Семинар 1 Тақырыбы 1: Тренинг негізіне кіріспе. Тренинг түсінігі



Дата24.11.2022
өлшемі26.63 Kb.
#179339
түріСеминар
Байланысты:
1 сем (3)
данилевский учебник, инклюзивті ашық сабақ2 (1), 1, 1, docx1542873904, Exercise 4 Kinetics of dissolution of solid substances, 7 лекция аналитикалық геометрия, Студенттің өзіндік жұмыс тапсырмалары, 1 блок қашық стат физика пәні

Семинар 1
Тақырыбы 1: Тренинг негізіне кіріспе.Тренинг түсінігі.
Мақсаты: Тренинг туралы жалпы түсінік қалыптастыру. Тренингтің жалпы құрылымын қарастыру. Студенттерде тренинг жайлы білімді бекіту.
Жоспар:
1.Психологиялық тренинг туралы жалпы түсінік.
2.Тренингтің ерекшелігі және негізгі түсініктері.
Тренинг – жаттықтыру, жаттығу/ ағылшын сөзі. Тренингтің жүйелі бір классификациясы берілмеген. Тренингтер - өзін-өзі басқару дағдыларын дамытуға бағытталған, араласушылық тренингтер, жеке адам дамуын ынталандыратын тренингтер, оқыту тренингі.
ХХ ғасырдың екінші жарытсынан бастап психологияның қолданбалы және тәжірибелік салаларында «тренинг» түсінігі пайда болды және кеңінен қолданыла бастады. Қазіргі таңда «тренинг» түсінігінің нақты бір анықтамасы болмағанмен, бұл әр түрлі іс-әрекеттердің, әдіс-тәсілдер мен құралдардың ортақ термині ретінде кеңінен пайдаланылуда.
Ресейлік психолог Л.А. Петровская әлеуметтік-психологиялық тренингті «өзара қатынастағы білімді, әлеуметтік белгілеулерді, қабілеттілік пен тәжірибені дамытуға бағытталған әсер ету құралы», ретінде қарастырады.
Осы пікірлер негізінде тренингті «психологиялық әсер ету» деп негіздеуге болатындығы айтылып жүр. Сондықтан да тренингті студенттің кәсіби үйлесімділігін және ұжымның психологиялық феноменін мақсатты түрде өзгертуде, білім беруде, тәрбиелеуде, жаттықтыруда көпқырлы әдіс ретінде қолдануға болады .
Білім беруде тренингті қолдану арқылы алға қойған мәселелерді шешу, қарым-қатынас, жігерлік, өз-өзіне сенімділік, ойлаудың сыншылдығы, өзін-өзі басқару қабілеттілігі және өзіндік «менін» - дамытуға жағдай жасалады.
Сонымен қатар эмоциялық тұрғыдан жеке бастың өзін-өзі бақылауы, адам аралық қатынасы, өзін-өзі тануы және тәжірибені тұжырымдап іс жүзінде қолдануы жүзеге асады.
Педагогикалық тренинг жұмысының нәтижелі болуы оқыту барысында шешімін табуға тиіс міндеттерге жүргізушінің ықпал ете алуына байланысты. Нәтижесінде, алға қойылған мақсаттармен бірге, топтың әрбір мүшесі кері байланыс көмегімен өз-өзін жаңа қырынан ашу және өз-өзін түсіну тәжірибесін игереді. Тренинг барысында топ мүшелері өзара үйрену процесіне тартылады, сондықтанда олар әдетте жетекшіге емес бір біріне сенім артады.
Ресей ғалымы Л. А. Петровская тренингті білімге және жеке қабілеттерге үйретудің өзіндік түрі және оларды түзетудің сәйкес формасы ретінде қарастырды. Бұл формалардың алуан түрі үлкен екі класқа бөлінеді:
а) арнайы қабілеттерді дамытуға бағытталған;
б) қатынас жағдайында талдау тәжірибесін тереңдетуге мақсатталған.
Болашақ маманды жеке тұлға деп қарастырсақ, ол С.И.Ожегов сөздігінде: «жеке тұлға – адам қандай да бір қасиет, қабілетті тасушы» ретінде көрсетіледі. Жеке тұлға онда екі мағынада қарастырылады: кез келген саналы адам; өзінің психикалық үрдісін, мінез-құлық, жүріс-тұрысын басқара алатын қабілетті адам. Ал, белгілі психолог Қ.Жарықбаектың пікірінше тұлға – өзіне де айналасындағыларға да өзгеріс жасай алатын адам. Олай болса, болашақ педагог маман маңайына, өзі білім беретін жеткіншектерге дамытушылық тұрғыдан әсер ететін, оның өміріне өзгеріс ендіретін адам ретінде дайын болуға тиісті. Педагог маманды қалыптастырып өзінің болашақ ісіне дайындау оңай мәселе емес екені белгілі. Қалыптасу – адам тұлғасының дамуында немесе оның жеке қасиеттеріндегі белгілі бір фактордың әсер етуінен болатын өзгерістер. Қалыптастыру – яғни, адамның өмір сүру әрекетін ұйымдастыру, тәрбие мен білім беруді жүзеге асыру, тұлғаның бойында белгілі бір қасиетті дамытуға ықпал ету.Осы ықпал етудің көптеген әдістері мен формалары бола тұра соның ішінде тренингтің мүмкіндігінің молдығын атап өтуге болады.
Ғылыми еңбектерде «Тренинг – жеке тұлғаның дамуына және өзара әрекеттестік, өзара қатынас жаттығулар жүйесі» деген анықтама беріледі.
«Тренинг» сөзі біздің педагогика ғылымына өткен ғасырдың екінші жартысында ғана ене бастады. Бұған дейін осы сөзге мағыналас «жаттығу» сөзі кеңінен қолданылып келді. Қазір осы екі термин де педагогика саласында кеңінен қолданылып келеді. Жай жаттығудан тренингтің айырмашылығы онған біліктілігі жоғары маман басшылық етуге тиісті.
Біз өз тәжірибемізде маманға теориялық білім берумен қатар оларды бастауыш сыныптарға сабақ берудің әдіс тәсілдерімен, білім беруді ұйымдастыру формаларымен таныстырып, оларды сол істі шебер орындаудың жолдарына төселтіп, жаттықтыруға тиіспіз. Бұл көптеген жаттығулардың, қайталанатын іс-әрекеттердің нәтижесінде жүзеге аспақ. Осы жағдайда қолданылатын тренингтердің түрлері көп. Солардың ішінде оқытудың белсенді әдістерін жүйелеуге қарай: оқытуды ұйымдастыруға қолданылатын әдістер мен формалардың тиімділігін анықтауға; нақты міндеттерді шешуге бағытталған. Ол үшін тренингтің мына түрлерін қолдануға тырыстық:
1. Оқу-жаттығу тренингі;
2. Белсенді оқыту;
3. Тренинг-семинар ;
4. Кәсіби-педагогикалық тренингі.
Педагогикалық тренинг – оқыту сапасын арттыруда студенттің білік пен дағдысын қалыпсатыру мен жетілдіруді көздейтін жоспарлы бағдарламамен жүргізілетін әр түрлі жаттығулар жүйесі.
Педагогикалық тренингті көбіне студенттің мамандық сапасын, жеке қасиеттерін, өзін-өзі тануын, өзін-өзі жетілдіруін, өзін-өзі белсендіруін білуге, өзін ұжымда, көпшілік ортасында ұстауға, әріптесін тыңдауға, көпшілік алдында шығып сөйлеуге, өз ойын дәлдеп айтуға, басқалардың ойларымен санасуға үйретеді. Сонымен қатар, ұжыммен жұмыс істеуді, ұжымның жетістіктерін бағалауды, кемшіліктерін болдырмауды үйрене отырып, өз білімін жетілдіруге, өз бетінше ізденуге, шығармашылыққа жол ашады. Бұл әсіресе қазіргі кредиттік жүйемен білім беру барысында өте тиімділік көрсетеді.
Өзін-өзі басқаруға дағдылар тренингіне
1. әр түрлі варианттардағы аутогендік жаттығулар,
2. биологиялық кері байланыс тренингі жатады.
Бұл әдістер физиологиялық қызметтерді басқару және бақылау қабілеттерін дамытуға бағытталған, эмоциялық күйін қалыпқа келтіру және психологиялық күштенуді төмендетуге бағытталаған.
Араласушылық тренингіне мінез-құлықтық және әлеуметтік-психологиялық тренингтерінің топтық варианттары жатады. Олар жеке адамның жалпы араласушылық даярлығын жетілдіру және қалыптастыруға бағытталған. Мінез-құлықтық және әлеуметтік-психологиялық тренинг айырмашылықтары шартты. Айырмашылықтың мақсаттарының әр түрлілігі. Мысалы: нерв жүйесі ауыратындар клиникасында «мінез-құлықтық тренинг» жүргізіледі. «Әлеуметтік-психологиялық тренинг» дені сау адамдармен жұмыста жүргізіледі. Әдістердің өткізілуі әр түрлі болса да, бірақ олар міндетті екі компоненттен тұрады:
1. рольдік ойын.
2. топтық пікірталас.
Әлеуметтік-психологиялық тренинг әр түрлі араласушылық іскерліктерінен құралады, қарым-қатынас басында керекті іскерлік (қатынасқа түсу үшін керек), қатынасты үзуге керек, психологиялық дәлелдеу іскерліктері мен дағдылары, белсенді тыңдау, қарым-қатынастағы серігінің жасырын ойын анықтау және т.б.
Жеке адамның дамуын ынталандыратын тренингтер - әр түрлі теориялық негіздері бар және жеке адамның жеке бір қасиетін дамытуға бағытталған тренингтік сабақтар жатады (өзін-өі түсіну, әлеуметтік перцепция дағдылары, мағынаны түйсіну т.б.).
Жеке адам дамуын ынталандыру тренингі
1. динамикалық - психодрамалық топтар.
2. гуманистік – Роджерс кездесу топтары, гештальт бағдарлану, әлеуметтік-психологиялық тренинг
3. когнитивті - өзін-өзі тану, мінез-құлықтық бейімделу стереотиптерін сезіну.
Жеке адам дамуын іске асыратын бағыттардың бірі тақырыптық тренинг, яғни топтың зейінін қандай да бір тақырыпқа шоғырландыру, тақырыптық пікірталас (өмір мәні, кәсіби қызығушылар).
Оқыту тренингтері – мамандыққа керек дағдыларды жетілдіруге бағытталған, онда шешуші фактор – қарым-қатынастық тиімділігі. Мұндай тренинг нақты топтың ұсынысымен қалыптасады. Мысалы: лабораториялық тренинг – психотерапевтер үшін, пациенттермен жұмыс дағдысын жасауға бағытталған. Әдістемелік тренинг – топтармен жұмыс істейтін тренинг – келісім процесі тренингі, басқару персоналдар үшін тренинг.
Әлеуметтік-психологиялық тренинг – практикалық психологияның белсенді әдістері.
Әлеуметтік-психологиялық тренинг әр түрлі әдістемелік формалардан тұрады: видеотренинг, рөлдік оқытулар, баға және өзіндік бағаға топтық талдау, вербальды емес «әдістемелер».
Өзін тексеру сұрақтары: тренинг және оның маңызды компоненттеріне сипаттама. Тренинг элементтері және олардың орындалу кезектігі. Тренингтің негізгі ұғымдары: тренинг, аутогендік жаттығу, тұлға аралық қабылдау, интроспекция, перцепция, психодрама, тренингтік топ.
Әдебиеттер:
1.Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.
2.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.
3.Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Праг
а:1981.

Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет