыр тәрізді басылған жылтыр полигональды папулалы мономорфты бөртпемен сипатталады. Шамалы ірірек элементтерде Уикхем торшасы көрінеді. Түйіншектер түйіндақ, сақина, гирлянда сияқты топталуы да, сызық бойымен орналасуы да мүмкін. Үдемелі сатысында оң Кебнер феномені (жарақаттанған тері аймағында жаңа бөртпелердің шығуы) байқалады.

Бөртпе негізінен кәріжілік-білезік буынының және білектің бүгілетін бетінде, сирақтың алдыңғы бетінде, сегізкөз аймағында болады, кейде эритродермияға дейін таралады. Бөртпе регресі негізінде гиперпигментациямен (гипер дақтану) жүреді. Ауыз қуысының (ұрт, тіл, иек, таңдай), жыныс мүшелерінің шырышты қабығы 25-70% жағдайда зақымдалады; түйіншектер ақшыл түсті, торшалы немесе сызықты сипатта және қоршаған шырышты қабықтың дейгейінен жоғары көтерілмейді; шырышты қабықтар веррукозды, эрозивті-жаралы түрде де зақымдалуы мүмкін. Жалпы қызыл жазық теміреткі қарқынды қышумен басталады.

Аурудың атипиялық түріне жатады:


  • сақина тәрізді, пішіні сақина тәрізді түйіншектердің топталуымен сипатталады.

  • веррукозды, ірі көк-қызыл немесе қоңыр түсті гипертрофияланған, бетінде сүйелді қабатталулары бар түйіншектермен білінеді. Зақымдалу ошағы аяқ аймақтарында орналасады, терапияға резистенттілігі айқын;

  • буллезді, теріде және шырышты қабықтарда қызыл жазық теміреткінің кәдімгі біліну фонында серозды-геморрагиялық сұйықтығы бар көпіршіктердің түзілуімен ілесіп жүреді;

  • эрозивті-жаралы, көбінесе ауыз қуысының шырышты қабатында дұрыс емес пішінде түбі қызыл, барқытты, кәдімгі папулезді элементтер фонында пайда болады. Көбінесе қантты диабетпен және гипертониялық аурумен (Гриншпан-Потекаев синдромы) ауыратын науқастарда жиі байқалады.

  • пигментті, лихеноидты түйіншектердің қалыптасуының алдын ала, пигментті дақтармен пайда болады, көбінесе бет және қол аймақтары зақымданады;

  • линеарлы, бөртпенің сызықты зақымдалуымен ерекшеленеді.

Қызыл жазық теміреткінің ағымы негізінен созылмалы, емсіз 6-9 айға созылады, және 20% жағдайда қайталанады.

Шырышты қабықтағы элементтер терідегіге қарағанда қайтымы жай болады. Гипертрофиялық және эрозивті-жаралы ошақтар жазық жасушалы обырға трансформацияланады.

Негізінен диагноз күмәнді жағдайларда гистологиялық және иммунды морфологиялық зерттеулердің клиникалық мәліметтері негізінде қойылады.

Диф.диагнозды токсидермиямен, псориазбен, лихеноидты және терінің сүйелді туберкулезімен, түйінді пруригомен, папулезді сифилидпен, буллезді пемфигоидпен жүргізеді.

Емі кешенді түрде седативті (бром, шүйгіншөп, сасықшөп кейде - нейролептиктер), антигистаминді препараттар, синтетикалық безгекке қарсы препараттар (делагил, хингамин және т.б.), немесе пресоцил, сонымен қатар антибиотиктер (тетрациклин қатары), дәрументер (С, Е, РР, В1, В6, В12, А), арома ретиноидтар (тигазон және т.б.), ауыр жағдайларда – кортикостероидты гормондар (элоком, дипрогент, дермовейт және басқалар), ПУВА-терапия (реПУВА-терапия) жүргізіледі. Сыртына окклюзионды таңу астына кортикостероидты гормондармен (элоком, дипрогент, дермовейт және басқалар) жақпамайлар тағайындалады; веррукозды ошақтарды хингамин немесе дипроспанмен шаншиды; шырышты қабықтарды емдеуде 1% дибунолды жақпа май қолданылады, түймедақ, ешкіжапырақ, эвкалипт тұнбасымен шаяды.

Алдын алу стресстік жағдайларды қоспағанда, созылмалы инфекция ошағын санациялаумен, психоневрологиялық бұзылыстарды емдеумен тұжырымдалады. Асқынулардың алдын алуда су емшараларын қолдану (көміртегі, радонды ванналар, душтар), диетаны сақтау (алкоголь, тұзды тағамдар, тәттілер) көрсетілген.

Қызғыл Жибер теміреткісі – дақты бөртпелермен сипатталатын терінің инфекциялық-аллергиялық ауруы.

Этиологиясы және патогенезі. Аурудың инфекциялық этиологиясы стрептококкты вакцинамен теріішілік реакцияның оң мәнді болуы негізінде болжамданады. Вирусты генезі де жоққа шығарылмайды. Ауру көбінесе ЖРВИ фонында пайда болады.

Клиникалық көрінісі. Қызғылт теміреткі негізінен 20-40 жастағы адамдарда кездеседі, аурудың маусымдылығы айқын (қызғылт теміреткінің санының ең көп болуы көктем және күз айларында кездеседі). Қызғылт теміреткі ұсақ қызғылт дөңгелек және сопақша дақ түріндегі диссеминацияланған бөртпемен сипатталады. Көлемі өте тез үлкейеді, диаметрі 1-2 см дейін жетеді. Ауру науқастардың жартысында «аналық дақтың», көлемі ірі (шамамен 3-5 см), ашық қызғылт түсті, пайда болуымен басталады. 7-10 күннен кейін генерализацияланған бөртпе пайда болады. Олар пайда болғаннан бірнеше күн өткеннен кейін элементтің ортаңғы бөлігі сарғыштау түрге енеді, ал мүйізді қабат әжімделіп, ұсақ қабыршыққа бөлінеді. Қабыршықтың қабыршақтануынан кейін мүйізді қабатта дақтың орталық бурыл-сары бөлігін жиектейтін жіңішке «жаға» қалады. Дақтың перифериясы бойынша бастапқы қызғылт түс сақталады. Мұндай элементтерді медальонмен салыстырады. «Аналық дақ» бетінің барлық жерінің қабыршақтануымен сипатталады.

Қызғылт теміреткі кезінде морфологиялық элементтің эволюцияның барлық циклі 2-3 аптаға созылады. Жаңа элементтер шығып жатқан кезде онша үлкен емес делсалдылық және дене қызуының шамалы көтерілуі, мойын және төменгі жақ лимфа түйіндерінің ұлғаюы байқалады.

Дерматоз циклді түрде жүреді, алғашқы 2-3 аптада жаңа бөртудің бірнеше бұрқылы байқалады. Сосын процестің дамуы тоқтайды, 6-8 аптадан кейін ол өздігінен ізсіз шешіледі. Қызғылт теміреткі кезінде субъективті сезімдер көп жағдайда болмайды. Қышу невропатиялық тұлғаларда немесе теріні тітіркендіретін факторлардың әсерінен болады. Аурудың рецидиві байқалмайды. Содан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады. Теріні тітіркендіретін сыртқы факторлар (жуу, қысым, ультра-күлгін –сәулелер, құрамында күкірт, қара май және басқа да редуцирлейтін заттар) қызғылт теміреткінің дененің басқа да бөліктеріне таратумен қатар бірқатар асқынулардың: зақымдану ошағының экзематизациясы, пиодермияның дамуымен инфицирлену: (фолликулиттер, импетиго, гидраденит) дамуына әкелуі мүмкін.

Емі: бірқатар дерматологтардың пікірі бойынша, қызғылт теміреткінің асқынбаған ағымы активті емді қажет етпейді. Науқастарға гипоаллергенді емдәмді сақтау (тітіркендіретін азық-түлікті: алкоголь, тұздалған және маринадталған тағам өнімдері, кофе, шоколад, шай және т.б.) пайдаланбау, су емшараларын қабылдауды шектеу (моншада жуыну, езгіш қолдану, қатты сүлгімен ысқылау) жүннен және синтетикадан жасалған іш киімдерді кимеу. Қызғылт теміреткінің асқынуы және процестің генерализациясы кезінде десенсибилизирлеуші препараттармен бірге орта терапиялы мелшерде кең спектрлі антибиотиктер тағайындайды. Жергілікті түрде майлы және сулы шайқамалы қоймалжың массалар, кортикостероидты кремдер жағу ұсынылады.



Псориаз – қабыну бөртпелері мен қабыршақтанумен ілесіп жүретін терінің созылмалы қабыну ауруы. Псориаздың ошақтары әдетте нәзiк күмiстей қабыршақтармен жабылған дөңес кедiр-бұдырлы қызыл бөлiктермен көрінеді.

Алғашқыда бөртпелер шынтақта және тобық буындарында пайда болады. Олар бiр уақытта дененiң басқа бөлiктерінде, әсіресе бастың шашты бөлiгiнде пайда бола алады.

Аурудың дамуын зерттеудіңі үлкен жетістіктері бола тұрса да оның себебі әлі де белгісіз күйінде қалып отыр. Анығында бұл жерде сыртқы орта ықпалы мен генетикалық факторлардың ролі маңызды болып отыр. Псориаздың пайда болуына жұқпалы аурулар, жарақаттар (терінің зақымдануы), күйзелістер, климаттық өзгерістер мен дәрі-дәрмектерге реакциялар себеп болып отыр.

Құлақ қалқанының псориазы күрделі мәселелер шақыруы мүмкін, яғни қабыршақтардың жиналып қалу салдарынан есту жолы жабылып, құлақ естуінің бұзылуы мүмкін.

Псориазда тырнақтардың зақымдалуы сирек кездеседі, өкінішке орай жақсы емге көне бермейді. Көбінесе өзінен-өзі кетеді. Кейде тырнақтардың зақымдалуы аурудың жалғыз ғана симптомы болуы да мүмкін.

Тамшытәрізді псориаз барлық тері жамылғыларындағы көптеген майда шашыраңқы, қабыршақтармен жабылған бөртпелермен сипатталады. Псориаздың бұл түрі көбінесе жас адамдарда кездеседі.

Тері қыртыстарының псориазы көбінесе қолтық асты ойықтарын, шат қыртыстарын, құйрық және жыныс мүшелері аймағын зақымдайды.

Генерализденген пустулезді псориаз терінің жіті ауыр зақымдануы, терінің қызаруы беткейлі іріңдіктер мен жоғары дене қызуымен ілесіп жүреді. Бақытымызға орай, бұл аурудың сирек кездесетін түрі және жұқпалы емес.

Алақан мен табанның пустулезді псориазы орта жаста пайда болатын псориаздың созылмалы түрі болып табылады.

Псориатикалық эритродермия – бұл бастың шашты бөлігін, бет, дене, қол мен аяқтың бүкіл тері жамылғыларының зақымдалуы.

Псориатикалық артрит – білезіктердің майда буындары мен өкшені зақымдайтын, буындардың қабыну ауруы. Науқастардың көпшілігінде тері симптомдары буынға дейін, бірақ кейбір науқастарда бірінші кезекте буындарды зақымдайды, ал кейде тері бөртпелерінсіз буындардың оқшауланған бөліктері зақымданады.

Осы аурудың ағымына күннің әсері. Жалпы аз мөлшердегі күннің сәулесі псориазға қолайлы әсер етеді. Суық климатта өмір сүретін пациенттер күн ваннасын немесе оңтүстікте болған кездегі жағдайларының айтарлықтай жақсарғанын сезеді. Бірақ күннің астында ұзақ уақыт болу псориаздың асқынуына алып келетінін есте сақтаған жөн. Науқастардың 5-10% күн ваннасын алғаннан кейін жағдайлары нашарлаған.

Басқа да ілеспелі аурулардың псориаздың ағымына әсері қазіргі күнге дейін талқыланып келеді. Қант диабетінде, семіздікте және гипергидрозда (жоғары терлегіштік) псориатикалық бляшкалар көбінесе тері қыртыстарында пайда болады, яғни қыртыс псориазы деп аталатын көріністі қалыптастырады (интертригинозды псориаз).

Стрептококкты инфекциялар (баспа, созылмалы тонзиллит, жоғары тыныс жолдарының инфекциялары) және егулер, әсіресе балаларда. Егер псориаз бар болатын болса жоғары тыныс жолдарының стрептококкты инфекциялары асқыну шақыруы мүмкін.

Псориаз кезіндегі ілеспелі инфекциялар ішінде АИТВ-инфекция ерекше орын алады, өйткені ЖИТС фонында псориаз ауыр түрінде болады. Бұл кезде псориотикалық бөртпелер бір-біріне құйыла және тарала отырып, бүкіл тері жамылғысын жаулап алуы мүмкін (мұндай жағдай псориатикалық эритродермия деп аталады).

Жүктілік пен босануға байланысты зат алмасудың бұзылуы мен гормональды өзгерістер аурудың ағымына әртүрлі әсер етеді, кейбір адамдарда асқыну шақырса, ал енді біреулерінде жақсару болады.

Алкоголь қабылдау терілік процес жағынан тек нашарлауды шақырады. Әсіресе бұл сыраға, шампан, күшті спиртті ішімдіктерге қатысты. Нервтік жүктемелер, күйзеліс, мазасыздық көптеген науқастарда псориаздың шығуын шақыруы мүмкін.

Псориазды тез емдеп шығу мүмкін емес. Дәрігердің тағайындауларын мұқият орындауда 1 айдан 2,5 ай аралығында жақсы нәтижеге жетуге болады. Әрбір дербес науқасқа жекелей ем талап етіледі, өйткені дәрі-дәрмектер барлық науқасқа бірдей әсер етпейді.

Псориаздың ауыр түрінде кешенді жүйелі ем (қабынуға қарсы, дезинтоксикациялық және десенсибилиздеуші препараттардың әртүрлі топтары, емнің физиотерапиялық әдістері (УКС, псориаз фототерапиясы), сыртқы гормональды емес және т.б. жүргізу талап етіледі.

Псориаз кезінде тұрақты түрде дерматолог бақылауы және жүйелік ем, тәртіпті сақтау керек.

Псориазды емдеуге кіреді:


  • рациональды тәртіпті сақтау, теріге тұрақты түрде күтім жасау,

  • гипоаллергенді емдәм;

  • жалпы ем;

  • сырттай емдеу;

  • физиопроцедуралар;

  • санаторлы-курортты ем.

Тек жоғарыда айтылған пунктерді сақтай отырып жасалған емнен жақсы нәтиже көруге болады.

Ұсынылады:



  • Темекі шегуді қою;

  • Төсек-орынды тек табиғи маталардан қолдану;

  • Жылдың суық мезгілінде жүннен тоқылған киімдерді тек мақта-матадан тігілген киімдерден кейін ғана кию керек. Науқастың киімі кең және мақта-матадан жасалған болуы шарт. Жүннен жасалған және синтетикадан жасалған киімдерді кию науқасқа қолайсыз әсер етуі мүмкін және қышу шақырады; Синтетикалық киім киетін науқастарда кейде тері тазарғаннан өзінде, аллергиялық реакция болуы да мүмкін. Бұл нейлонның астында терінің демалмауынан болады. Сонымен қатар қара түсті және боялған іш киімдер киюге болмайды, өйткені олардың құрамындағы пигмент қышыну шақыруы мүмкін.

  • Жаңа киімді киер алдында міндетті түрде жуу керек, биоқоспалары бар жуу ұнтақтарын, шаюға кондиционерлер қолданбау керек.

  • Жуыну тәртібін сақтау. Душ қабылдау кезінде қатты мочалкалар қолданбау. Душтан кейін тері жамылғыларының құрғауынан қорғайтын кремдер (Топикрем,Акерат,Физиогель). Жағу.

  • Тырнақты қысқа етіп алу.

  • Саунаға және моншаға бармау.

  • Контактілі спорт түрімен асналыспау;

  • Теріні жарақатауды болдырмау (сыдыру, кесіп алу, тырналу және т.б.).

  • Қатты терлеуден сақтану,өйткені тер қышынуды арттырады.

Аллергендермен байланысты болдырмау (тұрмыстық химия, жуу ұнтақтары, жуу құралдары

Шаш аурудың себебі ішкілік және сыртқылық болып екіге бөлінеді. Сыртқылық себептерге жатады: шаштың боялуы, шаштың түссізденуі және ұзақ уақыт тар бас киім киілгшендіктен. Күнделікті бір затқа үйкеу арқылы және әр түрлі жарақаттанудан, күтім дұрыс болмағандықтан.

Ішкілік себептерге жатады:


  1. Тері аурулар (фурункулез, микоз т.б.)

  2. Ағзаның улануы

  3. Жұқпалы аурулар (тиф, сифилис т.б.)

  4. Отадан кейінгі кезең

  5. Дәрілік аллергия

  6. Жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы, гормональдық дисфункция

  7. Дәрумен,микроэлемент жетіспеушілік (темір, сағыз, цинк, дәрумен А, Е т.б.)

  8. Сәулемен емделу

  9. Асқазан ішек функциясының бұзылуы. Қатты күйзеліс кезінде топтап шаш

(гнездная) түсуі мүмкін.

Қайызғақ –бастың шашты аймағын зақымдайды. Зақымданған тері үстінде қақпарлы бөрпенің пайда болуы. Қызару шашты тараған кезде шығады және қышу қоса жүреді. Кейбір кезде қайызғақты кепкен себорея деп атайды. Қайызғақта себореяға лайықты геперсекреция мен геперплазия болмайды.

10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы – 26,25 мин (35%)

Өзіндік жұмысты орындау үшін қажетті материалдар мен тапсырмалар беру



11. Жаңа тақырыпты бекіту – 7,5мин (10%)

12. Сабақты қорытындылау – 1,5 мин (2%)

Сабақты қорытындылау, оқушылардың білімін бағалау



13. Үйге тапсырма беру – 1,5 мин (2%)


4 сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Пиодермия: этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емдеу және күтім жасау принциптері. Терінің вирустық аурулары: Сүйелдер, жұқпалы моллюск, қарапайым көпіршікті теміреткі, құрсау теміреткі: этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емдеу және күтім жасау принциптері. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

2. Сағат саны: 3 с.

3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: Пиодермия: этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емдеу және күтім жасау принциптері. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

тәрбиелік: жеке бас гигиенасын сақтауға, ұқыптылықты, тәртіп сақтауға тәрбиелеу

дамыту: гигиенаның дағдыларын, болашақ мамандық қызығушылығын дамыту

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер, мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: ҚЖАА оқыту бөлмесі.

6. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1. Сестринское дело при инфекционных заболеваниях. В.А.Малов. Москва 2005г. Е.П.Шувалова. Инфекционные болезни. 2000г.

2. Е.П.Шувалова Инфекционные болезни. Москва. Медицина, 1995г.

3. Под редкацией В.И.Покровского Руководство по инфекционным болезням. М.Мед., 1999г.

4. К.Н.Бунин “Инфекционные болезни“. М., Медицина , 1977 ж.

5. В.И.Покровский, К.М.Лобан “Руководство пр инфекционным болезням“ М.Медицина, 1986 ж.



Қосымша (Қ)

1. Год редакцией Мусабаева. Руководство по зоонозным и паразитарным болезням. Ташкент. 1987г.

2. Н.Н.Худалеева “Менеджер сестринского дела“ Журнал “Медицинская помощь“ №5, М.Медицина 1996 ж.

3.М.Я.Ярешевский Зав.курсом Мед. Этики Московской Мед.Академии им.И.М.Сеченева. “медицинский работник и пациент“ М.Мед., 1996 ж.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет