Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 60 сағат СӨЖ 60 сағат



бет15/34
Дата19.09.2017
өлшемі1.82 Mb.
#1258
түріСеминар
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34

Дәрістің мазмұны :


1. К.Юнг бойынша мінез типін анықтау әдісі

2. К Леонгард бойынша мінез акцентуациясын анықтау әдісі



Леонгард сауалнамасы мінез акцентуациясын анықтауға арналған.

Сауалнама 88 сұрақтан тұрады.10 шкала бойынша бағаланады.

1.Гипертимді тип

2.Ригидті тип

3. Эмотивті лабильді тип

4. Педантті тип

5. Мазасыз тип

6. Циклотимді тип

7. Демонстративті тип

8. Қозғыш тип

9. Дистимтті тип

10. Экзальтталған тип.



К.Юнг сауалнамасы мінез-құлық типін анықтауға арналған. Әдіс бойынша Интроверсия. Амбиверсия. Экстроверсия. Шкалалары бөлінген.

Әдебиет:


1. Ә.Алдамұратов. Қызықты психология. Алматы 1982

2. Ә.Алдамұратов., М.Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық практикалық сабақтар. 1,2 бөлім. Алматы 1978

3. Жалпы психология В.В. Богословский т.б. редакциямен. Алматы 1980

4. М.Мұқанов. Жан жүйесінің сыры. Алматы 1964

5. М.Мұқанов. Жас және педагогикалық психология. Алматы 1987

6. Т.Тәжібаев. Жалпы психология. Алматы 1993

7. А. Темірбеков, С.Балаубаев. Психология. Алматы 1966.
7 дәріс

Тақырып: Қабілет

Дәрістің мазмұны :


1. Қабілет туралы түсінік

2. Қабілет құрылысы

3. Жалпы және арнайы қабілеттер

Қабілет туралы түсінік. Қабілет іс-әрекетінің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілеттердің дамып, қалыптасуы әртүрлі деңгейде жүріп отырады. Мысалы: оның алғашқы деңгейін (адамның бәріне ортақ оқи, жаза, есептей алу) репродуктивтік (жалпы қабілет) екінші деңгейін шығармашылық (арнаулы қабілет) қабілеті дейді. Қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін адамда тиісті білім жүйесі, икемділік пен дағды болуы қажет.

Бірінші деңгейде адам білім игеруге, іс - әрекетті қажетті дәрежеде жүзеге асыруда икемсіздік көрсетсе, екінші деңгейде, жаңа бейне жасай алу мүмкіндігін айтады. Қабілеттердің дамуында нышандар белгілі орын алады. Нышан қабілетінің бастапқы табиғи негізі ретінде берілетін жүйке саласының ерекшелігі.

Қабілеттің қандай түрі болмасын еңбектен туындайды. Қабілет адамның жан қуаттарының түрлі жақтарымен (ойлау, күшті ерік-жігер, тұрақты мінез, қажыр – қайрат, алғыр қиял т.б) тығыз байланысты. Қабілеттілікке жақын тұрған ұғым – бейімділік. Ол қабілеттің алғашқы белгісі.

Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне талант, дарындылық, данышпандық қасиеттері жатады.



Дарындылық – адамның белгілі бір іске айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандайда бір саласында өзін ерекше көрсетуі.

Қабілеттің жоғары деңгейінде дамуы талант деп аталады. Талант адамның нақты ісіне нәтижелі орындауындағы қабілетінің біршама қасиеттерінің өзара байланысы. Адам қабілетіндегі дарындылық тек талант одан әрі дамып, данышпандық қасиет тудырады. Бұл адамның ақыл ойымен іс әрекетінің ең жоғарғы дәрежеге көтерілуі.


Әдебиет:


1. Сәбет Бап-Баба «Психология» А., 2003ж.

2. Жалпы психология В.В. Богословский т.б. редакциямен. Алматы 1980

3. М.Мұқанов. Жан жүйесінің сыры. Алматы 1964

4. М.Мұқанов. Жас және педагогикалық психология. Алматы 1987

5. Т.Тәжібаев. Жалпы психология. Алматы 1993

6. А. Темірбеков, С.Балаубаев. Психология. Алматы 1966.


8 дәріс

Тақырып: Қабілет

Дәрістің мазмұны :


1. Қабілет және іс-әрекет

2. Қабілеттің көлем және сапа жағынан сипаттамасы

3. Адамның қабілеттерінің диагностикасы

Дарындылық және дарынды балалар.

Дарындылық бұл жүйелі өмір бойы дамитын басқа адамдармен салыстырғанда бір немесе бірнеше әрекеттің түрлерінде өте жоғары айрықша жетістіктерге жететін адамның мүмкіншілігін анықтайтын психиканың қасиеті.Дарынды бала- сол немесе басқа әрекеттің түрімен айқын, ашық кейде керемет жетістіктермен көрінетін бала.

Дарынды балалардың мінез- құлқындағы дарындылық белгісі 2 аспектіде қарастырылады:


  • инстументалды

  • мотивациялық

Инструменталды- бұл оның іс-әрекетінің әдіс- тәсілдерін сипатттайды.

Мотивациялық- іс- әрекеттің ақиқаттылығының сол және басқа жақтарына қатынасын сипаттайды.

Дарындылық белгісінің инструменталды мінез- құлық аспектісі мына белгілермен сипаттайды:

-әр істі ерекше орындау

-өз ісін өзі басқару алу

-зерттеп отырған объектіні басқара алу және соны басқа заттармен жүйелі түрде байланыстыра алуы.

-Ерекше және жеңіл, тез білімді қабылдай алуы.

Мотивациялық аспект мына белгілермен сипатталады:



  • белгілі бір нәрселерге жоғары талап қою, сезімталдықпен қарау.

  • білімге және белгілі бір іс-әрекеттің түріне анық қызығушылық тудырып отыруы.

  • білімге деген жоғары таным қажеттіліктері.

  • әрбір ақпаоатқа қарама- қайшылық көзқараста тез табу.

Интеллектке жүргізілген тест қорытындысы адамның бөлігі жоғары дарынды екенін анықтады.Жоғары дарындығы әр түрлі тест жүргізу арқылы ақыл- ой даму деңгейін анықтауға болады. Оны интеллектілік коэффициент деп атайды.

160-180 балл жинағандар жоғары интеллектлі болып саналады. 180-нен жоғары болса, ерекше дарынды деп атайды.АҚШ- тың білім беру орталығы жеке тұлға мынадай дарындылықтарға байланысты ажыратылатынын анықтады:

1. Психомоторлық

2. Интеллектуалдық

3. Шығармашылық

4. Академиялық

5. Әлеуметтік

6. Рухани





  • Психомоторлық қабілетті зерттеген 30 ж.ж-ғы одақтағы Гуревич болды.

Психомоторлық қабілетті зерттеу үшін Пурдье тесті пайдаланылады.Ол 11 субтесттен тұрады.

  • Интеллектуалдық қабілетті зерттеу ерте кезден басталды.Оны алғаш А.Бине зерттеді.

  • Академиялық қабілет балалардың кішкентай кезінен санау, есептеу, арифметиканы өте жақсы білуін және өте жоғары қабілетін көрсетеді. Тілді жоғары меңгеруде академиялық қабілетке жатады. Психолог А.Анастази академиялық қабілетті анықтау тестілерінің қорытындысын кәдімгі емтихан қорытындыларымен салыстыру керек деген ой айтады.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Халыќаралыќ экономика курсы бойынша баѓдарлама
dmdocuments -> Бқму-да оқу үрдісінде ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалану
dmdocuments -> Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
dmdocuments -> Барлығы – 180 сағат
dmdocuments -> Барлығы – 135 сағат
dmdocuments -> Жаратылыстану-математика факультеті деканы
dmdocuments -> Тақырып: Ауыл шаруашылығы тарихы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Барлығы – 72 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет