Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 60 сағат СӨЖ 60 сағат



жүктеу 1.82 Mb.
бет23/34
Дата19.09.2017
өлшемі1.82 Mb.
түріСеминар
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34

Әдебиет:


  1. Ә.Алдамұратов. Қызықты психология. Алматы 1982

  2. Ә.Алдамұратов., М.Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық практикалық сабақтар. 1,2 бөлім. Алматы 1978

  3. Жалпы психология В.В. Богословский т.б. редакциямен. Алматы 1980

  4. М.Мұқанов. Жан жүйесінің сыры. Алматы 1964

  5. Т.Тәжібаев. Жалпы психология. Алматы 1993

  6. А. Темірбеков, С.Балаубаев. Психология. Алматы 1966.

  7. Столяренко Л.Д. «Основы психологии». М. 1997г.

  8. Столяренко Л.Д «Психология» Ростов-на Дону 2003. С 3-17.

19 дәріс



Тақырып: Шығармашылық ойлау дамыту жолдары.

Дәрістің мазмұны :


1. Шығармашылық ойлау және креативтілік.

2. Ойлауды белсендендіру әдістері.

3. Ойлау процесінің бұзылуы.

Психикалық таным процестерінің бірі – ойлау болып табылады. Сыртқы дүниені танып білудегі түйсіктің , қабылдаудың қаншалықты рөл атқаратынын біз білеміз. Қоршаған ортаны танып білу толық болу үшін бұлар жеткіліксіз. Заттар мен құбылыстардың сыртқы қасиеттері мен белгілеріне қоса , олардың ішкі құрылысын , олыардың арасындағы байланысты, уақытқа байланысты өзгерістерін көріп білуге , олардың кеңістікке байланысты өзгерістерін білуге мүмкіндік жасайтын ойлау процесі. Мыс: терезенің сыртында ілулі тұрған термометрді қарау арқылы далада суық екенін білеміз.

Түйсік пен қабылдау заттар туралы жалаң ақпараттар беріп отыратын болса, ойлау осыларды өңдеп , байланыстырып қатынсатарын ашып отырады.

Сонымен , ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс – қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде бейнелеуінен көрінетін танымдық – психологиялық процесс.

Түйсік және қабылдау тнымның алғашқы баспалдағы болғандықтан , олардан тыс ешбір ойлау болмайды.Ойлау сезімдік мағлұматтарды өңдеп отырады . Заттармен құбылыстардың арасындағы байланыстар мен қатынастарды ашу ойлаудың негізгі қызметі болады.

Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең. Адамның ойы әрқашан сөз арқылы сыртқа шығарылады. Ой толық сөз күйінде белдірілгенде ғана айқындалып , дәйектелініп , дәлелдене түсінеді. Ой сырқтқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы , ал сөз- ойды басқа адамға жеткізетін құрал.

Ойдың сөзарқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрыңғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды.

Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен орын алған. Сөзбен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білмегенін екіншісі біліп , ақыл-ойын молайта түскен .

Ойлау әрекетпен тығыз байланысты . Себебі әрекет арқылы заттар мен құбылыстардың қатынасы мен байланысын түсінеді. Заттарға әсер ету арқылы оларды өзгертіп отырады.

Адам сыртқы дүние құбылыстарының сырсн көбірек білген сайын , оның ойлауы да жетіле түседі. Қазір ойлаудың практикалық әрекетпен байланысқан сан – саналы түрлері пайда болды. Адам өз ойлауының ақиқаттылығын практика жүзінде дәлелдеуге тиіс.

Ойлау белгілі бір ой әрекеттерінен жекелеген ой операцияларынан тұрады. Анализ бен синтез бір – бірімен тығыз байланысты жекелеген ой операциясы.Анализ дегеніміз ой арқылы түрлі заттары мен құбылыстарының мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу.

Ал, синтезде керісіншеой арқылы зттардың , құбылыстардың барлық элементтері біріктіріледі. Кез-келген сұраққа жауап табу , қандай да болмасын бір мәселені шешу анализ бен синтездің түрлі қиысуларын қажет етеді.

адам ойлауында анализбен синтездің дәрежесі түрлі жағдайларға байланысты жасына , біліміне , тәжірибесіне байланысты түрліше көрініп отырады.

Анализ бен синтездің негізінде салыстыру деп аталатын ой операциясы пайда болады.Психология салыстыруда заттардың ұқсастық, айырмашылық қасметі айқындалады.Заттарды оның түсіне , құрылысына , түріне қарай салыстырады.

Салыстыру опеациясы заттардың түрлі белгілерін көрсетумен қатар , басқа белгілеріндегі айырмашылықты көрсетеді.

Ойлаудың тағы да абстракция жалпылау деген операциялары бар . Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция дейді. Мысалы:қызыл,тәтті, домалақ, жеуге болады.( алма )немесе квадрат ,трапеция, параллелограмм деген сөздерді «төрт бұрыш»деген сөзбен белгілесек

Нақтылау абстракцияға қарама-қарсы операция. Ол абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру.

Жалпылау дегеніміз бір текті заттардың , құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен бірікбіру. Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды белгілерін таба білу керек .Мысалы: алма , өрік, мейіз, алмұрт т.б . ұқсас белгілері жиналып келіп «жеміс »деген ұғымды береді.

Жалпылау арқылы заттар мен құбылыстарды белгілі принцип бойынша орналастыру жүйелі делінеді.Жүйелеу арқылы өсімдіктер дүниесін , химиялық элементтерді белгілі классификацияға келтіреді.

Ойлау ой операцияларымен қатар ой формаларынан да тұрады.Ойдың бастапқы формасы – ұғым .Ұғым заттар мен құбылыстар туралы ой.

Объективтік құбылыстарды , қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы.

Ұғымдар жалпы және дара болып бөлінеді. «Шымкент», «Ғ. Мұратбаев»де-

ген дара ұғымдар болса, қала, адам ұғымдар жалпы ұғым.Ойлаудың келесі бір формасы – пікір.

Пікір- құбылыстар арасында байланыс орнату, белгілібір зат туралы өзінің айту , қатынасын білдірту. Пікір- бұл бір зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда көрінетін ойлаудың формасы.Пікір де ұғым сияқты тілдік материал негізінде туып , өмір сүре алады.Ойлаудың тағы бір формасы – ой қортындысы. Бар деректер негізінде жасалған тұжырымдар . Ой қортындысы бірнеше пікірден бірнеше пікір шығару. болып табылады. Бірнеше пікірден бір пікір шығару үшін бұл пікірлердің арасында логикалық байланыс болуы керек .

Ой қортындылардың үш түрі болады: Дедукциялық ой қортындысы-жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қортындысы.Яғни ,жалпы заң , ережеден жеке жағдайға көшу. Мысалы: бағалы металдар таттанбайды, ал алтын бағалы метал десек, алтын таттанбайды деген қортындыға келеміз.

Индукциялық ой қортындысы- жекден жалпыға қарай жүреді. Яғни , бірнеше жағдайдан шығатын жалпы тұжырым.

Аналогия- ұқсастық бойынша ой қортындысы. Мысалы: жыл және ылғалды жерде кофе өседі.богатада жылы және ылғалды , онда кофе өсуі керек.

Ойлаудың мазмұнына қарай бірнеше түрлері бар :

1. Көрнекі- қимылдық ойлау.

2. Көрнекі –бейнелі ойлау.

3. Логикалық ойлау(сөздік ойлау)

Көрнекі- қимылдық ойлау –заттар мен құбылыстардың қасиетін анықтау іс- қимыл арқылы, сынап көру , байқап көру арқылы ойлау түрі.Бұл ойлау түрі көбіне көп бір жасқа дейінгі балаларға тән . Манипуляциялық әрекеттер арқылы заттардың қасиеттерімен танысады. Бұндай ойлау барысында іс-әрекет алда жүреді.

Ересек адамдарда да ойлаудың бұл түрі кездеседі.

Көрнекі –бейнелі ойлау –ойлаудың бұл түрінде ой әрекеті бейнгелерге сүйенеді. Заттарды жан –жақты қарастыра отырып , нализ синтез жасайды.затты нақтылы түсіну мен құбылыстардың нәтижесі бейнелі ойлауды тудырады.



Әдебиет :

  1. Ә.Алдамұратов. Қызықты психология. Алматы 1982

  2. Ә.Алдамұратов., М.Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық практикалық сабақтар. 1,2 бөлім. Алматы 1978

  3. Жалпы психология В.В. Богословский т.б. редакциямен. Алматы 1980

  4. М.Мұқанов. Жан жүйесінің сыры. Алматы 1964

  5. Т.Тәжібаев. Жалпы психология. Алматы 1993

  6. А. Темірбеков, С.Балаубаев. Психология. Алматы 1966.

  7. Столяренко Л.Д. «Основы психологии». М. 1997г.

  8. Столяренко Л.Д «Психология» Ростов-на Дону 2003. С 3-17.

20 дәріс



Тақырып: Сөйлеу.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Халыќаралыќ экономика курсы бойынша баѓдарлама
dmdocuments -> Бқму-да оқу үрдісінде ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалану
dmdocuments -> Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
dmdocuments -> Барлығы – 180 сағат
dmdocuments -> Барлығы – 135 сағат
dmdocuments -> Жаратылыстану-математика факультеті деканы
dmdocuments -> Тақырып: Ауыл шаруашылығы тарихы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Барлығы – 72 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет