Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 60 сағат СӨЖ 60 сағат



жүктеу 1.82 Mb.
бет13/34
Дата19.09.2017
өлшемі1.82 Mb.
түріСеминар
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   34

Дәрістің мазмұны :


1. Темперамент туралы түсінік

2. Темперамент түрлері мен психологиялық сипаттамалары

3. Темпераментті іс-әрекетте есепке алу.

Темперамент туралы жалпы түсінік. “Темперамент” сөзі – “красис” грек сөзіне латынша темпераминтум деген сөздеріне шыққан. Мәні –нәрселердің немесе заттардың мөлшер шамаластығы деген түсінікті білдіреді. Бұл өзгешелік ең алдымен адамның эмоциялық сезіміндегі және жүріс – тұрысы мен қимыл-қозғалысындағы, сөйлеген сөзіндегі, өзге адамдармен қарым-қатынасындағы ерекшеліктері. Сонда, темпераментті жүйке жүйесінің табиғи типтік қасиеттеріне тәуелді, жеке адамға тән дара өзгешелік деп білеміз.

Адамның өзгешелігінің мәнін ашуға алғаш көңіл аударған, еңбек жазған-ертедегі гректің дәрігер ғалымы Гиппократ (б.з.д. 460-356 ж.ж.). Ол организм ерекшеліктері денедегі тіршілік шырындарына байланысты деп санады.

Темпераменттің физиологиялық негідерін ғылыми тұрғыдан түсіндірген – академик И.П.Павлов жүйке жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу, тежелу процестерінің негізгі үш белгісі:



  1. қозу мен тежелудің күші

  2. олардың тепе-теңдігі

  3. қозғыштығы жиынтығынан құралады.

Жүйке жүйесінің типтері өзгеріп дамиды. Жүйке жүйесі іс-әрекетінің дамуы мен өзгеруі тек оның табиғи типтерін ғана билеумен шектеліп қоймай, организм тіршілігі өзгерістерінің барлығына әсер етеді.

Темперамент– адамдардың психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психикалық дара қасиеттерінің жиынтығы. Бұл психикалық ерекшеліктер адамның барлық іс - әрекетінде оның мазмұнынан, қарым – қатынасынан, сөйлеген сөзінен, сезім- эмоциясынан, ерік- жігерінен, жүріс тұрысынан, қимыл – қозғалысынан, ым-ишарасынан (жест мимика) т.б көрініс береді.

Сангвиник. Ақжарқын, ақкөңіл, әрекетшіл, күш жігері мол адам. Белсенді қозғалыс -қимылдары мәнерлі, шапшаң, көңіл – күйі тез өзгереді, сезімтал. Қабілеті жоғары, қандай іске де қаймықпай кіріседі. Бастамашыл, жаңаны тез қабылдайды, ортада өзін еркін ұстайды.

Холерик. Әрекетшіл, белсенді, ұстамсыз, тез ашуланады. Тәуекелшіл, алдына қойған мақсатына қалайда жетеді, қиындықтарды жеңе біледі. Көңіл күйі тез өзгереді. Тіке, ойына келгенді тез айтып тастайды. Кек сақтамайды, тез сөйлейді, ортаға тез бейімделеді.

Меланхоликтың эмоциялық көтерілуі табанды, күшті,тұрақты болады, сыртқы көрінісі әлсіз көрінеді. Әр нәрседен ауыр әсер алады, мінезі баяу өзгереді, көңілі көбінесе жабырқау, кейде қайғылы да болады. Сыртқы жағдайдан үрейленіп, сескеніп тұрады, кедергі кездессе уайымдап қажи түседі, қимыл қозғалыстары ақырын, баяу болады. Мәнерсіз, ақырын сөйлейді, сезім күйлері сыртқы қимылдарынан көрінбейді. Өзі тұйық, жасқаншақ келеді, кісімен көп араласпайды. Іске бірден кірісіп кетпейді, егер кіріссе, іс әрекетін толық аяқтап шығады.

Флегматик эмоциялық қозуы әлсіз болады, қызуланып желікпейді, елеуреп ашуланбайды, көңіл-күйлері байсалды, орнықты қалпында ұзақ сақталады, баяу өзгереді, жарқырап қуануы да, жабырқап қайғыруы да қиын, аз қозғалады, сылбыр, керенау қимылдайды, сезім күйлерін дене қимылдары білдіріп тұрмайды, мимикасы, өзге қимылдары мәнерсіз. Бір сарынды монотонды сөйлейді. Іс әрекетін байсалды, тиянақты орындайды, бастаған ісін қадағалап істейді, аяқтап шығады.


2 дәріс

Тақырып: Темперамент типологиялары

Дәрістің мазмұны :


1. Темперамент типтері туралы ілімдердің тарихы

2. Темпераменттің конституционалдық теориясы

3. « Темперамент формуласы» тесті

Адамның жеке бас ерекшеліктеріне экстраверт, интроверт, амбоверт жатады.

Экстравертке тән қасиет – обьектілерге бағытталуы, қарым-қатынаста жеңіл, тез түседі. Агрессивтілігі жоғары. Лидерлікке талпынады. Импульсивті. Ашық, ішкі жан-дүниесіне қарамайды. Олардың іс-әрекетіне басқа адамдардың ойлары, жалпы нормалар, обьективті жағдайлар қатты әсер етеді. Олар әсер еткен кезде қоршаған ортаға деген обьективті қарым-қатынасы көбейеді. Ол адамға көмекке келушілігімен ерекшеленеді.

Интроверттерде қоршаған ортаға деген қарым-қатынасы әрқашан обьективтіден субьективтінің басым болуымен сипатталады. Субьективтілік құндылық әрқашан жоғары тұрады. Интроверт белгілі бір эмоциялық жағдайда сол уақыттағы жағдай мен эмоцияны тудырған адамға зейінін аудармайды, оның көңіл-күйі, ойы, жан-дүниесіне көп мән береді, яғни осы сапасы - адамның қоршаған ортаның шындығынан жоғары.

Тұлғаның мінез-құлық сипаттары.

1. Адамның басқа адамдарға, ұжымға, қоғамға қатынасын сипаттайтын қасиеттер (ашықтық, адамдарға құрмет, ұжымшылдық, т.б.)

2. Адамдардың еңбекке, өзінің әрекетіне қатынасын білдіретін қасиеттер (еңбексүйгіштік, шығармашылыққа ұмтылыс, жауапкершілік, жалқаулық,т.б.)

3. Өзіне қатысты қасиеттер (өзіндік жетістікке жету сезімі, такаппарлық, тұйықтық, өкпелегіштік, т.б.)

4. Адамның заттарға деген қатынасын білдіретін қасиеттер (ұқыптылық,т.б.)

Әдебиет:


1. Ә.Алдамұратов. Қызықты психология. Алматы 1982

2. Ә.Алдамұратов., М.Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық практикалық сабақтар. 1,2 бөлім. Алматы 1978

3. Жалпы психология В.В. Богословский т.б. редакциямен. Алматы 1980

4. М.Мұқанов. Жан жүйесінің сыры. Алматы 1964

5. М.Мұқанов. Жас және педагогикалық психология. Алматы 1987

6. Т.Тәжібаев. Жалпы психология. Алматы 1993

7. А. Темірбеков, С.Балаубаев. Психология. Алматы 1966.
3 дәріс

Тақырып: Мінез

Дәрістің мазмұны:


1.Мінез туралы түсінік

2. Мінез акцентуациялары

3. Әлеуметтік мінез-құлық

Мінез туралы түсінік. Мінез - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктер жиынтығы. Мінез ерекшеліктері адамның даралық өзіндік психологиялық қасиеттері.

Адамның ісі мен қылығынан көрінетін, айналасындағыларға қатынасын бейнелейтін тұрақты жеке қасиеті мінез деп аталады.

Мінез бітістері адамның дүниеге көзқарасына сенімі мен мұратына, әлеуметтік жағдайына, сыртқы орталық әсері мен адамның өзін-өзі тәрбиелеуінен көрінеді. Мінез бітімі қалыптасуында қоғамдық – тарихи тәрбиелену бағыттары әсерінің де маңызы зор.

Адам мінезінің даралық ерекшелік екендігін ғылым тарихында алғаш сипаттаған – ертедегі грек философы Теофраст (б.з.д. IV- III ғ.ғ.).

Адам мінезінің құрылымы әртүрлі қасиеттер жиынтығынан тұрады. Кейбір мінез ерекшеліктері бір-біріне тәуелді, өзара байланысты болып келеді. Мінездегі осындай әр түрлі қасиеттерден құрылған біртұтас бірлікті мінез құрылым дейді. Мінездегі өзара байланысты психикалық қасиеттердің жүйесі факторлар деп аталады. Психикалық ғылымда мінез қасиеттерін 4 топқа бөліп қарастыруға болады:


  1. Мінездің еңбекке байланысты қасиеттері: еңбексүйгіштік, адалдық, еңбекке жауапкершілікпен қарау, жалқаулық, немқұрайлылық;

  2. Ұжымға, адамдарға қатысты қасиеттер: қайрымдылық, сергектік, талап қоюшылық, асқақтық, менсінбеушілік;

  3. Өзіне-өзінің қатынасы: өркөкіректік, даңғойлық, тәкаппарлық, мақтаншақтық, өзімшілдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік т.б;

  4. Заттарға қатысты: ұқыптылық, ұқыпсыздық, салдыр – салақтық.

Мінез құрылымындағы қасиеттеріне мынадай ерекшеліктер жатады:

  1. Мінездің тереңдігі. Бұл қасиет адамның қоғам таланттарына орай көпшілікке, ұжымға, еңбекке деген қатынасын білдіреді;

  2. Адамның жеке басының ерекшелігі, белсенділігі. Бұл қасиет – мінездің күші. Осыған байланысты адам жақсы, мықты тұрақты және нашар мінезді деп аталады;

  3. Мінездің тұрақтылығы (ауытқушылығы) ауытқымалығы мен бейімделгіштігінің ерекшелігі олар табандылық, тәуелділік, бейімделгіштік.

Мінез акцентуациясы


Жоғары жүйке қызметі типтерінің классикалық түсінігіне қарағанда, қазіргі кезде психологияда адам мінезінің жан-жақты классификациясы қолданылады. Өзінің байқалу дәрежесіне байланысты кейбір қасиеттерінің, қылығының басым болуы ол мінез акцентуациясы деп аталады. Зерттеуші өкілдері К.Юнга, Э. Кречмер, П.Б. Ганнушкин, К. Леонгард, Е.А. Личко, т.б.

Мінез акцентуациясы түрлері:

Гипертимді, циклоидты, психоастениялылық, гизоидты, эпилептоидты, истероидты, тұрақсыз, лобильді, комформды, секситивті, параноидты, дистимді типтер.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Халыќаралыќ экономика курсы бойынша баѓдарлама
dmdocuments -> Бқму-да оқу үрдісінде ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалану
dmdocuments -> Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
dmdocuments -> Барлығы – 180 сағат
dmdocuments -> Барлығы – 135 сағат
dmdocuments -> Жаратылыстану-математика факультеті деканы
dmdocuments -> Тақырып: Ауыл шаруашылығы тарихы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Барлығы – 72 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   34


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет