Сәмиев, Б. Балқаш бағымыз емес пе? / Балтабай Сәмиев // Дала мен қала. – 2007. – 22 маусым (№25)



Дата07.03.2018
өлшемі76.85 Kb.
#20388

Сәмиев, Б.

Балқаш бағымыз емес пе? / Балтабай Сәмиев // Дала мен қала. – 2007. – 22 маусым (№25)
Соңғы кездері нашарлап бара жатқан экологиялық ахуал туралы жиі айттылуда. Бұл бір ғана Қазақстан емес, бүкіл әлем елдері назарын аударып отырған күрделі проблемаға айналды. Біздің жеріміздің қойнауы тек қазына, байлық емес, ол қазір түрлі улы газдар, күкіртті сутегі және өзге де тіршілікке қауіпті химиялық қосылыстарға да «бай». Мұның барлығы адам денсаулығына кері әсерін тигізуде. Уланған топырақта өскен өсімдік, ластанған су, онымен қоректенген жануар айналып келгенде – адам азығы. Демек, адамзат өз өміріне қатерлі ортаны өзі жасап отыр.
БАЛҚАШТЫҢ

ҚҰРҒАП КЕТУ

ҚАУПІ БАР

- Елімізде жүргізілген экономикалық өзгерістердің барлығы экологиялық жағдайды қорғау саясатынсыз іске асты. Осыдан келіп, «Экономикадағы экологиялық жендеттік синдромы» пайда болды. Кеңес Одағы тұсында «Біз табиғаттан рақымшылық күтіп отырмаймыз. Оның бермегенін тартып аламыз» деген солақай тұжырым жасалғаны белгілі. Бұл адамзаттың қалыптасқан табиғи жағдайларға қарсы шығып, оны өзіне бағындыру әрекетінің бастауы болды. Мұның ақыры неге әкелгені баршамызға аян.

Халықаралық қауымдастық Арал теңізінің құрғап кетуін ғаламдық деңгейіндегі экологиялық апат деп таниды. Сол апат қоршаған ортаға едәуір түрде залал келтіріп, жергілікті халықтың денсаулығының нашарлауына себепші болды.

Бүгін Қазақстан ғалымдары тағы бір экологиялық апат қаупін болжамдай­ды. Олардың айтуынша, Балқаш көлінің құрғап кету қаупі бар.

Балқаш көлемі бойынша Орталық Азияда төртінші көл болып табылады. Көлдің 3 миллион жергілікті халқының тұрмысы және аймақтағы экономикасы үшін орасан зор мәні бар.

Көл жағасында тұратын жергілікті тұрғындардың кейбірі көлдегі су деңгейінің соңғы 30-40 жылдың ішінде айтарлықтай азайғанын айтады. Көбі 3 миллион халықтың тұрмысына қажетті суды қамтамасыз етіп, аймақтың қантамыры қызметін атқарып келетін Балқаш көлі құрғап кетпей ме деп қорқады.

Су деңгейінің төмендегеніне табиғи өзгерістер ықпал еткен де шығар. Алайда, Балқашқа қауіп төндіретін басты күш — ол адамның іс-әрекеті.

Көлдің негізгі қайнар-көзі Іле өзені болып табылады. Іле суының басым бөлігі Қапшағай су қоймасын толтыру үшін және ауыл шаруашылық мақсаттарында қолданылатындықтан, Балқашқа келетін су мөлшері табиғи деңгейден едәуір кем боп шығады. Соның үстіне Іле Қытайдан келіп ағады. Қытай болса, Іле суын Батыс Қытай аймақтарын дамыту үшін елеулі көлемде қолданайын деп отыр.

Көлдің деңгейін жіті қадағалап жүретін ғалымдар «Балқашты қорғаудың арнайы шаралары енгізілу керек» дейді. Алайда арнайы шаралар тұрмақ, көлдің құрғап біту қаупі астында қалғанын былайғы жұрт біле де бермейді екен.

– Балқашқа құрғап кету қаупі төніп тұрғанын жұрттың бәрі біле бермейді. Балқаштың бір бөлігі құрғап кетсе ғой, сонда ғана ел-жұрттың көзі ашылып, кейбірі не істеу керек деп қимылдай бастайтын шығар. Ол заңды да. Өйткені, проблеманың бар екенін көпшілік әзірше білмейді, - деп шағымданады қазақ­стандық табиғат қорғаушы Мэлс Елеусізов.

Әйтсе де, қарапайым халық қауіптің бар екенін білмегенімен, ғалымдар бұл проблемамен талай жыл айналысып келеді. Наталья Воробьева - биолог ғалым. Балқаштың шынымен-ақ аянышты халде қалғанын ол мойындап отыр. – Балқаш көлі құрғап кетсе, климат өзгереді. Аймақ шөлге айналып, экологиялық апат орын алады. Арал теңізі айналасында Балқашқа қарағанда адам аз тұрады. Балқаш құрғап кетсе, жергілікті көпшілік көше бастайды, жаппай эмиграция басталады, - дейді Наталья. Оның осы сөздерін тағы бірқатар ғалымдар растап отыр. Кейбірінің айтуынша, Балқаш Аралдың тағдырын тартса, зардап шегетін Қазақстан ғана емес бүкіл Еуразия аймағы болмақ. Сондықтан да Халықаралық қауымдастық Балқаш көліне өз назарын аударады деп үміттенеміз. Балқаш тек біздің ғана табиғи қазынамыз емес — бүкіл әлемнің қазынасы. Аралдың ғаламдық дәрежедегі ықпалы жөнінде бәрі де біледі. Оның құрғап кетуі тек Орталық Азияга ғана әсер етпей, Қытай, Монғолия, Еуропаға да теріс әсерін тигізді. Балқаштың Арал сияқты құрғап кетуіне жол беру - барып тұрған қылмыс.

Сондықтан көлдің құрғап кетуін болдырмау шаралары бүгіннен бастап еңгізілмесе, Балқаштың суы, көлді мекендеген құстар, айналасында тұратын халық он жылдан кем уақыт ішінде осы жерден ғайып болуы әбден мүмкін.

Жақында Балқаш көлімен шектесетін облыс әкімдіктерінің жауапты қызметкерлері мен эколог-мамандар кездесіп, аталған көл мен сол өңір аумағындағы су бассейіндерінің қазіргі хал-ахуалына қатысты сөз қозғап, ондағы экологиялық жағдайды жақсартуға байланысты мәселелерді қозғады.

Олар Қытай мемлекеті суғарылатын жер көлемін көбейтпесе деп алаңдап отыр. Болжам бойынша, аспан-асты мемлекеті жыл сайын суғармалы жер көлемін 3,64 есеге өсіруі әбден мүмкін. Бұл өз кезегінде Іле-Балкаш бассейнінің су балансына кері әсерін тигізіп, Балқаш көлінің жағдайын нашарлатып жібермек. Мұндай жағдайда Балқаш Арал тағдырын қайталауы да мүмкін. Қазіргі кезде мамандар бұл апаттың алдын алу үшін түрлі шара­ларды іске асырып жатқанын айтады. Мәселен, Балқаш көлінің экожүйесін анықтайтын ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде сол сияқты, көлдің ауасы мен су сапасын анықтайтын арнайы жүйе іске қосылды. Бірақ, бұл шаралардың нақты нәтижесін көру үшін қытайлық мамандар осы мәселенің түпкілікті шешілуіне ат салысуы керек.

Айтқандай-ақ, соңғы мәліметтер бойынша, Қытай мемлекеті мыңдаған, миллиондаған адамды Шыңжаң-Ұйғыр ауданына көшіріп жатқаны белгілі. Егер қытайлықтар бұл аймаққа толығынан көшіп келген болса, онда олар ауыл шаруашылығын дамытуда су тапшылығына тап болары сөзсіз. Ал, егер біздің көрші мемлекет Іле өзені суының 15 пайызын иеленіп жатса, онда келешекте Аралға туған күн Балқашқа да келмек. Бұл өз кезегінде климаттың өзгеруіне де әжептәуір әсер етуі ықтимал. Сол себептен Балқаш проблемасын шешу үшін, бұл мәселені, қалайда халықаралық деңгейде көтеріп, дүниежүзіндегі мемлекеттер назарына шығару керек.

Балқаш көлі тек су көзі емес, ол біздің климатты қалыптастырушы нысан. Егер, көл жойылып, оның маңы тұзға айналатын болса, онда біздің тауларға тұз жауатын болады. Олай болған жағдайда біздің қорда тұрған суы да жоқ болып кетеді, сөйтіп, біз, тек жаңбыр суымен ғана отыратын боламыз. Біздің дабыл қағып, мәселе көтеріп отыруымыздың себебі де осы. Қазіргі кезде көлдің деңгейі жаман емес, бірақ судың сапасы нашар, суда жүзетін балықтар түрлі ауруларға шалдыққан. Ал, бұл мәселені шешуге арналған арнайы бағдарлама жоқ, отандық ғалымдар өз еркімен жұмыс істейді, бірақ нақты қаржылай қолдау болмағандықтан оның нәтижесі болмай жатады.



ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕНІ БІРЛЕСЕ ШЕШУ КЕРЕК
Асылхан АРТЫҚБАЕВ,

Қазақстанның экологиялық қоғамының мүшесі:

– Балқаш мәселесін Қытаймен бірлесіп шешу керек, жалпы, сол бағыттағы трансшекаралық өзендердің проблемасы реттелуі тиіс. Ал мұндай келісімге келу үшін екі мемлекет келісім шартқа отырып, тәртіп орнату қажет. Себебі, Іле мсн Қара Ертіс өзендері, негізінен, осы екі республика аумағына ағады ғой. Ендеше, жыл сайын екі ел қанша су алатынын анықтап алуы тиіс. Сол сияқты, жіберілетін су қай мерзімде, қай мемлекетке ағызылатыны да белгіленуі қажет. Сосын барып бұл мәселелер бойынша екі мемлекеттің Сыртқы істер министрліктері деңгейінде құжаттар дайындалып, оларға қол қойылуы керек. Ал, біздің Сыртқы істер министрлігінің мамандары осындай шаруашылық мәселелерін айтарлықтай деңгейде көтере білуі қажет деп ойлаймын. Министрлік мамандары жақсылап экологиялық проблемаларды саудаға салып, оларға да, бізгеде тиімді етіп, ел мүддесін қорғай алатындай болуы тиіс. Мәселен, Шардара су қоймасының мәселесін шешу үшін Өзбекстанмен қанша келіссөз жүргіздік, бірақ оған қарамастан жыл сайын бізді су басып кетеді: яғни, сол мәселенің басын шеше алмай-ақ қойдық деген сөз. Себебі, Сыртқы істер министрлігінің мамандары экологиялық проблемаларға жеткілікті көңіл бөліп, эколог мамандардың пікіріне құлақ асып отыр ма деген сауал туындайды.



БАЛҚАШТЫ ОҢАЛТУҒА ҚЫТАЙ

ЖАҒЫ НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАУДА...
Әлжан БІРАЛИЕВ,

Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі:

Кез келген елдің экологиялық проблемалары көршілес мемлекеттердің экожүйесіне міндетті түрде әсер етпей қоймайтыны белгілі. Қазіргі жаһандану уақытында көптеген елдердің мамандары әлемнің әр түкпірінде туындаған экологиялық проблемаларды бірлесіп шешу қажеттігін түсініп отыр.

Біз үшін көрші Қытай. Ресей және Орталық Азия мемлекеттерімен арадағы қарым-қатынасты нығайту маңызды рөл атқарады.Әлбетте, Қазақстанды аталған мемлекеттер тек тарихи, мәдени және экономикалық мәселелер бойынша ғана байланыстырып тұрған жоқ, сонымен қатар аймақтағы ортақ экологиялық жағдай да жақындастырады.

Соңғы 10-15 жылда аймақтағы кейбір су бассейндері мен Балқаш көлі төңірегінде экологиялық жағдай тым нашарлап кеткен. Атап айтқанда, ол өңірлердегі өзен-көлдердегі судың құрамында түрлі химиялық қалдықтар мөлшері бірнеше еселеп артып, ондағы балықтар саны азайған. Осы орайда біздің ел үкіметінің алдына қойып отырған басты мәселеміз— Балқаш көлінің тым болмаса бүгінгі көлемінде сақтап қалып, аймақтың экологиялық жүйесін оңалту болып отыр. Сөз жоқ, бұл көлдің болашағы тек Қазақстанның ғана қолында тұрған жоқ. Оған әсіресе. Қытай Халық Республикасының да тікелей қатысы бар. Мәселен, Қытай жерінен бастау алатын кейбір өзендер біздің ел аумағына жеткенше бірнеше метрге төмендеп кетіп, ондағы су құра­мында сульфат, нитрит, пестицит пен ауыр металдар сияқты зиянды қалдықтар бары анықталуда. Бұл мәселе жиі көтерілгенімен Қытай тарапынан қолдау табылмай отыр.
Каталог: download -> DBases -> Ecology of the CK -> Files
Files -> Адамныњ аѓзасы жања климаттыќ-географиялыќ ортаѓа мањызды организм ќызметтерініњ ж±мысын ќайта ќ±ру арќылы бейімделеді
Files -> Балқаш аллбүғасы Табиғи түрде өсіп-өнуі мүлде азайып барады. Бұ л түрі «Қызыл кітапқа»
Files -> Орманды күте білейік: Табиғат байлық көзі/Т. Тоқметов // Орталық Қазақстан. 2001. 27 қазан
Files -> Єбдірахманов, О
Files -> Балқаш көлі бүкіл жер шарындағы аса ірі көлдердің қатарына жатады. Бүл су қоймасы біздің респүбликамыздың аса ауқымды аймағындағы экологиялық жүйенің барлық түрін
Files -> Ақпамбетова, К. М
Files -> СарыарќА Ґзендерініѕ орогидрографиялыќ жаєдайы
Files -> Айтуѓанова З
Files -> Талжанов, С. А. Орталық Қазақстан жайылымды жер ресурстарының экологиялық мәселелері және оны шешу жолдары [Текст] / С. А. Талжанов // Әрқилы биологиялық деңгейдегі физиологиялық бейімделуі және санокреатиологияның өзекті мәселелері
Files -> Әбдіраш, Ә. Қоршаған ортаға қамқорлық / Ә.Әбдріраш // Орталық Қазақстан. – 007. – маусым (№86)


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет